Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қауіпсіздік және еңбекті қорғау. тұзсыздандыру....docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26 Кб
Скачать
☆

3.4.2 Метеорологиялық шарттарды қамтамасыз ету

Метеорологиялық жағдайлар ағзаның қоршаған ортамен жəне оның жылулық жағдайымен, жылу алмасуына əсер ететін физикалық факторлар кешені. Өндірістік микроклиматты құруға (қалыптасуға) технологиялық үдірістер мен жергілікті жердің климаты қатты əсер етеді.

Микроклиматтың көрсеткіштері: температура мен салыстырмалы ылғалдылық. Микроклиматтың көрсеткіштерінің өзгеруі жəне əртүрлі ауырлықтағы жұмысты орындауы кезіндегі, дененің тұрақты температураны ұстап тұратын, адам ағзасының қабілеттілігін термореттеу деп атаймыз.

Ол заттардың алмасуының өзгеруі (химиялық термо реттеу) мен жылу берудің (физикалық термореттеу) нəтижесінде жылу түзілудің арасындағы орнатылған белгілі қатнастарды қамтамасыз етеді.

Адамдағы жылу алмасу процесінде, басты рөлді, үстіңгі ткандар арқылы жылу беруді реттеудің физиологиялық механизмі атқарады., ол конвекцияның, сəулеленудің, буланудың əсерінен болады. Адам ағзасында физиологиялық процестердің қалыпты өтуі үшін қажет, ол мұндағы ағзадағы бөлінген жылу қоршаған ортаға тарау үшін қажет.

Жұмыс орнындағы микроклиматтың көрсеткіштерін өлшеу үшін, əртүрлі аспаптар қолданылады. Жеке алып қарағанда:

- температура мен ауа ылғалдылығы- аспирациялық психометрмен МВ-4М, М-34, электр термометрлері, қара бояумен боялған термометрлер;

- ауа қозғалысының жылдамдығын – анемометр (қанатты АСО-3, АП-1м,чашкалы МС-13), термо анемометрлер ТАМ-1, цилиндрлік жəне шарлық ката термометрлер;

- Жылулық сəулеленуге – актинометрлер (инспектрлік, ИМО-5).

Адам ағзасына микроклимат факторларының зиянды əсерін жою үшін жəне өндірістік ғимараттарда қалыпты жұмыс жағдайын қалыптастыру үшін ауалық ортаның көрсеткіштері, зиянды заттардың ШРК бекіткен, СанЕмН 2.2.4.548-96 «Өндірістік ғимараттардың микроклиматына қойылатын гигеналық талаптары» жəне МЕСТ 12.1.005- 88 «Жұмыс аймағының ауасы. Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарына» сəйкес келу керек.

3.4.3 Жасанды жарықтандыруды ұйымдастыру және есептеу

Жасанды жарық бөлмелерде табиғи жарық аз болғанда немесе оның жоқ кезінде қолданылады. Ол орындалған конструкциясына қарай үш түрге бөлінеді:

  1. Жалпы жарық – бөлменің барлық ауданын біркелкі жарықтандыруға арналған.

  2. Жергілікті жарық - әр жұмыс орнын жеке дара жарықтандыруға арналған.

  3. Қосынды жарық – жалпы және жергілікті жарықтын бірге қолданылған түрі болады. Жасанды жарықтың бұл түрі тиімді болғандықтан өндірісте кенінен пайдаланады.

Шымкент Мұнай Өңдеу Зауытындағы өндіріс цехында қолданылатын жасанды жарықтың негізгі көздері болып қазу және газоразоядтық шамдар пайдаланылады. Бұл шамдардың өзіндік артықшылығы мен кемшіліктері болады. Қазу шамдардың артықшылығы: жасалу оңай, пайдалануда ыңғайлы, электр желісіне қосылуы қиын емес т.с.с. Кемшілігі мында: пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) өте аз (0,05-0,1), жұмыс істеу мерзімі кіші (≤1000 сағат), жарық берілісі кем (7-20 лм/Вт), өте қатты ысиды, көзді шағылыстырады т.с.с. Кейінгі жылдары галогенді қызу шамдары шығарлып жүр, олардың жұмыс уақыты 3000 сағатқа дейін болады, жарық берілісі 40 лм/Вт дейін жетеді. Қызу шамдары кемшіліктеріне қарамай әліде болса көп жағдайларда кең қолданылып жүр.