Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қауіпсіздік және еңбекті қорғау. тұзсыздандыру....docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26 Кб
Скачать
☆

3.3.6 Химиялық заттармен улануда қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Шымкент Мұнай Өңдеу зауытындағы химиялык заттардың жұмысшыларға әсері түрлі кәсіптік салада жұмыс жасау кезінде табиғи шикізатты өңдеу және алу, өндірістік өнімдерді дайындау мен тасымалдауда, транспортта жұмыс жасау барысында, ауылшаруашылығында және басқа да еңбек ету аясында байқалады. Әсіресе түрлі қоспалармен жұмыс жасау химиялық өндірісте байқалады,шикізат өнімдері,аралық қосылыстар жұмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізбей қоймайды. 

Егер адам улы заттардың буымен және шаңымен тыныс алу кезінде уланса, зардап шегушіні тез арада уланған аумақтан таза ауаға шығарып, улы заттармен уланған киімдерін шешу керек. Суық уақытта жылы көрпе жауып, аяғына жылтқыш қояды. Жедел дәрігер шақыру қажет.

Егер у теріге түссе (жұмысшы арнайы киімді қолданбаса немессе дұрыс кимесе), уды ағынды сумен жуады немесе мұқият мақта тампонымен, терінің бетінен сүртіп алып, сосын сумен жуады.

Егер у көздің кілегейлі қабығына түссе, көп мөлшерде сумен немесе 2% ас содасының ерітіндісімен жуады.

Асқазан, ішек-қарын жолы уланса зардап шегушіге бірнеше стакан жылы су береді. Жұтқыншақты саусақпен жыбырлатып құстырады. Мұндай шараны асқазанан у толық шыққанша бірнеше рет қайталау қажет.

Удан айықтыру үшін зардап шегушіге суға араластырылғн активтендірілген көмір (бір стакан суға 2-3 ас қасық), сосын тұз ерітінділерін ( жарты стакан суға 20г. ащы тұз) ішуге береді.

Теріден қан ағып уланған кезде жараға сутегі тотығымен суланған таңғыш қояды› мұрыннан қан аққанда аурудың басын шалқайтып мұрынының үстіне компресс, мұрынына сутегі тотығымен ылғалданған тампон қояды.

Адам ағзасына тыныс алу жолдары, ішек жолдары жəне тері қабаттары арқылы енетін зиянды заттар оның тіршілік əрекетін бұзады жəне оны улы жəне токсиндік заттар деп атаймыз. (МЕСТ 12.1007-76).

3.4 Санитарлы-гигеналық іс-шаралар

3.4.1 Арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, қорғау құралдарымен қамтамасыз ету

Сұйық мұнай өнімдерінің жұмыс аймағына тасталуы технологиялық режимнің бұзылуы, жабдықтың, арматураның, КИП және А құралдарының бұзылуы кезінде мүмкін болады.

Өндірістік санитария дегеніміз – өндірістік ортаның қолайсыз шарттарын жұмысшыға әсер ететін тәуекелін жіберетін деңгейге дейін жеткізу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені. (Н-245-71).

Секция территориясына төгілген мұнайөнімдері мен реагенттер салқын судың көп мөлшерімен тез арада шайылуы тиіс. Мұнай өнімдері мен реагенттердің теріге түсуі кезінде сабындап жуылуы тиіс, улы сұйықтың қалдықтары қышқылдың әлсіз ерітіндісімен бейтараптануы тиіс.

Олардың көзге түсуі кезінде су ағынымен мұқият жуылып және бор қышқылының әлсіз ерітіндісімен бейтараптануы тиіс. Мұнай өнімдері немесе реагенттер түскен киімдер тез арада шешіліп, жуылуы тиіс. Өндіріс орындарын, онда пайдаланылатын машиналар мен аппараттарды тазартуды т.с.с. жұмыстарды тек дезактивация, дегазация жүргізе алатын машиналары, қондырғылары бар АҚ күштері өткізеді. Бұл жұмыс үшін басқа да техникалар пайдаланылады. Сонымен қатар қол құралдары: бүріккіштер, сулатқыштар, сыпырғыш, күректер т.б. қолданылады.

Жоғарыда айтылғандай киімдер дезактивация жасаудың негізгі тәсілдері: қағып-соғу, сыпыру сораптармен сору т.б.