Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Асем отчет.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1. 2 «Қазақстан» қонақ үйінің нарықтық мүмкіндіктерін талдау

Бүгінгі таңда қонақ үйдің жұмыс істеуі қиындап кетті. Қонақ үй нарығында өмір сүру үшін бәсекелестік орын алған. Қиындықтардың бірі болып қонақ үй қызметтерінің құнын көтеру резервінің таусылуы, яғни Қазақстанда жоғарғы классты отельдердің қызметіне бағалар қалыптасып қойған. Қонақ үй кешенің оның категориясына сәйкес ұстап тұру қажет, сондықтан қосымша қаражат көздерін тартуға тура келеді.

2014 жылға дейін кешеннің жүктеме коэффициенті 100%-ке жақын болған, қазіргі кезде 30-40%-ті көрсетеді.

Әлемдік тәжірибеге сәйкес туризм сферасы ірі жарнама берушілердің бірі болып табылады. Шетел қонақ үйлерінің тәжірибесінде өздерінің қызметінен түскен табыстың 5-6 %-ын олар жарнамаға жұмсайды.

Қонақ үй бизнесіндегі маркетингтік коммуникацияның негізгі құралдарының бірі болып табылатын жарнаманың келесідей ерекшеліктері бар:

1 Байланыс дабылы әлуетті клиентке қонақ үй қызметкерлерінен жеке келіп түспейді, ол түрлі делдалдардың көмегімен (бұқаралық ақпарат құралдары, каталогтар, афишалар) жетеді.

2 Біржақты бағыттылығы. Жарнама тек қана жарнама берушіден қабылдау обьектісіне бағытталған. Кері байланыстың дабылы әлуетті клиенттің түпкілікті мінез-құлқы нысанында көрінеді.

3 Әсерді анықтау тұрғысынан тұрлаусыздығы. Жарнама қызметіндегі кері байланыс ықтималдық, белгісіздік сипатта болады.

4 Қоғамдық сипаты. Қонақ үй жарнамасы берілетін ақпараттың растығына, нақтылығына жауапта болады.

5 Ақпараттың молықтырылғандығы. Қонақ үй қызметтерінің дәстүрлі қызметтерден ерекшелігі олардың материалдық формасының, тұрақты сапасының болмауы, сондықтан жарнаманың ақпараттылығы және насихат сияқты функцияларын басым түрде дамыту қажет.

6 Сендіру қабілеттілігі. Қонақ үй қызметтерінің ерекшелігі тұтынушыларға әсер етуді қамтамасыз ететін көзбен көруге арналған құралдарды пайдалану қажеттілігі.

Қонақ үйлер мен мейрамханалар туризм инфрақұрылымының бөлігі болғандықтан, туризмнің қозғалтқышы болып жарнама болып табылады. Қазіргі кезеңде Тараз қаласында қонақ үйлер өте көп. Басты сауал санды сапаға ауыстыру керек. Киелі Тараз жерінде қадір- қасиетті қонақ үйлер өздерін халықаралық туристік нарықта таныту керек. Ол үшін жарнама, интернет (тағы басқа әлемдік желістер) Қазақстан — елдегі жер сілкіну қаупі бар аймақта орналасқан, сейcмикалық жағынан берік, биіктігі 102 м алғашқы заңғар ғимарат. Оның зәулім тұлғасы 50,2×29,6 м өлшемді эллипс пішіндес, қызмет көрсету блогі бар тұғырбеттік бөлімнің өлшемдері 76,0×82,0 м, меймандар бөлмелеріне күн сәулесінің жақсы түсуі (инсоляция), жылдың ыстық маусымындағы желдің қолайлы бағыты ескеріліп, маңайындағы басқа құрылыстармен, табиғатпен жарасымды үйлестірілген. Балкондардың қоршаулары, ғимараттың шет жақтары және алдыңғы беттерінің саңылаусыз тік бөлшектері ғимаратқа монументтік сипат беретін ақ ұлутаспен қапталған. Орталық павильонның негізгі бөлігі — көлденең темірбетонды диафрагмалар тарайтын тұтас құйылған темірбетонды өзек. Ғимараттың негізгі қоршау құрылымдары жеңіл аспалы панельдерден құралған. Ішкі-сыртқы әрлеуіне мәрмәр, алюминий, сәндік сылақ, Қазақстанның жергілікті материалдары — ұлутас, гранит пайдаланылған. Мейманхана кешенінің барлық сәндік әшекейлерінде жергілікті ұлттық дәстүрлер ескерілген. Жобалық есебі аса күрделі де көлемді құрылыс сырт қарағанға жеңіл, еңселі тұрпатқа ие болған, төбесіне тізіле тартылған эркер жарықтары әсем ғимараттың айшықты тәжі іспетті.

«Қазақстан» мейманханасын жобалап, салған бір топ сәулетшілер, инженер-конструкторлар мен құрылысшылар Қазақстан Республикасының Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды (1980)

Енді «Қазақстан» қонақ үйінің әлсіз және күшті жақтарын талдап көрейік .«Қазақстан» қонақ үйінің әлсіз және күшті жақтары (SWOT – талдау) [11].

Кесте 1 бойынша бағалау кезінде келесі рейтингтер қолданылды: 5 – саладағы жетекші жағдай, 4 – орташа деңгейден жоғары, 3 – орташа деңгей, 2 – орташа деңгейден төмен, 1 – дағдарыс жағдай.

Бұл талдаудан көріп отырғанымыздай жетекші орындарды қонақ үйдің ақпаратпен қамтамасыз етілуі және персоналдың оңтайлы саны алады. Қалған көрсеткіштер бойынша орташа деңгейді және орташадан жоғары деңгейді алады.

Сонымен қонақ үйінің ұсынатын қызметтерінің артықшылықтары:

  • Тараз қаласының орталығында қонақ үйдің тиімді орналасуы.

  • барлық нөмірлер евро стандартқа сәйкес жөнделген, ғимарат ішкі кондиционерлеу жүйесімен қамтылған.

  • тегін қорғалатын автотұрақтың бар болуы.

  • өмір сүрудің құнына таңғы ас кіреді.

  • қонақ үй өзінің тұтынушыларына сейфтік қызмет ұсынады.

  • тәуліктің кез- келген уақытында тіркеу.

  • нөмірлерді брондау мүмкіндігі.

Зерттеу барысында анықталған кемшіліктер:

    • нөмірлердің тұрғын ауданының аз болуы;

    • тренажер залы, бассейн, сауна және көңіл көтеруге байланысты қосымша қызметтердің аз болмауы;

    • басқа бәсекелестеріне қарағанда нөмірлер бағасының арзандығына қарамастан, нөмірлердің толу коэффициенті төмен;

    • әлі де болса қызмет көрсету деңгейі төмен;

    • жарнама қызметіне көңіл бөлінбейді;

    • қонақ үйде маркетингтік қызмет дұрыс ұйымдастырылған.

Бірінші бөлім бойынша қысқаша қортындылай кетсек бұл бөлімде біз қонақ үйінің нарықтағы орны қандай. Бұл қонақ үйдің әлсіз және күшті жақтарын қарастырдық. Бұл талдау арқылы біз бұл қонақ үйдің болашақта нарықта өз орның айқын алуына жағдай жасай аламыз. Талдау қорытындысы бойынша қонақ үйдің басқа қонақ үйлерге қарағанда біршама күшті жақтары бар екенің аңғаруға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]