- •3.Қорытынды
- •4)Пайдаланған әдебиеттер
- •1. Кiрiспе
- •3. 2002-2004 Жылдардағы өндiрiстiк-қаржылық қызметтi талдау
- •1. 2002 Жылдың қорытындылары
- •2. 2003 Жылдың қорытындылары
- •3. 2004 Жылы күтiлетiн нәтижелер
- •4. Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясына, мемлекеттік және салалық бағдарламаларға сәйкес "Қазақтелеком" ақ өткiзетін iс-шаралар
- •1. Мақсаттар және мiндеттер
- •2. Алға қойылған мiндеттерге жетудiң жолдарын таңдау
- •5. 2005-2007 Жылдарға арналған даму жоспары
- •3. Өнiм (жұмыстар, қызметтер) өндiрудiң даму серпiнi
3. 2002-2004 Жылдардағы өндiрiстiк-қаржылық қызметтi талдау
1. 2002 Жылдың қорытындылары
2002 жылы "Қазақтелеком" АҚ-ты серпiндi дамыту жөнiндегі оң үрдiстер нығайтылды. Көптеген жоспарланған өндiрiстік және қаржылық көрсеткiштер артығымен орындалды. 2002 жылы Ұлттық ақпараттық супермагистральдың (бұдан әрi - ҰАСМ) Шығыс тармағының құрылысын салу басталды. Трассаның ұзындығы 2400 км құрайды. Талшықты-оптикалық байланыс жүйесiне (бұдан әрi - ТОБЖ) 6 облыс орталығы және облыстық бағыныстағы 29 қала қосылатын болады. Шығыс тармағының салынуы трансұлттық транзитті ұйымдастыруға және екi қаланың - Астана және Алматының (елiмiздiң солтүстігі мен оңтүстігін) ХКО-ларын цифрлы ағымдармен байланыстыруға мүмкiндiк бередi. Бұл ұлттық телекоммуникация желiлерiнiң және халықаралық байланыстың тұрақты жұмысын ұйымдастыру үшiн өте маңызды. Жергiлiктi желілердi жаңғырту жұмыстары жалғастырылды. Облыс орталықтарында және облыстық бағыныстағы қалаларда жалпы сыйымдылығы 134223 нөмiрлi цифрлы автоматты телефон станциялары (бұдан әрi - АТС) орнатылды. Қалалық телефон станцияларында (бұдан әрі - ҚТС) 67147 нөмiрге арналған цифрлы АТС тәжірибелік пайдалануға енгізiлдi. Қалалық телефон станцияларында 39564 нөмiрге, аймақтық желiде - 27512 нөмiрге арналған цифрлы ATC-тар iске қосылды.
|
нөмiрлер |
Жалпы монтаждалған сыйымдылық |
2 398 359 |
оның iшiнде цифрлы |
1 055 145 |
ҚТС-тың монтаждалған сыйымдылығы |
1 927 557 |
оның iшiнде цифрлы |
995 985 |
Селолық телефон станцияларының (бұдан әрi - СТС) монтаждалған сыйымдылығы |
470 802 |
оның iшiнде цифрлы |
59 160 |
Жалпы iске қосылған сыйымдылық |
2 093 770 |
оның iшiнде цифрлы |
949 562 |
ҚТС-тың iске қосылған сыйымдылығы |
1 728 225 |
оның iшiнде цифрлы |
896 433 |
СТС-тың iске қосылған сыйымдылығы |
365 545 |
оның ішінде цифрлы |
53 129 |
2003 жылғы 1 қаңтарға НТА саны 2081858 нөмiрдi (2001 жылмен салыстырғанда 6,8 % өсiм), оның iшiнде ҚТС бойынша - 1 716 879 нөмiрдi (5,5 % өсiм), CTC бойынша - 364 979 нөмiрдi (12,9% өсiм) құрады. Қазақстан Республикасы бойынша телефон тығыздығы 100 тұрғынға шаққанда 14 нөмiрдi, оның iшiнде ҚТС бойынша - 20,4 нөмiрдi және СТС бойынша - 5,7 нөмiрдi құрады. 2002 жылы желілi шаруашылықты кеңейте отырып координатты станцияларды M-200 үлгісiндегi цифрлы станцияларға ауыстыру жолымен 56 ауылдық АТС жаңғыртылды. Сөйтіп, ауылдағы цифрлы станциялардың жалпы саны өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көбейдi. Шағын жаңғырту құралдарымен толықтай жабдықтау жолымен ATСК-50/200 үлгісiндегі ауылдық АТС-тың 351 абонентiнiң қалааралық желiге шығуы қосымша қамтамасыз етілді. DAMA (Demand Assigned Multiple Access) талабы бойынша арналар ұсына отырып көпстанциялық қол жеткiзу технологиясы бойынша ауылдық және қатынауы қиын аудандар үшiн байланыстың спутниктiк желiсiнiң құрылысы жалғастырылды. 2002 жылы 30 DAMA станциясы монтаждалды. Спутниктiк желiнiң жалпы сыйымдылығы 2004 жылғы 01 қаңтарға 230 станцияны құрады, оның iшiнде 195 шалғайдағы ауылдық елдi мекендерге тиесілі. 2002 жылы "Қазақтелеком" АҚ уақыт бойынша есептеудi жаппай енгiзу жөнiндегі жұмыстарды жалғастырды. Тараз, Өскемен, Орал, Павлодар, Ақтау, Петропавл, Атырау, Қостанай және Көкшетау қалаларындағы ұқсас ATC-тың уақыт бойынша есептеу жабдықтары тәжiрибелiк пайдалануға қабылданып алынды. 2002 жылы өнiмдердi сатудан түскен кiрiс 56804,4 млн. теңге сомасында немесе жоспардың 105,6 % болып есептелді. 2001 жылмен салыстырғанда 23,8 % өсiммен жоспардан тыс 3 027,6 млн. теңге алынды. Кiрiстер жоспары өткен жылғыдан да арта түсiп, телекоммуникация қызметтерiнiң барлық түрлерi бойынша қамтамасыз етілді. Кiрiстер құрылымындағы ең көп үлестi қалааралық және халықаралық телефон байланысы алады - 63%. Осы қызметтер түрi бойынша жоспардың артық орындалуы 7,5%-ға немесе 2001 жылмен салыстырғанда 24,7 % өсiммен 2 493,6 млн. теңгеге қамтамасыз етілдi. Жергілiктi телефон байланысы бойынша ұсынылған қызметтерден түскен кiрiс көлемi жоспарға қарағанда 473,2 млн. теңгеге (104,5 %), желi абоненттерiнiң 1,8 есеге, телефон орнатудың 33,1%-ға өсiмi бойынша жоспардың артығымен орындалуы есебiнен ұлғайды. Кiрiстер өсiмi 2001 жылға қарай 111,3% құрады. 2002 жылы операциялық қызмет шығындары 43 951,4 млн. теңге сомасында есептелді, бұл жоспардағыдан 5,2 % артық. Негiзгi қызметтен түскен кiрiс "Қазақтелеком" АҚ бойынша тұтастары алғанда 2001 жылғымен салыстырғанда 9,3 % өсiммен 12 852,9 млн. теңге сомасында есептелді. Таза кiрiс 2001 жылғымен салыстырғанда 40,6 % және жоспардан 40,9% жоғары өсiммен 12 147,2 млн. теңге сомасында алынды. Бiр жұмыс iстеушiге шаққандағы кiрiс 19,1 % ұлғайды және 1 764,5 мың теңгенi құрады. 2002 жылы жұмыс iстеушiлердiң орташа тізімдік саны 32193 адамды құрады және 2001 жылға қарағанда 3,3 % ұлғайды. Орташа тiзiмдiк сан ауылдық байланысты қалпына келтiру жөнiндегi бағдарламаның iске асырылуына және өндiрiстiң кеңеюiне (атап айтқанда, желілi-кәбiлдiк шаруашылыққа техникалық қызмет көрсету, Батыс ТОБЖ-ның пайдалануға берiлуi, сату орталықтарының кеңеюi) байланысты ұлғайды. Негiзгі реттелетін қызметтерге тарифтердi арттыру жүргiзiлген жоқ. 2002 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетiне салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер түрінде 13194,5 млн. теңге төленді, оның iшiнде корпоративтiк табыс салығы 2924,9 млн. теңгенi, әлеуметтік салық - 2455,1 млн. теңгенi, ҚҚС - 3830,1 млн. теңгенi, Қазақстан Республикасы аумағына әкелiнетiн тауарларға ҚҚС - 1947,4 млн. теңгенi құрады. Бұдан басқа, 2002 жылы 2001 жылғы қызмет қорытындысы бойынша акциялар мемлекеттiк пакетiне дивидендтер 946,5 млн. теңге мөлшерiнде бюджетке енгiзiлдi.
