- •3.Қорытынды
- •4)Пайдаланған әдебиеттер
- •1. Кiрiспе
- •3. 2002-2004 Жылдардағы өндiрiстiк-қаржылық қызметтi талдау
- •1. 2002 Жылдың қорытындылары
- •2. 2003 Жылдың қорытындылары
- •3. 2004 Жылы күтiлетiн нәтижелер
- •4. Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясына, мемлекеттік және салалық бағдарламаларға сәйкес "Қазақтелеком" ақ өткiзетін iс-шаралар
- •1. Мақсаттар және мiндеттер
- •2. Алға қойылған мiндеттерге жетудiң жолдарын таңдау
- •5. 2005-2007 Жылдарға арналған даму жоспары
- •3. Өнiм (жұмыстар, қызметтер) өндiрудiң даму серпiнi
2. 2003 Жылдың қорытындылары
Ағымдағы кезеңде желiде 191780 НТА орнату жұмысы жүргiзiлдi, оның iшiнде ҚТС - 132714, СТС - 59066. HTA таза өсiмi ағымдағы кезеңде 146388 бiрлiктi құрады, оның iшiнде ҚТС - 102203, СТС бойынша - 44185. "Қазақтелеком" АҚ өз қаражаты есебiнен бұрын телефондандырылмаған 536 елдi мекендi телефондандырды. 2003 жылдың аяғына қарай НТА саны 2 228 мың бiрлiктi құрады. Смарт-карталарда жұмыс iстейтiн әмбебап таксофондар желiсi 642 бiрлiкке кеңейдi. 2003 жылы қалааралық, халықаралық телефон трафигi 1545,5 млн. минутты, оның iшiнде мынадай бағыттар бойынша: Қазақстан Республикасы - 1418,5 млн. минутты (ұялы байланыс операторларына 271,3 млн. минут трафигін қоса алғанда), ТМД мемлекеттерi бойынша - 113,9 млн.минутты, алыс шетелдер бойынша - 13 млн. минутты құрады. 2003 жылы телеграф трафигі 532 мың бiрлiкті құрады. Негiзгi қызметтен түсетiн кiрiс 65 880,6 млн. теңгенi, оның iшiнде қалааралық, халықаралық байланыс қызметтерiнен түскен кiрiс - 41 086,3 млн. теңгенi, жергiлiктi байланыс қызметiнен түскен кiрiс - 11 731,5 млн. теңгенi, деректер беру желiсi қызметiнен түскен кiрiс - 2 667 млн. теңгенi құрады. Операциялық қызмет шығыстары 49 610,8 млн. теңге сомасын, оның iшiнде өндiрiстiк өзiндiк құн бойынша - 37 940,7 млн. теңгенi құрады. Кезең шығыстары 11670,1 млн. теңгенi, оның iшiнде жалпы және әкiмшiлiк шығыстар - 9 318,4 млн. теңгенi құрады. Жалпы табыс 2002 жылға қарағанда 18,8%-ға өсiп, 27 939,9 млн. теңгенi құрады. Таза кiрiс мөлшерi 17827,3 млн. теңгенi, негiзгi қызмет кiрiсiне қарағанда таза кiрiс деңгейi 27% құрады. Кiрiстер бойынша болжамдардың орындалуы кеңейтiлген инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесiнде қамтамасыз етiлді, оның көлемi 19088 млн. теңгенi құрады. Жезқазған - Жаркент, Атырау - Орал цифрлы радиорелелiк желiлердiң құрылысын салу жүзеге асырылды. 2003 жылы Солтүстік ТОБЖ жобалауға дайындық бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. 2003 жылы 140 ауылдық ұқсас станцияларды цифрлық АТС-ке алмастыру жүргiзiлдi. Ауданiшiлiк қосылу желілерiн цифрландыру 116 ауылдық елдi мекендердi қамтыды. Шалғайдағы қатынауы қиын аудандарда 30 DAMA станциясы орнатылды. "Қазақтелеком" АҚ акционерлерiнiң 2003 жылы 16 мамырда өткен жалпы жиналысының шешiмiне сәйкес 2002 жылдың қорытындылары бойынша дивидендтер мөлшерi жай акциялар бойынша 3,24 млрд. теңгенi, оның iшiнде акциялардың мемлекеттiк пакетiне 1,8 млрд. теңгенi құрады. Осылайша, бір жай акцияға дивидендтер мөлшерi 296,63 теңгенi құрады. 2003 жылы мемлекеттiк бюджетке төленген салық мөлшерi 15,57 млрд.теңгенi құрады, оның iшiнде: ҚҚС - 6,28 млрд.теңге, корпоративтік табыс салығы - 3,92 млрд.теңге, әлеуметтiк салық - 2,82 млрд.теңге, көлiкке, жерге, мүлiкке салық - 0,62 млрд.теңге, төлем көзiнен алынатын табыс салығы - 1,43 млрд.теңге болды. "Қазақтелеком" АҚ Жамбыл облысында болған жер сілкiнiсiнен зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында 25 млн. теңге аударды. Жер сiлкiнiсi салдарынан қираған телекоммуникация объектілерiн қалпына келтiруге 141 млн.теңге көлемiнде қаражат бөлiндi. Қираған АТС ғимараттарының құрылысын салу және Қызылшаруа кентi мен Луговая станциясында жаңа цифрлық станциялар орнату жүргiзiлдi, жаңа желілi-кабельдiк шаруашылық құрылысын, оның ішінде "Луговая-Құлан станциясы" учаскесiндегі талшықты-оптикалық байланыстың қосылу желiсiн салу жүзеге асырылды. Аудан орталығы Құландағы АТС ғимараты күрделi жөндеуден өткiзiлдi.
