- •3.Қорытынды
- •4)Пайдаланған әдебиеттер
- •1. Кiрiспе
- •3. 2002-2004 Жылдардағы өндiрiстiк-қаржылық қызметтi талдау
- •1. 2002 Жылдың қорытындылары
- •2. 2003 Жылдың қорытындылары
- •3. 2004 Жылы күтiлетiн нәтижелер
- •4. Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясына, мемлекеттік және салалық бағдарламаларға сәйкес "Қазақтелеком" ақ өткiзетін iс-шаралар
- •1. Мақсаттар және мiндеттер
- •2. Алға қойылған мiндеттерге жетудiң жолдарын таңдау
- •5. 2005-2007 Жылдарға арналған даму жоспары
- •3. Өнiм (жұмыстар, қызметтер) өндiрудiң даму серпiнi
5. 2005-2007 Жылдарға арналған даму жоспары
1. Мақсаттар және мiндеттер
Экономиканың өрлеуiмен, iскерлiк белсенділiктiң жандануымен, халық табысының бiршама өсуiмен сипатталатын оңтайлы макроэкономикалық факторлар болжанып отырған кезеңде телекоммуникация қызметтерiн көрсетуге деген көтерiңкi сұранысты қалыптастырады және телекоммуникациялар рыногының серпiндi дамуына септігiн тигізедi. Бәсекелестік рынок жағдайында тиімдi әрi табысты жұмыс iстеу мақсатында "Қазақтелеком" АҚ толығымен бизнес бағытын ұстанған компанияға айналуы қажет. Ол үшін бизнестің тиiмдi жаңа түрлерiн игеруге, жоғары кiрiсті сараланымдардағы жұмысын күшейтуi және көпшілікке қызмет көрсету рыногындағы өз үлесiн арттыра түсуге тиiс. Ырықтандыру барысында кiрiстердiң шығыны жаңа рыноктардан түсетiн кiрiстердің өсуi және тарифтердi қайта теңгерiмдеу есебiнен өтелуге тиiс. Жоспарланған кезеңде "Қазақтелеком" АҚ-тың ұялы байланыс желiсiн құру көзделдi. "Қазақтелеком" АҚ үшiн ұялы байланыс операторлары рыногына қатысу стратегиялық мiндет болып табылады. Бұл компанияның капитал қорын арттырады, келешегi зор және стратегиялық тұрғыдан маңызды ұялы байланыс рыногына мемлекеттің қатысуын күшейтедi, ауылдық байланыстың бiрқатар мәселелерiн ең аз шығын шығарумен шешуге және тұрғындарға сапалы әрi арзан ұялы байланысты ұсынуға мүмкiндiк бередi. Лицензия алу және жобаны iске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес iске асырылатын болады. Нәтижесiнде "Қазақтелеком" АҚ-тың капитал жинақтауы артып, алдағы жекешелендiру барысында нарықтық құны көтерiле түседi. Жоспарланып отырған кезеңдегi "Қазақтелеком" АҚ жұмысының мақсаттары мынадай болып табылады: телекоммуникациялық қызметтердiң барлық түрлерiн алуда қоғамның және мемлекеттік басқару органдарының сұраныстарын қанағаттандыру; рынок құнын тұрақты, ұзақ мерзiмдi өсiру. "Қазақтелеком" АҚ алдағы кезеңдегi мiндеттерi мыналар: рыноктағы өз тұғырын нығайту; бизнес-бағыттық iшкі және сыртқы саясатын қалыптастыру; бәсекелестiкке қабiлеттi және қазiргi заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылым қалыптастыру. "Қазақтелеком" АҚ-тың 2005 жылғы алға қойып отырған басты мақсаттары және мiндеттерi мыналар: жаңа жағдайда жұмыс iстеуге бейiмделу, жетекшi тұғырын және кiрiстер көлемiн сақтауды қамтамасыз ету; әкiмшiлiк менеджментті жетiлдiру негiзiнде толық бәсекелестiк рыногы жағдайында рыноктағы тұғырынан айырылмау үшiн сыртқы өзгерiстерге сәйкес тез iс-әрекет ететiн бизнеске бағыт алған компания болып қайта құрылуға қол жеткiзетін алғы-шарттарды қалыптастыру.
2. Алға қойылған мiндеттерге жетудiң жолдарын таңдау
Алға қойылған мiндеттерге қол жеткiзу үшiн "Қазақтелеком" АҚ мынадай стратегиялық бағыттарды таңдап алды: қазiргi заманғы сай телекоммуникациялық инфрақұрылым қалыптастыруды аяқтау; жоғары табысты сегменттердегi бизнестi жандандыру; клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру. 2007 жылға ҰAСМ құрылысы аяқталатын болады, жергiлiктi желілерде құрастырылған сыйымдылықты цифрландыру деңгейiн 60 % дейiн жеткiзудi қамтамасыз ету болжанып отыр. Қазiргі заманға сай цифрлық жабдықтар негiзiнде жергіліктi телекоммуникация желiлерiн жаңғырту және дамыту, желiнiң және оны пайдаланудың тиiмділігін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуы керек. "Қазақтелеком" АҚ келешектегi жұмыстарында алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану негiзiнде телекоммуникация қызметтерiн көрсету түрлерiн кеңейтуге баса назар аударатын болады. Бизнес құрылымы жоғары рентабелдi клиенттер мен iс-әрекеттер түрлерiндегi сараланымда компанияның үлесiн арттыру жағына қарай өзгеруi тиiс. Ең маңызды стратегиялық бағыт - "Қазақтелеком" АҚ-тың Еуропа-Қытай транзиттік трафигінiң ең iрi ұлтаралық операторы, ұялы байланыс операторы ретiнде қалыптасуы болып табылады. Бұқаралық рынок үшiн деректер беру қызметiн бұдан әрi кеңейтудiң де болашағы зор. Телекоммуникация рыногындағы "Қазақтелеком" АҚ орныққан биiк тұғырын нығайта түсу сату жүйесiн айтарлықтай жақсартуға және тұтынушыларға ұсынылатын сервис сапасын арттыруға негiзделетiн болады.
