- •Мазмұны
- •1. Дипломдық жұмыстың жалпы ережелері
- •2. Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау мен бекіту
- •3. Дипломдық жұмыстың орындалуына ғылыми жетекшілік
- •4. Дипломдық жұмыс (жоба) мазмұнын қалыптастыру тәртібі
- •5. Ақпарат көздерін таңдау мен зерттеу
- •6. Тәжірибелік материалдарды жинау және талдау
- •7. Дипломдық жұмысты (жобаны) мазмұнына және оны ресімдеуге қойылатын талаптар
- •8 Дипломдық жұмыстың мәтінін толтырудың ережесі.
- •9. Диплом жұмысының (жобасының) соңғы нұсқасын рәсімдеу
- •10. Диплом жұмысын қорғау мен бағалау тәртібі
- •(Таж) Студенттің қолы__________________
2. Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау мен бекіту
Дипломдық жұмыстардың тақырыптары кафедралармен қарастырылады және жыл сайын 30%-дан кем емесі жаңартылып отырылады. Сәйкес зерттеу нысаны бойынша Қазақ Гуманитарлық-Заң Университеті Ғылыми зерттеу институты және Ғылыми зерттеу орталығымен (әрі қарай ҒЗИ мен ҒЗО) қарастырылады және келісіледі, сонан Жоғары мектеп кеңесімен бекітідледі. Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) тақырыбы ғылым, техника мен мәдениет дамуының жағдайы мен келешегіне сәйкес келуі керек және ҒЗИ мен ҒЗЖ зерттеудің іргелі тақырыптарына сәйкес болу керек. Тақырыптар тізіміне әлеуетті жұмыс берушілер ұсынған тақырыптар (әрі қарай тапсырыстық жұмыстары) да енеді. Әлеуетті жұмыс берушілер ретінде мемлекеттік органдар, ірі жеке меншік компаниялар өкілдері бола алады. Жұмыс аяқталған соң тапсырыстық жұмысқа компания өндіріске енгізі актісін әзірлейді. Тапсырыстық жұмыстың ерекшелігі тапсырыс беруші жақтың материалдары мен базасында орындалады.
Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) тақырыбы ғылым, техника мен мәдениет дамуының жағдайы мен келешегіне сәйкес келуі керек және бүгінгі күнгі өндірістің, білім, ғылымның және мәдениеттің шынайы міндеттері мен мәселелері ескерлуі қажет.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы соңғы оқу жылдың басында ұсынылған тақырыптар арасынан студентпен жеке таңдалады (күнтізбелік жоспарда көрсетілген мерзімнен кеш емес).
Сонымен бірге студентпен алдында орындалған ғылыми немесе курстық жұмыстардың жалғасы ретінде қолданылады.
Студент кафедра меңгерушісінің атына жазылған жеке өтініш негізінде бекітілген тақырыптың нөмірі мен атауын көрсетуі тиіс (Қосымша А).
Дипломдық жұмыстарды бір тақырыпқа, бір мекеменің материалдары бойынша бір оқыту тілінде және бір топтың студенттеріне жазуға тыйым салынады.
Тақырыптарды бекіту бойынша студенттердің өтініші кафедрамен қарастырылады және бекітіледі. Кафедраның шешімі негізінде ЖҚМ Кеңесімен әрбір студент таңдаған тақырыптың бекітілуі мен ғылыми жетекшінің тағайындалуы туралы бұйрығы шығады.
Бұйрықта көрсетіледі: студенттің аты-жөні, фамилиясы; дипломдық жұмыстың нақты атауы, ғылыми жетекшінің (кеңесшінің) аты-жөні, фамилиясы
3. Дипломдық жұмыстың орындалуына ғылыми жетекшілік
Директордың бұйрығымен, кафедраның ұсынысы бойынша, дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшілері бекітіледі. Ғылыми жетекшілер ретінде профессорлар, доценттер, ғылыми дәрежесі бар анағұрлым тәжірибелі оқытушылар және аталмыш жоғары оқу орнының ғылыми қызметкерлері, сонымен қатар қызметі мен ғылыми басылымдары маманды дайындау бейініне сәйкес келетін басқа ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызметкерлері тағайындалады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісінің ұсынысы бойынша, қажет болған жағдайда, кафедра дипломдық жұмыстың кейбір жеке тараулары бойынша, дипломдық жұмысқа бекітілген уақыт есебінен, кеңесшілерді шақыра алады.
Кеңесшілер ретінде ЖОО профессорлары, доценттері, оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, сонымен қатар басқа ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызметкерлері бола алады. Кеңесшілер студентпен орындалған жұмыс тарауларын тексеріп, қолдарын қояды.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі міндетті:
- дипломдық жұмысты (жобаны) орындау үшін тапсырма беруге;
- дипломдық жұмыстың (жобаның) орындалуының барлық кезеңдері көрсетілген барлық кезеңге дипломдық жұмыстың (жобаның) орындалуының күнтізбелік кестесін әзірлеуге;
- студентке арнай әдебиеттер, анықтамалық және мұрағаттық материалдарды ұсынуға;
- студенттің дипломдық жұмысты (жобаны) орындаудың күнтізбелік кестесін сақтауы үшін ағымдық бақылауды жүзеге асыруға;
- белгіленген уақытта дипломдық жұмыстың көлемі мен бөлімдері бойынша кеңестер беруге және кеңесшінің жұмысын қадағалауға.
Дипломдық жұмыстың ең маңызды бөлігі дипломдық жұмысқа тапсырма болып табылады (Қосымша Б).
Дипломдық жұмыс тапсырмасында университет, мектеп, кафедра атауы; студенттің фамилиясы, аты-жөні; дипломдық жұмыстың атауы, университет бойынша дипломдық жұмыс тақырыбы бекітілген бұйрық нөмірі мен күні; дипломдық жұмыстың кеңесшісінің фамилиясы, аты-жөні, жауапты тарауларының атауы; тапсырма берген күні; ғылыми жетекшінің, кеңесшінің, студенттің қолдары.
Студент дипломдық жұмысты бекіткеннен және дипломдық жұмыс тапсырмасын толтырғаннан кейін ғылыми жетекші дипломдық жұмыстың бекітілген кесте бойынша орындалуын жүйелі түрде қадағалап отырады; қажет болған жағдайда дипломдық жұмыстың тарауларына өзгеріс енгізіп отырады; студентті материалдың мазмұнымен, оны ұсыну кезектілігімен, жинау әдістерімен, нақты практикалық материалды жүйелендіру мен әдістемелік өңдеуді үйретеді; студенпен пайда болғане сұрақтарды талқылайды; қосымша әдебиеттерді ұсынады және жаңадан қабылданған заңнамалық актілерді, бекітілген нормативті құжаттарды талқылайды.
Кафедра меңгерушісі дипломдық жұмысты (жобаны) орындау бойынша ағымдық есеп беру мен алдын ала қорғау мерзімдерін бекітеді. Бұл мерзімде студент кафедра меңгерушісі мен ғылыми жетекші алдында есеп береді, олар өз кезегінде дипломдық жұмыстың (жобаның) дайын болу дәрежесін бекітеді.
Студент дипломдық жұмысты (жобаны) орындау бойынша күнтізбелік кестені сақтау керек, бекітілген уақытта ғылыми жетекшіге дипломдық жұмыс тараулары мен оны әрі қарай жөндеуді ұсыну керек.
