- •Мазмұны
- •1. Дипломдық жұмыстың жалпы ережелері
- •2. Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау мен бекіту
- •3. Дипломдық жұмыстың орындалуына ғылыми жетекшілік
- •4. Дипломдық жұмыс (жоба) мазмұнын қалыптастыру тәртібі
- •5. Ақпарат көздерін таңдау мен зерттеу
- •6. Тәжірибелік материалдарды жинау және талдау
- •7. Дипломдық жұмысты (жобаны) мазмұнына және оны ресімдеуге қойылатын талаптар
- •8 Дипломдық жұмыстың мәтінін толтырудың ережесі.
- •9. Диплом жұмысының (жобасының) соңғы нұсқасын рәсімдеу
- •10. Диплом жұмысын қорғау мен бағалау тәртібі
- •(Таж) Студенттің қолы__________________
10. Диплом жұмысын қорғау мен бағалау тәртібі
Диплом жұмысын (жобасын) қорғау тәртібі білім саласындағы уәкілетті органмен бекітілген білім ұйымдарында білім алушылардың ағымдағы үлгерімін бақылау, мемлекеттік аралық және қорытынды аттестациялау Ережесімен айқындалады.
Диплом жұмысын (жобасын) қорғаубелгіленген мерзімде Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының (МАК) ашық отырысында университетте жүргізіледі.
Диплом жұмысын (жобасын) қорғау ашық нысанда кафедра оқытушылар мен студенттердің қатысуымен ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекші шақырылуға тиіс, сонымен қоса дипломдық зерттеу жүргізілген ұйымның өкілі және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылуы мүмкін.
Студент диплом жұмысын (жобасын) қорғауға тыңғылықты дайындалуы тиіс: баяндама (хабарлама) тезисін құрастыру, иллюстратциялық материалдарды (кесте, схема, диаграммажәне т.б.) дайындау; диплом жұмысының белгілі бір теориялық және тәжірибелік маңызын ашатын келтірілген ең маңызды ережелердің мазмұнын жеке параққа шығару.
Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының (МАК) алдында диплом жұмысын қорғауда студент диплом жұмысының мақсаты мен міндеттерін қысқа да нұсқа сипаттайды, маңызды ережелерін ережелерін негіздейді және хабарлайды және де өзінің қортындылары мен ұсыныстарын келтіреді. Баяндама (хабарлама) үшін студентке 15 минуттан артық емес уақыт беріледі.
Диплом қорғаушыға МАК төрағасы мен мүшелері сұрақтар қояды және диплом жұмысын қорғауға қатысушылардың кез келгені сұрақ қоюы мүмкін.
Диплом қорғаушыға қойылған сұрақтарға қысқа да нақты жауап беруі тиіс.
Қорғауға қатысқандар жұмыстың нәтижесін талқылауға араласуға құқығы бар.
Талқылап болғаннан кейін МАК хатшысы ғылыми жетекшінің пікірін және сын-пікірді есепке алады. МАК отырысында диплом жұмысының сипаты жөнінде ғылыми жетекшіге оның сұрауы бойынша және студент –диплом қорғаушыға сөз берілуі мүмкін.
Диплом қорғаушыға пікірде, сын-пікірде және/немесе баяндауындағы ескертпелерге жауап беру мүмкіндігі беріледі.
Диплом жұмысын( жобасын) бағалау балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша МАК жабық отырысында анықталады және қорғаудың соңында сол күні аталған комиссияның төрағасы ашық түрде жариялайды.
Диплом жұмысын белгіленген мерзімде жазбаған және/немесе қорғамаған студент келесі оқу жылының соңында диплом жұмысын қорғау құқығын бере отырып университеттің студенттерінің қатарынан шығарылады.
Диплом жұмысы және Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының алдында оны қорғау диплом бере отырып сәйкесінше мамандық бойынша академиялық дәреже немесе біліктілік берудің міндетті шарты болып табылады.
Қосымша А
Кафедра меңгерушісі
«________________________»
з.ғ.к., доцент ТАЖ
№ және тобының атауы топ студентінің ТАЖ.
Өтініш
Маған №__ «Тақырыптың атауы» диплом жұмысының тақырыбын бекітіп және ғылыми жетекші ретінде лауазымы және ТАЖ тағайындауыңызды сұраймын
«____» ______________ 2015ж. ________________
(толтырылған ай-күні) (қолы)
Қосымша Б
Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті
Құқық жоғары мектебі
Кафедрасы.......
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
ТАЖ
________________________
«___»___________________2014 ж.
СТУДЕНТТІҢ ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУ ТАПСЫРМАСЫ
/Т.А.Ж./
мамандығы: шифр трбы:
|
|
Жұмыстың тақырыбы: «……….»
_______________________ 20__ ж. Құқық жоғары мектебінің бұйрығымен бекітілген.
Аяқталған жұмысты (жобаны) «__» мамыр 2015ж.
Жоспар
№ р\с |
Диплом жұмысын орындау графигі |
Жобаны орындау мерзімі |
Ескертпелер |
Таңдау |
|||
1 |
Қайнар көздер |
|
|
Дайындау: |
|||
2 |
Жұмыстың жоспары |
|
|
3 |
Негізгі бөлімі |
|
|
4 |
Кіріспе |
|
|
5 |
Қорытынды |
|
|
6 |
Диплом жұмысын рәсімдеу |
|
|
Алу |
|||
7 |
Кафедраның мақұлдауы(«___»_____2015ж. жоспардың мазмұны кафедраға қарастыруға берілді). |
|
|
8 |
Кафедраның оң шешімі (алдын ала қорғау) |
|
|
9 |
Атиплагиатқа сараптау қорытындысы |
|
|
10 |
Ғылыми жетекшінің пікірі |
|
|
11 |
Сын-пікір |
|
|
12 |
Кафедра меңгерушісінің қорғауға жіберуі |
|
|
13 |
ҚЖМ директорының қорғауға жіберуі |
|
|
