- •Мазмұны
- •1. Дипломдық жұмыстың жалпы ережелері
- •2. Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау мен бекіту
- •3. Дипломдық жұмыстың орындалуына ғылыми жетекшілік
- •4. Дипломдық жұмыс (жоба) мазмұнын қалыптастыру тәртібі
- •5. Ақпарат көздерін таңдау мен зерттеу
- •6. Тәжірибелік материалдарды жинау және талдау
- •7. Дипломдық жұмысты (жобаны) мазмұнына және оны ресімдеуге қойылатын талаптар
- •8 Дипломдық жұмыстың мәтінін толтырудың ережесі.
- •9. Диплом жұмысының (жобасының) соңғы нұсқасын рәсімдеу
- •10. Диплом жұмысын қорғау мен бағалау тәртібі
- •(Таж) Студенттің қолы__________________
8 Дипломдық жұмыстың мәтінін толтырудың ережесі.
Жалпы талаптар.
Дипломдық жұмыс (жоба) баспа әдісімен баспа машинкасының немесе компьютер мен принтердің көмегімен А4 пішіндегі ақ қағаздың бір жағында бір интервал арқылы орындалуы қажет. Шрифт – Times New Roman, кегль – 14. Барлық жұмыс бойынша бейнелердің біркелкі тығыздығы, қарама-қарсылығы пен бірдей айқындығы сақталуы қажет. Дипломдық жұмыстың (жобаның) мұқабасы қатты (кітаптық) болуы керек.
Беттердің келесі өлшемдерін сақтау қажет: шеттері – сол - 30 мм, оң – 10 мм, жоғарғы – 20 мм, төменгі – 20 мм.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) әрбір тарауы (бөлімі) жаңа парақтан, беттен басталады. Мәтін тарау мен параграфтың атауынан екі жолдық интервалмен (екі Enter) бөлінеді. Бір тараудың ішіндегі параграфтар (тараушалар) мәтіннен өзара екі жолдық (екі Enter) интервалмен бөлінеді. Тараулар (бөлімдер) мен параграфтардың (тараушалардың) атаулары бас әріптен басталып, тырнақшаға алынбайды, атаудың соңында нүкте қойылмайды (Қосымша Ж).
Жеке беттерде орналастырылған суреттер мен кестелердің сапасы анық болуы тиіс.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) барысында анықталған қателерді, жаңылыс жазуларды, графикалық дәлсіздіктерді тазалау немесе ақ бояумен бояу және мәтіннің (графиканың) дәл сол дұрысталған жеріне машинкамен басып немесе қолжазбалық әдіспен (қара сиямен, қара тушьпен немесе гелийлік қаламмен) түзетуге рұқсат етіледі.
Фамилии, мекеменің атауы және т.б. түпнұсқа тілінде көрсетіледі.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымы.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұнына кіріспе, барлық тараулар (бөлімдер) мен параграфтардың (тараушалардың) реттік сандары мен атаулары, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардың атауы кіреді.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен негізгі нәтижелерін бейнелейтін мәліметтер беріледі. Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімі, әдетте, тараулар мен тараушаларға (бөлімдер мен параграфтар) бөлінеді.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) беттерін нөмірлеу.
Беттер араб цифрларымен барлық мәтін бойынша алмаспайтын нөмірлеу арқылы нөмірленеді. Беттің нөмірі беттің төменгі жағында ортасында нүктесіз қойылады.
Мұқаба, бірінші бет пен дипломдық жұмысқа тапсырма нөмірленбейді, бірақ беттердің жалпы нөміріне қосылады.
Мазмұны мен кіріспенің бірінші беті нөмірленбейді, бірақ беттердің жалпы нөмірленуіне енеді. Беттерді нөмірлеу кіріспенің екінші парағынан 5 нөмірінен басталып әрі қарай мәтін бойынша жалғасады. Жеке беттерде орналастырылған суреттер мен кестелер дипломдық жұмыстың (жобаның) беттерінің жалпы нөмірленуіне енгізіледі. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тараулары (бөлімдері) бар жұмыс шегінде нүктесіз араб цифрларымен белгіленген және азат жолдан жазылған реттік нөмірлермен белгіленуі қажет. Параграфтардың (тараушалардың) әрбір тарау (бөлім) шегінде нүктемен ажыратылған нөмірі болуы қажет. Параграф (тарауша) нөмірінің соңында нүкте қойылмайды.
Иллюстрацилар, кестелер A3 форматындағы бір бетте безендіріледі. (қосымша К).
Бөлімдерді, тармақтар мен тармақшаларды нөмірлеу
Дипломдық жұмыстың (жобаның) тараулары (бөлімдері) бар жұмыс шегінде нүктесіз араб цифрларымен белгіленген және азат жолдан жазылған реттік нөмірлермен белгіленуі қажет. Параграфтардың (тараушалардың) әрбір тарау (бөлім) шегінде нүктемен ажыратылған нөмірі болуы қажет. Параграф (тарауша) нөмірінің соңында нүкте қойылмайды.
Әрбір санаманың алдына сызықша немесе құжат мәтінінде санаманың біріне сілтеме қажет болған жағдайда бас әріп, одан кейін жақша қойылады (ё, з, й, о, ч, ь, ы, ъ басқа).
Санамаларды ары қарай детальдау үшін араб сандарын, одан кейін жақшаны қолдану керек, ал жазба мысалда көрсетілгендей азат жолдан басталады.
Иллюстрациялар
Иллюстрацияларды (сызбалар, карталар, графиктер, схемалар, диаграммалар, фотосуреттер) тікелей олар бірінші рет айтылатын мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналастыру керек.
Суреттер түрлі-түсті болуы және алмаспайтын нөмірлеу арқылы араб цифрларымен нөмірленуі мүмкін.
Барлық суреттерге сілтемелер берілуі қажет.
Сызбалар, карталар, графиктер, схемалар компьютермен басып шығаруға рұқсат етіледі.
А4 форматынан кішкентай суреттер, ақ қағазға клеймен жабыстырылуы керек.
Егерде бі сурет болса, онда ол “Суре 1»” дегенді білдіреді., “Сурет” сөзі және атауы жолдың ортасында орналасады және нүктелермен бөлінеді. (Қосымша 3)
Қосымшаның иллюстрациясынан басқа иллюстрациялар латын алфаиті санымен өтпелі түрде нөмірлену керек.
Иллюстрацияға сілтеме жасағанда былай деп жазған дұрыс: «... 2 суретімен сәйкес»
Кестелер
Кестелер жақсы көрнекілік үшін және көрсеткіштерді салыстырудағы ыңғайлылық үшін қолданылады. Кестенің атауы оның мазмұнын айқындау керек, нақты және қысқа болу керек. Кесте атауын кестенің жоғарғы сол жағына, азат жолдық шегерімсіз оның нөмірімен сызықша арқылы бір жолға орналастырған дұрыс «кесте» деген сөзден кейін (Қосымша И).
Диплом жұмысында (жобасында) кесте бірінші рет айтылатын мәтіннен кейін тікелей немесе келесі бетке орналастырылады.
Диплом жұмысында (жобасында) барлық кестелерге сілтеме болу керек. Сілтемеде оның нөмірі көрсетіліп «кесте» сөзі жазылады.
Қосымшаның кестесінен басқа кестелерді араб сандарымен өтпелі түрде нөмірлеген дұрыс.
Жолдары көп кестені басқа бетке тасымалдауға болады. Кесте бөлігін басқа бетке тасымалдағанда «кесте» сөзі және оның нөмірі бір рет кестенің жоғарғы бірінші бөлігінде сол жақтан жазылады, басқа бөліктердің үстінде «жалғасы» сөзі көрсетіледі және кесте нөмірі жазылады, мысалы: «1 кестенің жалғасы». Кестені басқа бетке көшіргенде тақырыбы оның бірінші бөлігінің үстіне ғана орналастырылады.
Кесте бөлігін тасымалдағанда атауы кестенің тек қана бірінші бөлігінің үстіне жазылады, кестені шектейтін төменгі көлденең сызық жүргізілмейді.
Графалары көп кесте бөліктерге бөлініп, бір беттің шегінде бір бөліктің астына екіншісін орналастыруға болады. Егер жолдар мен графалар бет форматынан шығып кетсе, онда бірінші жағдайда кестенің әр бөлігінде басқы бөлігі қайталанады, екінші жағдайда – қырын бөлігі.
А3 форматындағы көлемді кестелерді енгізуге болады.
Егер кестенің бағанында қайталанатын мәтін бір сөзден тұрса, онда оны бір рет жазғаннан кейін тырнақшалармен алмастыруға болады; егер екі немесе одан да көп сөзден тұрса, онда бірінші рет қайталау кезінде оны «тағы да» сөзімен, ал одан әрі тырнақшалармен алмастыруға болады. Қайталанатын цифрлардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық символдардың орнына тынақшаларды қоюға рұқсат етілмейді. Егер кестенің қандай да бір жолында цифрлік немесе басқа да мәліметтер келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады.
Графалар мен жолдардың тақырыбы бас әріппен жекеше түрде жазылады, ал графалардың тақырыпшалары – тақырыппен бір сөйлем құраса, кіші әріппен немесе олар жеке мағынада болса бас әріппен жазылады. Тақырып пен тақырыпшалардың соңында нүкте қойылмайды. Кестелер сол жақтан, оң жақтан және төменнен сызықпен шектеледі. Кестеде мәтіндегіден кіші шрифт қолданылады.
Қырын бөлік пен графалардың тақырыптары мен тақырыпшаларын диагональ сызықтарымен бөлуге болмайды.
Көлденең және тігінен кестені шектейтін сызықтар кестені қолдануға ыңғайсыздық тудырса жүргізілмейді.
Графалардың тақырыптары кесте жолдарымен параллель жазылады. Қажетті жағдайда графа тақырыптары перпендикуляр орналастырады.
Кестенің басқы бөлігі кестенің басқа бөлігінен сызықпен шектеледі. Қосымша Л.
В тексте дипломной работы следует пропустить одну строку перед словом таблица и одну строку после таблицы перед текстом.
Ескертуді мәтіндік, графикалық материалдан кейін немесе осы ескертулер жататын кестеде орналастыру қажет. Кестеге ескертулерді кестенің соңында кестенің аяқталғанын білдіретін көлденең сызықтың жоғарғы жағына жазады.
«Ескерту» сөзін азат жолдан бас әріппен, ыдыратып және астын сызбай теру керек. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен теріледі. Бір ескерту нөмірленбейді, бірнеше ескерту нүктесіз рет бойынша араб цифрларымен нөмірленеді.
Формулалар мен теңдеулер
Формулалар мен теңгерімдерді мәтіннен жеке жолға бөліа алған дұрыс. Әрбір формуладан немесе теңгерімнен ең азы бір жол қалдырылуы керек. Егер теңгерім бір жолға сыймаса, онда ол мына белгілермен тасымалданады: теңдік белгісі (+), алу (-), көбейту (х), бөлу (:), немесебасқа да математикалық белгілермен тасымалданады, әрі белгілер келесі жолдың басында қайталанады. Көбейту операциясын символдайтын белгідегі формуланытасымалдағанда «х» белгісі қолданылады.
Диплом жұмысында (жобасында) формулалар жодың оң жақ шетінде дөңгелек жақшаларда араб сандарыменберіледі.
Мысал
А=а:б, (1)
Мәтінде сілтеме реттік нөмірі формулаға сәйкесжақшаның ішінде беріледі. Мысалы - –« ...формула (1)».
Қосымшада келтірілген формулалар әрбір қосымшаның шегінде араб сандарымен жекелей нөмірленеді. Мысалы формула (А.1).
Жұмыста келтірілген математикалық теңдеулер де формуладағы сияқты белгіленеді.
Қолданылған әдебеиттер мен сілтемелер
Тізім дербес құндылық болып табылады,себебі берілген мәселе бойынша ары қарай зерттеу үшін анықтамалық материал қызметін атқара алады.
Мәліметтерді диплом жұмысының мәтініндегі сілтемелер тәртібімен орналастыру қажет және азат жолдық шегерімнен нүктесіз араб сандарымен жазу керек (Қосымша Г).
Ұсынылған тізімде студент зерттеуінде сілтемелер жасалған баспасөз беттеріндегі жариялымдардың және ғылыми жұмыстардың сипаттамасы беріледі.
Баспасөз жариялымдарынан басқа тізімге қолжазбаларды да, мысалы диплом жұмыстарын (жобаларын) енгізуге болады.
Библиографикалық тізімге қолданылмаған ғылыми еңбектерді енгізуге болмайды.
Диплом жұмысында (жобасында) берілген ұсыныстарға, стандаттарға, техникалық шарттарға және басқа да құжаттарға сілтемелер беріледі, олар толық және бір мағынада тиісті талаптарға айқындайды және құжатты қолдануда қиындықтар тудырмайды.
Құжатқа толық немесе оның тараулары мен қосымшаларына сілтеме берілуі керек. Тараушаларға, бөлімдерге, кестелерге және иллюстрацияларға сілтеме берілмейді.
Әдебиеттер көзіне сілтеме берілгенде мәтінде реттік нөмір төрт бұрыш жақшаға алынып көрсетіледі.
Мысалы:
Н.М. Рыбников атапкөрсеткендей12, бала салғансуреттітүсінуүшіноныңжасауүрдісініңөзінзерделеуқажет. |
Формулаға сілтеме жасағанда мәтінде жақшаның ішіне оның толық нөмірін көрсету керек, мысалы:
... (1қосымша) ... |
Кестеге сілтеме жасағанда оның толық нөмірі және «кесте» сөзі көрсетіледі. Мысалы, хабарлау барысында жасалған сілтеме былай болады:
... 2 кестеде келтірілген ... |
Сілтеме хабарламаның соңында да беріледі, мысалы:
... ( 2 кесте) ... |
Осы принцип бойынша иллюстрацияға да сілтеме жасалады. Мысалы, иллюстрацияға сілтеме былай болуы мүмкін
3 суретте бейнеленген ... |
... (3 сур.) |
Қосымшаларға сілтеме жасалғанда «Қосымша» сөзі қысқартусыз және оның нөмірі жазылады, мысалы:
-
... (1Қосымша) ...
Стандарттар мен техникалық шарттарға сілтеме жасағанда жақша ішінде немесе үтір арқылы құжат белгісі және атаусыз нөмірі көрсетіледі, сонымен бірге оның бекітілген жылын көрсетпеуге болады.
Қолданылған мәліметтер көзін сілтемелер төртбұрышты жақшада келтірілген жөн, мысалы: 12, 16, 18, 12, 20-б.
Қосымша
Қосымша диплом жұмысының (жобасының) жалғасы ретінде келесі беттерде немесе дербес құжат ретінде шығарылады.
Диплом жұмысының (жобасының) мәтінінде барлық қосымшаларға сілтемелер болу керек. Қосымша сілтеме диплом жұмысындағы (жобасындағы) ретіменорналастырады.
Қолданылған мәліметтер тізімінен кейін «ҚОСЫМША» сөзі беттің ортасына жазылады.
Қосымшаның тақырыпшасы болады, олсимметриялықтүрде бас әріппен жекежолғажазылады.
«Қосымша» сөзінен кейін оның ретін белгілейтін сандар жазылады. Қосымшалар араб сандарымен белгіленеді.
Егер құжатта қосымша біреу болса, ол «А қосымшасы» депбелгіленеді.
Әрбірқосымшаның мәтіні қажет болған жағдайд атарауларға, бөлімдерге, бөлімшелергебөлініп, әр қосымша шегінде нөмірленеді. Нөмірдің алдына осы қосымшаның белгісі қойылады.
Қосымша диплом жұмысының (жобасының) басқа бөліктерін дей желдіну нумерациясы болады.
Егер диплом жұмысында(жобасында)бірғанақосымшаболса, онда оны белгілемей –аққоюғаболады.
Өлшем бірліктері бекітілген стандартқа сәйкес белгіленуі тиіс, көрсеттіктер мен өзге де сандық мәліметтер қалдықсыз сандық белгілермен белгіленуі тиіс, мысалы, сомалар мың немесе миллион теңгеге дейін (он нөлмен), пайыздар- нақты 0,1% -дейін домалақтанады.
Жұмыста терминдер бірлігі, шарттық белгілер мен сөздерді қысқартудың жалпы қабылданған үлгісі сақталады (мысалы, қабылданған аббревиатура ҚР АК- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі).
