Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
23_top.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

Диагностика

Клиникалық көрінісіне қарап диагноз қойылады, биохимиялық анализ арқылы нақтылайды (фосфордың концентрациясымен, кальций мен сілтілі фосфатазаның белсенділігімен).Бұл белгілердің динамикасы мен ара- қатынасы аурудың кезенің ажыратып береді. Рахит кезіңде фосфордың концентрациясы 0,65 ммоль/л –ге дейін төмендейді (1 жасқа дейінгі балада қалыптыда 1,3-2,3 ммоль/л),кальцийдің концентрациясы 2-2,3 ммоль/л құрайды(қалыптыда 2,5-2,7 ммоль/л). Сілтілі фосфатазаның активтілігі жоғарылайды .

Алдын алу

  • Рахиттің алдын алу антенаталды және постнаталды,спецификалық және бейспецификалық болып бөлінеді

  • Рахиттің антенаталды алдын алуы

Жүкті әйелдің күн тәртібін қадағалау,соның негізінде күндізгі және түнгі ұйқының ұзақтығының жеткілікті болуына мән беру.Таза ауада күнделікті 2-4 сағаттан кем емес серуендеу ұсынылыды.Сонымен қатар жүкті әйелдің рационалды тамақтануын ұйымдастыру (күнделікті 180 г кем емес ет, 100 г балық – аптасына 3рет , 100-150 г ірімшік, 30-50 г сыр, 300 г нан, 500 г жемістер, 0,5 л сүт және сүт өнімдері).Жүкті және емізуші әйелдерге тағайындалған сүттің орнына арнайы жасалған сүт сусындарын қолдануға болады ("Думил мама плюс") және бұл жүктілік кезінде ұрықтану мен лактация кезенінде фосфор кальций алмасуының бұзылыстарын ескертуге қабілетті.

  • Рахиттің постнаталды алдын алуы

Нәрестені дұрыс тамақтандырудың ережесін қатаң сақтау. Алғашқы жылы нәрестені кеуде сүтімен тамақтандыру керек.Лактация кезеніңде жүкті әйелдің тамақтану рационы әртүрлі болуы қажет және құрамында міндетті түрде ақуыз,жануар тектес онімдерінен;май,көмірсулар,организмді энергиямен қамтамасыз ететіндер,сонымен қатар витаминдер мен микроэлементтер болуы тиіс.

  • Нәрестені жасанды тамақтандыру үшін міндетті түрде сүтті қоспаны таңдау керек,құрамы жағынан ана сүтіне өте ұқсайды,100% лактозадан тұрады,кальцийдың сіңіруін жоғарылатады 2.Емдік физкультура, массаж жүйелі түрде ұйымдастырылуы керек, тұрақты, ұзақ,ақырындап және бір қалыпта жүктемені күшейту арқылы.

  • Рахиттің постнаталды спецификалық алдын алу Д витамині мен жүргізіледі, сау балалар үшін профилактикалық минималды доза тәулігіне 400-500 ЕД құрайды.Бұл доза 4-5 аптадан бастап өмірінің күз,қыс, көктем айларында баланың жағдайы мен ауру дамыуындағы қауіпті факторларының дамуына байланысты тағайындалады.Жаз айында инсоляцияның жетіспеушілігінен (бұлтты,жаңбырлы жаз), Бейімделмеген сүттік қоспа мен қатар профилактикалық Д витамині тағайындалады. Рахиттің специфическалық профилактикасы шала туылған балаларда күз, қыс ,көктем айларында өмірінің бірінші және екінші жылдарында жүргізіледі. Рахит пен қауіп тобындағы балалар күз, қыс ,көктем айларында алғашқы екі жылда күнделікті Д витаминін 1000 МЕ дозада қабылдау керек .

Емдеу

  • Рахиттің емі кешенді болуы керек,ұзақ және себебіне бағытталған. Бастысы бейспецикалық емдеу, рационалды тамақтанумен қоса,режим организациясы,баланың жасына сәйкестендіріп,таза ауада ұзақ болу жеткілікті инсоляциямен,емдік гимнастика мен массаж,басқа ауруларын емдеу .

  • Рахиттің спецификалық емі Д витаминін, кальций мен фосфор препараттарын тағайындау.

Рахиттің ауырлық дәрежесі

Тәуліктік доза витамина D ME

Курстын ұзақтығы, сут

I

1000-1500

30

II

2000-2500

30

III

3000-4000

45

Болжамы

Рахиттің болжамы ауырлық дәрежесіне ,өз уақытының диагностикасы мен адекватты емге байланысты. Егер рахит алғашқы сатысында анықталып ,полиэтиологиялық ауру есебімен емделсе,асқынуы болмайды.Рахитпен ауырған үш жасар балаға кемінде үш жылға дейін диспансерлік бақылау жүргізіледі.Ауыр жағдайда рахит сүйектің ауыр деформациясына алып келеді,нервтік –психикалық және физикалық дамудың кідіруіне,көздің көруінің төмендеуіне,сонымен қатар пневмония дамуының немесе АІЖ ауруларының өршуіне алып келеді.Қалыпты жағдайда рахиттің осындай асқынуына күдік туғанда бірінші кезекте басқа өзгерістердің себептерін анықтаймыз