Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom 2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
669 Кб
Скачать
☆

Cурет 23. Мексикадағы кристалға толы үңгір

Ұзындығы жөнінен әлемде екінші орында тұрған танымал үңгір – Украинадағы Оптимист үңгірі. Украинаның табиғаты тамаша Днестр мен Зубч өзендерінің қосылар тұсында орналасқан. Жалпы картаға түсірілген ұзындығы 212 км[30].

1966 жылы Львовтық спелеологтармен ашылған, зерттеу жұмыстары бүгінге дейін жалғасуда. Әр экспедициядан соң 100 метр кейде 1,5 шақырымнан қосылып картаға түсірілуде. Оптимист үңгірі бүгінде морфологиясы, көлемі, гипстің құрылымы мен түсі жөнінен бір біріне ұқсамайтын 10 ауданнан тұрады. Соның ішіндегі ең әдемі аудан Көл сыртындағы аудан саналады. Қабырғалардың алуан түрлі түстері, шыныдай мөлдір кристалдар көздің жауын алады. Табиғаттың мұражайын тамашалағысы келген адам қиындықтан қорықпай, бес шақырымдық жолды басып келуі керек. Жолды жеңілдету үшін жол –жөнекей тоқтап ыстық шәй мен толыққанды тамақтануға, түнеуге барлық жағдай жасалған[13].

Швейцариядағы Хеллох (Holloch) үңгірі ұзындығы жөнінен әлемде төртінші орын алады. Үңгір ұзындығы 194 км, тереңдігі 950 шақырымды құрайды. Үңгірді 1875 Алоис Ульрих деген азамат тапты. Ал жұтшылыққа 1905 жылы жария етілді. Мамонт үңгірі ашылмай тұрып біраз уақытқа дейін жер бетіндегі ең ұзын үңгір саналды.

Швейцария - ертеден келе жатқан дәстүрлі спелеологиялық ел. Мұнда 30-дан астам жер асты қуыстары танымал. Соның ішінде ең қызықты саналтын жоғарыда атап өткен Хельлох үңгірі.

Бұдан өзге туристерді қызықтыратын өлкенің бірі ол – Қырым. Мұнда 800-ден астам жер асты қуыстары орналасқан. Негізінен мұнда төрт спелеологиялық аудан ерекшеленеді: Караби –яйла, Чатырдаг жазығы, Ай-Петрин жазығы мен Орталық карст жазығы және Долгорук яйласы.

Бұлардың әрқайсысында Қырым үңгірлерінің қайталанбас үлгілері бар. Үңгірлер үш түрге бөлінеді: спорттық, көпшілікке арналған, арнайы жарақталған. Спорттық үңгірлердің айырмашылығы ол зерттеу жүргізу үшін үлкен дайындық пен арнайы құралдарды, терең білім мен білікті,күрделі табиғи кедергілерді басып өтуді талап етеді. Қырымда мұндай үңгірлер жетерлік. Негізінен онда спелеологиялық жиналыстар мен слеттар кезінде спелеоклубтың арнайы дайындалған топтары келеді.

Ал көпшілікке арналған үңгірлер онша терең емес құдықтар мен иілген горизанталь бағыттағы үңгірлерден тұрады. Олар арнайы құралдар мен спорттық дайындықты қажет етпейді. Кырымдағы мұндай үңгірлер Суық Қоба, Бинбаш Қоба, Чатырдағ. Айта кетерлік бір жайт, дәл осы үңгірлерде ірі археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген.

Соңғы арнайы жарақталған үңгірлер арнайы келушілер үшін экскурсияға арналған. Соңғы онжылдықта Қырымда бес үңгір арнайы жарақталды. Қырымдағы танымал үңгірлерге тоқталсақ: Мәрмәрлі, Эмине-Баир-Хосар – Чатыр-Дағтағы жазықта теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орналасқан. Үңгір мәрмәрланған әктастан жүз мың жылдап құрылған. Жер астындағы табиғи мұражайдан үйлердің, жануарлардың фомаларын көруге болады. Сталактиттер мен сталагмиттердің өрнектелуі мен үңгір ішінде экскурсанттарға қызмет көрсету жөнінен Еуропадағы әйгілі бестіктің құрамына енеді.

Кесте 6.

Әлемдегі ең терең үңгірлер*

Үңгір

Тереңдігі, м

Ұзындығы, м

Орналасқан жері

1

Воронья - Крубера

-2191

13 232

Абхазия, Батыс Кавказ

2

Иллюзия-Меженного-Снежная

-1753

24 080

Абхазия, Бзыбь, Гагра

3

Gouffe Mirolda/Lucien Bouclier

-1733

12 000

France, Haute-Savoice

4

Lamprtchtsofer-Vogelschacht

-1626

50 000

Austria, Leoganger Steinberge Salzburg

Кесте 6 жалғасы

5

Jan Bernard

-1602

20 536

France, Samoens, Haute-Savoice

6

Torca del Cerro

-1589

7060

Spain, Picos de europa

7

Сарма

-1543

6370

Абхазия, Батыс Кавказ

8

Ceki 2 (Cehi 2)

-1533

3 959

Slovenia

9

Шахта Вячеслава Пантюхина

-1508

5 530

Абхазия, Бзыбь, Гагра

10

Sistema Cheve

-1484

26 194

Mexico, Oaxaca

*Дерек көзі [www.speleo.ru]

Қызыл үңгір және Қызыл Қоба – Еуропадағы әктастан құрылған ірі үңгірлердің бірі. Жалпы ұзындығы 16 шақырымға созылып жатыр. Күрделі лабиринтті жүрістер 6 қабатта орналасқан. Кызыл Қоба залдардың ұзындығы 70-80 метрге созылып жатыр, биіктігі 30 метр. Үңгір түбінен алты карстық сифонмен (сумен толтырылған залдар) бөлінген Су-учхан жер асты өзені ағады. Үңгір залдары карбонатты ағындармен, сталактит, сталагмит, караллиттер мен бағандармен безелген.Үнді мен Қытай залдары ерекше таң қаларлық мүсіндерімен көз тартадыn [31].

Ай-Петри жазығындағы Үшкөз үңгірі үлкен залдарымен таң қалдырады. Үңгірді жоғарғы, ортаңғы, төменгі деп үш қабатқа бөледі. Үңгір ұзындығы 2 км, тереңдігі 125 метр. Үңгірден мұз дәуіріндегі жануарлар қалдықтары табылып, геологиялық және палеонтологиялық олжалар қойылатын шағын мұражай ашылған. Үңгірдің әр залы ғажап жануарлар атымен аталған. Мысалы, палеонтологиялық мұражай орналасқан зал Жолбарыс деп аталады. Бұл атау мұнда біздің дәуірімізге дейінгі өмір сүрген маймыл сүйектерінің қалдығын тапқанда берілген еді. Әуелде спелеологтар жолбарыс деп жорыған қате түзелсе де атау солай қала берді. Сондай ақ үңгірде бұдан 1,5-2 миллион жыл бұрын өмір сүрген мамонт пен жүнді мүйізтұмсық сүйектері, үңгір арыстаны мен жабайы фаунаның өзге де коллекциялары қойылған.

Тағы бір керемет залдың бірі Мономах Шапкасы деп аталады. Ол осындағы ерекше кейіптегі сталагмиттің құрметіне қойылған. Бейнеге қарағанда шынымен ақ монархтың бас киімі еске түседі.

Әлемде мұздан жасалған үңгірлер де болады екен. Соның бірі Альпі тауларында орналасқан Эйсрайзенвельт мұз үңгірі. Мұнда келген адам өзін ертегілер әлемінде жүргендей сезінетіні рас.Бұл үңгір 40 шақырымға созылып, мұз үңгірлердің ішіндегі ең ұзыны саналады. Ал туристер үшін аз бөлігі ғана тамашалауға берілсе де, олардың табиғаттың тамашы сыйына таң қалуларына бұл жеткілікті.

Каппадокия тарихи облысындағы үңгір тұрақтары – б.э.д I мыңжылдықтан бастап салынып, көп ғасырлар бойы құрылған кең аумақты алып жатқан қайталанбас тұрақтар кешені. Бірнеше жер асты қалашықтары мен жартастан ойылған үңгір монастырларды құрайды. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар тізіміне енгізілген осы аймақтың басты туристік обьектісі саналады.

Осынау таңғажайып әр түрлі пішіндегі тұрақтарды адам қолымен салды десе сенбессіз сірә. Құдды бір Антонио Гауди сиқырлы таяғын сермегенде, осынау сиқырлы ертегілер әлемі пайда болған іспетті. Ендеше шындыққы көз жіберіп көрелік. Ерте замандарда осындағы Горема алқабын таулар алып жатқан. Ол бір заманда жанартау болып атқылап, ыстық лава жер бетіне шыққан. Біраз уақыт өткен соң көшіп қонып тұрақ іздеген халықтар осында қоныстанып, жүзім егумен айналысқан. Мұндағы жер жынысы борпылдақ, жұмсақ болғандықтан да жартастан үңгір ойып тұрақ жасау да қиынға соқпады. Кейіннен бұл тұрақтар Рим империясы тұсында христиандардың мінәжат етер шіркеуіне айналды. Бүгінге дейін олардың пайдаланған заттары сақтаулы. Мұнда алты жер асты қаласы табылған. Олар: Қаймақлы, Деринкую, Озқонақ, Аджигол, Татларин, Мазы қалалары. Оны XIX ғасырда француз шырақшысы Жерфанион тапқан болатын. Бүгінге дейін мұнда мыңнан астам шіркеу сақталыпты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]