Сурет 27. Аджанта храм-үңгірі
Ғалымдардың жасаған
тұжырымы бойынша үңгір жасы 340 миллион
жылға теңеліп, әлемдегі ең ескі үңгір
деп танылуда. Дегенмен бұл жай болжам
ғана. Бұл жұмысты Аустралия мұражайы
мен Сидней Университтетінің Индустриалды
Ғылыми Ұйымы жасап отыр.
Жергілікті
Гунденгарра тайпалары үңгір аумағын
Қараңғы Орын деп қашып кеткен, кейіннен
1838 жылы малын жоғалтқан Джеймс Вэлен
ең алғашқы болып көрген. Ол кезде Фиш
үңгірі деп танылып, 1866 жылы Үкімет
қадағалауында болды. Кейінгі жылы
Джемерем Вилсон үңгірдің сақтаушысы
болып тағайындалды. Вилсон тек зерттеп
қана қоймай Лукас, Үлкен , Империал
үңгірлерін ашты. Үңгірлер туризм
мақсатында ерте ашылған, бірақ 1872 жылы
келушілерден қорғауға және формаларының
бұзылуына жол бермеу мақсатында қорғауға
алуға әрекет жасалды. 1884 жылы “биік”
деген мағынаны білдіретін Дженолан
атауын қабылдады. 1898 жылы келуші
туристерге қызмет көрсету мақсатында
Үңгір Үйі пансионы құрылды.
.
22