Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom 2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
669 Кб
Скачать
☆

Сурет 24. Каппадокия үңгірлері сурет 25. Ішкі көрінісі[50]

Түркия соңғы жылдары туризм саласын қарқынды дамытып, жоғары табыс түсіріп отырған ел. Қызмет көрсету дәрежесі де мұнда кенже қалмаған. Мұндағы негізгі туристік обьектілердің бірі – Каппадокия үңгірлері болса, оған баратын туристің барлық жағдайы да қарастырылған. Қолайлы көлік түрі, қызықты турлар, жоғарғы қызмет көрсету бәрі-бәрі туристерді тартады.

Соңғы он жылда туризм саласын жоғары дамытқан елдің бірі ол – Малайзия. Бұл елде де спелеотуримді дамытуға қажетті ресурс көзі жеткілікті және болашағы да зор. Малайзия бойынша көптеген әктас үңгірлері барланған, тіпті оның бірі Әлемдік Мұра тізіміне енгізілген. Экзотикалық табиғатымен танымал Малай елінің жер асты қуыстарының тіршілік иелері де өзгеше. Қанаттылар мен құстардың сан алуан түрлері бар. Тропикте орналасқан үңгірлердің ерекщелігі – бірнеше айдың ішінде өз формасын өзгерте алады. Ол ылғалды климатқа байланысты.

Малайзияның түбек жағындағы Перлисте Гуа Келам, Перакта Кунду мен Гуа Темпурунг сияқты әр түрлі тарихи үңгірлер орналасқан. Саравак штатындағы танымал үңгірлер ішінен Ниах, Мулу және Бау сиқырлы үңгірлерін айтуға болады. Ал Сабах штатында қытай деликатесі түрінде сатылатын құс ұясы жиналатын Гуа Гомантонг үңгірі кең танымалдылыққа ие.

Кинта аңғарында ел үңгірлерінің бүкіл 10%-ын құрайтын су асты үңгірлері орналасқан.

Cурет 26. Гуа Келам үңгіріндегі ертегідегідей көрініс

Перак өзінің үңгір храмдарымен танымал, көптеген будда мүсіндері бар Перак Тонг және Сам Пох Тонг үңгірлері осында жайғасқан. Бату үңгірінде Тайпусам діни фестивалі өтетін жерде индуизм ағымы құдайына арнап тұрғызылған храм бар. Ал Гуа Ниах үңгірінде көптеген қабырғаға қашалған суреттерді, соның ішінде ертедегі жергілікті цивилизацияны білдіретін қайық бейнеленген қабырға суретін көруге болады. Мулу үңгірі әлемге ең ірі жүру жолымен танымал. Бүгінде 195 шақырымы зертттелген, мұның өзі болжанған барлық жүру жолының 30%- ы ғана. Сондай-ақ Саравак көптеген көрсеткіштер бойынша да рекордтық көрсеткіште тұр. Саравак палатасы көлемі 600*415*80м болып, әлемдегі ең ірі жер асты қуысы саналады. Бұландар үңгірі диаметрі 120-150м болып ірі үңгір галерея, ал Таза су үңгірінің ұзындығы 108 шақырымға созылып Азиядағы ең ұзын үңгір болып табылады.

Негізінде бұл елде гид ретінде тәжірибелі спелеологтар қызмет атқарады. Көп спелеосаяхаттар бір күнге арналады, дегенмен келушілерге түнеуге де қалуға мүмкіндік бар. Кейбір үңгірлерде түнеуге мүлдем тыйым салынған, бірақ қалам деушілер жақын маңдағы тұрғын үйлерге жайғаса алады.

Ал үңгірлерді зерттеу наурыз бен қазан айларындағы құрғақ мерзімде жүргізіледі. Ал кейбір үңгірлерге арнайы рұқсат керек болады. Кез келген табиғат түріне қатысты, сталактиттер мен сталагмиттерге де абай болу қатаң қадағаланады. Фото түсірілімдерді жылтылдаған жарықтың көмегімен түсіруге де тыйым салынған. Егер алдыңыздан жылан мен шаян сияқты улы жәндіктер шықса да таң қалуға болмайды.

Үндістандағы ерекше көзге түсетін үңгірдің бірі – Аджанта. Махараштра штатындағы буддистік храмдық-монастырлық үңгірлер кешені. Жартастағы 29 үңгірімен таға кейпін бейнелейді. Ол екі топқа бөлінеді: чайтья(құлшылық ету залы,) және вихара (Будда мүсіні орналасқан порталды терраса). Үңгірдің жартас қабырға суреттері бүкіл әлемге танымал.

Храмдар III-VII ғасырларда бірнеше жүзжылдықтарда қашалған. Қарқынды қашалған кезі Орталық Үндістанды басқарған Харишене тұсында болды. Осы кезде Аджантаның негізгі мүсіні мен жазулары пайда болды. Харише қайтыс болған соң құрылыс қарқыны бәсеңдеп қалды. XIII ғасырда Үндістанда буддизм өз мәнін жоғалтып, монахтар біртіндеп Аджантаны тастап кетті.

Австралия құрлығы да спелеотуризмде басқа құрлықтардан қалыс қалмайды. Дженолан үңгірі – Көгілдір таулардағы Сидней қаласынан батысқа қарай 175 шақырымдағы керемт үңгірлердің бірі. Ол әлемдегі ең ежелгі әктастан шыққан ашық кешен.Үңгірдің негізгі бөлігі жарықтандырылып, келушілерге жағдай жасалған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]