- •1.Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.
- •2.Тас ғасыры мен оның ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •3.Қола дәуіріндегі Қазақстан.Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •5. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6.Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері.
- •8. Бірінші Түрік қағанатының тарихы (552-603).
- •9. Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз
- •10.Батыс Түрік қағанатының тарихы (603 - 704).
- •12.Қарлұқ қағанатының тарихы.
- •13.Қимак мемлекетті: этносаяси тарихы және шаруашылығы.
- •14. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
5. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
Жібек жолымен ең алғашқы сауда байланысы б. з. б. III-II ғасырларда жасалған. Бұл сауда жолының Жібек жолы атануында үлкен мән бар. Себебі алғашқы негізгі тауары жібек (Қытай) болған. Сонымен қатар VII ғасырда будда ламасы Сюань-Цзянь Ыстықкөл маңындағы Түрік қағанатының Суяб қаласына келеді. Түрік қағанының оған жібекті сыйға бергені айтылады. Орта Азия мен Орта Шығысты Жерорта теңізімен және Үндістанмен жалғастырған «Көктас жолымен» қатар Шығыс Түркістанды Қытаймен байланыстырған «Нефрит жолы»да болды.
Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған. Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Ұзындығы — 7 мың шақырымнан астам. Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтеді.
Б. з. б. II ғасырда Ұлы Жібек жолының сауда дипломатиялық басты жолы ретінде аты шығады. Ұлы Жібек жолы Алтай, Памир, Тянь-Шань, Сырдария, Әмудария жерімен өткен. Жібек жолының тармақтары V-VII ғасырларда Жетісу, Оңтүстік Қазақстан жерлерін қамтыған. Жібек жолының бойында Тараз, Баласағұн, Бұхара, Самарқан, Сайрам, Сауран, Отырар, Сығанақ, Мерв, Талхиз, Үргеніш, Испиджаб, Шаш. Весидж, Шауғар т. б. ірі ортағасырлық қалалар орналасқан. Кейіннен XIII-XIV ғасырларда Жібек жолының саяси-экономикалық маңызы артқан.
Жібек жолы бағыты: Хуанхэ өзені – Ұлы Қытай қорғанының батысы – Іле өзені – Ыстықкөл. Бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды.
Лазурит жолы: Бадахшан тауы – Иран – Месопатамия – Мысыр – Сирия-Қытай.
Нефрит жолы: Жаркентдария – Шығыс Түркістан – Қытай. Дала жолы (б. з. б. 1 мыңжылдықтың ортасы).
Жібек жолындағы тауарлар.Жібек жолының алғашқы негізгі тауары Қытай жібегі болған. Қытай жібегі осы жолмен Батысқа жеткізіліп тұрған. Кейіннен Батыс пен Шығыстың басқа тауарлары тасылған (күміс, алтын, тұлпар, түйе, бүркіт, қаршыға, піл сүйегі, жеміс-жидектер, экзотикалық аңдар т. б.). Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төлеген.
Жібек жолының маңызы.Жібек жолы Қазақстан мен Орта Азияда мәдени-экономикалық жағдайдың өрлеуіне ықпал етті. Жалпы, Жібек жолымен 2000 жылдан астам уақыт бойы сауда керуендері жүрген. Жібек жолымен шығыстан будда, батыстан христиан діні таралған. Жібек жолы – сауда жолы ғана емес, көшпелі отырықшы халықтар мәдениетінің даму, таралу жолы.
Жібек жолы бастыпқыда қытай жібегін Батыс елдеріне шығаруға қызмет етті. Өз кезегінде, онымен Римнен, Византиядан, Үндістаннан, Ираннан, Араб халифатынан, ал кейініректе Еуропа мен Русьтен осы елдерде өндірілетін тауарлар тасылды. Бұл ғажайып, таңсық тауарлардың тізімі таусылмайды. Бұлар мирро мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мускат жаңғағы, өміртамыр мен айдаһардың еті кілемдер мен маталар, бояулар мен минералдық шикізат, алмаз бен яшма, янтарь мен маржан, піл сүйегі, құйма күміс пен сом алтын, аң терілері мен теңгелер, садақтар мен жебелер, семсерлермен найзалар және басқа да көптеген заттар. Жібек жолымен сату үшін Ферғананың асыл тұқымды аттары, араб және нисия арғымақтары, түйелер мен пілдер, мүйізтұмсықтар мен арыстандар, барыс пен киіктер, қаршығалар мен сұңқарлар, тотықұстар мен түйеқұстар алып жүрілді. Мәдени өсімдіктер: жүзім, шабдалы, қауын, тәтті тағамдар мен қант, жемістер мен көкөністер Жібек жолы арқылы таралды.
Алайда сауда жасалатын негізгі зат жібек болып қала берді. Алтынмен бірге жібек халықаралық валютаға айналды, ол патшалар мен елшілерге сыйға тартылды, жалдамалы әскерге ақы және мемлекеттік қарыз ретінде төленді. Иранның шахиншахы Хосроу Iануширван қытай императорынан басқа тартулармен қатар, қытайдың жібек киімі-«ушари» алған, оның көкшіл өңіріне тәж киген және әшекейлер тағынған патша бейнеленген. Қытай, Орта Азия, Шығыс Түркістан билеушілері сарайының фрескаларында шонжарлар киген жібек киімдерде оларға тән барлық қымбат бұйымдар әшекейлерімен, ұсақ-түйектерімен, тіпті тігістерімен айнытпай салынатыны кездейсоқ емес. Жібек жолымен тасылатын жібектің де, тауарлардың бір бөлігінің де оның Қазақстан бөлігінде тұрған қалаларда қалып отырғаны әбден табиғи нәрсе. Мұны археологиялық олжалар айқын дәлелдейді.
Талғар қаласының жұртынан шетелдік бұйымдардың қызықты олжалары табылды. Бұл-көмбе, оның құрамына ішкі жағы ұзақ жасау нышаны-саңырауқұлақ түріндегі медальондармен көмкерілген бала мүсіндерінің оймышталып жасалған бейнелерімен безендірілген қытайдың төрт фарфор тостағаны кіреді. Ыдыстағы нышандар ер баланың дүниеге келуін және бірлікті- «и туань хоци» тілеу деп те түсіндіріледі. Сырдарияның орта ғасырлардағы қалаларын, атап айтқанда, жиырма жылдай уақыт бойы кең көлемді зерттеулер жүргізіліп жатқан Отырарды қазу жұмыстары кезінде шетелдік заттар табылады. Бұл шиыршық атып жатқан жолбарыс немесе барыс бедерленіп бейнеленген нефрит қапсыпма.
