- •1.Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.
- •2.Тас ғасыры мен оның ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •3.Қола дәуіріндегі Қазақстан.Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •5. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6.Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері.
- •8. Бірінші Түрік қағанатының тарихы (552-603).
- •9. Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз
- •10.Батыс Түрік қағанатының тарихы (603 - 704).
- •12.Қарлұқ қағанатының тарихы.
- •13.Қимак мемлекетті: этносаяси тарихы және шаруашылығы.
- •14. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
10.Батыс Түрік қағанатының тарихы (603 - 704).
Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекетіАумағы Алтай, Сібір жерінен бастап, Әмудария мен Еділ өзендерінің төменгі ағысына дейінгі аралықты қамтыған. Саяси ахуалдарға байланысты шекара өзгеріп тұрғанымен Батыс Түрік қағанатының негізгі аумағы ежелгі үйсін жері, Жетісу өңірі болған. Негізгі астанасы Шу бойындағы Суяб.Батыс Түрік қағанатының халқы “он оқ елі” (он оқ бұдұн), “бес арыс дулу”, “бес тайпалы нушеби” деп те аталған. Негізгі тайпасы теле.. Батыс Түрік қағанатының мемлекет басшысы - қаған жоғары билеуші әрі әскербасы саналды. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық жүргізді, ру басшыларын тағайындады. Қарапайым халық “қара бұдұн”, ал әлеум. құрылымның ең төм. сатысының тәуелді тобы “тат” деп аталған.Негізін қалаған Тардуш(Дато). Батыс Түрік қағанаты Шегуй (610—18) мен Түн жабғу (618—30) қағандар тұсында күшейіп, мемлекеттің шекарасы кеңейе түскен. Шегуй қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін жеткізіп, бүкіл Тарым жазығы мен Памирге дейінгі аймаққа өз билігін жүргізген. Шегуйдің інісі Түн жабғу қаған мемлекеттің батыстағы шекарасын кеңейту саясатын жалғастыра отырып, өзінің қысқы тұрағын Суябқа көшіріп, ал Мыңбұлақ деген жерді жазғы қонысына айналдырған.Шегу мен Тон қаған кезінде салық жинаущыларға-селиф деген атақ берілген.Ешбар Елтеріс қаған- он оқ қара будун жүйесін енгізді. Дулу мен нушебилер арасындағы 638 жылғы қантөгістен соң, олардың арасындағы шекара Іле өзені арқылы өтіп, қағанат оң және сол қанатқа бөлінді. Тайпааралық соғыстар 17 жылға (640 — 57) созылды, бұл қытай әскерлерінің баса-көктеп кіруіне қолайлы жағдай туғызды. 656 жылы Ашина Хэлу қаған қытай әскери қолбасшысы Су Динфаннан жеңілгеннен кейін Батыс Түрік қағанаты Таң империясының ықпалына түсті. Бұдан кейінгі жерде Батыс Түрік қағанатын Таң империясы әкімшілік аймақтарға бөліп, бұрынғы түрік қағандарының қытайланған ұрпақтарынан басқақтарды — “қуыршақ қағандарды” тағайындап отырды. Дегенмен олардың ішінде Дучжы (Дучжи хан, Ашина Дучжы) қаған (басқақ) отарлық езгіге қарсы шығып, елді бостандыққа жеткізуге ұмтылды, бірақ мақсатына жете алмады, 679 жылы қытайлықтар оны алдап қолға түсіріп, қорлап өлтірді. Батыс Түрік қағанатының соңғы 23-қағаны Синь (Ашина Синь) 704 ж. Құлан қаласында түргештердің басшысы Үшлік (Учжилэ, Үшелік) қолынан қаза тапты. Соңғы қағаны –Үшлік.704 жылы Батыс Түрік қағанатының орнына Түргеш қағанаты құрылды.Батыс Түрік қағанаты (603-704)ндағы этномәдени процестер мен халықаралық қатынастар. Қағанаттың орталығы Жетісу. Астанасы Суяб (Ақбешім) (Қырғызстандағы Тоқмақ қаласының маңы), жазғы ордасы Мыңбұлақ (Түркістанның төңірегі).Халқы ежелгі үйсін жерінің Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аралықты қоныстанған 10 тайпадан тұрды (он оқ будун). Тайпа екіге бөлінеді:Дулу – Шу өзенінен шығысқа қарай орналасқан бес тайпаНушиби - Шу өзенінен батысқа қарай мекендеген бес тайпаҚоғамдық құрылымыҚағанатты түріктің ашина (көкбөрілер) тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі. Қаған ең жоғарғы билеуші, әскер басы және бүкіл жердің иесі.1.Қаған
1. Шад, жабғу, елтебер (ашина руынан шыққан жоғарғы шенділер)
2. Бек (ру, тайпа басқарушысы)
3. Тархан, бұйрықтар (сот қызметін атқарушылар)
4. Тұдын (салық жинаушы)
5. Қара бұдын (қарапайым халық)
6. таттар (құлдар)Халқы – үйсіндер, қаңлылар, қарлұқтар, түркештер, шығылдар яғмалар.
Алғашқы қағаны Тардуш (Дато). Ол Шығыс Түрік қағанатын жаулап, екі қағанатты біріктіруді ойлады. Алтайдағы теле тайпасын шабуылдап, өзін Шығыс Түрік қағанатының қағаны дп жариялады. Қағанаттың күш-қуаты Жеғұй және Тон-Жабғу қағандар тұсында арта түсті. Олар Тоқарыстан мен Ауғанстанға жаңа жорықтар жасап, қағанат шекарасын солт-батыс Үндістанға дейін созды. Салық жинауға жергілікті адамдарды қойып, оларды селиф деп атады. Көрші мемлекеттерге соғыс ашудағы басты мақсаттардың бірі құл иелену. Датсу қаған көрші елдермен сауда байланыстарын жүргізіп, Қара теңіз жағалауына және Түркістанға абысты жорықтар жасады.Батыс Түрік қағандары жаулап алған аймақтардың саяси жүйеcіне өзгерістер енгізбей, т ек салық жинаумен шектелді. 16 жылға созылған (640-657ж) тайпааралық соғыстардың қағанатты әлсіретуі салдарынан Таң империясы Жетісуды басып алды 659ж.Түріктердің Таң империясына қарсы күресі қағанат құрамындағы түркештердің күшеюіне әкелді. 704 ж Түркештер Жетісудағы саяси билікті жеңіп алды.
11.Түргеш қағанатының тарихы. Арабтар жаулаушылығы басталған кезде Қазақстан және орта Азияның басым бөлігі Батыс түрік қағанаты өкіметінің билігінде болатын.Арабтарға қарсы күрес жүргізу ісінде Жетісуда өкімет басына келген түркештер бірінші орынға шықты.Уақыты 704-756.Түркештер Шу мен Іле өзені аралығын қоныстанған.Алғашқықағаны-Үшлік (704-706).Территориясы:Жетісу,Іле,Шу,Талаc алқаптары.Астанасы-Суяб, жазғы ордасы-Күнгіт қаласы(Іле өзені бойында).Бүкіл жер 20 үлесті аймаққа бөлінді.Әр түтікте жеті мың әскер болған.Қағанат екі қарсылас топқа бөлінді:1)Сары түркештер(шулық),ордасы-Суяб қаласы.(Шу өзені бойында).2)Қара түркештер(ілелік),ордасы-Тараз қаласы(Талас өзені бойында).Араб тарихшысы Әл-Идриси дерегі:Түркеш нағыз түрік мағынасындағы сөз.VIIIғ.басы(705ж)-Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жорығы басталды.706ж.-түркештер соғдылармен одақтасып,Бұхар маңында арабтарды жеңді.709ж.-араб қолбасшысы Кутейбтің екі одақтастықтың арасында алауыздық туғызуының салдарынан соғды ханы Тархун көмектесуден бас тартты.Нәтижесінде арабтар Бұхарды жаулады. Үшеліктің ұлы Сақал қаған(сары түркеш)бүкіл Орта Азияны бағындырды.708ж. сары түркеш пен қара түркеш арасында шиеленіс күшейді.711ж. қара түркештер шақыруымен келген Шығыс түрік қағаны Қапаған Болучу(Жоңғария) түбінде сары түркеш әскерін жеңді.Сақал қаған тұтқынға түсіп,қағанат күйреді.Түркеш қағанаты 7 жыл өткеннен соң ғана қалпына келтіріліп,билікке Сұлу қаған(қара түркеш)келгесін қайта нығайды.Билік қара түркештерге көшіп,Орда Тараз қаласына ауыстырылды. Сұлу қаған екі майданда күрес жүргізді:Батыста-арабтармен,шығыста-Таң патшалығымен. Сұлу қаған Қытаймен одақтасып,бар күшті батысқа бағыттады.723ж.-түркештер Ферғана қарлұқтары және Шаш тұрғындарымен бірігіп,арабтарға соққы берді.Арабтар Сұлудың батылдығына байланысты оны Сүзеген деп атаған. 732ж.-арабтар түркештерді ығыстырып,Бұхарды қайтара жаулады.736ж. Сұлу қаған арабтарға қарсы жорыққа шығып,Тоқарыстанға дейін барды да,жеңіліскеұшырады.Осы кезде сары түркештер мен қара түркештер арасында күрес қайта өршіді.738ж. қолбасшы Баға-Тархан Сұлуды өлтіріп,оның ұлына қарсы соғысты бастады.Түркештер арасындағы алауыздық 738-748ж.арабтарға Оңт.Қазақстан мен Орта Азияны басып алуға жағдай жасады.Осының салдарынан түркештер 746ж. Жетісуға ұмтылған қарлұқтарға қарсылық көрсете алмайды.748ж.-қытайлар Суяб қаласын жаулап алып,қиратты.751ж.Атлах қаласының маңындағы қытайлар мен арабтар арасындағы ірі шайқас(Талас бойы).Бес күнге созылған шайқастың шешуші кезеңінде қарлұқтар арабтар жағына шығып,қытайлар жеңілді.Атлах шайқасының тарихи маңызы:Қытай әскері Жетісуды,Шығыс Түркістанды тастап шегінді. Арабтар Талас аңғарынан Шашқа қарай ығысты. араб-қытай шапқыншылығынан Түркеш қағанаты әлсіреді.756ж. қағанат қарлұқтардың тегеурініне төтеп бере алмай біржолата құлады.
