Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Морфология шпор.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291 Кб
Скачать
☆

1.Сөз таптары мен сөз топтары, олардың арақатынасы

Тілдегі сөздің мағына жағынан, атқаратын қызмет жағынан түрлілігі. Ғылымда сөз атауының үш үлкен топқа бөлуі: 1.атауыш сөздер, 2. көмекші сөздер, 3. одағай сөздер.Атауыш сөздердің негізгі белгілері (мағынасы, түрлену мүмкіндігі, сөйлемдегі қызметі, дербестігі). Көмекші сөздердің грамматикалық дамудың нәтижесінде қазіргі қалыпқа жеткен, лексикалық мағынасына айрылғаны, грамматикалық мағынаға көшкені, соның арқасында дербес сөзге тіркесіп, оған үстеме мағына қосатын нұсқа қызметінде қолданылуы, дербес сөздер сияқты сөйлемде өзінше қызмет атқармауы. Көмекші сөздердің өзара ерекшелігісоған байланысты бірнеше түрге бөлінуі, көмекші сөздердің түрлері. Одағай сөздердің ақиқат өмірдегі зат, құбылыс, оның түрлі белгілерін, қимыл-әрекет білдірмейтіні, сондықтан да оның сөйлемдегі ойды білдіретін сөздердің қатарында қолданылмай, сөйлемнен оқшау қолданылатыны.

Бұл үлкен үш сөздер тобының іштей ерекшелікке толықтығы және әрқайсысының лексика-грамматикалық сипатының да сан алуандығы. Тілдегі сөздердің лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай ғылымда олардың сөз таптарына бөлінетіндігі. Сөздерді сөз таптарына бөлу олардың ұқсатығы мен ерекшеліктерін білдіретін белгілері негізінде жасалатыны. Қазақ тілінде А. топтастыру принциптері: лексикалық (семантикалық), грамматикалық (морфологиялық, синтаксистік) деп үш белгі ретінде аталатыны. Бұл үш принциптің ішкі мазмұны. Сөз таптарының бәрі бірдей бұл үш белгіге сай келе бермейтіні. Олардың ішінде грамматикалық категориялары жоқ, түрленбейтін сөз таптары болатыны. Одағай түрленбейді, сөйлемде синтаксистік қызмет атқармайды, үстеу мен еліктеу сөздер түрленбейді, бірақ сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Қазақ тілінде негізгі сөз таптары: зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.

2. Етістіктің грамамтикалық категориялары.

Етістік түбірі білдіретін жалпы гамматикалық мағынаға ешбір өзгері енгізбей, оған қосымша грамматикалық мағына үстейтін және жіктелуге негіз болатын белгілі бір грамматикалық тұлғалар жүйесінің жиынтығы етістіктің таза грамматикалық категориялары болып табылады.

Етістік қимылды, іс-әрекетті білдіретіндіктен, сөйлемде көбінесе қимыл иесі – субъектінің пікірі, іс-әрекетті шындыққа қаншалықты қатысты екенің көрсетіп, модальділік мәнге ие болып отырады. Етістіктің жалпы грамматикалық мағынасының үстіне үстелетін осындай модальділік мәндер рай категориясының жеке түрлері негізінде іске асады.

Ашық рай қимылдың, іс-әрекеттін белгілі бір негізде болу-болмауымен, яғни шақтық ұғыммен байланысты. Басқаша айтқанда, үш шақтың бірінде қолданылған етістік ашық рай тұлғасында тұрған болып есептеледі.

Шартты рай қимылдың, іс-әрекеттін болу-болмау шартын білдіріп, етістік түбірлерге, етістіктің етіс, күшейтпелі, болымсыз етістік тұлғаларының үстіне -се, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады да, жіктеліп қолданылады. Мысалы: Осы мен, тегі, ақын болсам керек.(Ә) 1. Мен бар+са+м. 2. Сен барсаң. Сіз барсаңыз. 3.Ол барса.

Бұйрық рай қимылдың, іс-әрекеттін орындалу-орындалмауында біреуге бұйыру, тілек ету, түрткі болу сияқты мағыналарды білдіреді. Бұйыру мәні ІІ-жақта айқын болады да, ІІІ-жақта бұйыру, өтіну мәні басым болады, ал І-жақта бұйрықтан гөрі сөйлеуші қимылды, іс-әрекетті өзі ниет етіп орындайтынын білдіреді.

Қалау рай айтушының қимыл, іс-әрекетті жүзеге асыруға бағытталған ниетін, тілегін, ынтасын білдіріп, етістік түбір мен етістіктің күшейтпелі, болымсыз етістік тұлғаларына –ғы/гі, -қы/кі қосымшалары үстеліп, оның үстіне тәуелдік жалғауы қосылып «кел» көмекші етістігі тіркесіп немесе етістік түбірге -са (-се) игі еді, -ғай (-гей), -са екен тәрізді аналитикалық форманттар тіркесу арқылы жасалады. Мысалы:

1. Менің барғым келеді.

2.Сенің барғың келеді.

Сіздің барғыыңыз келеді.

3.Оның барғысы келеді