Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Морфология шпор.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291 Кб
Скачать
☆

2. Сын есімнің шырай категориясы.

Шырай категориясы әдетте сын есімнің категориясы деп танылып жүр. Бірақ,біріншіден,сын есімнің бәрі бірдей,яғни сын есім сөз табына жататын сөздердің барлығы шырай тұлғаларымен түрленбейді, шырай тұлғалары кез келген сын есімге жалғана бермейді.Сын есімнің бір түрі – сапалық сын есімдерге шырай жұрнақтары жалғанып, шырай түрлерін жасауға болса,сын есімнің мағыналық тобының екінші тобы –қатыстық сын есімдерге шырай жұрнақтары жалғана алмайды да, одан шырай түрлері жасалмайды. Сонда шырай категориясы жалып сынесімге емес, сын есімнің бір ғана семантикалық түрі – сапалық сын есімге ғана тән екен.Екіншіден, сын есім-қазақ тілінде түрленбейтін сөз табы. Яғни сын есім өзінің семантикалық,қызметтік ерекшелігі – зат атауының әр түрлі сапалық, сындық белгілерін,түр-түсін,бір сөзбен айтқанда,заттың әр түрлі белгісін білдіретін сөздер болғаныдқтан, сөйлеу процесінде осы мәнде негізінен зат есіммен тіркесіп қолданылатын белгілі.

3. Көрмес – түйені де көрмес (мақал).

(Толық грамматикалық талдау жасаңыз)

1.Негізгі грамматикалық ұғымдар.

Ең басты грамматикалық ұғымдарға грамматикалық мағына, граматикалық форма жәнеграмматикалық категория жатады.Бұл үшеуі бір-бірімен диалектикалық бірлікте болып,тілдің грамматикалық құрылысын құрайды да, қалған жекелеген грамматикалық единицалар мен құбылыстар, жүйелер сол ұғымнан туындайды. Грамматикалық мағына – сөздің жалпы мағынасы. Лексикалық мағынаға қарағанда грамматикалық мағына арқылы олардың әрі жалпылық, әрі ортақтық қасиеті негізінде сөздер грамматикалық топтарға топтасады. Осыдан грамматикалық мағынаның мынадай ерекшеліктері байқалады.Біріншіден,лексикалық мағынанға қарағанда, грамматикалық мағына одан кейін пайда болады, атап айтқанда, грамматикалық мағына алдымен лексикалық мағынаның жалпылану арқылы, солан кейін сөйлеу процесінде сөздердің бір –бірімен әртүрлі қарым – қатынасқа түсуі арқылы және сөздің сөйлемде жұмсалу мақсатына қарай оған әр түрлі тұлғалардың қосылуы арқылы үстеледі. Екіншіден, лексикалық мағынаның мәні дара болса, сөйтіп, сөздерді бір – бірінен саралап, бөлуге негіз болса, грамматикалық мағына жалпы болады,жеке сөзге ғана емес, солардың белгілі топтарына тән болғандықтан, сөздерді грамматикалық сипаты жағынан топтауға негіз болады.Үшіншіден, сөз бір ғана лексикалық мағынаны білдірсе, грамматикалық мағына сөзде біреу де,бірнешеуде де болуы мүмкін.Қазақ тілінде грамматикалық форма дегенге белгілі бір грамматикалық топтағы сөздердің түрлену, өзгеру жүйесі болып табылатын, парадигмалық сипаттағы тұлғалары, форма тудырушы қосымшалар жатады.

2. Есімше, оның мағынасы мен түрлері.

Есімше әрі етістікше, әрі есімдерше түрленіп, екі түрлі грамматикалық сипатта, екі түрлі мәнді білдіріп, яғни бірдей қимылды және соған сәйкес модальдылық рай мәні мен шақтық мағынаны көрсетіп, бірдей қимылға қатысты сындық белгіні көрсетіп, адъективтеніп, атрибутивтік қатынаста жұмсалады. Есімшенің осындай етістікке тән емес екінші бір мәні мен қызметі, ерекше сипаты етістіктің айрықша бір түрі болып табылатын есімшенің негізгі қасиеті болса да, етістіктің грамматикалқы, категориялық сипаты шеңберіне сыймайды. Бірақ, есімше етістіктің грамматикалық категориялары сипатына бүтіндей бейтарап та емес. Есімше етістік түбіріне лексика-грамматикалық категория тұлғаларына –ған,-ген,қан,кен,мақ,мек,бақ,бек,пақ,пек тұйық етістікке шы,ші жұрнағы жалғану арқылы жасалатын тұлғаны жатқызады.

3. Тапсырма. Төмендегілер қай тәсілдің жолдары екенін анықтаңыздар:

Бірігу, қосарлау, қосымша, шылау, интонация, орын тәртібі, екпін, ішкі флексия, қысқару, үстеме буын, префикстер, түбірдің семантикасы арқылы, нөлдік тұлға, супплетивті жол, негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесуі

Семантикалық тәсілдің жолдары

Синтетикалық тәсілдің жолдары

Аналитикалық тәсілдің жолдары