- •1.Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2.Морфема, оның түрлері.
- •3. Еріншектің ертеңі бітпес (мақал). (Толық морфологиялық талдау жасаңыз)
- •1.Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2.Қосымша, оның түрлері.
- •3. Бүгінді ертең жеңеді (ғ.С.). (Толық морфологиялық талдау жасаңыз)
- •1. Сан есімнің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Көптік жалғау және көптік категориясы.
- •2. Грамматикалық мағына, оның берілу тәсілдері мен жолдары.
- •1.Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты.
- •1.Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Тәуелдік жалғау және тәуелдік категориясы.
- •1.Шылаудың грамматикалық сипаты.
- •2. Септік жалғау және септік категориясы.
- •1.Еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Грамматикалық және көлемдік септіктер.
- •1.Одағайдың лексика-грамматикалық сипаты.
- •1.Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Сын есімнің шырай категориясы.
- •3. Көрмес – түйені де көрмес (мақал).
- •1.Негізгі грамматикалық ұғымдар.
- •2. Есімше, оның мағынасы мен түрлері.
- •1.Етіс категориясы, оның түрлері мен мағынасы.
- •2. Салт-сабақтылық категориясы.
- •1.Сөздерді таптастыру принциптері.
- •1.Шылаудың грамматикалық сипаты.
- •1.Сөз таптары мен сөз топтары, олардың арақатынасы
- •2. Етістіктің грамамтикалық категориялары.
- •Одағайдың грамматикалық сипаты.
- •Сын есім категориясы.
- •1.Модаль сөз және модальдылық мағына.
- •1.Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары.
- •1.Шақ категориясы.
- •1.Рай категориясы.
- •1.Сан есімнің семантикалық топтары.
- •2.Етістік түбірдің ерекшеліктері.
- •1.Есім сөздер мен етістіктердің жіктелу ерекшеліктері.
- •Етістіктің жіктелу ерекшеліктері.
- •2.Қосымшалардың жіктелуі.
- •1.Модификациялық жұрнақтар.
- •2.Сөз формасы, оның түрлері.
- •1.Лексика-грамматикалық категориялар мен таза грамматикалық категориялар.
- •1.Жалғаулар, олардың түрлері, ерекшеліктері.
- •1.Күрделі етістік және аналитикалық етістіктер.
- •1.Қазақ тіл білімінің Қазан төңкерісіне дейін зерттелуі.
1.Шылаудың грамматикалық сипаты.
Шылау –толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөздер. Мысалы: үшін, жуық, бірақ, мен, да, әрі, сайын, таман, шақты, бірге, туралы, секілді, т.б.
Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылықтары:
1.Шылаудыңтолық лексикалық мағынасы болмайды;
2.Шылау сөйлем мүшесі бола алмайды;
3.Шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады;
4.Шылау толық мағыналы сөздің жетегінде қолданылып, оған қосымша мән үстейді;
5.Шылаулартүрленбейді,яғникөптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді, жіктелмейді.
Шылау сөздер білдіретін мәнінеқарай үшке бөлінеді:1) септеулік шылау;2) жалғаулық шылау;3) демеулік шылау.
Септеулік шылаулар белгілі бір септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік, мақсаттық сияқты үстеме мән береді.
Септеулік шылаулар екі түрлі қызмет атқарады:
1.Өзі шылауында жұмсалған сөзге қосымша мән үстеп, оны екінші сөзбен байланыстырып, сөз тіркесін құрайды.Мысалы: елүшін тер төгу;үйге қарайаяңдау;туған жержайлы толғану,Бауыржансындыбатыр,жүзқаралыжылқы, сабақтансоңкелу, т. б.
2. Екі сөйлемді сабақтастыра байланыстырады.Мысалы:Күн бұлттанғансайын,Тілек жас төлдерін ойлай бастады.
2.Зат есім категориялары.Зат есімнің көптік категориясы
Көптік мағына заттың санымен байланысты, бірақ заттың санын дәл атамайды, тек қана заттың саны көп екенін білуге болады. Ал заттың санын дәл көрсету қажет жағдайларда сан есім қолданылады. Мысалы, елу кітап, отыз студент дегенде кітаптың да, студенттің де саны белгілі, ал кітаптар, студенттер дегенде тек қана заттың көптігін ұғуға болады, бірақ саны анық емес.Тілімізде заттың санын дәл атауды қажет етпейтін, бірақ көптік ұғым берілетін жағдайлар көп кездеседі. Мысалы, қымыз, көбелек, қоян, бидай т.б. Бұл сөздер ешбір қосымшасыз-ақ санауға келмейтін заттардың аты ретінде көптік ұғымды білдіреді. Немесе бірталай адам, қыруар мал дегенде зат есімнің алдында келіп, қосымшасыз анықтауыш болып тұрған бірталай, қыруар сөздері көптік ұғым жасап тұр. Ал жидектер, гүлдер дегенде -тер, дер жалғаулары көптік мағынаны білдіреді.
Зат есімнің тәуелдік категориясы
Зат есімнің тәуелдік категориясы -түркі тілдерінің ерекшелігін білдіретін категория, өйткені "грамматикалық категорияларда универсалды грамматиканың жалпы категориялары емес, туыстас тілдердің тобының немесе жеке тілдердің грамматикалық құрылысының басты ерекшеліктері көрінеді (1, 141 )".Сондықтган түркі тілдерінде соның ішінде қазақ тілінде дербес категория болып табылатын тәуелдік категориясы орыс тілінде жоқ. Бірақ орыс тілінде тәуелдік мағына бар ол лексикалық тәсіл арқылы беріледі (мой, твой т.б.).
Түркі тілдерінің ерекшелігі болып табылатын тәуелдік категориясы –бірзаттың екінші затқа меншік тілігін білдіретін категория. Нақтырақ айтқанда, тәуелденіп тұрған зат есімнен әрі біреудің иелігіне жататын сол заттың өзі, әрі оны иемденуші адам-мұның екеуі де қоса ұғынылады (31,55) "немесе" иеленуші үш жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін грамматикалық категория (63,48)".
Тәуелдік категориясының мағынасы тәуелдік жалғаулары арқылы беріледі, яғни тәуелдік жалғауы грамматикалық мағынасы жағынан ең алдымен тәуелдік мағынаны, екіншіден, сол тәуелдік мағынаны белгілі жаққа байланысты жекеше, көпше түрде білдіреді.
