Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемлекеттік емтихан. ос.маман жа сратар.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173 Кб
Скачать
☆

Мемлекеттік тілді оқытудағы диалогтың рөлі

Тілді, ана тілін, екінші тіл ретінде өзге ұлт өкілдеріне меңгертудің үлкен бір шарты, тәжірибесі, ол – ауызша сөйлесу. Днмне, адам ауызша сөйлескенде, бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі, бір-бірімен байланыс жасасады. Екі адамның арасындағы диалог пайда болады.

Лингвистикалық сөздіктерде диалогқа мынадай түсініктеме береді:

Диалог (грек. – dialogos әңгіме, екі адамның сөйлесуі) – екі не бірнеше адамның сұрақ-жауап ретіндегі сөйлесіп, тіл қаттысуы. Диалогтың сөздік құрамына әсер ететін факторлардың негізгісі сөзді қабылдау не қабылдамау. Диалогқа сөйлемдердің мынадай байланыс түрлері тән: маңыздылық (сұрақ-жауап, толықтыру-түсіндіру-пайымдау, келісу-қарсылық, сөйлеу этикеті, т.б) және конструктивтілік. Кейбір жағдайда сөйлеушінің жауап қайтаруы әңгімеге қатыссыз айтылуы мүмкін, яғни сөйлеуші басқа бір жағдайды меңзеп тұрғаны байқалады. Диалог – тілдік араласудың табиғи түрі. Оның генетикалық тегі ауызекі сөйлеуден басталады. Диалогтың ақпараттық толық болуы интонациямен, қамтамасыз етіледі. Диалогқа сөз үнемдеу ұстанымы тән болады.

Көркем әдебиетте диалогтың стилистикалық ерекшеліктерін жазушының жеке стилі және жанрды ақпараттық-эстетикалық нормалары анықтайды.

Диалогтың сыртқы формасы (сөйлемдердің кезектесіп жұмсалуы) философиялық-публицистика-лық жанрға тән болады, мысалы, Платонның, Галийдің диалогтары, қазіргі пікірталастар мен сұхбаттар жатады.

диалогтық сөйлеу – әңгімелесушілердің өзара қысқа сөз алмасуы, түзетілген сөйлемнің құрылымы толық болмауымен ерекшеленеді, өзара түсіністік мұндайда бұрыңғы әңгіме желісінен, тақырып барысынан және іс-әрекет мазмұнына қарай жеткізіледі.

Кез келген адам сөздің көмегімен өз ойын сыртқа шығарады. Себебі диалог арқылы адам өз ойын тез жеткізіп, тыңдаушының сауалы мен пікірін де жылдам қабылдап, сол сәтте жауап беруге мүмкіндік алады.

Диалогтың өзіндік ерекшеліктері:

  • диалог еркін айтылады;

  • үнемі кезектесіп айтылатындықтан, ықшам

келеді;

  • диалогтің логикалық жағы кемдеу болады;

  • диалог сөз ым-ишаралармен толықтырылады.

Өзара сөйлеу арқылы оқушыларға қазақ тілін үйретуде диалогтың әсері көп болғандықтан, мынадай диалог топтамаларын меңгеруі қажет:

  • әдепке байланысты диалог;

  • сұрап-білу диалогы;

  • әңгімеге жетелейтін диалог;

  • ой-пікір алмасу диалогы.

Оқушылар осы сияқты диалогтар төңірегінде

түрлі коммуникативтік міндеттерді орындайды:

1. Әдеп диалогын жүргізудегі қарым-қатынастық міндеттерді орындауда төмендегі сөз біліктері қажет:

- сәлемдесу;

- қоштасу;

- құттықтау, өзінің тілегін білдіру, басқа біреудің тілегіне ризашылық білдіру;

- кешірім сұрау, бір нәрсе жайлы сыпайы түрде қайталап сұрау.

2. Сұрақ-диалог барысында қарым-қатынастық бірліктер өзіне қажетті хабарды сұрап біліп, оны басқаларға жеткізіп отыруды қажет етеді. Мақсатты түрде сұхпаттасу, яғни интервью алу.

3. Әңгімеге тарту диалогын жүргізудегі коммуника-тивтік міндеттер:

- өтінішпен келу және басқа біреудің өтінішін орындауға келісім беру немесе келіспеу;

- ақыл-кеңес беру, басқаның кеңесін тыңдау, қабылдау (не тыңдамау, қабылдамау);

- бір іске қатысуға немесе іс-әрекетті жасауға шақыруына біреудің келісуі (келіспеуі);

- ұсыныс жасау, басқа біреудің ұсынысына келісуі (келіспеуі).

4. Пікір алысу диалогын құру үшін төмендегідей біліктер қажет:

- өз ойын, көзқарасын білдіру, басқа біреудің көзқарасымен келісуі (келіспеуі);

- бір нәрсеге келісетінін не келіспейтінін білдіре алуы;

- қолдайтынын не қолдамайтынын білдіре алу;

- күмәнін білдіру;

- өз көңіл-күйін, сезімін-қалауын білдіру, баға беру.

Біз диалогты тек екі адамның бір-бірімен сөйлесуі немесе оқулықтарда берілген сұхбат негізінде берілген мәтінді жатқызумен шектелеміз. Жалпы кез келген оқулықта берілген тапсырмалар мен жаттығуларды орындайтын уақытта диалогты пайдаланса, ол тек тіл үйренушіге ғана емес, тіпті кез келген оқушының білімін, танымын одан әрі тереңдей түсуіне тигізер әсері мол. Демек оқулықтарда берілетін тапсырмалар мен жаттығулар сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, тестілеу секілді жаттығу түрлерінде келсе, оларды диалогқа айналдыруға болады. Бұл әдіс тіл танушылар мен тілді үйренушілердің тілге деген қызығушылығын одан әрі жетілдіре түседі.

Оқулықтағы мына бір тапсырманы алсақ. Мысалы, көп нүктенің орнына жұрнақты және ілік септік жалғауын қойып, көшіріп жазыңдар.

Бұл кітап Гүлім ... . Бұл Гүлім... кітабы.

Мына қалам сен... . Мынау сен... қаламың.

Бұл етік бала... . Бұл бала... етігі.

Енді осы тапсырманы тіл үйренуші орындағанда, мұндағы көп нүктенің орнына-дік, -тікі, -нікі жұрнақтары мен -нің, -ның секілді ілік септіктің жалғаулары жалғанумен емес, осы уақытта диалогты пайдаланып, оны әрі түрлі сұрақ-жауап арқылы құбылтып, бұл тапсырманы одан әрі тереңірек түсіндіру негізінде, әрі тіл үйренушінің есінде қалатындайетіп жеткізуге болады.

Мысалы,

  • Гүлім, бұл кітап секіні ме?

  • Иә, менікі.

  • Не жайында? Қызықты ма?

  • Қария екі адамның достығы жайлы. Қызықты.

  • Өзің оқып болған соң, маған бересің бе?

  • Жақсы, берейін.

Ары қарай жалғастырып диалогты құрастыра беруге болады. Сонда жоғарыда айтқанымыздай, тіл үйренуші оқушының мәңгі есінде қалуына әрі сөйлеу үдерісіне машықтандырудың бірден бір жеңіл әдісі ретінде диалогтың тигізер пайдасы зор екенін көреміз.

Тағы бір мысал келтірсек. Мысалы, Мәтінді аударып, мазмұнын айтып беріңдер.

Тазалық сыры

Үйдегі мысықтар ертеңнен кешке дейін «жуынады» да жатады. Сонда мысықтардың ерекше таза болып шыққаны ма? Оның әртүрлі себебі бар екен. Мәселе тазалықта ғана емес – мысықтар үстін жалаған кезінде кірін кетіріп, тамақ қалдықтарынан тазартып қана қоймайды, денесінен шығатын иісті де жояды. Мұның маңызы өте зор. Үй мысықтары да, жабайы мысықтар да қорегін аулап жейді. Олар үшін иіс өте зиянды. Себебі жемтігі олардың исін күні бұрын сезіп қойса, олар аш қалады.

Әбден жуынып, тазарған мысық құлағын тігіп, тышқан інінің аузында әлдеше сағат аңдып отырады. Сөйтіп, арқрында мақсатына жетіп тынады.

Берілген тапсырмадан тіл үйренуші оқушыдан мәтінді оқып, аударып, түсінігін айтқызумен шектелмей, жоғарыда айтқанымыздай, бұл мәтінді де диалогқа айналдыру арқылы оқушының білімін шыңдай түсуге болады.

Мысалы,

– Мысық неге жиі «жуынады»?

– Тамақ қалдықтарынан, иістен арылу үшін жиі «жуынады».

– Мысықтар өзінің тамағын қалай табады?

– Мысықтар тамағын аулап жейді?

– Мысықтар немен қоректенеді?

– Мысықтар тышқанмен қоректенеді. Одан ары жалғасып кете береді.Мұнда тек жоғарыда берілген мәтіннің негізіндегі сұрақ-жауап арқылы емес, басқа да түрлендіру негізіндегі сұрақ-жауап арқылы жасауға болады.

Оқулықта берілген кез келген жаттығулар мен тапсырмаларды диалог арқылы оқытса, тіл үйренуші оқушының сөйлеу тілі артып, тілді үйренуге деген қызығушылығы артады.