Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемлекеттік емтихан. ос.маман жа сратар.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173 Кб
Скачать
☆

Дыбыстарды оқытудағы тиімді әдістері

Орыс сыныптарында қазақ тілін оқытуда қойылатын талаптардың бірі – өзге тілді оқушыларға қазақ тілінің фонетика саласын терең меңгертіп, дыбыстарды дұрыс айтқыза білу болып табылады. Сонымен қатар қазақ тілін оқыту барысында дыбыстардың жіктелуіне назар аудару керек. Бұл жерде дыбыстарды термин сөзбен бергеннен гөрі сан арқылы беріп, оларға қандай дыбыстардың жататындығын нақты көрсетіп берген абзал. Мысалы, І (жуан дауысты), ІІ (жіңішке дауысты), І (үнді дауыссыз), IV (ұяң дауыссыз), V (қатаң дауыссыз). Бұл әдіс грамматикалық курста өтетін сабақтарда қосымшаның қай дыбыстан кейін қай дыбыстың келетіндігін және үндестік заңын сақтап, жалғау мен жұрнақты дұрыс жалғауына мүмкіндік туғызады.

Дыбыстарды оқыту барысында үндестік заңына да тоқтала кету керек, тіл үйренуші үндестік заңын толық түсінген жағдайда ғана жазуда да айтуда да қателіктерге бой алдырмайды. Жоғарыда айтқанды кесте түрінде былайша көрсетуге болады.

І

А, О, Ы, Ұ, (У)

ІІ

Ә, Ө, І, Ү, Е, Э, (У), И

ІІІ

М, Н, Ң, Й, (У), Р, Л

IV

Б, В, Г, Ғ, Д, Ж, З

V

П, Ф, Т, К, Қ, Ш, С, Х, Һ, Ц, Ч, Щ

Яғни жалғаудың соңғы буынына қарай жалғанатындығын түсінеді. Сонымен қатар әліпбидегі әріптерді үйрену барысында лексикалық минимум да беріліп отыруы шарт. Мысалы, жазу, айту, оқу, қайталауғ тыңдау деген сынды етістіктер алғашқы күннен бастап тіл үйренуші оқушыға беріледі. Аталмыш етістіктерді беру арқылы олардың тыңдап- түсінуін тексеруге болады.бұл етістіктерді әр сабақ сайын қайталап отыру керек. Қайталау арқылы осы сөздердің тіл үйренуші оқушының есінде жақсы сақталып қалуғына ықпал етуге болады. Дыбыстарды бұлайша көрсетіп беру грамматика курсында аса үлкен маңызға ие болады.

Тіл үйренуші оқушы тақыпқа байланысты берілген сөздерді немесе тапсырманы түсінбеген жағдайда ым-ишаралар арқылы түсіндіріп өту тіл үйренушілерге мұғалімнің айтайын дегенін тез жеткізуге көмектеседі. Кейбір жағдайларда ым-ишараның болмағаны дәнекер (аралық) тілді пайдалануға алып келеді. Бұл орыс тілді дәрісханаларға тән жағдай. Орыс тілді дәрісханада мүмкіндігінше дәнекер тілді пайдаланбаған жөн. Яғни ең бастысы мұғалім мен оқушының арасында дәнекер тілдің болғаны дұрыс. Дәнекер (аралық) тіл оқушының қарым-қатынас барасында сабақта оқыған грамматикасы мен лексикалық қорын пайдалану мүмкіндігін шектейді.

Дыбыстарға байланысты өтілген сабақтардан соң, грамматикалық сабақтарды бастау керек. Грамматикалық сабақтар негізінен жағдаяттарға негізделген болып келуі шарт. Яғни мынау кім? мынау не? мыналар кімдер? мыналар нелер? деген сұрақтардан тұратын жағдаятқа негізделген сабақтан тұратын болса, оқушыларға түсінікті әрі оның тілді меңгеруінжеңілдетеді. Мысалы, сабақта көптік жалғауын өту барысында сабақ тақырыбының көптік жалғау екенін айту шарт емес. Оны сабақ бастағанда нақты бір мысалдар арқылы көрсетіп өткен жөн. Мысалы, қалам (1), қаламдар (2,3,4 т.б.). Осындай түсінікті әрі оңай мысалдарды қолдансақ, тіл меңгеруші жаңа сабақты ешбір қиындықсыз қабылдайды. Енді жоғарыда берілген дыбыстардың жіктелуін көптік жалғауды оқыту барысында қалай қолдануға болатындығын тоқталсақ.

І

ІІ

-ЛАР -ЛЕР

-ДАР -ДЕР

-ТАР -ТЕР

І, ІІ, ІІІ – р, й, и, у

ІІІ – м, н, ң, л;

IV – з, ж

IV – б, в, г, д; V

Яғни бұл кестеден –лар, -лер қосымшасының сөздің соңғы дыбысы дауысты дыбыстарға (І, ІІ) және р, й, и, у дыбыстарына аяқталған жағдайда, -дар, -дер жалғауы м, н, ң, л және з, ж дыбыстарына аяқталғанда, -тар, -тер б, в, г, д және қатаң дыбыстарға (V) аяқталғанда жалғанатындығын көруге болады. Ал бірінші бағананың жоғары жағында бергіленген І және ІІ деген сандар қосымшаның жуан және жіңішке екендігін білдіреді. Осы арқылы оқушы сөздің соңғы буыны жуан болса, жуан қосымшаның, жіңішке болса, жіңішке қосымшаның жалғанатынын біле алады. Мысалы, N (сөз) + -ЛАР, -ЛЕР; -ДАР, -ДЕР; -ТАР, -ТЕР. Бала+лар, бөлме+лер, қыз+дар, ел+дер, кітап+тар, есік+тер, т.б.

Орыс тілді оқушыларға қазақ тілін оқыту барысында термин сөздерді берудің қажеті шамалы. Мысалы, зат есім, сын есім, сан есім сынды терминдерді беру қажет деп саналмайды. Егер термин сөздерді берген жағдайда олардың тілді меңгеруінің қиынға соғатындығына және шатасатындығына көз жеткізу қиынға соқпайды. Сондықтан да тіл оқушыларға қазақ тілін үйренудесептік жалғауларын О1, О2, О3, О4, О5, О6, О7 түрінде беруге болады. Бұл тіл үйренуні оқушының жадында аталмыш септіктердің сақталып қалуына ықпал етеді. Мұндағы О – объекті дегенде, ал сандар септік жалғауларынның ретін білдіреді.Септік жалғауларын осындай формада берумен қатар оның жанына септік жалғауларының сұрағы мен сол септіктің жалғауын да жазып қрю қажет. Мысалы О1 – кім? не? О2 – кімнің? ненің? -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің т.б. Тілді оқытуға қатысты басқа да терминдерді сұрақ түрінде жағдаятқа негіздеп беріп отыруға болады. Мысалы, кім кеше не істеді? Кім кеше не істемеді? т.б. Тіл үйренуші оқушы осы берілген форманы негізге ала отырып, сөздің сұрағы қандай екенін білумен қатар, сөйлем мен ойын дұрыс құрастыра алады.

Қорыта айтқанда, тіл дыбыстарын өту барысында қазақ тілінің басқа салаларымен байланыстыра өтсе, білім берең беріледі. Әрі әр сабақта өтілетін материалдарды шартты белгілермен белгілей отырып түсіндірсе, оқушының есінде мәңгілік сақталады.