- •Халықаралық экономиканың дамуының негізгі кезеңдері
- •3 Халықаралық тауар қозғалысы мен өндіріс факторлары.
- •5 Меркантилизм теориясының негізгі түсінігі
- •6 Халықаралық саудатеориясына Адам Смиттің тигізген үлесі мен теориялық негізі.
- •7Халықаралық сауда теориясына Давид Рекардоның тигізген үлесі мен теориялық негізі
- •Халықаралық сауданың табыстарды бөлуге ықпалы
- •10 «Леонтьев парадоксы» деген не және оның мәні неде
- •11Халықаралық сауданың альтернативтік теориялары мыналарды қамтиды:
- •13 Сыртқы сауда саясаты мен оның құралдары
- •14 Халықаралық сауда капиталы: түсінігі, себебі
- •17. Халықаралық технология беру формасы.
- •18 Төлем балансы: түсінігі, құрылымы, қағидасы және құрылу ережесі
- •2. Капиталдармен операциялар және қаржы операциялар есебі:
- •21 Валюта курсы: түсінігі, түрі, ерекшелігі
- •22. Валюта курсы мен оны реттеу. Валюта режимі мен қр-дағы валюталық реттеу.
- •23 Халықаралық экономикалық интеграция: түсінігі мен мақсаты, түрлері.
- •24 Еркінсаудасаясаты мен протекционистік саясатын салыстырыңыз
- •25Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық ерекшелігін ашып көрсетіңіз.
- •26 Мемлекеттердің дсұ-на мүше болуға негізболатын аргумент пен қарсы аргументті атаңыз.
- •27 Қазақстанның ко-қа мүше болуындағы артықшылығы мен кемшілігінатап көрсетіңіз.
- •28Қабылдаушы елдің экономикасына тұк- дың әсері. Қазақстандағы тұк.
- •29Халықаралық инвестициялаудағы тұк рөлі.
- •30Халықаралық несиелеу мен қарыз алу: түсіні мен рөлі.
5 Меркантилизм теориясының негізгі түсінігі
Халықаралық сауданың теориялық түсінігін берудің алғашқы талпыныстары мен осы бағыттағы ұсыныстарды жасау меркантилизм доктринасы болып табылады. Ерте меркантилизм XVғ. Соңында пайда болып, ақшалай байлықты көбейтуге ұмтылыстарға негізделген болатын. Ақша-қаражатты елден шығармау үшін оларды шетке шығаруға тыйым салынады. Саудадан түскен ақшаға шетелдіктер жергілікті өнімдерді сатып алуға тиіс болатын. Ерте меркантилистер көзқарасы бойынша, мемлекет сыртқы нарықта көбірек тауар сатып,азырақ сатып алуға тиіс болды. Сол кезде байлықпен бірдей деп саналған алтынның қорының жиналуы жүреді деп есептелген.
Кеш меркантилизм XVI ғасырдың екінші жартысынан XVIIIғ. Ортасына дейін дамыған. Оның негізгі қағидасы активті ауда балансының жүйесі болды. Байлық сыртқы рыноктарда ақшаға айнала алатын тауарлардың артық мөлшері әкелінетін және шығарылатын тауарлар арасындағы құндық айырмашылығынан шығады деп есептеліп, ол екі әдіс арқылы қамтамасыз етілді:
Өз елінен өнімді шығару арқылы. Соның ішінде шикізатты сатудан гөрі, сатқанда көбірек пайда түсетін дайын өнімдерді шығаруға рұқсат беріліп, сән-салтанат заттарын әкелуге тыйым салынды.
Делдалдық сауда, осы мақсаттарға шетелге ақша шығаруға рұқсат берілді. Бұл жерде тек бір принцип алға тартылды: бір елде арзанырақ алып, басқа елде қымбатырақ сату. Активті сауда балансы мен шет ел рыноктарын жаулауды қамтамасыз ету үшін, мемлекет елге тауар әкелуді шет елдік тауарларға салық салу арқылы шектеп, сыртқы рынокторда сұранысқа ие тауарлар өндірісіне арнайы сыйлықтартөлей отырып шетке шығаруды ынталандырады.
Меркантилистердің пікірі бойынша, байлықтың өсуі тек қайта бөлу арқылы мұмкін болады және әрбір ұлтқа басқа елдердің ұстем болуы үшін мықты экономика ғана емес, күшті армия, әскери және сауда флоты кіретін қуатты мемлекеттік машина қажет. Экономикалық жүйе олардың ол көзқарасына сәйкес үш сектордан және шетел отарлары. Саудагерлер экономикалық жүйенің пайдалы іс-әрекетінің маңызды тобы ретінде, ал еңбек – негізгі өндіріс факторы ретінде қарастырылды.
Елдің байлығын алтын мен күміс мөлшерімен бағалағандықтан, сыртқы сауда меркантилистер мектебінің ойынша, мемлекет ұлттық позицияларын нығайту үшін мынандай шаралар жүргізуі керек:
Оң сауда балансын қолдау- шетке тауарды көп шығарып, аз әкелу, өйткені ол төлем ретінде қолданылатын алтынның келуін қамтамасыз етіп, ішкі шығыс, өндіріс пен жұмыстылықты жоғарылатады;
Сауда саясатының тариф, квота және басқа да құралдарының көмегімен салыстырмалы сауда сальдосын қамтамасыз ету мақсатында экспортты ұлғайтып, импортты қысқарту үшін сыртқы сауданы реттеу;
Шикізаттың шығарылуына тыйым салу немесе оны шектеу және елде өндірілмейтін шикізат импортының салықсыз әкелінуіне рұқсат беру арқылы елде алтын қорларын шоғырландырып, дайын өнімге төмен экспорт бағаларын ұстауға мүмкіндік беру.
Отар елдердің метрополиядан басқа елдермен саудасына толық тыйым салып, олардың тауарларын шетелдерге қайта сату метрополияға ғана жүзеге асырады және оларға дайын өнім шығаруға тыйым салу арқылы метрополияға шикізат жеткізушілеріне айналдыру.
Меркантилистер халықаралық сауда теориясына зор үлес қосты. Олар бірінші болып оның елдің экономикалық өсуіндегі мәнін көрсетіп, экономикалық дамуының мүмкін бір моделін жасады.
Меркантилистер алғашқы болып, қазіргі әлемдік экономикадағы төлем балансына сипаттама берді. Меркантилистердің шектеулілігі олардың бір ұлт өздері сауда жасасатын екінші бір ұлттың кедейленуінен ғана байымайтындығын, сонымен қатар халықаралық сауда дамығандықтан елдің дамуы қолда бар байлықты өзара бөлісу арқылы ғана емес,оны өсіру арқылы да мүмкін болатын түсіне алмауында. Бірақ кейінірек пайда болған физиократтар ілімі сыртқы саудаға ешқандай көңіл бөлмегендіктен, меркантилистердің көзқарастары ғылыми ойды халықаралық экономикадағы классикалық мектеп ойларына итермелеп тұр
