Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
халык экономика ГОС (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137 Кб
Скачать
☆

6 Халықаралық саудатеориясына Адам Смиттің тигізген үлесі мен теориялық негізі.

7Халықаралық сауда теориясына Давид Рекардоның тигізген үлесі мен теориялық негізі

Меркантилизмге қарсы шыққан басты экономистердің бірі А.Смит болды. А.Смиттің теориясы б/ша, ұлттың байлығы оның жиған алтын мөл/не ғана емес, оның дайын тауарлар мен қызмет өндіру қабілеттігіне тәуелді. Сондықтан, басты мақсат алтынды иелену емес, өндірісті дамыту болды. Бұл өндірушілер экон.тұрғыдан еркін болғанда және заңдардың шеңберінде өз әрекет түрін таңдай алғанда ғана болады. А.Смиттің көзқарастары б/ша:

• үкіметке сыртқы саудаға араласпай, ашық нарықтарды және еркін сауданы қамтамасыз етуі керек;

• жеке тұлғалар сияқты ұлттар да оларда өндіруде артықшылықтары бар тауарларды өндіруге мамандану қажет және оларды басқа елдерде өндірудегі артық/ры бар тауарларға айырбастап, сату қажет;

• сыртқы сауда еңбек өнімділігін нарықты ұлттық шекарадан тыс кеңейту жолымен ынталандыру керек;

• экспорт елдің экон/сы үшін жағымды фактор болып табылады, себебі ол ішкі нарықта сатыла алмаған, артық қалған өнімді өткізуді қамтамасыз етеді;

• экспортқа салынған субсидиялар тұрғындарға арналған салық болып табылады және олар ішкі бағаның жоғарылауына алып келеді, сондықтан оларды жою керек.

Абсолютті артықшылықтар теориясы — елдер олар өндіретін тауарларды (оларды өндірудегі абсолютті артықшылықтары бар) аз шығынмен экспорттайды және басқа елдермен өндірілетін тауарларды (оларды өндірудегі абсолютті артықшылықтары олардың сауда әріптестерінде болса) аз шығынмен импорттайды.

А.Смиттің теор/нан өндіріс факт/ры ел ішінде абсол.мобильділікке ие екендігін білдік, яғни олар ең көп абсол. арт/қа ие болатын аймаққа көшеді. Алайда бір күні бұл қозғалыс нәт/де бір аймақтың басқа айм/мен салыстырғанда абсол.арт/ғы жойылып, факторлардан түсетін табыс теңеледі. Бұл кезде сауда да жойылатын еді. Алайда, Д.Рикардо абсол.арт/р теор/н дамытып, тауар өндірісінде абсол.арт/р болмаса да, сауда екі елге де тиімді болатындығын көрсетті.

Абсол.арт/р теор/ғы жорамалдарды пайдаланып, салыстырмалы арт/р теор/ы балама баға түсінігін пайдаланады. Ол ішкі нарықтағы екі тауар бірлігінің бағаларын қарапайым салыстырады.

Балама баға — басқа тауар бірлігін өндіруге қажетті уақыт арқылы өрнектелген бір тауар бірлігін өндіруге қажетті уақыт.

Салыстырмалы арт/р теор/сы — егер елдер басқа елдермен салыстырғанда аз шығын кететін тауарларды өндіруге маманданса, өндіріс бір елде басқасына қарағанда абсолютті тиімді болса да, бұл сауда екі мемлекетке де тиімді болады.

Жалпы салыстырмалы артықшылықтар теориясы кез келген елдер санына және кез келген тауар мөлшеріне де сәйкес келеді. Салыстырмалы шығындар тек қана тауарды өндіруге жұмсалған еңбек мөлшерімен есептелмейді, ол сонымен қатар басқа тауардың мөлшерімен де есептеледі.

Рикардо атап көрсеткендей, елдің ешбір өндірісте абсолютті артықшылығы болмаса да, саудаекіжақүшін де тиімді. Тіптісаудаболмаған жағдайда да, екі ел арасындағы баға қатынасындағы сәл айырмашылықтың өзі әрбір ел үшін салыстырмалы артықшылыққа қол жеткізеді (егер саудалық қарым-қатынастардың орныққанын есепке алсақ), яғни басқа тауарларға қарағанда, өндірісі анағұрлым тиімді тауарөндіріліп, тапосы тауарбасқасынаайырбасталынып, экспортқашығарылуытиіс.

Сонымен, Рикардо «Салыстырмалы артықшылық теориясын» ашты: ол бойынша, «әрбір елдің белгілі бір тауарды шығаруда салыстырмалы артықшылығы болады және оны сауда кезінде басқа тауарларға айырбастау тиімді. Екі тауар өндіруден абсолютті шығындар деңгейі жоғары елдер де тауар айырбасынан пайда ала алады».

8 Табыс бөлінісіндегі халықаралық сауданың әсері.+10