- •Халықаралық экономиканың дамуының негізгі кезеңдері
- •3 Халықаралық тауар қозғалысы мен өндіріс факторлары.
- •5 Меркантилизм теориясының негізгі түсінігі
- •6 Халықаралық саудатеориясына Адам Смиттің тигізген үлесі мен теориялық негізі.
- •7Халықаралық сауда теориясына Давид Рекардоның тигізген үлесі мен теориялық негізі
- •Халықаралық сауданың табыстарды бөлуге ықпалы
- •10 «Леонтьев парадоксы» деген не және оның мәні неде
- •11Халықаралық сауданың альтернативтік теориялары мыналарды қамтиды:
- •13 Сыртқы сауда саясаты мен оның құралдары
- •14 Халықаралық сауда капиталы: түсінігі, себебі
- •17. Халықаралық технология беру формасы.
- •18 Төлем балансы: түсінігі, құрылымы, қағидасы және құрылу ережесі
- •2. Капиталдармен операциялар және қаржы операциялар есебі:
- •21 Валюта курсы: түсінігі, түрі, ерекшелігі
- •22. Валюта курсы мен оны реттеу. Валюта режимі мен қр-дағы валюталық реттеу.
- •23 Халықаралық экономикалық интеграция: түсінігі мен мақсаты, түрлері.
- •24 Еркінсаудасаясаты мен протекционистік саясатын салыстырыңыз
- •25Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық ерекшелігін ашып көрсетіңіз.
- •26 Мемлекеттердің дсұ-на мүше болуға негізболатын аргумент пен қарсы аргументті атаңыз.
- •27 Қазақстанның ко-қа мүше болуындағы артықшылығы мен кемшілігінатап көрсетіңіз.
- •28Қабылдаушы елдің экономикасына тұк- дың әсері. Қазақстандағы тұк.
- •29Халықаралық инвестициялаудағы тұк рөлі.
- •30Халықаралық несиелеу мен қарыз алу: түсіні мен рөлі.
10 «Леонтьев парадоксы» деген не және оның мәні неде
Сауда нәтижесінде саудаланатын тауарлардың салыстырмалы бағаларының жақындау тенденциясы байқалады. Бұл жерде мынандай сұрақ туындайды: егер де еңбекті көп қажет ететін тауардың бағасы өзгерсе, осы тауарды өндіретін еңбек күші мол елде еңбектің бағасы өзгере ме? Егер сауда нәтижесінде капиталы мол елдегі капиталды көп қажет ететін тауар бағасы өзгерсе, капитал бағасы қалай өзгереді?Бұл сұраққа американ экономисі Пол Самуэльсон жауап берді. Хекшер-Олин теоремасының алғышарттарының дәлдігінен шыққан дәлелденген теоремасы өндіріс факторлар бағасының теңелу теоремасы немесе Хекшер-Олин-Самуэльсон теоремасы деп аталады. Өндіріс факторларына бағалардың тенестірілу теоремасы (Хекшер-Олин-Самуэльсон теоремасы) - халықаралық сауда саудаласатын елдердегі өндірістің гомогенді факторларына абсолютті және салыстырмалы бағалардың теңестірілуіне алып келеді. Қарапайым сөзбен айтқанда, сауда нәтижесінде тауарлардың салыстырмалы бағаларының теңестірілуі тауарды өндіруге қажетті өндіріс факторларының салыстырмалы бағаларының теңестірілуіне әкеледі. Капитал гомогендігі дегеніміз - капиталдың бірдей өнімділігімен, қатерлігімен, тәуекелдігімен сипатталып, ал еңбек гомогендігі - еңбектің бірдей дайындық, білім және өнімділік Деңгейімен сипатталады. Берілген теореманың әділдігі Хекшер-Олин берілген шарттарын толық ұстануды қажет етеді. Сөйтіп, сауда нәтижесінде, жалақысы темен болған 1-і елде ол жоғарылайды, ал жалақысы жоғары болған 2-і елде ол төмендейді. Соған сәйкес салыстырмалы пайыздың қойылымы жоғары болған 1-і елде ол төмендейді, 2-і елде ол жоғарлайды. Сондыктан елдер арасында факторлар бағасының айырмашылығы қысқарады. Халықаралық тауарлар саудасы өзінің өндіріс фактор құнына кері әсерімен бағалардың теңелуінің орнын басады. Ол өндіріс факторлар ауысуы нәтижесінде жүзеге асырылуы мүмкін еді, бірақ жасалған шарттарға сәйкес өндіріс факторлары ауыса алмайды. Теория жүзінде халықаралық сауда өндіріс факторларының салыстырмалы бағаларындағы айырмашылық болғанға дейін дами береді. Егер де елдер арасында салыстырмалы бағалар үйлескен болса, өндіріс факторларының салыстырмалы бағалары да үйлестірілген болады. Хекшер-Олин-Самуэльсон қорытындыларын қолдамаған атақты зерттеуді 1953 жылы американдық орыс Василий Леоньтев жариялады. Леонтьев Хекшер-Олин теориясының шарттары іс жүзінде сақталмайтындығын көрсетті. Екінші дүнеижүзілік соғыстан кейін АҚШ ең бай және капиталы мол, басқа мемлекеттермен салыстырғанда еңбек жалақысы жоғары ел болып саналған, сондықтан теорияға сәйкес, ол капиталды көп қажет ететін тауарларды экспорттауы керек еді. Бұл гипотезаны тексеру үшін, Леонтьев құны 1 млн. доллар болатын экспорт тауары мен онымен бәсекелесетін жергілікті тауарларды өндіруге қажетті еңбек күші мен капитал мөлшерін есептеді. Әрбір өндірістің саласында бір өнім данасына еңбек пен капитал шығынын санады. Ол тек автомобиль сияқты дайын өніммен шектелмей, аралық өнімдерге (болат.әйнек, резина) де сәйкес есептеулерді жүргізді. Одан кейін АҚШ-ң 1947 жылғы экспорт құрылымың пайдаланып, 1 млн. долларға тең экспорт тауарларын өндіруге қажетті капитал мен еңбек шығындарының арақатынасын есептеді. АҚШ-та өндірілмейтін тауарларды өндіруге қажетті капитал мен еңбек шығындарының арақатынасын есептеді. Іс жүзінде ол бір американдық импортты (К/L)im өндіруге қажетті еңбек пен капитал арақатынасын, бір американдық экспорт (К/L)х өндіруге қажетті еңбек пен капитал арақатынасымен салыстырды. Осы "Леонтьев статистикасы" деп аталған арақатынасқа сәйкес, егер (К/L)im/(К/L)х<1 мемлекет капиталы мол болып, орындалса саналады. Мемлекет (К/L)im/(К/L)х>1 орындалса еңбек күші мол болып саналады. Леонтьев, Хекшер-Олин теориясына сәйкес американдық экспорттық тауарлар импорттың орнын басатын американдық тауарларға карағанда, бір жұмысшыға көп капиталды қажет ететіндігін көрсетеді деп күткен еді. Алынған нәтиже оған қарама-қарсы болды, американдық импорттың капитал сыйымдылығы экспорттан 30 % асып түсіп, ол АҚШ капиталы мол ел емесі екендігін білдіріп, керісінше еңбек күші мол ел екенін көрсетті. Бұл теориядағы түсініктерге толық қайшы келді. Екінші дүниежүзілік соғыс статистикалық мәліметтерге көп бұрмалау енгізді деп есептеп, Леонтьев 1951 жылдың деректері бойынша есептеулерін қайта жүргізді. Нәтижесінде американдық импорт экспортпен салыстырғанда тағы да 6% капиталды көп қажет ететіндігі шықты. Леоньтевтің ізбасарлары бәрін 1962 жыл бойынша есептеп шықты. Олар күтпеген нәтижелерге жетті: американдық импорт экспортқа қарағанда 27%-ға капиталды көп қажет етті. Басқа елдер үшін де есептеулер жүргізілді. Жапония 50-жылдары айқын еңбек күші мол ел болғанымен, экспортқа капиталды көп қажет ететін тауарлар шығарды. Мол еңбек ресурстары бар. Үндістан негізінен еңбекті көп қажет ететін тауарларды экспорттаса да, АҚШ-қа жіберілген экспорт капиталды көп қажет ететін болып шықты . Леонтьев парадоксы - Хекшер-Олиннің өндіріс факторлар арақатынасы теориясының іс-жүзінде расталмағаны: енбек күші мол елдер капиталды көп қажет өнімді, ал капиталы мол елдер - еңбекті көп қажет ететін өнімді экспорттады. Парадокстың түсіндірілуі:
Жұмысшы күшін маманданған және маманданбаған топтарға бөлу және экспорт тауарлар өндірісіндегі шығындар үлесін жекелеген топтарға бөліп есептеу қажет. Американдық ғалым Дональд Кисинг 1966 жылы жарияланған зерттеуінде еңбек күшін мамандық деңгейіне байланысты 8 топқа бөліп, АҚШ-та маманданған жұмысшы күшінің салыстырмалы молдығы мен маманданбаған жұмысшы күшінің жетіспеушілігін дәлелдеді. Сондықтан АҚШ маманданған еңбек өнімін экспортқа шығарады, ал оны дайындау мен оқытудың шығынын есептесе, капитал ретінде санауға болады.
АҚШ өндіруге көп капиталды қажет ететін шикізаттың көп мөлшерін импорттайды. Сондықтан, егер экспорттық тауарлар капиталды көп к.ажет ететін шикізаттың көп мөлшерін қажет етсе, бұл американдық экспортқа капиталды көп қажет еткізеді. Американдық Джеймс Хартигэн бастаған бір топ ғалымдар Леонтьев есептеулерін сол жылдар негізінде қайта жасады. Бірақ капиталды көп қажет ететін шикізатқа қатты тәуелді салаларды алып тастады. Парадокс жойылып, Хекшер-Олин теориясы расталды.
• Леонтьевтің тесті американдық импорттық тарифті есепке алмады. Ол болса американ өндірісінің еңбекті қажет ететін салаларын шет ел бәсекелестерінен қорғау үшін енгізілген еді. 1971 жылы американ экономисі Роберт Бэлдвин қайта жасаған есептеулері, тариф факторын алып тастау Леонтьев парадоксін 5%-ға азайтса да, толық жоя алмады. Американдық тұтынушылар талғамы дәстүрлі түрде капиталды көп қажет ететін технология өнімдеріне бағытталған. Өзі капиталы мол ел болса да, өнімдерді шет елден сатып алатын еді. Бұл іс-жүзінде Хекшер-Олин теориясының алғышарттарының біреуін және халықаралық сауданы өндіріс факторлар арақатынасы емес, басқа себептермен түсіндірілуін жоққа шығарғанын көрсетеді. • Өндіріс факторларының екі жақтылығы: бір тауар еңбек күші мол елде еңбекті көп қажет ететін, капиталы мол елде капиталды көп қажет ететін тауар болуы мүмкін. Ол өндіріс факторларының орнын басу мүмкіндігі жоғары жағдайларда болады. Мысалға, капиталы мол АҚШ-ғы өндірілген күріш, алдыңғы қатарлы технология көмегімен өндірілгендіктен капиталды көп қажет ететін тауар болады. Ал еңбек күші мол Вьетнамда өндірілген сол күріш, тек ауыр енбек негізінде өндірілгендіктен, еңбекті көп қажет ететін тауар болып саналады.
Қорытындылай келе сыртқы сауда теориясы американ экономисі В.Леонтьев тарапынан «Леонтьев парадоксы» деген атпен әрі қарай дамыды. Парадокстың мәні мынада, В.Лаонтьев Хекшер-Олин теоремасын қолдана отырып, американың экономикасы соғыс кейнгі кезеңде капиталға қарағанда еңбекті қажетсінетін соларға маманданғандығын көрсетті.
