- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк _Ақпараттық технологиялар_ факультеті
- •Силлабус
- •Пәнді оқытудың мақсаты
- •Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау
- •8 Оқу пәнінің саясаты
- •Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар;
- •3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау;
- •Желі операциялық жүйелері.
- •Казіргі кезендегі операциялық жүйелерге қойылған талаптар
- •Ядро артықшылық режимінде.
- •4. Оқу курсы мен тақырыпқа арналған міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі;
- •6. Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау.
Пәннің оқу үдерісіндегі орны. Оқу пәні болашақ мамандарға болашақта жасап шығаратын орындалатын қолданбалы программалар мен қолданушылар арасында өзара байланыс, ыңғайлы интерфейс орната алатындай операциялық жүйелермен жедел және тиімді жұмыс істей алу үшін қажетті бірнеше ОЖ түрлері және олармен жұмыс ерекшеліктері туралы базалық білім беруге, алған білімді болашақ мамандығында қолдана білу біліктілігін қалыптастыруға бағытталған. Операциялық жүйелер теориясы бойынша теориялық және практикалық білімді меңгеру ақпараттық технологиялар даму тарихында және қазіргі уақыттағы жағдайы туралы жүйелі білімнің және ақпараттық мәдениеттің қалыптасуын береді. Пән қазіргі замандағы ОЖ архитектурасы мен қызмет ету қағидаларымен таныстырады, кең таралған ОЖ - Windows, Linux, сондай-ақ мобильді құрылғылардағы және бұлттық есептеулердегі ОЖ жұмыс істеу мүмкіндігі үшін теориялық білім жіне практикалық дағды береді. Ерекше назар ОЖ қолданылатын деректер алгоритмдеріне және құрылымына, олардың сенімділігі мен қауіпсіздігіне бөлінеді.
Пәнді оқытудың мақсаты
Операциялық жүйелер теориясы бойынша теориялық және практикалық білімді меңгеру ақпараттық технологиялар даму тарихында және қазіргі уақыттағы жағдайы туралы жүйелі білімнің және ақпараттық мәдениеттің қалыптасуын беру. Операциялық жүйелердің классикалық негізін, олардың архитектурасын және оларды жасау кезінде қолданатын әдістерді оқып-зерттеу, заманауи ОЖ - - Windows, Linux, сондай-ақ мобильді құрылғылардағы және бұлттық есептеулердегі ОЖ оқып-зерттеу
5.3. Пәнді оқытудың міндеттері
Операциялық жүйелердің негізгі түсініктерімен таныстыру;
заманауи ОЖ - - Windows, Linux, сондай-ақ мобильді құрылғылардағы және бұлттық есептеулердегі ОЖ жұмыстарымен танысу;
ОЖ жұмысының тәртібін оқып-үйрену.
Пәнді оқып меңгерген соң студенттердің:
ТҮСІНІГІ БОЛУЫ ТИІС:
Есептеуіш жүйелерінің архитектурасындағы операциялық жүйелер рөлі мен алатын орны туралы;
Операциялық жүйелердің негізгі түрлері мен қызметтері, аппараттық талаптар, архитектураларын, заманауи ОЖ құрлымдары туралы;
Операциялық жүйелер жұмысының тәртібі туралы;
Операциялық жүйелердің интерфейстарының түрлері;
Файлдық жүйелер түрлері мен қызметтері туралы;
Заманауи ОЖ, ОЖ-дің қызмет көрсету жасау, программалық жүйелерді қорғау және сақтауды ұйымдастыру әдістері туралы.
БІЛУІ ТИІС:
Түрлі заманауи операциялық жүйелерді және қабықтарды, сервистік қызмет көрсететін программаларды қолдана алу;
Операциялық жүйелер мен қабықтардың сырт пішінін орната алу және өзгерте алуды.
ДАҒДЫСЫ БОЛУЫ ТИІС:
Түрлі заманауи операциялық жүйелерде және қабықтарда практикалық жұмыс дағдысы.
Оқу пәнінің мазмұны: Курс мазмұны алгоритмдер құруға қатысты практикалық кәсіби есептерді компьютерде шеше білетін болашақ есептеу техникасымен бағдарламалық қамтама мамандарын дайындауды қамтамасыз етеді, ол келесі сұрақтарды меңгеруден тұрады:
Бірінші операциялық жүйелердің пайда болуымен таныстыру.
Мультипрограммалық жуйелердің пайда болуын жеткізу;
операциялық жүйелердің тағы да дамуын жеткізу;
Операциялық жүйелердің осы күнгі даму ерекшіліктері;
Студенттерге дербес компьютерлер операциялық жүйелерінің негіздерін жеткізу;
Операциялық жүйелерінің функционал компоненталарымен таныстыру;
Желі қызметтері және желі сервистері;
Орнатылған желі қызметтері және желі қабықшалары;
Бір рангты және серверлік желілер операциялық жүйелері;
Казіргі кезендегі операциялық жүйелерге қойылған талаптар;
Операциялық жүйенің ядросы және жәрдемші модульдері;
Ядро артықшылық режимінде;
Кітапханаларды трансляциялау.
5.5. Пәнді оқыту жоспары
Апта № |
Тақырыптың аты |
Оқуды ұйымдастыру формасы және сағат саны |
БӨЖ тапсырмалары |
1. |
Бірінші операциялық жүйелердің пайда болуы |
Шолу дәріс (1 сағат), практикалық жұмыс (2 сағат) |
|
2. |
Мэйнфреймдер үшін мультипрограммалық операциялық жүйелердің пайда болуы |
Дәріс (1 сағат), практикалық жұмыс (2 сағат) |
|
3. |
Операциялық жүйелер және ауқымды желілер |
Дәріс (1 сағат), практикалық жұмыс (2 сағат) |
|
4. |
Операциялық жүйелердің осы күнгі даму ерекшіліктері |
Дәріс (1 сағат), практикалық жұмыс (2 сағат) |
|
5. |
Автоном компьютердің операциялық жүйелері |
Дәріс (1 сағат), практикалық жұмыс (2 сағат) |
|
6. |
Автоном компьютер операциялық жүйелерінің функционал компоненталары |
Дәріс (1 сағат), практикалық жұмыс (2 сағат) |
|
7. |
Администрлеу және мәліметтерді қорғау |
Дәріс (1 сағат), практикалық жұмыс (2 сағат) |
|
8. |
Желі операциялық жүйелері. |
Дәріс (1 сағат), практикалық жұмыс (2 сағат) |
|
9. |
Желі операциялық жүйелерінің функционалдық компоненталары |
Дәріс (1 сағат), практикалық жұмыс (2 сағат) |
|
10. |
Орнатылған желі қызметтері және желі қабықшалары |
Дәріс (1 сағат), практикалық жұмыс (2 сағат) |
|
11. |
Бір рангты және серверлік желілер операциялық жүйелері. |
Дәріс (1 сағат), практикалық жұмыс (2 сағат) |
|
12. |
Казіргі кезендегі операциялық жүйелерге қойылған талаптар |
Дәріс (1 сағат), практикалық жұмыс (2 сағат) |
|
13. |
Ядро артықшылық режимінде |
Дәріс (1 сағат), практикалық жұмыс (2 сағат) |
Файлдік жүйе түсінігі Файл атаулары мен түрлері Файлдік жүйе құрылымы
|
14. |
ОЖ-нің көп қабатты құрылымы (структурасы) |
Дәріс (1 сағат), практикалық жұмыс (2 сағат) |
|
15. |
Микроядролық архитектура. Концепция |
Дәріс (1 сағат), практикалық жұмыс (2 сағат) |
|
