Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК_Операциялық жүйелер_Муратбеков_2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Казіргі кезендегі операция­лық жүйелерге қойылған талаптар

ОЖ-лерге қойылған басты талап оның ресурстарды эффек­тив басқару және пай­даланушыға және қолданбалы программа­лар­ға қолай интерфейсты ұсыну негізгі функцияларын орындау болып табылады. Осы кезгі ОЖ әдетте: мультипрограмма­лау өң­деуді, виртуал жадты, свопинг­ты, пайдаланушының көп терезелі графикалық интерфейсін сүйемелдеуі қажет, сонымен көп керекті функциялармен қызметтерді де. Осы талаптардан басқа ОЖ-лерге маңызды төмендегі эксплуатациялық талаптар да қойылады:

  • Кеңейтілуі. Компьютердің аппараттық бөлімі бірнеше жылдан кейін ескірсе опе­рациялық жүйенің пайдалы жасау уақыты он жылдармен өлшенеді. Мысал етіп UNIX ОЖ-сін алса болады. Со­н­дықтан ОЖ-лер уақыт өтуымен эволюциялық өзгеріп бұл өз­геріс аппараттық өзгеріске қарағанда маңызды. ОЖ-лердің өз­ге­рістері көбінесе оның жаңа қасиеттеріне ие болуымен байла­ныс, мысалы жаңа типтегі сыртқы құрылғылар­ды сүйемелдеу, не­ме­се жаңа желі технологияларын. Егер ОЖ коды қо­сымшалар және өзгерістер жүйенің бүтіндігін бузбайтын етіп жазылса, мұ­н­дай ОЖ-лер кеңейтілетін деп айтылады. Кеңейтілуі ОЖ-нің өз­ара әсері функционалдық интерфейс арқылы орындалатын модулдік струк­турасы есебіне болады.

  • Көшірілуі. Идеалда ОЖ коды бір процессордан екіншісіне бір аппараттық плат­формадан (бір-бірінен процессорлерімен бірге компьютер ап­паратурасының ұйымдастырылуымен ажыралып тұрған) басқа типтегі аппараттық платформаға оңай көшірілуі керек. Көшірілетін ОЖ түрлі платформаларға арналған бірнеше варианттарына ие, ОЖ-нің бұл қа­сиеті көпплатформалық деп те аталады.

  • Бірбіріне сай келуі. Қолданбалардың кең номенклатурасы істе­тіл­ген бірнеше «көп­жасаушы» кең таралған ОЖ-лер бар (түрлі UNIX, MS-DOS, Windows 3-x, Windows NT, OS/2). Кейбіреулері кең таралған. Сондықтан себептермен бір ОЖ-ден басқасына өте­тін пайдаланушыға жаңа ОЖ-де үйренген қолданбаны іске қоса алу өзіне тартады. Егер ОЖ басқа ОЖ-лер үшін жазылған қолданбаларды іске қоса алу саймандарына ие болса, ол осы ОЖ-мен сай келтірілген деп айтады. Екілік код­тар деңгейінде немесе бастапқы текстер деңгейіндегі сай келулерді ажырату керек. Сай келуі басқа ОЖ интерфейстерін сүйемелдеуді де өз ішіне алады.

  • Сенімділік және бастартудан табандылық. Жүйе ішкі және сыртқы қателерден, бу­зылып қалудан және бастартудан сақтал­ған болуы керек. Оның әрекет­те­рі күн­нен бурын белгілі болып, қолданбалар ОЖ-ге зия­ны тимеу ке­рек. Бірінші болып ОЖ-нің сенімділігі және бастартудан табандылығы негізіне қаланған архитектура­лық шешімдерімен, және оны амалға асыру сапасы­мен (кодтардың мекемдылығы­мен) анықталады. Одан басқа ба­стартудан табандылығының аппараттық құралда­рын сүйемел­деу­ді ОЖ программалақ қамтамасыз етуі де маңызды, мысалы, дис­ктік массивтердің немесе үзілмес ток көздерінің бар болуы.

  • Қауіпсіздік. Осы кезгі ОЖ-лер мәліметтерді және басқа ресурстар­ды рұқсат етілме­ген жетуден қорғауы керек. ОЖ қауыпсіздік қа­сиетіне ие бо­луы үшін өзінің құра­мында ең кемімен аутентифи­ка­ция – пайдаланушы­лар­дың легалдығын тексеруші, авториза­ция – легал пайдаланушыларға ресурстарға жетудің дифферен­циал­дық мүмкіншіліктері, аудит – бар­лық жүйе қауіпсіздігіне әсер ететін оқиғаларды бел­гілеу саймандарына ие болуы қажет. Қауіпсіздік қасиеті желілік ОЖ-не өте маңыз­ды. Мұн­дай ОЖ-лерде жетуді контролдан басқа желіден таратылған мәліметтерді қорғау да енеді.

  • Өнімділік. ОЖ соншама тез істейтін және реакция уақтына ие болуы керек едәуір аппараттық платформасы мүмкіндік бер­се. ОЖ-нің өнімділі­гіне көп факторлар әсер етеді, солардың іш­інде негізгілері ОЖ-нің ар­хитектурасы, функциялардың көпті­лігі, кодты программалау сапасы, ОЖ-ні өте өнімді (көппроцес­сор­лі) плат­формада істету мүмкіндігі.

Кез келген күрделі жүйе рационал және түсінікті құрылымға ие болуы тиіс, яғни анық өзара әсерлер ережелерине және белгілі фу­нкционал мін­деттерге ие бөлімдерге – модулдерге ажыраты­луы мүмкін болуы керек. Әрбір модулінің ролин анық білу жү­й­ені дамыту және модификациялауды өңайлатады. Керісінше жақ­сы болмаған стр­у­к­тураға ие күрделі жүйені модификациялау ор­ны­на қайтадан істеп шығу оңайрақ.

Операциялық жүйенің функционал күрделігі оның түрлі программалық моду­ль­дер негізіндегі структуралық ұйымдастырылу­ы­на байланысты архитектура күрделі­гі­не алып келеді. Әдетте опе­ра­циялық жүйелер құры­лымына нақты операциялық жү­йелер стандарттық форматтарының орын­далатын және объектты мо­дул­дері, түрлі типтегі кітапханалары, бастап­қы программалар текстік модулдері, арнайы форматта­ғы программалық модулдері (мысалы, операциялық жүйенің жүктеушісі, енгізу-шығару драй­верлері), конфигурациялық файлдер, құжаттық файлдер, сілтеме­лер жүйесінің модулдері және т.б. енеді. Көп осы кезгі операция­лық жүй­елер жақсы құ­рылған модулдік жүйелер болып, оларды дамыту, кеңейту және жаңа платформалар­ға көшіру мүмкін. Опе­рациялық жүйенің қандайда бір бірден бір архитектурасы жоқ, бірақ операциялық жүйені струк­туралауға тиісті универсал жақындау­лар бар.

Операциялық жүйенің ядросы және жәрдемші модульдері

Операциялық жүйе (ОЖ) нің ең жалпы структуралау әдісі оның модулдерін екі топқа ажырату:

  • ядро — ОЖ-нің негізгі функцияларын орындайтын;

  • ОЖ-нің жәрдемші функцияларын орындайтын модулдер.

Ядро модулдері процесстерді, жадтарды, енгізу-шығару құрылғыларды ж.т.б. бас­қарып ОЖ-лер негізгі функцияларын ор­ындайды. Ядро ОЖ негізі болып онсыз ОЖ өзінің еш бір функ­циясын орындай алмай­ды.

Ядро құрылымына есептеу процесстерін ұйымдастыру ішкі жүйелі есептерін шешетін контексты қайтадан қосу, беттерді ен­гізу-шығару, үзулерді өңдеу жұмыста­ры орнатылған. Бұл функ­циялар қолданбалар үшін жетпейді. Ядроның басқа функ­ци­я­лар класы қолданбалардың программалық ортасын жасап оларды сүйемелдейді. Қолданбалар ядроға – жүйелік шақырулармен – сұраныстармен, мысалы, файлдарды жазу немесе оқу үшін ашу, графикалық информацияны дисплейге шығару, жүйелі уақыт­ты сұрау ж.б. ол немесе бұл амалдарды орындауды муражат етеді. Қол­данба­лармен шақырылатын ядро функциялары – API деп аталатын – қол­данбалы програм­малау интерфейсін қамтамасыз етеді.

Ядро модулдері орындайтын функциялар ОЖ-нің жиі орын­дайтын функция­ла­ры болғандықтан оларды орындау жылдамды­ғы барлық жүйенің өнімділігін бел­гілейді. ОЖ-нің жылдам істеу­ін қамтамасыз ету үшін ядро модулдерінің барлығы немесе бір бө­лігі жедел жадта орнатылады, яғни резидент болады.

Ядро компьютер жүйесінде барлық есептеу процесстерінің қозғатушы күші болып ядроның бұзылуы барлық жүйені бұзады. Сондықтан ОЖ-нің жасаушылары ядро кодтарының сенімділігіне арнайы көңіл бө­леді, нәтижеде олардың өңдеу про­цессы коп ай­лар­ға созылады. Әдетте ядро пайдаланушылық қолданбалар фор­маты­нан ерекше бол­ған арнайы форматтағы программалық мо­дуль түрінде пішімделене­ді.

ОЖ-нің қалған модульдері өте пайдалы бірақ шарт болмаған функция­ла­рын орындайды. Мысалы, осындай жәрдемші програ­м­малық мо­дульдерге магниттік таспаларда мәліметтерді архивтеу, дискіні дефрагмен­та­циялау, текстік редактор про­граммалары тиісті болады. ОЖ-нің жәр­демші модулдері қолданбалар, немесе про­цедуралар кітапханалар көрі­нісінде пішімделеді.

Кейбір ОЖ-лер компоненттері әдеттегі қолданбалар түрінде пішімделгендігі, яғни берілген ОЖ орындайтын стандарт модуль­дер көрінісін­де берілгендігі үшін жиі операциялық жүйелер және қолданбалар ара­сын­да анық шекара өткізуге бол­май қалады (3.1 сурет).

Қайсы бір программа ОЖ-нің бөлімі болуын немесе болмау­ын ОЖ-ні жасау­шы шешеді. Осы шешімге әсер ететін факторлар­дың ішінде келешекте ОЖ потен­циал пайдаланушылар арасында әммебап сұранысқа ие болуы қатысады.

Кейбір программалар пайдаланушы қолданбасы болып қай­сы бір уақыт қыз­мет етеді, кейіннен ОЖ бөліміне айналады, не­ме­се керісі. Статустың өзгеруіне мы­сал етіп Microsoft компания­сының Web-браузерын алса болады. Басында ол қолдан­ба ретінде таратылып, кейіннен Windows NT 4.0 және Windows 95/98 ОЖ құ­рамына енгізілген еді, ал осы күндері сот шешімімен бұл брау­зер қайтадан ерекше қолдан­баға айналуы мүмкін.

ОЖ жәрдемші модулдері әдетте төмендегі топтарға ажыра­ты­лады:

  • утилиттер — компьютер жүйелерін басқару және сүйемел­деудің ерекше мәсе­ле­ле­рін шешетін, мысалы, дисктерді қысатын, магниттік таспаларға мәліметтерді архивтейтін программалары;

  • жүйелік өңдеуші программалар — текстік немесе графи­ка­лық ре­дакторлар, компиляторлар, жинағыштар, өңдеушілер;

  • пайдаланушыға қосымша қызметтер көрсететін програм­малар — пайдалану­шы­ның арнайы интерфейсінің варианты, калькулятор, және ойындарда;

  • қолданбаларды жасауды оңайлататын түрлі міндеттерге ар­налған процеду­ра­лар кітапханалары, математикалық функция­лар кітапханалары, енгізу-шығару функцияларын орындайтын ж.т.б.

Әдеттегі қолданбаларға ұқсас өзінің мәселелерін шешу үшін өңдеу­ші програм­малар және ОЖ кітапханалар утилиталары жүй­елі шақырулар жәрдемінде ядро фун­к­цияларына үндеу етеді.

ОЖ-ні ядроға және қолданба-модулдерге бөлінуі ОЖ-нің оңай кеңейтілуіне алып келеді. Жаңа жоғары деңгейлі функцияны қосу үшін жаңа қолданбаны жасау жеткілікті, сонымен жүйе яд­ро­сының жауапты функ­ци­яларын өзгерту қажет емес. Бірақ ядро функциясына өзгертулер енгізу едәуір күрделі болып бұл күрделілік яд­роның структуралық ұйымдастырылуына байланыс. Кейбір жағдайларда ядроның әр бір өзгертілуі оның толығымен қайтадан компиляциялануын талап етеді.

Утилиттер, жүйелік өңдеуші программалар және китапхана­лар көрінісінде пі­шімделген ОЖ модулдері әдетте жедел жадқа уақтынша жұмысын орындау кезінде жүктеледі, яғни транзиттық болады. Жедел жадқа ең керекті ОЖ ядросы болған код­тар тұрақты орнатылады. ОЖ осындай ұйымдастырылуы оперативтік жа­д­ты тежей­ді.

Ядроға негізделген ОЖ архитектурасының маңызды қасиеті операци­ялық жү­й­енің ядро функцияларын артықшылық режимінде орындау есебіне кодтарды және мәліметтерді қорғау мүмкін­дік қасиеті болып табы­лады.

Дәріс № 13