Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК_Операциялық жүйелер_Муратбеков_2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Желі операциялық жүйелері.

Компьютерлік желілердің ОЖ-лері көбінесе автоном ком­пью­тер ОЖ-сіне ұқ­сас. Ол да пайдаланушылар мен программис­терге ыңғайлы жұмыс орындау мүмкін­ші­ліктерін қамтамасыз ететін бір-біріне байланған программалар жиыны болып, оларға қайдайда бір виртуал есептеу жүйесін ұсынады және желіде орын­далатын көп процесстер арасында ресурстарды эффектив бөлуді амалға асырады.

Компьютерлік желі – ол коммуникациялық жүйемен байлан­ған және желі пай­даланушыларына осы жиын ресурстарынан па­й­далануға мүмкіндік жасайтын ком­пью­тер жиыны. Желіні түрлі типтегі компьютерлер құрастыруы мүм­кін. Олар кішкене микропроцессорлер, жұмыс станциялары, мини-компью­тер­лер, дербес компьютерлер немесе суперкомпьютерлер бо­луы мүмкін. Компьютерлік же­лі пайдаланушыға өзінің компью­терімен автоном режимінде істеуге мүмкіндік жасайды және бұған желідегі басқа компьютерлер аппараттық ресурстарына және информацияға жетуді қосады.

Желі жұмысын ұйымдастырғанда операциялық жүйе интер­фейс ролін атқа­рады. Мысалы, желідегі компьютерлердің МАС- және ІР - ұқсас сандық адрестерінің орнына компьютерлік желі ОЖ-сі есте сақтауға оңай болған символдық атаулармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Н

Желілік және таратылған операциялық жүйелер. Компьютер желі­ле­­рінің нақты аппаратурасын қандай виртуал бейнемен алмастыруына бай­ланысты желі опера­ция­лық жүйелерін және таратылған операциялық жүйелерін ажыратады. Желі опе­ра­циялық жүйесі пайдаланушыға нақты желі аппаратурасының орнына істету біршама оңай болған виртуал есептеу жүйесін ұсына­ды. Сонымен бірге бұл виртуал жүйе толығымен өзінің таратыл­ған табиғатын жасырмайды, яғни виртуал желі болады.

Желі компьютерлерінің ресурстарын пайдаланғанда желі операциялық жүйесінің пайдаланушысы желі ресурстарымен жұмыс орындауын әр кезде есте сақтап оларға жету үшін бірне­ше арнайы операцияларын орындау керек, мысалы, қашық­тағы каталогты ойлап қойылған дискже­тек әріпінде бейнелеу немесе каталог аты ал­ды­на ол жайласқан компьютер атын жазу амалда­рын. Желі операциялық жүйесінің пайдаланушысы олар қолдана­тын файлдар қайсы компьютерлерде жайласқанын бі­ліп, оларды көшіруде нақты бұйрықтар беріп отыруы керек.

Желі ортасында жұмыс істеп отырып пайдаланушы кез-келген компьютерде тап­сырманың орындалуын іске қоса алса да, ол тап­сырмасы қай машинада орындалуын әрқашан біліп отырады. Үн­сіз пайдаланушы тапсырмасы пайдаланушы логикалық енген компьютерде орындалады. Егер ол тапсырманы басқа машинада орындамақ­шы болса, онда ол осы машинаға remote logіn команда­сын орындап логикалық енуді орындау қажет немесе ұзақтағы ком­пьютерді идентификация етуші информацияны көрсетіп ар­найы қашықтан орындау командасын орындауы қажет.

Желі ОЖ-дің магистральды даму бағыты желі ресурстары­ның жоғары деңгей­лі тынықтығын қамтамасыз ету. Идеал жағ­дайда желі ОЖ-сі пайдаланушыға желі ресурстерін бір орталан­ған виртуал машиналары көрінісінде ұсыну қажет. Мұндай ОЖ үшін – таратылған ОЖ – арнайы атау қолданады, немесе ақиқат­тан таратылған ОЖ.

Таратылған ОЖ оңдеу үшін жұмыстарды автоматик жүйе машиналары бойлап динамикалық таратуды орындап желі машиналары жиынын бір виртуал унипроцессор болып істеуге алып келеді. Таратылған ОЖ пайдаланушысы жалпы алғанда оның жұ­мысы қайсы машинаде орындалуын білмейдіде. Таратылған ОЖ есептеу жүйесін­де бір ОЖ ретінде бар болады. Таратылған ОЖ басқаруында жұмыс орындаған әр бір машина осы ауқымды ОЖ-нің бір бөлім функциясын орындайды. Таратылған ОЖ бар­лық компьютерлерді бірлестіріп олар бір-бірімен кооперацияла­нып компьютер желісінің барлық ресурстарын эффектив пайда­ланады.

«Желілік операциялық жүйе» терминінің екі мәні. Казіргі кезде практика­да­ғы барлық желі операциялық жүйелері нақ­ты таратылу идеалынан әліде ұзақ. Же­лі операциялық жүйесі басқаруында істейтін желідегі әр бір компьютер автономдық деңгейі таратылған операциялық жүйе бас­қаруында істейтін компью­терлерге қара­ға­н­да өте жоғары. Нәтижеде желі операциялық жү­йесін жеке компьютерлер опера­циялық жүйелері жиыны деп қа­рауға болады. Желі түрлі компьютерлерінде бір түрлі немесе әр түрлі операциялық жүйелер істеуі мүмкін. Мысалы барлық компьютер­лер­де бір UNIX операциялық жүйесі істеуі мүмкін. Бірақ амалда әр түр операция­лық жүй­елер: мысалы, компьютерлер бір бөлімі UNIX басқаруында, басқа бөлімі – NetWare басқаруында, қалған­дары – Windows NT басқаруында іс­тейтін желілер көбірек реал жағдайға жақын. Осы барлық операциялық жүйелер еркін бір-біріне байланбай функцияларын орындайды. Әр бірі өздерінің про­цесстерін жасау және аяқтау және жергілікті ресурстарын бас­қару ше­шімдерін бір-біріне байланбастан қабылдайды. Бірақ қайсы жағ­дай болмасын желіде істейтін компьютерлер операциялық жүйе­лері түрлі компьютерлерде орындалатын процесстердің өзара әсерлерін ұйымдасты­ру және бұл компьютерлер ресурстарын пай­даланушылар арасында бөлу үшін бір-біріне сай коммуника­ция­лық протоколдар жиынына ие болуы қажет.

Егер ерекше компьютер операциялық жүйесі оның желіде істеуіне рұхсат бер­се, яғни өзінің ресурстарын жалпы пайдалану­ға усынса немесе желідегі басқа ком­пьютерлер ресурстарын пай­далана алса мұндай жеке компьютер операциялық жүй­есі де же­лілік деп аталады.

Сонымен «желілік операциялық жүйесі» термині екі мағы­нада қолданылады: біріншіден барлық компьютерлер операция­лық жүйелері­нің жиыны және, екінші­ден, желіде істей алатын жеке компьютер операциялық жүйесі. Осы анықтамаға байланыс мысалы мынадай операциялық жүйелер: Windows NT, NetWare, Solaris, HP-UX – желі операциялық жүйелері болады, себебі олар барлығы желіде істейтін саймандарына ие.

Дәріс № 9

Желі операциялық жүйелерінің функционалдық компо­нен­тала­ры.

Суретте желі операциялық жүйелерінің негізгі ком­поненталары келтірілген.

  • Ж ергілікті ресурстарды бас­қара­тын аспаптар авто­ном ком­пьютердің операция­лық жүйесі­нің барлық фу­н­к­цияларын амалға асыра­ды (про­цесстер арасында жедел жадты тара­тады, про­цесстерді жоспар­лай­ды және диспетчерлейді, муль­­типроцессорлық ма­ши­наларда процес­стерді басқа­рады, сыртқы жадты басқа­рады, пайдаланушы­ның интерфейсін жасайды).

  • Желі аспаптарын үш топқа ажыратуға болады:

- операциялық жүйенің сервер­лік бөлімі – жергілікті ресурстарын жә­не қыз­мет­терін жалпы пай­далануға беру құралдары;

- операциялық жүйенің клиенттік бөлімі – қашықтағы ресурстар­ды және қызметтерді пайдалануға рұхсат алу құрал­да­ры;

- операциялық жүйенің транспорттық құрамы – коммуникация­лық жүйемен бірге же­лідегі компьютерлер арасында хабарлар алма­суды қамтамасыз етеді.

Оңайлатып айтқанда желі операциялық жүйесінің жұмысын төмендегіше түсіндірсе болады. Айталық, А компьютерінің пайдаланушысы өзінің файлын желіде­гі басқа B ком­пью­терінің дискісіне орналастырмақшы болсын. Мұның үшін ол клавиатурадан сай коман­даны теріп Enter клавишасын басады. Пайдалану­шы­мен интерфейске жауап беру­ші операциялық жүйенің программалық модулі осы команданы қабылдап А компью­тер­дің клиенттік бөліміне тапсырады.

Операциялық жүйенің клиенттік бөлімі басқа компьютерлер дискілері­не және файлдарына тікелей жете алмайды. Ол ресурс­тарын басқара­тын басқа компьютердің опе­рациялық жүйесінен осы қызметке «сұраныс» етуі мүмкін. Бұл сұраныстар желі арқылы хабарлар ретінде жеткізіледі. Хабарлар кейбір амалдарды орын­дайтын ко­мандалардан басқа мәлімет­терге, мысалы кейбір файл мазмұны­на ие болуы мүмкін.

Клиенттік және серверлік бөлімдері арасындағы хабарларды желі­нің комму­ни­ка­циялық жүйесі жәрдемінде жеткізуді опера­ция­лық жүйе­нің транспорттық құ­ралдары орындайды. Бұл құ­рал­дар мынадай функцияларды атқарады: хабарларды пішімдеу, па­кеттерге бөлу, компьютер атаула­рын санды адрестерге өзгерту, хабар­ларды сенімді етіп жеткізу, күрделі желіде маршрутты бел­гілеу ж.т.б. Желіде ха­бар­ларды жеткізудегі өзара әсер ережелері коммуникациялық протоколдармен белгіле­не­ді. Мысалы Ethernet, Token Ring, IP, IPX протколдары. Желідегі екі компьютерлер ха­барласып тұруы үшін олардың операциялық жүйелерінің транспорт­тық құ­ралдары ком­муникациялық протоколдардың жалпы жиы­нын сүйемел­деуі қажет. Коммуника­ци­я­лық протоколдар операция­лық жүйелердің кли­енттік және серверлік бөлімдері арасын­да хабарларды олардың мазмұнына көңіл бөлместен жеткізеді.

Пайдаланушы дискісінде файлды орналастырмақшы болған В компьютерде оп­е­рациялық жүйенің серверлік бөлімі жұмыс ор­ын­дауы қажет. Ол әрқашан желіден келетін оның ресурстарына сұраныстарды күтуімен әуре. Серверлік бөлім желіден сұраныс­ты қабылдап жергілікті дискіге үндеу етіп файлды оның бір каталогы­на жазып қояды. Осы амалдарды орындау үшін командаларға жә­не файл бөлімдеріне ие бір емес бірнеше хабарлар алмасуға тура келеді.

Операциялық жүйе клиенттік бөлімінің өте маңызды функ­ци­я­сы болып қашық­тағы файлға үндеуді жергілікті файл үндеуінен ажыратуда. Егер клиенттік бөлім мұны орындай алса қолданбалы программалар қайсы файлдармен қашықтағы ма, жергілікті ма жұмыс орындауы қызықтырмауы да мүмкін, - клиенттік бөлім өзі анық­тап қашық­та­ғы машинаға қайтадан жі­бе­реді (redirect). Операциялық жүйенің клиенттік бөлі­мі редиректор деп аталуы осыған байланысты шыққан. Кей кезде ажырату функциялары арнайы мо­дульге тапсырылады. Онда редиректор деп осы бөлімнің өзіне айтады.

Желі операциялық жүйелердің клиенттік бөлімдері ресурс­тар­ға болған сұраныстар форматтарын икемдейді. Олар қолданба­лар­дан желі ресурстарына жетуді жергілікті формада қабылдайды, яғ­ни жергілікті компьютер­де жұмсалатын тұрде. Желіге сұраныс керек­ті ресурс жайласқан компью­тер сервистік қызметіне сай форма­да жібері­леді. Клиенттік бөлімі және серверлік бөлімінің жауап­тарын қабылдап жергілікті фор­маға өткізеді. Нәти­жеде қолданба үшін жергілікті және қашықтағы ресурстар сұраныс­тары айы­рылмай қала­ды.

Желі қызметтері және желі сервистері. Компьютерлық же­лі арқылы нақты ресурс типына жетуді ұйымдастыратын опера­ци­я­лық жүйенің серверлік және клиенттік бөлімдерінің жиыны желі қызметі деп айтыла­ды. Жоғарыда келтірілген мы­салда желі арқылы біргелікте файл жүйесіне жетуді қамтамасыз еткен опера­циялық жүйенің серверлік және клиенттік бөлімдері файлдық қызметін жасайды. Желі қызметтері желі пайдала­ну­шы­ларына қандайда бір қызметтер жиынын ұсынады деп айтылады. Бұл қыз­мет­тер кейбір кездері желі сервисы деп те аталады (ағылшын Service терминінен). Бұл термин техникалық әдебиетте сервистік қызметі деп ау­дарылады. Бұл терминдер синоним ретінде қолдан­са­да кейбір кездерде олардың айрықшылығы принципиал характерге ие. Кейіннен біз же­лі қызметтері деп желі қызметін көрсе­туші компонентке айтамыз, ал же­лі сервисы деп усынылған қыз­мет­тер баяндамасына айтамыз. Сонымен сервис – бұл қызметтер­ден пайдаланушысы­мен қызметтер жеткізушы арасында­ғы интер­фейс.

Әрбір қызмет желі ресурстарымен немесе сол ресурстарға же­­ту әдісте­рі­мен байланысты. Мысалы печаттау қызметі желі пайдаланушыларына желінің бөлінетін принтеріне жетуді қамтама­сыз етіп печаттау сервисын ұсынады, ал пошта қызметі желі ин­формациялық ресурстарына –элек­трон­дық хаттарына - жетуді қам­тамасыз етеді. Ресурстарға жету әдістері ерекшеленеді, мыса­лы қашықтан жету қызметі желі пайдаланушыларына барлық ре­сурстерге коммутацияланатын телефон арналары жәр­демінде же­туді қамтамасыз етеді. Нақты ресурсқа қашықтан жету үшін, мы­са­лы принтерге, қашықтан жету қызметі печаттау қызметімен ба­йланыс жа­сай­ды. Операциялық жүйелердің желі пайдаланушы­ларына файылдық және печаттау қызметтері маңызды.

Желі қызметтері арасында қарапайым пайдаланушыға емес администра­тор­ға арналғандарын ажыратуға болады. Олар желі жұмысын ұйым­дастыруға жұмсалады. Мысалы, Novell Net Ware 3.x операциялық жүйесі­нің Bindery қызметі администра­тор­ға компьютердің желі пайдаланушыла­ры туралы мәліметтер база­сын алып ба­руға мүмкіндік жасайды. Орта­лық сілтемелер қызме­тін жасау прогрессив есептеле­ді. Бұл қызмет басқа­ша каталогтар қызметі деп те аталады. Ол пайдаланушы базасы­нан басқа­да же­лідегі барлық программалар және компьютер аппаратурасы туралы базаға ие. Каталогтар қызметі мысалы ретінде Novell ком­паниясы­ның NDS және Banyan компаниясының Street Talk қыз­меттерін көрсетуге болады. Администраторға сервис ұсынатын желі қызметінің басқа мыса­лы етіп – желі трафигын ұстап алып ана­лиз жасайтын желі мониторингі, өз функциясына парольді тексеріп логикалық ену амалын орындайтын қорғау қызметін, резервті көшіру және архивтеу қызметте­рін көрсетсе болады.

Операциялық жүйе ақырғы пайдаланушыларға, администра­тор­ларға және қол­данбаларға едәуір бай қызметтер жиынын усынуына бай­ла­нысты желі операция­лық жүелер қатарындағы орны белгіленеді.

Желі қызметтері өздерінің табиғаттарына байланысты кли­ент-сервер­лік болып табылады. Кез келген желі сервисын амалға асырғанда Табиғи сұраныстар көзі (кли­ент) және сұраныстарды орындаушы (сервер) пайда болғандықтан Кез келген желі қыз­метте­рі өзінде симметриқ бол­маған екі бөліміне ие – клиенттік және серверлік. Же­лі қызметі опера­циялық жүйеде екеуімен де немесе бір бөлемімен беріледі. Әдет­те сервер өзінің ресурстарын клиент­ке усынады, ал клиент олардан пайдаланады деп айтылады. Ай­тып өту керек желі қызметін ұсынғанда сервер ресурстарымен бір­ге клиент ресурстарыда қолданылады. Клиент өзінің ресурс­та­р көп бөлімін (диск көле­мін, процессор уақытын ж.т.б.) желі жұмы­сын суйемелдеу үшін сарыптауы мүмкін. Мысалы, пошта қызме­тін амалға асыру үшін клиент дискысында кең көлемдегі хат­тарға ие мәліметтер ба­за­сының жергілікті копиясы жайласуы мүмкін. Бұл жа­ғ­дайда клиент түрлі фор­маттардағы хабарларды соның ішінде му­льтимедиялық форматтарды да пішімдеумен байланысты үлкен жұ­мысты, адрестік кітапты сүйемелдеуі және көп жәрдемші жұ­мыстарды орындауы керек болады.

Клиентпен сервер арасындағы потенциал айрмасы әркезде желі жұмы­­сының бастаушысы клиент болады, ал сервер пассив күту режимінде болады. Мысалы пошта сервері поштаны пайда­ланушы компьютеріне жеткізеді егер пошта клиенті­нен сұраныс болғанда ғана.

Әдетте клиенттік және серверлік бөлімдер арасында өзара әсер сондай стан­дартталады, нәтижеде бір тұрдегі сервер Түрлі әдістермен амалға асырылған клиент­тер типтары мен жұыс орын­дауы мүмкін. Мұ­ның үшін бір шарт – клиенттер және сервер бір стандарт протоколды сүйемелдеуі қажет.

Дәріс №10

Орнатылған желі қызметтері және желі қабықшалары.

Іс жүзінде желі опе­рациялық жүйелерді құрастырғанда бір-бірінен же­лі қызметтерінің операциялық жү­йеге орналастыруымен ажы­ра­латын бірнеше жа­қындау кездеседі:

  • желі қызметтері операциялық жүйеге терең орнатылған;

  • желі қызметтері қандайда бір жиын – қабықша ретінде бірлестірілген;

  • желі қызметтері ерекше өнім көрінісінде жасалады және жеткізіледі.

Желі ОЖ жасалауының нұсқалары

Бірінші желі операциялық жүйелері бар болған жергілікті операциялық жүйелерге же­лі қабықтары орнатылған болып жасалған еді. Жергілікті желіге негізгі желі функция­ла­рын орындау үшін керек болған желі функцияла­ры­ның минимумы қосылған бо­ла­тын.

Бірақ кейіннен желі операциялық жүйелерін жасаушылар ба­сынан желі опера­циялық жүйесі желіде істейтін етіп жасау эффективті жақындау деп есептеді. Мұндай операциялық жүйе­лердің желі функция­ла­ры желі негізгі модулдеріне терең­детіп ор­натылып оның логикалық шырайын, эксплуатациялаудың және мо­дифика­ци­ялауының қарапайым­ды­ғын, сонымен бірге, өнімділігін жо­ғарылатты. Мұндай жақын­дау­да артықшылық жоқ болады. Егер барлық желі функциялары жақсы интегрир­лан­­ған болып, яғ­ни операциялық жүйенің үзілмес бөлімдері болып есептелсе, мұн­дай операциялық жүйе желі функцияларын орындауға оп­тималданған етуі мүмкін. Мысалы Microsoft компаниясының Windows NT операциялық жүйесі желі құрыл­ғы­ларының енгізілуі есебіне өнімділіктің және информация қорғанудың жоғары көр­сет­кіштерін сол компанияның OS LAN Manager операциялық жүйесіне қарағанда жеткізеді. Орнатылған желі қызметтеріне ие желі операциялық жүйелерге мысал етіп барлық осы күнгі UNIX, NetWare, OS/2 Warp операциялық жүйелерін алса бола­ды.

Желі функцияларын амалға асыру басқа варианты етіп – олар­ды қандайда бір жи­ын көрінісінде бірлестіру, сонда осы жиын барлық кызметтері бір-біріне сай кел­тірілген болуы керек, яғни жұ­мыс істеген кезде олар бір-біріне сілтеме етуі, жалпы компоне­нт­терге ие болуы, мысалы пайдлану­шы­лар­ды аутентификация ету жүйесін немесе пайдаланушының жалпы интерфейсіне ие болуы мүмкін. Қабықшаның істеуі үшін қандайда бір ком­пьютер ап­паратурасын басқару үшін және оның ортасында осы қабықша қы­зметтерін орындайтын жергілікті желі операциялық жүйесі керек бола­ды. Қабықша ерекше программалық өнім болып, барлық өнімдерге ұқсап атауға, вер­сия номіріне және басқа сай келген характеристикалары­на ие болады. Желі қа­бық­шасына мысал етіп LAN Server және LAN Maneger қабықшаларын алса болады.

Бір қабықша түрлі операциялық жүйелер үстінен істеуі мүм­кін. Мұндай жағ­дайда қабықша істейтін операциялық жүйенің ерекшіліктерін есепке алып құрылуы керек. Сонымен LAN Ser­ver, мысалы, VAX VMS, VM, OS/400, AIX, OS/2 операция­лық жүйелер устерінен істейтін түрлі варианттарына ие.

Желі қабықшалары жиі клиенттік және серверлік бөлімде­ріне бөлінеді. Желі қызметтерінде клиенттік бөлімі көп болған қабықша клиент­тік деп аталады. Мыса­лы, NetWare желісіндегі жұмыс станциясын програм­малық қамтамасыз ететін әдеттегі жи­ын NetWare қабықшасы орнатылған MS DOS жүйесі болып табы­лады. Бұл қабық­ша файлдық және печаттау қызметтерінің клие­нт­тік болімдеріне және пайдалану­шы интерфейсін сүй­емелдей­тін компонентасына ие.

Мысалдар етіп LAN Server және LAN Manager, сонымен NET­Ware for UNIX, File and Print Services for NetWare алынған желі қабықшалары желі серверлік қа­бықшалары болып серверлік функцияларын орындауға арналған. Серверлік қа­бық­ша минимум екі серверлік қызметтеріне – файлдық және печаттау компонент­те­ріне ие. Осы жиын дәл өзі жоғарыда айтылған NET­Ware for UNIX және File and Print Services for NetWare жоғарыда естетілген өнімдерінде амалға асырылған. Кейбір қабықшалар сон­шама кең желі функцияларына ие оларды желі операциялық жүйелері деп атауға орынды. Сонымен еш бір желі операциялық жүйелерінің шолуы жеткілікті тола болмайды егер онда желі қа­бықшасы болған LAN Server, LAN Mana­ger, ENS туралы ин­фор­мация болмаса. Сонымен «желі операциялық жүйесі» термині – жалпы операциялық ортада бір­гелікте істей алатын желі қы­зметтерінің жиы­ны деген тағы да бір мәніне ие.

Ресурстарының бір типтерімен клиенттік және серверлік өз­ара әсерлері про­токолдарымен ажыралған түрлі қызметтер бай­ланысты болуы мүм­кін. Мысалы Win­dows NT-ге орнатылған фа­йл­дық қызмет SMB протоколын амалға асырады. Бұл про­токол Microsoft компаниясының барлық операциялық жүйелерінде қол­данады. Ал сол Windows NT –ның File and Print Services for Net­Wa­re қабықшасына орнатыл­ған файлдық қызмет NET­Ware желі­ле­ріне таныс болған NCP протоколымен істейді. Одан бас­қа Win­dows NT стандарт таратылуына файлдық қызметтерін UNIX жүй­елеріне усынатын FTP сервері енгізілген. Windows NT ортасында істеу үшін басқа файлдық қызметін, мысалы, түрлі фирмалармен бірнеше амал­ға асырылған версия­ла­рына ие NFS – ты сатып ал­ып орнатуға ешкім кедергі жасамайды. Бірнеше файл­дық қыз­мет­терінің болуы қолданбалар­ға түрлі операциялық жүйелерде жұ­мыс оры­н­дауға мүмкіндік жасайды.

Желі қабықшалары жергілікті және желілік операциялық жүйелер үшін де жа­са­лады. Мысалы, Banyan VINES операциялық жүйесінің негіз­гі желі қызметтеріне ие ENS (Enterprise Network Services) желі қабықша­сы UNIX және NetWare жeлілер операция­лық жүйелерінің үстінен істей алады. Әлбетте әр бір операциялық жүйесі үшін меншікті ENS варианты қажет.

Желі қызметтерін ерекше өндіріс көрінісінде амалға асыра­тын үшінші әдісі де бар. Мысалы, WinFrame қашықтан басқару се­р­веры - Citrix ком­паниясының өнімі – Windows NT ортасында істеу үшін арналған. Ол Windows NT жүйесіне орнатылған Remote Access Server қызметінің мүмкіндіктерін арттырады. Ұқсас NetWare үшін қашықтан жету қызметін ере­к­ше NetWare Connect программалық өнімін сатып алу жолымен орнат­са бола­ды.

Уақыт өтуімен желі қызметтері түрлі формада амалға асырылуы мүмкін. Мыса­лы, Novell компаниясы алдын ала NetWare желі операциялық жү­й­есіне орнатылған NDS сілтемелер қызметтерін ұсынуды жоспарлап отыр. Мұның үшін NDS қызметі ерекше өнім көрінісінде таратылып әрбі­рі сай операциялық жүйесінің ерекшілікте­рін есепке алып қайтадан жазы­лып отыр. SCO UNIX және HP-UX, Solaris 2.5 және Windows NT ортала­рын­да жұмыс істейтін NDS версиялары шығарылып болды. Ал Street Talk қызметі Bayan Vines операциялық жүйесіне орнатылған модуль тү­рінде, ENS қабықша құрамында және түрлі операциялық жүйе­лері үшін ерекше өнім кө­рінісінде ілгеріден бар.

Дәріс № 11

Бір рангты және серверлік же­лілер операциялық жүйелері.

Функциялардың желі компьютерлер арасында таратылуына байланыс олар үш түрлі ролін орындайды:

  • басқа компьютерлер сұраныстарын ғана орындайтын компью­тер ажыра­тыл­ған сервер ролын атқарады;

  • сұраныстармен басқа машина ресурстарына қарайтын компью­терлер клиенттік түйін ролін атқарады;

  • клиент және сервер функцияларын орындайтын компьютер біррангты түйін болып қызмет етеді.

  • Айқын желі клиенттік немесе серверлік түйіндерден ғана құрастырыл­майды. Өзінің міндетін орындайтын және компью­терлер байланыста­рын қамтамасыз ететін желі үш схемалар бірі­мен құрылуы мүмкін:

  • біррангты түйіндер негізіндегі желілер – біррангты желілер;

  • клиенттер және серверлер негізіндегі желілер – ажыратылған серверлер­ге ие же­лі­лер;

  • барлық түрдегі түйіндерге негізделген желілер – гибрибтық же­лілер.

Осы схемалардың әрбірі жұмсалу облыстарын белгілейтін өзі­­нің ұтымдылық­та­рына және кемшіліктеріне ие.

Біррангты желілердің операциялық жүйесі. Бір рангты же­­лі­лерде барлық ком­пьютерлер бір бірінің ресурстарына жету мүмкіншіліктерімен бірбіріне тең. Әр­бір пайдаланушы өзінің қа­лауымен қайсыбір ресурсын бөлінетін етіп жариялауы мүм­кін болып, оны қалғандары пайдалана ала­ды. Біррангты желілерде барлық ком­пьютерлерге мүмкіндіктер потенциа­лы тең болған операциялық жүйелер орнаты­лады. Осындай желі опера­ция­лық жүйелері біррангты операциялық жүйелер деп аталады. Айқын бір­рангты желілер желі қызметтерінің клиенттік және серверлік бөлім­де­ріне ие болуы қажет. LANtastic, Personal Ware, Windows for Work- groups, Windows NT Workstation, Windows 95/98 опера­циялық жүйелер біррангты желілерге мысал бола алады.

Барлық компьютерлердің потенциалдық бірқұқықтығына қа­рамас­тан бірранг­тық желілерде жиі функционалдық симметрия бұзылады. Әдетте желіде өздерінің ресурстарын ортаға пайдала­нуға беруді қала­майтын пайдаланушылар болады. Мұн­дай жағ­дай­да олардың компьютер­ле­рін­дегі операциялық жүйелер серверлік бөлі­мдері активтелмеген бо­лып олар таза клиенттер ролін орындайды.

Соның арасында администратор кейбір желідегі компьютер­лер үшін сұраныс­тарға ғана жауап беретін функцияларын бекітіп қоюы мүмкін, сонымен бұл компью­терлер таза сервер қызметте­рін орындайтын болып он­да пайдаланушылар істей ал­май қала­ды. Мұндай конфигурацияда бірранг­ты желілер сервер негізіндегі желілер­ге ұқсас болып қалады, бірақ бұл сыртқы ұқсастық болып – бұл екі желілер арасында ішкі айырмашы­лық бар. Басынан бір­ран­г­ты желілерде операциялық жүйесінің спе­циали­за­циясы ком­пью­тердің клиенттік немесе серверлік қызметіні орындауы­на бай­­ланысты емес. Желідегі компьютер ролінің ауысуы клиенттік не­месе серверлік қызметіні пайдаланмауы есебіне болады.

Біррангты желілер ұйымдастыру және эксплуатация ету жа­ғынан қарапайым болғандықтан бұл схемамен үлкен болмаған ком­пьютерлер саны 10-20 арасында бо­лған желілер құрастыры­лады. Бұл жағдайда ортадан администрлау құралдарын істе­туге қажет болмайды, себебі бірнеше пайдаланушылар қиналмастан бірбірімен орта­ға берілетін ресурстары және олардың паролдері туралы келісіп алуы мүмкін.

Бірақ үлкен желілерде мәліметтерді сақтау және өңдеу, соны­мен қор­ғау амалда­рын орындау үшін ортадан администрлеу құ­ралдары қажет бо­лып оларды ерекше­ленген серверлер негізінде жасалған желілерде амалға асыру оңай соғады.

Ажыратылған серверлер негізіндегі желілер операция­лық жүйеле­рі. Ерек­шеленген серверлер негізінде құрылған же­лілерде арнайы ОЖ-дің варианттары қол­да­нылады.Олар сервер­лер роліне оптималданған болып серверлік ОЖ деп аталады. Пайдаланушылар компьютерлері мұндай желіде клиенттік ОЖ-лер басшылығында істейді.

Операциялық жүйені сервер болып істету специализациясы серверлік қыз­мет­терінің эффективтігін көтерудің табигий жо­лы. Ал мұндай көтерудің қажеттілі­гі улкен желілерде сезіледі. Жүздеп немесе мыңдап пайдаланушылардың бір ресурс­тарға бол­ған интенсив сұраныстарын сер­вер үлкен тоқтатуларсыз орында­уы қажет. Мұндай проблемалардың ай­қын шешімі серверлік ком­пьютер етіп серверлік функцияларына опти­малданған қуат­ты аппараттық платформаға және операциялық жүй­еге ие ком­пьютерлерді қолдану. Едәуір кем функциялар орындаса сонша­ма олар­ды амалға асыру эффективтіғы асады, сондықтан серверлік опера­ция­ла­рын опти­малдау үшін ОЖ-нің жетілдірушилері оның кейбір функ­ци­яларын кемейтіп кейбір кезде толығымен алып тастауға мәжбүр бола­ды. Осындай жарық мысал етіп Net­Ware серверлік ОЖ-сін алса болады. Оның жетілдірушілері фа­йлдық және печаттау серверлік қызметтерін орындауын мақсат етіп қойғандықтан универсал ОЖ-ге қасиет­ті болған көп функ­ция­ларын алып тастаған, соның ішінде пайдаланушының гра­фи­калық интерфейсін, универсал қолданбаларды сүйемелдеуін, мульти­программалау режиміндеғы қолданбалардың бір-бірінен қорғауын, вир­туал жад механизмін. Осы­лардың барлығы файлға жету уникал жылдам­дығына алып келіп көп уақытқа дейін серверлік ОЖ ішінде бұл жүйе ли­дерлықты сақтап келген. Бірақ кейбір серверлік ОЖ-дің өте тар специа­лизациясы олардың кемші­лігі болды. Сонымен Net­Ware де универсал программалау орта­сы­ның және қолданбаларды қорғауының болмауы оны қолданба­лар­ды орындау үшін қолдануға мүмкіншілік бермеді, сон­дықтан файлдық және печаттау сервистерін орындау үшін басқа серверлік ОЖ-лерді пайдалануға тұра келді.

Сондықтан көп серверлік ОЖ-лер жасаушылары функцио­нал­дық кемшілік­терден бастартып серверлік ОЖ-лер құрамына барлық компоненттерді енгізіп оларды универсал сервер кейбіреулерін клиент ретінде пайдалануға мүмкіншілік жасайды. Осын­дай серверлік ОЖ-лер дамыған графикалық интерфейске ие бо­лып универсал API-ні сүйемелдейді. Бұл оларды біррангтық ОЖ-мен жақындатады, бі­рақ араларындағы айырма­шы­лықтар оларды серверлік жүйелерге тіркеуге мүм­кіндік жасайды:

  • қуатты аппараттыық соның ішінде мультипроцессорлық платформаларды сүйемелдеуі;

  • біруақытта орындалатын көп процесстерді және желі байла­ныстар­ды сүйемелдеуі;

  • ОЖ-лер құрамына желіні ортадан администрлеу компонент­те­рін (мысалы, сілтемелер қызметтерін немесе желі пайдала­нушыларын аутенттификация және авторизация қызметте­рін) енгізуі;

  • желі қызметтерінің кең жиының бар болуы.

Жекеленген серверлерлық желілердегі клиенттік ОЖ-лер әде­т­те серверлік функцияларынан босатылған болады, бұл олар­дың ұйымдастырылуын едәуір же­ңілдетеді. Клиенттік ОЖ-лер жасаушылары негізгі көңілдерін пайдаланушы интер­фейстеріне және клиенттік желі қызметтеріне ажыратады. Ең қарапайым клиенттік ОЖ-лер негізгі желі қызметтерін сүйемелдейді - әдет­те файлдық және печаттау қыз­меттерін. Сонымен универсал кли­енттерде бар болып олар кең клиенттік бөлім­дерін сүйемелдеп көп серверлермен жұмыс орындай алады.

Желі ОЖ-рін жасайтын көп компаниялар ОЖ-нің екі вариан­тын жасайды. Бір ва­рианты серверлік қызметін орындаса, екін­ші­сі – клиенттік жұмысын орындай­ды. Бұл варианттар бір кодқа негізделген болып қызметтер және утилиталар жиын­да­ры­мен, со­нымен конфигурация параметрле­рімен айырылады. Кейбір пара­метрлер үнсіз орнатылған болып өзгер­тіл­мейді.

Мысалы, Windows NT ОЖ екі вариантта шығарылады – жұ­мыс станциясы Win­dows NT Workstation вариантында және Win­dows NT Server ажы­ратылған сервер ва­риантында. ОЖ-нің екі ва­риантыда көп қызметтерінің клиенттік және серверлік бөлімде­ріне ие.

Сонымен Windows NT Workstation ОЖ-сі желі клиенттік функцияларын оры­н­дауымен желі пайдаланушыларына файлдық сервисін, печаттау сервисін, қашы­қ­тан жету сервисін және ба­сқа сервистерін ұсынады, демек бір рангтық желі негізі бола ала­ды. Басқа жағынан Windows NT Server керекті барлық аспаптар­ға ие бо­лып оның басшылығында ком­пьютерді клиенттік жұмыс станциясы ретінде пайдалану­ға мүмкін­дік жасайды. Windows NT Server ОЖ-сі басшылығында желідегі басқа компьютерлер ресур­старына сұраныстар пайда болғанда ОЖ клиенттік функцияла­рын орындауын талап ететін жергілікті қолданбалы программаларды іске қосуы мүмкін. Windows NT Ser­ver Windows NT Workstation ге ұқсас дамыған интерфейске ие бол­ғанды­ғы­нан оларды тең та­быспен пайдаланушы және администратор интерак­тив жұ­мыста­рын­да қолданса болады.

Бірақ Windows NT Server вариантынің өзінің компьютерлік ресурстарын желі­нің пайдаланушыларына беру мүмкіндіктері көп, себебі кең функциялар жиынын бір уақыттың өзінде көп клиенттермен байланысын, желіні ортадан басқаруын, да­мыған қорғау аспаптарын сүйемелдейді. Сондықтан Windows NT Ser­ver ды ажыра­тылған серверлік желілерде қолданған жөн, кли­ент­тік компьютерлерде емес.

Үлкен желілерде клиент-сервер байланыстарынан басқа бір­рангтық байланыс­тарда қажет болады, сондықтан мұндай желілер гибридтық схемасы бойынша жаса­лады.

Дәріс № 12