- •Есеп № 8
- •Есеп № 9
- •Есеп № 15
- •Есеп № 16
- •Есеп № 17
- •Есеп № 18
- •Есеп № 19
- •Есеп № 20
- •Есеп № 28
- •Есеп № 34
- •Есеп № 27
- •Есеп № 35
- •Есеп № 36
- •Есеп № 37
- •Есеп № 43
- •Есеп № 44
- •Есеп № 54
- •Есеп № 55
- •Есеп № 56
- •Есеп № 57
- •Есеп № 58
- •Есеп № 59
- •Есеп № 60
- •Есеп № 61
- •Есеп № 62
- •Есеп № 63
- •Есеп № 64
- •Есеп № 65
- •Есеп № 66
- •Есеп № 67
Есеп № 63
12 айлық Витя С. туылғаннан бастап жиі тұмауратып ауратын болған. Анасының бақылауы бойынша, сульфодимезин, ацетилсалицилдік қышқыл, тетрациклинді қабылдаған кезде баланың терісінің және склерасының сары түске боялуы, зәр түсінің қараюы байқалып, дәрілерді қабылдауды тоқтақан кезде бұл көріністердің біртіндеп жойылуы болған.
Жалпы қан анализі
Эритроцит 3,0х /л
Гемоглобин 70 г/л
Түсті көрсеткіш 0,7
Лейкоциттер 19х /л
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 0
Таяқша ядролы 2%
Сегменттік ядролы 33%
Эозинофилдер 3%
Базофильдер 0
Лимфоциттер 55%
Моноциттер 7%
Тромбоциттер 280х /л
Жұғындыда: айқын анизо- және пойкилоцитоз, полихроматофилия, ретикулоциттер - 10%.
Эритроциттердің глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігі - 2,3 бірлік. (қалыптыда - 5,4±0,3).
Балада қан жүйесінің қандай патологиясы дамыған?
Бұл патологияның даму механизімі қандай?
Есеп № 64
15 жастағы гемолиздік анемиямен ауратын В. деген науқастың гемоглобинін тексеру кезінде А2 гемоглобині жалпы гемоглобин мөлшерінің 10%, ал гемоглобин Ғ фракциясы - 7% құрайтындығы белгілі болған.
Науқаста гемоглобин молекуласының қай тізбегінің синтезі төмендеген?
Есеп № 65
Н. деген науқас ауруханаға тонустық құрысқақ ұстамасымен түскен. Бұлшық еттердің қалшылдаулық жиырылулары бүгу бұлшық еттерінде көбірек байқалады, соған байланысты науқастың денесі тетанияға тән өзіндік типтік кейіпке енген. Бет бұлшық еттерінің спазмы жымиғандай көрініс береді.
Науқасты тексеру кезінде фосфор-кальций алмасуының бұзылыстары анықталған: қандағы кальций мөлшері 5 мг% дейін төмендеген, фосфор мөлшері 9 мг% дейін (нормада – 3-4 мг%) жоғарлаған. Науқастың мойнында тиреоидэктомия операциясының тыртықтары анықталған.
Қандай ауру туралы тұжырым жасауға болады?
Симптомдардың даму механизмін түсіндіріңіз.
Есеп № 66
В. деген науқас ауруханаға түтікшелік сүйектерінің көптеген патология-лық, спонтандық сынықтарымен, омыртқа жотасының айқын қисаюымен және қаңқасының деформациясымен түскен. Түскен кезде науқас жалпы әлсіздікке, қажуға, бұлшық еттік гипотонияға, сүйектерінің ауырсынуына шағымданған.
Тексерген кезде анықталғаны: қандағы кальций мөлшері 16 мг% дейін жоғарлаған, ал фосфор мөлшері 2,4 мг% дейін төмендеген. Анамнезінде науқаста бүйрек-тас ауруының барлығы, айқын полиурияның және зәрінде фосфаттардың жоғары мөлшері туарлы мәліметтер бар.
Қандай ауру туралы тұжырым жасауға болады?
Симптомдардың даму механизмін түсіндіріңіз.
Есеп № 67
42 жастағы Г. деген науқас мойнын жарақаттап алғаннан бері әркезде парастезия, бұлшық еттердің құрысуы сияқты жағдайлар мазалайтынына шағымданады. Құрысу дамымастан бұрын науқаста лоқсу, құсу байқалады. Құрысу тонустық сипатта болады және қолы мен бет аймағынан басталады. Мұндай ұстамалар кезінде науқастың есі сақаталады.
Науқасты тексерген кезде анықталғаны: қандағы кальций мөлшері 6 мг%, ал фосфор – 8 мг% құраған.
Қандай ауру туралы тұжырым жасауға болады?
Симптомдардың даму механизмін түсіндіріңіз.
