Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dinamika_okonchatelny_variant.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

2.3. Зертханалық жұмыс жоспары

№1 зертханалық жұмыс. Машина элементтерінің инерциал моменті мен сермеу моменті .

Әдістемелік нұсқау:

1. Маховик, атанақ, блок, муфтаның табиғи үлгідегі геометриялық параметрлерін өлшеу.

2. Берілген машина элементінің иерция моменті мен сермеу моментін анықтау.

Жұмысты орындау уақыты– 2 сағат

Ұсынылған әдебиет :[6] с.66…67

Бақылау сұрақтары

  1. Маховиктің инерция моменті неге тең?

  2. Блоктың инерция моментін қалай анықтаймыз?

3.Муфтаның сермеу моментін анықтау.

№2 зертханалық жұмыс. Машинаның құрылымдық элементінің қосынды келтірілген қатаңдықтары.

Әдістемелік нұсқау:

  1. Гидроцилиндрден жетегі бар жебенің көтеру механизмінің эквивалентті сұлбасын келтіру.

  2. Кезекпен орналасқан серпімді элементінің қосынды қатаңдығын анықтау.

  3. Параллель орналасқан серпімді элементтің қосындысын анықтау.

  4. Төбесіне келтірілген жұмыс жабдығының (гидрожетекті жебе) қосынды қатаңдығына туынды жазу.

Жұмысты орындау уақыты – 2 сағат

Ұсынылған әдебиет : [6] с.88…91.

Бақылау сұрақтары:

  1. Үш кезекпен орналасқан серпімді элементінің қосынды келтірілген қатаңдығы неге тең?

  2. Үш параллель орналасқан серпімді элементінің қосынды келтірілген қатаңдығын анықтау.

  3. Гидрожетекті жүк тиегіштің жұмыс жабдығының серпімді элементінің қосынды келтірілген қатаңдығын қалай анықтаймыз?

  4. Кезекті және серпімді орналасқан серпімді элементінің қосынды келтірілген қатаңдығының туындысын жаз.

№3зертханалық жұмыс. ЖКМ-нің көтеру механизмінің келтірілген сұлбасын құру.

Әдістемелік нұсқау:

  1. Көтеру механизмінің кинематикалық сұлбасын және физикалық үлгісін келтіру.

  2. Қозғалтқыш білігіне келтірілген инерция моментінің қосынды мәнін табу.

  3. Бәсеңдеткіштің шығу білігіне , ал содан кейін атанаққа келтірілген инерция моментінің мысал мәнін табу.

  4. Жетектің және жүктің айналу бөліктерінің жүгіне келтірілген қосынды масса туындысын жазу.Написать выражение суммарной приведенной к грузу массы вращающихся частей привода и груза.

Жұмысты орындау уақыты – 1 сағат.

Ұсынылған әдебиет :[6] c.91…92; [10] с.149…150

Бақылау сұрақтары:

  1. Атанаққа келтірілген қосынды инерция моментінің туындысын жаз.

  2. Жетектің немесе жүктің айналатын бөлігінің жүгіне келтірілген қосынды массасы қалай анықталады?

  3. Айналу және кезекті қозғалатын массаның келтірілген массасы қалай анықталады?

№4зертханалық жұмыс. Пневмодөңгелекті машинаны орнынан қозғалтқандағы трансмиссия элементіне максимал динамикалық жүктелу.

Әдістемелік нұсқау:

  1. Пневмодөңгелекті машина трансмиссиясының айналу элементінің динамикалық сұлбасын келтіру.

  2. Айдау кезіндегі машинаның қозғалатын элементінің қосынды инерция моментін анықтау.

  3. Қозғалтқыш білігіндегі максимал динамикалық күшті анықтау.

  4. Жетекші дөңгелектің жарты өстерін жүктейтін максимал динамикалық момент туындысын жазу.

Жұмысты орындау уақыты – 2 сағат

Бақылау сұрақтары :

  1. Бірнеше шоғырланған массадан тұратын жүйені қалай елестетуге болады?

  2. Қозғалтқыш білігіндегі максимал динамикалық күш қалай анықталады?

  3. Айдау кезінде машинаның қозғалатын элементінің қосынды инерция моменті қандай тіуелділікте анықталады?

№5зертханалық жұмыс. Айдау кезінде кран арбасының білігі қабылдайтын максимал динамикалық жүктеме.

Әдістемелік нұсқау:

  1. Жетекші кранды жүріс арбасының кинематикалық сұлбасын келтіру.

  2. Кран арбасының қозғалатын элементінің жетекші дөңгелекке келтірілген массасын табу.

  3. Арбаның жетекші дөңгелегіндегі максимал динамикалық жүктемені анықтау.

  4. Бісеңдеткіштің шығу білігіне динамикалық моментті анықтау үшін туындыны жазу.

Жұмысты орындау уақыты – 2 сағат.

Бақылау сұрақтары :

  1. Кранды жүріс арбасының қозғалтқыш білігіндегі іске қосу моментін қалай анықтайды?

  2. Арбаның жетекші дөңгелегіндегі артық күшті қалай табады?

  3. Жетекші дөңгелекті жүктеу динамикасының коэффициентін анықтау үшін туындыны келтіру?

  4. Бәсеңдеткіштің шығу білігіндегі динамикалық моментті қалай анықтайда?

№6зертханалық жұмыс. Екі осьті дөңгелекті тартқыш жетегінің айналу бөліктерінің инерция моменті мен қосынды келтірілген массасы

Әдістемелік нұсқау:

  1. Екі осьті дөңгелекті тартқыштың эквивалентті динамикалық сұлбасын келтіру.

  2. Тартқыш массасының жетекші дөңгелегіне келтірілген туындыны жазу.

  3. Тартқыш трансмиссиясының қозғалатын элементінің жетекші дөңгелегіне келтірілген инерция моментіне туындыны жаз.

  4. Қозғалтқыш білігіне келтірілген массаны және жетектің айналу элементінің инерция моментін анықтау.

Жұмысты орындау уақыты – 2 сағат.

Бақылау сұрақтары :

  1. Машинаның айналатын және кезекті қозғалатын элементінің жетекші дөңгелегіне келтірілген қосынды массасын қалай табады?

  2. Тартқыш трансмиссиясының элементін жетекші дөңгелегіне келтірілген қосынды инерция моментін қалай анықтайды?

  3. Жетектің айналу бөліктерінің массасын және қозғалтқыштың білігіне келтірілген инерция моментін қалай анықтайды?

№7зертханалық жұмыс. Бульдозер металқұрылымына оны артық жүктелуінен сақтау мақсатында енгізілген серпімді элементінің қатаңдығы.

Әдістемелік нұсқау:

  1. Бульдозердің қатаң кедергілер кездескенде пайда болатын жүктемесін анықтау.

  2. Серпімді элементі бар бульдозер металқұрылымының келтірілген қатаңдығын анықтау.

  3. Серпімді элементтің қатаңдығын табу.

  4. Бульдозердің металқұрылымына енгізілетін серпімді элементтің ең үлкен деформациясын анықтау.

Жұмысты орындау уақыты – 2 сағат.

Бақылау сұрақтары :

  1. Бульдозердің метал құрылымына кіретін ,оны артық жүктелуден сақтайтын элементтерді ата.

  2. Серпімді элементтің қатаңдығын анықтайтын формуланы жаз.

  3. Метал құрылымын серпімді элемент жүйесінің жалпы деформациясын қалай табады?

  4. Бульдозердің метал құрылымының қатаңдығын қалай анықтайды?

  5. Серпімдң элементтің ең үлкен деформациясын қандай тәуелділікте анықталады?

№8зертханалық жұмыс. Автосамосвал жүріс бөлігіне, оның кузовының түбіне жүктің түсуі кезінде максимал жүктелу.

Әдістемелік нұсқау:

  1. Автосамосвалдың рессорларының және пневматикалық шинаның келтірілген қосындысының қатаңдығын анықтау.

  2. Жүктің бос құлауының жылдамдығын табу.

  3. Кузовына жүк түскендегі машинаның жүріс бөлігіндегі максимал жүктелуді табу.

  4. Динамикалық жүктелуді екі жағдай үшін анықтау: 1)жүктің кузовқа түсуі 2)жүкті кузовқа біркелкі түсіру.

Жұмысты орындау уақыты – 2 сағат.

Бақылау сұрақтары :

  1. Жүктің бос түсуінің жылдамдығын қалай табады?

  2. Машина рессоры мен оның пневматикалық шинаның келтірілген қосынды қатаңдығын қалай анықтайды?

  3. Қай формуламен жүктің кузовқа түскендегі машина рессорындағы максимал жүктелуді анықтауға болады?

  4. Жүкті біркелкі түсіргенде рессордағы максимал жүктелуді қалай табады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]