- •Қан жүйесінің патофизиологиясы
- •Анемиялар
- •Эритропоез бұзылыстарынан дамитын (дизэритропоездік) анемиялар
- •Тапшылықты анемиялар
- •Темір тапшылықты анемиялар
- •Теміртапшылықты анемияның патогенезі.
- •Сүлде аурулар кездеріндегі анемиялар
- •Сидеробластық анемиялар
- •Гем молекуласының түзілуі.
- •Фолий-тапшылықты анемия
- •Гипоплазиялық немесе аплазиялық анемиялар
- •Гемолиздік анемиялар
- •Жүре пайда болған гемолиздік анемиялар.
- •Жіті қансырау
- •Қансыраудан болатын (постгеморрагиялық) анемиялар
- •Лейкоздар
- •Лейкоздардың жіктелуі.
- •Жіті лейкоздар
- •Сүлде лейкоздар
- •Гемостаздың бұзылыстары
- •Қан тамырлары мен тромбоциттердің қатысуымен дамитын біріншілік гемостаз.
- •Қан ұю жолдары.
- •Қан ұюына қарсы (антикоагулянттық) жүйе
- •Фибринолиз жүйесі
- •Гемостаздың бұзылу түрлері
- •Қанағыштыққа бейімділік
- •Тамыр қабырғаларының бүліністерінен дамитын геморрагиялық диатездер
- •Тромбоциттердің өзгерістерінен дамитын қанағыштыққа бейімділіктер
- •Жүре пайда болған тромбоцитопатиялар
- •Коагулопатиялар
- •Гемостаздың плазмалық қан ұю факторлары мен тромбоциттік бұзылыстардың біріккен әсерлерінен дамитын геморагиялық диатездер.
- •Тромбоз, тромбэмболия
- •Тромбоз дамуында қан тамырлық-тромбоциттік гемостаз бұзылыстарының маңызы
- •Аяқ тіндерінде терең орналасқан көктамырлардың тромбозы мен өкпе артерияларының эмболиясы
- •Хирургиялық науқастарда аяқ тіндерінде терең орналасқан көктамырлардың тромбозы мен өкпе артериясының тромбэмболиясынан алдын-ала сақтандыру жолдарының патогенездік негіздері
- •Тамыр ішінде шашыранды қан ұю (тшқұ) синдромы
- •Тшқұ-синдоромының патогенезі
- •Тшқұ-синдромының зертханалық көрсеткіштері
- •Тшқұ-синдромы кезіндегі қан ұю жүйесінің зертханалық көрсеткіштері
- •Жіті және жітілеу тшқұ-синдромын емдеу ұстанымдары
Фибринолиз жүйесі
Фибринолиз — қанның плазминоген-плазмин протеолиздік ферментті жүйесімен жүреді. Плазминоген бауырда, сүйек кемігінің эозинофилдерінде, бүйректе өндірілетін гликопротеид. Қанда оның мөлшері 1-2 мкмоль/л болады. Плазминоген тек фибрин болғанда ғана әсерленеді. Қан плазмасында және әртүрлі тіндерде (жатыр, қалқанша без, өкпе, ұйқыбез, қуық асты безі) плазминогенді плазминге ауыстыратын әсерлендіргіш заттар (активаторлар) болады. Олар тамырлардың, әсіресе көктамырлардың, венулалардың, өкпе артерияларының эндотелий жасушаларында өндіріледі. Оларды плазминогеннің тіндік әсерлендіргіштері дейді және олардың бір өкілі болып урокиназа есептеледі.
Кейбір бактериялар туындыларының (мәселен, стрептокиназа) плазминогенді плазминге ауыстыру қабілеті бар. Стрептокиназа тікелей әсер етпейді. Алдымен ол плазминогенмен қосылып, стрептокиназа-плазминоген кешенін құрады, содан кейін осы кешен плазминогенді әсерлейді. Сонымен, плазминоген әрі әсерлеуші, әрі әсерленуші зат болады. Қандағы плазминогенді әсерлендіретін заттардын мөлшері қол жұмысынан немесе басқа ауыртпалықтардан кейін, организмге никотин қышқылын немесе пирогендік заттар енгізгеннен кейін көтеріледі.
Қанның тамыр ішіндегі ұюы фибринолиздік жүйенің негізгі табиғи әсерлендіргіші болады. Плазминогеннің әсерленуінде белсенді Хагеман факторы (калликреин-кининдік және комплемент жүйелерінің қатысуымен), тромбин және фибрин қатысады.
Фибринолиз лейкоциттердің лизосомалық қышқыл протеазаларының әсерлерінен де болады. Фибринолиздің әсерлендіргіштерінің әсерінен плазминогеннің молекуласы ферменттік ыдырауға түсіп, плазминге айналады. Плазминнің фибрин - фибриногенге қарсы протеолиздік қасиеті бар. Фибриннің ыдырауы бірнеше сатыда өтеді.
Сонымен бірге қан сұйығында қандағы плазминогеннің әсерлендіргіштерін бәсеңсітетін де заттар болады. Оларды плазминогеннің әсерлендіргіштерінің бәсеңсіткіштері дейді. Мәселен, α -глобулиндерге жататын антиплазмин фибринолизді реттейді және оның үдемелі қарқынын тежейді.
Фибринолизді емдік мақсатта арттыру бактериялардан алынатын ферменттердің (стрептокиназа т. б.) немесе урокиназаның көмегімен жүргізіледі. Керісінше фибринолизді тежеу үшін жасампаздық жолмен алынған аминқышқылдары, сонымен қатар жануарлардан және өсімдіктерден алынатын антипротеазалар (трасилол, контрикал т.с.с.) қолданылады.
- сызбанұсқа
Гемостаздың бұзылу түрлері
Гемостаз жүйесіндегі бұзылыстар оның барлық (қан тамырлық, тромбоциттік және қан ұюлық) сатыларында байқалады. Олар қанауға бейімділікпен, тромбоздық синдромдармен және тамыр ішіндегі шашыранды қан ұю синдромымен (ТШҚҰ-синдромымен) көрінуі мүмкін ( - сызбанұсқа).
- сызбанұсқа
Қанағыштыққа бейімділік
Қанағыштыққа бейімділікті геморрагиялық диатездер дейді. Олар:
● қан тамырларының қабырғаларының бүліністерінен;
● тромбоциттердің өзгерістерінен;
● плазмалық қан ұю факторларының бұзылыстарынан;
● тромбоциттердің өзгерістері мен қан ұюдың біріккен бұзылыстарынан - дамуы ықтимал.
