Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6.Қан жүйесінің патофизиологиясы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Тшқұ-синдромының зертханалық көрсеткіштері

Жіті ТШҚҰ-синдромын зертханалық аңғару шеткері қанда тромбоциттердің санын, ұю факторларының тұтынылуын және фибринолиз дамуын анықтайтын көрсеткіштер арқылы болады.

Бұл синдром кезінде V және VIII факторлардың мөлшері азаяды. Бірақ бауыры ауыратын адамдарда V фактор өз бетінше аз болуы мүмкін. Өйткені бауыр ұлпасы бүлінгенде бұл фактордың өндірілуі де азаяды. Егер ТШҚҰ-синдромы бауыр қызметі бұзылған науқастарда дамыса, онда V және VIII факторлардың мөлшері қатты төмендейді. Антитромбин III, протеин С, α2-антиплазмин тым азаяды. Қан жағындысында бөлшектелген эритроциттер (шизоциттер) пайда болады. Бірақ олардың болмауы ТШҚҰ-синдромы жоқ екенін көрсетпейді.

ТШҚҰ-синдромы кезіндегі коагулограмманың өзгерістері – кестеде келтірілген. Бұл кезде шеткері қанда тромбоциттердің саны, фибриногеннің мөлшері азаяды, протромбин уақыты мен жартылай әсерленген тромбин уақыты ұзарады (-кесте).

Қанда фибриннің ыдырау өнімдері (еритін фибрин, фибрин-мономерлері, Д-димерлер) көбеюі тромбин мен плазминнің артып кетуін көрсетеді.

- кесте

Тшқұ-синдромы кезіндегі қан ұю жүйесінің зертханалық көрсеткіштері

Көрсеткіштері

қалыпты жағдайда

ТШҚҰ-синдр.

Тромбоциттердің саны (х109/л)

150-400

150 ден аз

Протромбин уақыты (сек.)

12-14 .

15 тен астам

Жартылай әсерленген тромбин

уақыты (сек.)

25-38

38 ден астам

Фибриногеннің мөлшері (мг%)

150-350

150 ден аз

Фибриннің ыдырау өнімдері

(мкг/мл)

2-10

20 дан астам

Д-димерлер

анықталмайды

анықталады

Жіті және жітілеу тшқұ-синдромын емдеу ұстанымдары

ТШҚҰ-синдромын емдеу шаралары:

● шұғыл түрде (мұмкіншілігінше ерте) синдром дамуына әкелген негізгі себепкер ықпалды емдеуге (хирургиялық әдіспен қанауды тоқтату, антибиотиктер, антидоттар т.б. тағайындау);

● жаңадан мұздатылған қан плазмасын немесе табиғи антикоагулянттар (антитромбин III + протеин С, протеин С + тромбомодулин + антитромбин III) қоспаларын құю арқылы жоғалтылған антикоагулянттардың, плазминогеннің, ұю факторларының орнын толтыруға бағытталады;

● тамыр ішінде шашыранды қан ұюын тоқтату үшін гепарин енгізуге мәжбүрлік болады. Гепариннің жағымсыз жақтарын жоғарыдан қараңыз. Бірақ жаңадан мұздатылған қан плазмасын гепаринсіз енгізу ТШҚҰ-синдромын ушықтырып жіберетін мүмкіншілігін есте сақтау қажет! Өйткені қан сұйығымен ұю факторлары, плазминогеннің әсерлендіргіштері бірге енгізіледі.

Жаңадан мұздатылған қан плазмасын 230-260 мл немесе одан екі есе көп мөлшерінде тәулігіне 2-4 рет көктамырға тамызғымен 15-20 минут ішінде енгізу қажет. Енгізер алдында әрбір 230-260 мл плазмаға 500-1000 бірлік гепарин қосылады. Бұл кезде гепариннің әсерін мезгіл-мезгілт тексеріп отыру қажет.

Егер гепаринмен емдей бастағаннан кейін бір тәуліктің ішінде фибриноген 40 мг%-ға көбейсе, фибриногеннің ыдырау өнімдері екі сұйылтуға азайса, протромбиндік уақыт 24 сағаттан кейін қалпына келсе, 4-5 күннен кейін тромбоциттердің саны көбейсе және қан кетудің тоқтауы, акроцианоз жоғалуы және жаңа қан құйылулар пайда болмауы науқастың жағдайы оңалғанын көрсетеді.

Егер келтірілген қан көрсеткіштерінің тек екі ғана көрсеткіші жақсарса және ауыр қан кету тоқталса, жаңа қан құйылулар пайда болмаса, акроцианоз жоғалса, онда науқастың жағдайы біршама оңалғанын байқатады.

Егер бұл көрсетілгендер үдей түссе, қан кету күшейсе, онда науқастың жағдайы ауырлағаны.

● қажеттілігі болған жағдайда антипротеазалық ферменттер қолдануға болады;

● ауыр қан кетулер және қанда тромбоциттердің саны 100х109/л-ден төмен азайғанда, нүктелі қанталаулар пайда болса тромбоциттердің массасын құю пайдалы;

● тоқтамайтын қан кетулер кездерінде НовоСэвен дәрісі қолданылады. Бұл препарат бүлінген тамырларға әсер етіп қанауды тоқтатады. Ол физиологиялық мөлшерде тіндік фактормен байланысып қан ұюын сергітеді. Одан көбірек мөлшерлерде әсерленген тромбоциттермен байланысып әсер етеді.

Солармен бірге, бүлінген ағзалардың қызметтерін қалпына келтіруге бағытталған емшаралар қолданылады. Ол үшін:

● тіндік фактордың босауын арттыратын гипоксемияны жою мақсатында науқасты, демді сыртқа шығару кезінде көтеріңкі қысым туындататын, жасанды тыныс алу аспабына қосып дем алдыру;

● бүйрек, бауыр қызметтерінің жеткіліксіздігін емдеу;

● ішек-қарын жолдарының қанауын тоқтату – қажет.

Бүйрек қызметінің жіті жеткіліксіздігі болса 5%-дық глюкоза ерітіндісінде дайындалған допаминнің 0,05%-дық ерітіндісін көктамырға тамызғымен минутына 5-10 тамшыдан енгізу және онымен бір мезгілде зәрайдатқы - лазиксті пайдалану қажет. Егер осыдан емдік нәтиже болмаса, онда плазмаферез, тым ушыққан жағдайда гемодиализ әдістері қолданылады.

Сүлде ТШҚҰ-синдромы мына жағдайларда пайда болады:

● жатырда өлі ұрық болғанда; бұл кезде тіндердің бүліністерінен тіндік тромбопластин босап шығады;

● қатерлі өспелер дамығанда, өспе жасушалары қанайналымға муцин және қан ұйытқыларын (тіндік фактор, Х-факторды әсерлендіретін фермент және антикоагулянттық әсер ететін фосфолипид) бөліп шығарады;

● бауыр аурулары (цирроз, некроз) кездерінде, қан ұю факторларының өндірілуі бұзылыстарымен қатар, фибринолизді тежейтін антиплазминдер түзілуі шектелуінен созылмалы түрде, сүлде ТШҚҰ-синдромы пайда болуына әкелетін, майда тамырларда тромбоздар дамуы болады.

Белгілі ағзалар мен тіндерде шектелген ТШҚҰ-синдромы. Кейбір дерттер кездерінде тромбоциттер мен қан ұю факторлары белгілі бір ағза мен тіндерде ғана шектеліп тұтынылады. Бұндай ауруларға: қолқа аневризмасын, гемангиома өспесін, бүйрек ауруларын, жарақаттың нәтижесінде дамыған жіті тыныстық дистресс-синдромды жатқызуға болады. Бұл ағзаларда қан іркілуінен тромбоциттер мен ұю факторлары тамыр ішінде шоғырланып, олар қан ұюына артық тұтынылады.

Зертханалық белгілеріне қанда:

● тромбоциттер азаюы;

● фибриннің ыдырау өнімдері көбеюі немесе D-димерлер анықталуы;

● протромбиндік уақыт және жартылай әсерлендірілген тромбин уақыты ұзаруы (немесе қалыпты болуы);

● фибриногеннің деңгейі мен VIII фактордың мөлшері төмендеуі – жатады.

Қатерлі өспелер кездерінде олар көбейеді.

Қолқа аневризмасы, гемангиома, қатерлі өспелер кездерінде ТШҚҰ-синдромын гепаринмен емдеу нәтижелі болады. Жатырда өлі ұрық болғанда оны алып тастағаннан кейін гемостаздың көрсеткіштері қалпына келеді.