Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3b36762b-90d2-11e3-8e6b-f6d299da70ee3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
267 Кб
Скачать
☆

2.«Эксперименттік психология» пәнінің дәрістік материалдары. Тақырып: Эксперименттік психологияға кіріспе. 2сағат. Мақсаты: Эксперименттік психология туралы түсінік қалыптастыру.

Психологиялық зерттеудің әдіснамалық принциптерін қарастыру. Студенттерде экспериментік психология жайлы білімді бекіту.

Жоспар:

1.Ғылым әдіснамасы.

2.Психологиялық зерттеудің әдіснамалық принциптері.

3.Психологиядағы әдістер классификациясы.

4.Психологиялық зерттеу этикасы.

Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:

Психология ғылыми және қолданбалы болып екіге бөлінеді. Ғылыми психология адам, оның психикасын, мінез – құлқын, таныммен байланысты мәселелерді шешуге қажет теориялық білімдерді алуға бағдарланған. Қолданбалы психология практикалық міндеттерді шешеді: адам іс - әрекет жетілдіру, оның мінез – құлқын жақсарту, психикалық даму деңгейін көтерумен байланысты практикалық нұсқалар жасайды.

Экспериментальды ғылыми психологияда – осы ғылымды байытатын білімдер жинақталады, бірақ олар әрқашанда практика жүзінде пайдаланылмайды.

Экспериментальды практикалық психологияда болжамдар мен ұсыныстар беріледі және тексеріледі.

  • Эксперименттік психология қызықты, ең күрделі пән болып табылады. Экспериментальдық әдістер нормативін білу психологтың кәсіби деңгейін көрсетеді. Эксперименттің басқа әдістерден айырмашылығы құбылыстар арасындағы себеп – салдарлық байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Тек эксперимент жүргізу арқылы ғана сенімді қорытынды қалыптастыруға болады.

Эксперименттік зерттеулердің негізгі белгілері:

  1. Мәселенің болуы (өмірлік маңызы бар сұрақ)

  2. Осы мәселені шешудің болжамының болуы. Болжам міндетті түрде тексеріледі және дәлелденеді

  3. Болжамдардың ғылымилығы (ұсыныстарымыз бір – біріне қарама – қарсы болмауы керек)

  4. Ғылыми эксперимент: даярлау және өткізу

  5. Математикалық статистика әдістерін пайдаланып, нәтижелерін өңдеу.

Ғылыми экспериментсіз шешілмейтін мәселелерге жатады:

  1. Балалардың және ересек адамдардың психологиялық дамуын жеделдету. Үлкендердің көмегімен орындаған тапсырманы (қандай да іс - әрекеттің) баланың миында пайда болуы. Л.С.Выготский: «Жақын арадағы даму аймағы».

  2. Жастық даму дағдарысын анықтау және оны жеңу.

  3. Дамудағы сензетивтік кезеңді диагностикалау. Таным процесінің, ерекшелігінің психикалық дамуына ешқандай ауыртпашылық түспей даму кезеңін сензетивтік кезең деп аталады.

  4. Баланың шынайы мүмкіншіліктеріне және оның психологиялық дамуының перспективаларына сәйкес келетін оқу мазмұнын таңдау.

  5. Оқытудың әдіс – тәсілдерін дамытушыға айналдыру (психологиялық тұрғыдан).

Эксперименттік психологияның мәселелерін шешудің

тәсілдері мен құралдары

Дұрыс даярланған, тиянақты өткізілген психологиялық эксперимент көптеген сұрақтарға дұрыс жауап беруге көмектеседі.

Эксперимент зерттеу мәселесін нақты анықтаудан басталады. Эксперимент үшін алынған мәселелер келесі критерийлерге жауап беру керек:

  1. өзектілігі немесе көкейкестілігі

  2. жаңалығы

  3. практиканың маңыздылығы.

  1. Ғылыми мәселенің өзектілігі. Оны зерттеу үшін таңдаудағы маңызды аргумент. Осы мәселені шешу үшін керектігін, оның қазіргі талаптарына сәйкестігін көрсетеді.

  2. Жаңалығы. Мәселенің басқа сипаты. мәселені шешудегі талпыныстарды кең және терең зерттеу нәтижесінде жаңалық анықталады.

  3. Практикалық маңыздылығы. Мәселені шешудегі табылған шешім осы жағдайды қаншалықты жақсы жағымен өзгертетіне негізделеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]