- •1.Глоссарий
- •2.«Эксперименттік психология» пәнінің дәрістік материалдары. Тақырып: Эксперименттік психологияға кіріспе. 2сағат. Мақсаты: Эксперименттік психология туралы түсінік қалыптастыру.
- •Тақырып: Эксперименттік әдіс тарихы. 2сағат.
- •Тақырып: Эмпирикалық зерттеу жүйесіндегі бақылау әдісі. 1сағат.
- •Тақырып: Эксперимент зерттеушінің практикалық іс-әрекетінің түрі ретінде. 2сағат.
- •Тақырып: Психологиялық эксперименттегі болжам және бақылау формалары. 1сағат.
- •Тақырып: Психологиялық эксперименттің процедураса мен негізгі сипаттамасы. 1сағат.
- •Тақырып: Экспериментті жоспарлау. 2сағат.
- •Тақырып: Психологиядағы өлшеу түрлері. Өлшеу әдістері. 2сағат.
- •3. Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.
- •4. Студенттердің өздік жұмысы.
- •Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
- •Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Тақырып: Эксперимент зерттеушінің практикалық іс-әрекетінің түрі ретінде. 2сағат.
Мақсаты: Психологиялық эксперименттегі экспериментатордың белсенділігі туралы түсінік беру. Себептік қорытындыны жүзеге асыру үшін жағдай жасау.
Жоспар:
1.Психологиялық эксперименттегі экспериментатордың белсенділігі. 2.Себептік қорытындыны жүзеге асыру үшін жағдай жасау.
3.Бақылаудың/ тексерудің/ өзгергіштік мәселесі.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:
Эксперимент – зерттеудің ең күрделі түрі. Белгілі психолог экспериментатор П.Фресс, Ж.Пиаже былай деп жазады: «Эксперимент әдісі бұл ақыл тәсілінің формасы. Өзінің логикасы мен өзінің техникалық талаптары бар. ОЛ асығыстықты жақтырмайды, баяулық, сенімділік қуанышын сыйлайды». Экспериментсіз ғылым да, практик да мүмкін емес. Эксперимент – бұл ғылыми және қолданбалы болжамдарды тексеруге бағытталған зерттеу түрі. Болжамсыз эксперимент жоқ, себебі қазіргі талаптарға жауап беретін сенімді теориялық және статистикалық дәлелдеулер де жоқ.
Психологиялық эксперимент сақтайтын статистикалық ережелер:
мәселені анық қалыптастыру, зерттеу мақсаттары мен міндеттерін, ондағы тексерілетін болжамды қалыптастыру;
эксперименттің қаншалықты нәтижелілігі өткенін анықтайтын критерийлер мен белгілерді орнату;
зерттеу пәні мен объектісін анықтау;
зерттейтін объектіні, пәнді диагностикалайтын әдістерді таңдау (жоқ болса жасау);
өткізілген эксперимент нәтижелерін көрсетудің формаларын анықтау;
эксперимент нәтижелерін ғылыми және практикалық қолдану салаларына сипаттама (эксперимент шыққан практикалық
қорытындылар мен ұсыныстар).
Шолу – талдау зерттеуінде тақырып бойынша әдебиеттерді іріктеу,талдау, оқу, зерттеуді бағалау.
Негізгі міндеті: бар әдеби берілулермен іс барысының жалпы күйін анықтау, жауаптары табылған сұрақтарды табу, жауап табылатын сұрақтарды табу.
Қойылатын талаптар:
таңдалған тақырып пен талданған әдебиеттер мазмұнының арақатынасы
оқылған әдебиеттердің толық тізімі
жазбаша жұмысының мазмұнында әдебиеттердің терең талдануы
бар әдеби берілулерді жүйелі мазмұндау
жазба жұмысының мәтінінің логикалығы мен оның сауаттылығы, дұрыс көркемделуі
қорытынды қысқа және нақты болуы керек әдебиеттер тізімі.
Шолу – талдау бөлімінен басқа және дәлелденген шолу болады. Сындық талдау басқа зерттеушілердің сыны болуы мүмкін немесе басқа пікірлерді де білдіреді. Әдебиеттерді шолу мен сындық талдаудан басқа автордың өзіндік теориялық ойы болады. Ол осы қойылған мәселені шешуге бағытталады.
Талаптар:
пайдаланылған ұғымдардың, анықтамалардың дәлдігі;
жүйелілігі;
ой қорытындыларында қайшылықтардың болмауы.
Тәжірибелік зерттеу негізіне әдебиет берілулері, ұғымдар кірмейді, ол шындықтағы сенімді фактілер. Мұндай зерттеу фактілерді жинау және талдаудың әдістерін талдаумен жүргізіледі. Тәжірибелік зерттеудің суреттемелісі – аз зерттелген объект немесе құбылысқа қатысты жаңа фактілер тәжірибе негізінде алынған анықтамалармен суреттеледі.
Түсіндірмелі – жинақтау және талдау ғана емес, алынған фактілерді түсіндірумен де айналысады.
Әдістемелік зерттеудің мақсаты жаңа психодиагностикалық әдістемені жасау, негіздеу және практикада тексеру.
