Есеп 10
Экспериментте жануардың жұлыны кесілген.
Сұрақтар.
Жұлындық шок жойылған соң жануарда қандай симптомдар пайда болады?
Осы симптомдарың пайда болу механизмі қандай?
Сізге жұлынның қандай функциялары мәлім?
Жауаптар.
Жарақаттан кейін жұлындық шок өткен соң аяқ қолдардың ерікті қозғалысы жойылады, қаңқа бұлшықеттерінің тонусының жоғарылауы байқалады және кеудемен аяқ-қолдардағы сезімталдықтың барлық түрі жойылады.
Жұлынның мидың жоғарғы бөлімінде орналасқан бөлімдерімен байланыстары толық тоқтайды.
Сегментарлық-рефлекстік функциясы өткізгіштік функциясы, жұлын орталықтарының автоматия функциясы.
Есеп 11
Клиникаға сопақша ми құрылымдарына қан құылған науқас түскен.
Сұрақтар.
Сізге сопақша мидың қандай негізгі орталықтары мәлім?
Сопақша ми зақымдалған кезде қандай симптомдар байқалады?
Сопақша мидың зақымдалу қаупі не болып табылады?
Жауаптар.
Жүрек-қантамыр орталығы,тыныс алу орталығы, қозғалыс реакциялары орталығы: құсу, түшкіру, жөтел, кейбір тоникалық рефлекстердің орталықтары.
Жүрек-қан тамыр және тыныс алу функцияларының бұзылыстары.
Жүректің тоқтауы, коллапс, тыныс алудың тоқтауы.
Есеп 1
Адам кенеттен есінен тайды. Горизонтальды жағдайда жатқаннан уақыт өткен соң зардап шеккеннің санасы қалпына келеді, бірақ шатысып қалады, әлсіздік, бастың айналуы сақталады. Тексеру кезінде тыныс алуы беткей, пульсі әлсіз толған,ЖСЖ-260 рет/мин, АҚ-85/65.
Сұрақтар.
Естен танудың мүмкін болған себебі қандай?
Кардиогемодинамиканың анықталған өзгерістері неге байланысты болуы мүмкін?
Тахикардияны қалайша төмендету мүмкін? Бұл кезде АҚ өзгереді ме?
Ұсынылған манипуляциялардың негізінде қандай физиологиялық механизмдер жатады?
Жауаптар.
Мүмкін себебі-ұстамалы тахикардия. Осындай дәрежелі тахикардия кезінде диастола кезеңінің ұзақтығы төмендейді және осыған сәйкес қарыншалардың диастолалық қанмен толуы да төмендейді. Жүректің насостық функциясының төмендеуіне ми қан айналымының төмендеуіне және мидың гипоксиясына әкеп соқтырады, осы көрсетілгендер естен танудың себебі болып табылады.
Артериялық қысым төмендеген кезде тамырлардың барорецепторларынан импульсация азаяды, бұл өз кезегінде өздігінен реттелудің ішкі буынын іске қосады, осының нәтижесінде жүректің қызметі күщейеді.
Тахикардияны азайтудың қарапайым әдісі көз-жүрек рефлексін (Данини-Ашнер рефлексі) орындау қажет.
Көз алмаларын басқанда тітіркену гипоталамусқа өткізіледі, сонан соң-сопақша мидың орталықтарына өткізіледі, бұл жерде жүрек ырғағының белсенделігін жоғарылататын төмен бағытталған парасимпатикалық әсерлер туындайды: ЖСЖ төмендейді.
Есеп 2
Эксперименттік жануарда депрессорлық нервтерді кесу нәтижесінде артериялық қысымның тұрақты жоғарылауы орын алады.
Сұрақтар.
Депрессор нервтерді кесу табиғи жағдайда тууы мүмкін қандай ахуалды модельдейді.
Көрсетілген нервтерді сипаттаңыз (орналасуын, физиологиялық маңызын және т.б.).
Қысымның жоғарылауы неге байланысты?
Жауаптар.
Тұрақты артериялық гипертензия кезінде барорецепторлар адаптацияға (бейімделу) ұшырайды, осының нәтижесінде импульстер олардан қантамыр қозғалтқыш орталығына өтпейді де артериялық қысым жоғары деңгейде қалады.
Депрессорлық (қолқалық) нервтер: сол жақтағы- орталыққа тепкіш нерв талшықтары мен және қолқа доғасында орналасқан рецепторлардан басталады, оң жақтағы оң бұғанаасты артерияның рецепторларынан басталады. Екеуі де кеңірдек нерві құрамында кезбе нервтердің түйінді ганглийіне, сонан соң сопақша миға барады. Артериялық қысым өзгерген кезде импульстар осы жол арқылы таралады.
Барорецепторлардан импульстер берілмеген кезде жұлын орталықтарына әсер ететін кезбе нервтің орталық нейрондары және жасушалары тежеледі. Сопақша ми орталықтарының ілесе қозуы принципі бойынша жүрек жұмысы күшейіп, тамырлардың саңылауы тарылады. Осының нәтижесінде артериялық қысым жоғарылайды.
Есеп 3
26 жастағы тексерілетін ер адамда пульс толқыны таралуының жылдамдығын анықтау үшін қолқа реограммасы және сол білектің реовазограммасы тіркелген. Қолқа аймағындағы электродтар мен білектегі бірінші (проксимальды орналасқан) қос электродтар арасындағы қашықтық 52 см, реовазограмма пульсі толқынының кідіріс уақыты қолқа реограммасымен салыстырғанда 0,05 с құрайды.
Сұрақтар.
Науқаста пульс толқынының таралу жылдамдығын (ПТТЖ) анықтаңыз және бұл өлшемнің тиісті көрсеткіштерге арақатынасын бағалаңыз : ПТТЖ тиістінің 8Ж+425 (см/с), бұл жерде Ж-тексерілушінің жасы.
Адамда пульс толқыны таралу жылдамдығы нені білдіреді?
Науқаста ПТТЖ-ның ауытқулары немен байланысты болуы мүмкін?
Жауаптары.
633 см/с.
Пульс толқыны таралуының жылдамдығы артериялық қан тамырлар қабырғасының тоникалық кернеуі серпімділігінің жағдайын сипаттайды.
Науқаста ауытқулар анықталмаған, көрсеткіштер жастық нормативтерге сәйкес келеді.
Есеп 4
Науқасқа функциональдық кардиологиялық тексеру жасаған кезде атриовентрикулярлық кідірістің уақыты ұзайғаны анықталған.
Сұрақтар.
Қандай аспаптық тексеру негізінде осындай тұжырым жасау мүмкін?
Көрсетілген деректер қандай анықталған (қандай диагностикалық белгілер негізінде)?
Бұл тәсілмен миокардтың қандай қасиетін бағалауға мүмкіндік береді?
Жауаптар.
ЭКГ-ға негізделген.
Р-Q интервалының ұзарғаны.
ЭКГ миокардтың қозғыштығын, өткізгіштігін, автоматизмін бағалауға мүмкіндік береді.
Есеп 5
Клод Бернардың тәжірибесінде постганглионарлық симпатикалық нерв талшықтарын (қоянның құлақ артериясын иннервациялайтын) кескен кезде, кесілген жақтағы құлақтың қызаруы байқалған. Кесілген нервтің перифериялық кесіндісін 1-3 Гц жиіліктегі токпен тітіркендіргенде құлақтың реңі қалпына келгені байқалған, ал тітіркендіру жиілігін 8-10Гц-ке дейін жоғарылатқан кезде бозарған (сау құлақпен салыстырғанда).
Сұрақтар.
Анықталған әсерлер неге байланысты?
Эксперимент нені дәлелдейді?
Осыған ұқсас әсерлерді парасимпатикалық нервтерді кескенде туындатуға бола ма?
Жауаптар:
Симпатикалық нервтерден импульсацияның болмауы тамырлардың кеңеюіне әкеледі, ал нервтің перифериялық ұшын тітіркендіргенде тамырдың тонусын қалпына келтіреді.
Бұл эксперимент тамыр тонусының негізінен вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлімімен қолдау табатындығын дәлелдейді.
Көптеген тамырлардың парасимпатикалық иннервациясы жоқ. Парасимпатикалық нервтермен кіші жамбас, ми артериялары және жүрек иннервацияланады. Кескен кезде тамырлар тарылады.
