Есеп 14
Тексерілушіде ЭКГ-ны тіркеген кезде қозудың жүрекшелерден қарыншаларға өтуінің 1,5 есе баяулауы анықталған.
Сұрақтар.
Бұл жүректе қандай өзгеріс бар екенін көрсетеді?
Бұл өзгерістер қалай аталады?
Жауаптар.
ЭКГ-да P-Q аралығының жоғарылаған.
Қозудың жүрекшелерден қарыншаларға өтуінің баяулауы атриовентрикулалық кідіріс деп аталады.
Есеп 15
16 жастағы жасөспірімде тыныштық жағдайда ІІ стандарт күйде және фонокардиограмманы микрофонды жүрек ұшының проекциясына қойып тіркелген. Фонокардиограммада осцилляцияның екі компоненті айқындалған. Біріншісі- ЭКГ-дағы R тісшенің шыңына,екіншісі –T-тісшенің шыңына сәйкес келеді.
Сұрақтар.
Тіркелген дыбыстарға талдау жасаңыз.
Олардың келіп шығу табиғаты қандай?
Жауаптар.
Тіркелген жүрек тондарының біріншісі (систолалық) және екіншісі (диастолалық) –қалыпты жағдайда.
Бірінші тон қарыншалар систоласының басталуы (систолалық) кезінде дамиды және атриовентрикулалық қақпақшалардың жабылуы кезінде олардың тербелістерімен ашылып жатқан айшық қақпақшалардың тербелістерімен, қолқаның бастапқы бөлімдері мен өкпе сабауына қанның түсуімен байланысты (төмен жиіліктегі және төмен амплитудалы компонент). Екінші тон диастола кезеңінде (диастолалық) туындайды. Оның екі компонентін ажыратады- жоғары амплитудалы қолқа қақпақшасының жабылуы кезінде оның кернеуімен, төмен амплитудалық- өкпе сабауы қақпақшасының жабылуымен байланысты.
Есеп 4
Т. есімді 45 жастағы науқас, мамандығы – рентгентехник, клиникаға созылмалы сәуле ауруына күдікпен түсті. Қанға талдау жасаған кезде мынадай нәтижелер алынды. Гемоглобин-117 г/л, эритроциттер-32х1012/л, түстік көрсеткіш-1,0, лейкоциттер-2500/л, базофилдер-0, эозинофилдер-1 % , тромбоциттер-75х109/л ЭТЖ-16 мм/сағ.
Сұрақтар.
Осы науқас қанының көрсеткіштерінің қалыпты көрсеткіштерден қандай айырмашылығы бар?
Осы қан көрсеткіштері иондаушы сәулеленудің әсерінен бодуы мүмкін бе?
Жауаптар.
Осы науқастың қан көрсеткіштері қалыпты көрсеткіштерден лейкоциттер санының азаюымен, тромбоциттердің азаюымен, ЭТЖ көрсеткішімен айырмашылығы бар.
Науқастың мамандығы иондаушы сәулеленумен байланысты болғандықтан, қанның осы көріністері адам ағзасына зиянды фактордың әсері болуы мүкін, бұл кезде лейкоциттер мен тромбоциттердің өндірілуі тежеліп, қанның қорғаныстық функциялары бұзылады.
Есеп 5
Әйелде қарын аймағында өткір ауырсыну пайда болғанына шағым жасайды. Ауырсыну тұрақты сипатта болып, қозғалыста және жүрген кезде күшейеді.Пальпация кезінде оң мықын аймағында жергілікті ауырсыну байқалады. Дене температурасының 38,1°С-қа дейін көтерілген. Қан талдауында – гемоглобин-110 г/л, лейкоциттер-14х109/л, ЭТЖ-14 мм/сағ.
Сұрақтар.
Науқас қанында қандай өзгерістер бар?
Лейкоцитарлық формуланың солға жылжуы деген не?
ЭТЖ дегеніміз не және оның мөлшеріне қандай факторлар әсер етеді?
Жауаптар.
Науқастың қанында мынадай өзгерістер бар-лейкоциттер санының жоғарылауы, ЭТЖ-ның жылдамдауы, лейкоцитарлық формулада өзгерістер.Осы өзгерістер мен науқастың шағымдары қабыну үрдісінің бар екеніне куә болады.
Лейкоцитарлық формуланың солға жылжуы жетілмеген нейтрофильді үлесінің жоғарылауын және аурудың бастапқы кезеңін көрсетеді.
ЭТЖ- эритроциттердің тұну жылдамдығы, мм/сағ-пен өлшенеді, ЭТЖ-ны анықтау үшін Панченков аспабы қолданылады. Эритроциттердің тұну жылдамдығының өзгеруіне келесі факторлар әсер етуі мүмкін-плазма ақуыздары фракциясының арақатынасының өзгеруі, қанның тұтқырлығымен, эритроциттер санының өзгеруі, температура , айналымдағы қан көлемі, қанның рН-ы.
Есеп 8
Жануарда эксперимент жасау барысында гемоглобин құрылымының бұзылуына әкелетін гендердің өзгеруі орын алды.Осы кезде гипоксияның белгілері де туындады (ЖСЖ мен тыныс алу жиілігі жоғарылады). Қанға талдау жасағанда эритроциттердегі гемоглобин мөлшерінің төмендегені анықталды.2 аптадан соң қанда эритроциттер мөлшерінің көбеюі, жүрек соғуының жиілігі мен тыныс алу жиілігі қалыпқа келген.
Сұрақтар.
Эксперимент барысында қанның қандай функциясы бұзылған және оның себебі не?
Қандай компенсаторлық реакциялар ағзаларда гипоксия көріністерінің төмендеуіне әкелді және олар қандай көрініс береді?
Қанның қандай көрсеткіштері гемоглобин мөлшерінің деңгейіне байланысты?
Жауаптар.
Экспериментте қанның тасымалдаушы функциясының бұзылуы анықталған, атап айтсақ-ағзаларға оттегі тасымалдануының бұзылуы.Бұл қанның эритроциттерінде гемоглобин мөлшерінің төмендеуінен туындаған.
Жануарда компенсаторлық реакция ретінде тыныс алудың жиілеуі орын алған.
Қанның оттегілік сыйымдылығы оның қандағы мөлшеріне байланысты, сонымен қатар гемоглобиннің буферлік функциясы туралы да ұмытпау керек-қанның рН-н реттеудегі ролі.
Есеп 1
Тексерілушіде ( 55 жастағы ер адам, бойы 180 см) тыныс алу ағзаларының функциональдық жағдайын зерттеу кезінде өкпенің өмірлік сыйымдылығы 4000 мл, Тиффно индексі 60%-ға тең, анатомиялық өлі кеңістік мөлшері 120 м-ге тең екені анықталған.Қосымша тексерулер кезінде бронхтардың кілегейінде мукоциттердің функциясы бұзылмағаны, тыныс жолдарында бөгде заттармен ісіктік құрылымдардың жоқ екені анықталған.Дәрігер медикаменттік емдеу тағайындаған.
Сұрақтар.
Тексерілушіде қалыптыдан қандай ауытқулар байқалған, оларды қалай дәлелдеуге болады?
Тексеруден алынған нәтижелерден не туралы ойлау мүмкін?
Анықталған ауытқуларды жою үшін тағайындалған дәрілік препараттардың әсер ету механизмі қандай болуы тиіс?
Жауаптар.
Номограммаларды көмегімен дәлдік болуы үшін – Клеменс кестесін пайдаланып, тексерілушінің жынысын, жасын және бойын есепке алып, өкпенің өмірлік сиымдылығы мен Тиффно индексінің тиісті өлшемдерін анықтап, оларды тексеру нәтижелерімен салыстыру қажет. Ересек адамда анатомиялық өлі кеңістік көлемі 120-150 мл-ді құрайды. Тиффно индексінің төмендеген сияқты болып көрінеді (қалыптыда 70-85%).
Бұл алынған нәтижелер тыныс жолдарында обструктивті (шамалы) тарылуы бар екенін көрсетеді.
Орындалған тексеруден тыныс жолдарының тарылуы кілегейдің жинақталуымен байланысты емес екені ( мукоциттердің функциясы қалыпты), тыныс жолдарында бөгде заттар мен өспелер жоқ.. Болжамды себебі-бронх қабырғасындағы тегіс бұлшықеттер тонусының жоғарылауы. Сондықтан, β2-адренорецепторлар арқылы бронхтарды кеңейтетін, препарат тағайындау қажет.
Есеп 8
Жасы және дене пішіндері бірдей болған екі студентке 5000 м-лік жүгіруден соң сыртқы тыныс алу көрсеткіштері тіркелген. Бірінші студентке тыныс алу жиілігі минутына 40 рет, қалыпты тыныс ауасы -500 мл. Екінші студентте тыныс алу жиілігі минутына 27 рет, ал ҚТА-1200 мл. Екі студентте де өлі кеңістік көлемі 150 мл, қалдық ауа – 1000 мл, ал резервтік дем шығару ауасы – 1500мл-ді құрайды.
Сұрақтар.
Не үшін жүгіру кезінде сыртқы тыныс алу көрсеткіштері өзгереді?
Студенттерде өкпенің желдетілу коэффициенті қаншаға тең?
Қайсы студентте тыныс алу тиімді?
Жауаптар.
Физикалық жүктеме метаболизм қарқынының ынталандыруымен қабаттасады,
бұл өз кезегінде тіндердің оттегімен қамтамасыз етілуін талап етеді және артық мөлшердегі көмір қышқыл газының шығарылуын талап етеді. Сондықтан екі студентте де гипервентиляция байқалады.
2. Өкпенің желдетілу коэффициенті ҚТА айырмашылығы мен өлі кеңістік көлемінің қалдық ауа көлемі мен РДША жиынтығының қатынасына тең.
Осылайша, бірінші студентте ӨЖК=(500-150)/(1000+1500) = 0,14; екінші студентте ӨЖК=(1200-150)/(1000+1500) =0,42.
3.Екінші студентте тыныс алу едәуір тиімді.
Есеп 9
Адам иіс газымен жеңіл уланған кезде жеңіл түрде бас айналуын және жүрек соғуын сезінеді.
Сұрақтар.
Мұндай құбылыстардың механизмі қандай?
Бұл кезде қанның оттегілік сыйымдылығы қалай өзгереді?
Уланған адамда осы симптомдарды дәрісіз жою үшін қандай жәрдем көрсету керек?
Жауаптар.
Иіс газымен жеңіл уланған адамда пайда болған симптомдар гипоксия әсерінен туындаған, себебі СО гемоглобинмен байланысып, оттегін тасымалдай алмай қалған.
Гемоглобиннің СО-ны байланыстыру қабілеті оттегімен салыстырғанда 200 есе жоғары сондықтан қанның оттегілік сыйымдылығы төмендейді.
СО- мен жеңіл уланған кезде зардап шеккенді таза ауаға шығарса болғаны.
