Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2_460715953521426433.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
178 Кб
Скачать
☆

Есеп 10

Тұмаумен ауырған адамда гомеостаз параметрлерінің өзгеруі орын алады.

Ең алдымен дене температурасы өзгереді.

Сұрақтар.

  1. Оксигемоглобин мөлшері қалай өзгереді?

  2. Сыртқы тыныс алу параметрлері қалай өзгереді?

  3. Оксигемоглобиннің диссоциациясының қисық сызығы өзгереді ме?

Жауаптар.

  1. Қанда оксигемоглобиннің мөлшері төмендейді, себебі, жоғары температурада гемоглобиннің оттегін байланыстыру қабілеті төмендейді.

  2. Тыныс алу жиілейді.

  3. Оксигемоглобиннің диссоциациясының қисық сызығы өзгереді, себебі, гемоглобиннің оттегін байланыстыру қабілеті төмендейді, диссоциация жылдамдығы жоғарылайды.

Есеп 1

Студент емтихан тапсырып жатыр. Ол өте күшті қобалжып тұр. Ауызы құрып қалған.

Сұрақ.

  1. Бұл неге туындады, бұл жағдайда сілекей түзілудің реттелуі қалай болады?

Жауап.

Күшті эмоциялық күйзеліс нәтижесінде симпатикалық нерв жүйесі мен симпатоадреналдық гормональдық реттелу белсенуінен сұйық сілекейдің түзілуі мен бөлінуі тежеледі.

Есеп 2

«Ас қорыту» бөлімі бойынша коллоквиум тапсыру қарсаңында қарны ашыққан студент буфетке тамақтануға кіреді. Оқу материалын ойында қайталай отырып, ас қорыту үрдісі 5 сағат барысында жүзеге асатынын, сонан соң тамақпен түскен қоректік заттардың қанға сіңірілуін есіне түсірді.

Сұрақ.

Неліктен студент 10 минут өткен соң өзінің тойынғанын сезінді, ал 5 сағаттан соң ас қорыту үрдісі орын алып, оның тағы да тамақ ішкісі келеді?

Жауап.

Ауыз қуысына, өңешке және асқазанға түскен тамақ осы ағзалардағы тиісті рецепторларды белсендірді. Нерв талшықтары бойлап рецепторлардан аффекттік импульсация гипоталамустық « тойыну» орталығына еніп, оны қоздырып, «ашығу» орталығын тежейді. Нәтижесінде тағамдық мотивация сөнеді, тамақтану үрдісі тоқтады. Тойынудың бұндай түрі «сенсорлық» деп аталады.

Есеп 1

Науқас қалқанша без функциясының жағдайын тұжырымын білу үшін эндокринологке барады. Қанның анализінде тиреоидты гормондардың мөлшері азайған. Диагностикалық мақсатта науқасқа тиролиберин енгізілді. Тексеру нәтижесі: тиролиберин енгізгеннен 20 минуттан кейін науқас қанында тиротропин мөлшері 5 есе көбейді, ал 4 сағаттан соң тиреоидты гормондардың (Т3 пен Т4) мөлшері 70%-ға жоғарылады.

Сұрақтар.

  1. Гипоталамо-гипофизарлық- тиреоидтық гормональдық реттелудің қайсы бөлімінде бұзылыс орын алған?

  2. Науқаста гипофизарлық жеткіліксіздік бар ма, Науқаста қалқанша бездің функциясы бұзылған ба?

Жауаптар.

  1. Организмде тиреоидты гормондар жеткіліксіз мөлшері гипоталамустың, гипофиздің және қалқанша бездің зақымдалуының салдарынан болуы мүмкін.

  2. Осы жағдайда ТРГ енгізген кезде ТТГ және тиреоидты гормондарының деңгейі жоғарылайды, яғни науқаста гипофизбен қалқанша бездің зақымдалуы жоқ, тек қана гипоталамуста тиролиберин өндірілуінің бұзылыстары орын алған.

Есеп 2

Педиатрдың қабылдауында 10 жасар бала ұйқышылдыққа, зейіннің әлсіреуіне нашар үлгеріміне шағымданған. Диагностикалық тексеру кезінде балада қалқанша без функциясының төмендегені анықталған.

Сұрақтар.

  1. Тиреоидты гормондардың қалыпты секреторлық циклы үшін қандай элемент қажет?

  2. Осы науқасқа қандай нұсқаулар беру қажет?

  3. Бұл науқастың қалқанша безі үлкейген немесе кішірейген бе?

Жауаптар.

Организмде тиреоидты гормондардың жеткіліксіз мөлшері әртүрлі факторлардың әсерінен болуы мүмкін, олардың қатарына йодтың организмге жеткіліксіз енуі, тиреоидты гормондар биосинтезінің туа біткен бұзылуы, радиоактивті сәулеленудің әсері жатады.

  1. Тиреоидты гормондардың қалыпты секреторлық циклы үшін йод қажет.

  2. Бала құрамында йоды бар препараттарды қабылдағаны жөн, тағам рационында йодталған тұз болуы қажет.

  3. Қалқанша бездің көлемі ұлғайған.

Есеп 3

Эксперименттің келесі кезеңдері мен нәтижелерін талқылаңыз.

  1. Торлы қабырғамен бөлінген жәшікке екі топ еркек-егеуқұйрықтар орналастырылған.

  2. Жәшіктің бос бөлігіне эструс күйлеу жағдайындағы ұрғашы егеуқұйрықтарды орналастырады.

  3. Ұрғашы егеуқұйрықтарды орналастырғаннан соң екі топтағы еркек егеуқұйрықтар қанындағы тестостерон мен лютропин динамикасын зерттейді.

Сұрақтар.

  1. Люлиберин рецепторларының антагонистін енгізген кезде тестостерон өндірілуі тежелуінің механизмі қандай?

  2. Тестостерон секрециясының реттелуі қандай?

Жауаптар.

  1. Реттелу гипоталамо-гипофизарлық кешен және гормональдық кері байланыс механизмдерімен іске қосылады?

  2. Гипофиздің люлибериндік рецепторларының блокадасы лютропин секрециясының тежелуіне, соңынан тестостерон секрециясының төмендеуіне әкеледі. Тестостерон деңгейінің азаюы жыныстық мотивацияның тежелуін туындатады.

Есеп 4

Халықаралық бәйгеге сараптау турынан соң стажерлар мен тәжірибесі бар беделді бәйгелерде қатысқан биші жұптар жіберілген. Бәйгеден алдын екі топ бишілерде де адреналиннің деңгейі жоғарылаған, ал стажерлардың кейбіреулерінде 10 есе жоғарылаған.

Сұрақтар.

  1. Нысана ағзаларға адреналин қандай физиологиялық және метаболикалық әсер етеді?

  2. Қанда адреналиннің концентрациясы жоғарылаған кезде глюкозаның мөлшері қанда қалай өзгереді?

Жауаптар.

  1. Энергия жұмылдырушы, адаптациялық трофикалық әсер. Гликолизді, липолизді ынталандырады, қанның қаңқа бұлшықеттеріне қайта таралуын шақырады, тыныс алуды белсендіреді.

  2. Жоғарылайды.

Есеп 5

Науқас тұрмыстық жарақат нәтижесінде едәуір қан жоғалтып, ол қанның артериялық қысымының төмендеуімен қабаттасты.

Сұрақтар.

  1. Қан жоғалтудан туындаған артериялық қысымның «Қорғаныстың алғашқы линиясы» ретінде қандай гормондардың әсерін қарастыру мүмкін?

  2. Жарақаттан соң қан массасы көлемінің қалпына келуінде қандай гормондар ықпал жасайды?

Жауаптар.

  1. Олар адреналин мен вазопрессин.

  2. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі, эритропоэтиндер.

Есеп 6

Эндокринологтың қабылдауында жас бала бойының өсуінің кідіруіне шағымданған.Тексеруден соң оған бірқатар гормондар мен оның ішінде соматолиберин және соматотропинмен емдеу тағайындалды.

Сұрақтар.

  1. Балада ішкі секреция бездерінің қайсысының функциясы бұзылған?

  2. Неге бой өсуінің кідірісін емдеу үшін екі гормон бірдей тағайындалды?

  3. Осы гормондар әсерінің айырмашылығы неде?

Жауаптар.

  1. Аденогипофиздің функциясы.

  2. Ергежейліктің алдын алу үшін.

  3. Соматолиберин гипофизде соматотропиннің өндірілуіне ынталандырушы әсер етеді.

Есеп 7

Н. есімді науқас қабынулық үрдіске байланысты ұзақ уақыт кортизолмен емделген соң дәрігерге ісіну мен дене салмағының азаюына шағымданады. Тексеру кезінде қосымша мәліметтер- қанда глюкоза мөлшерінің артуы мен қан қысымының жоғарылауы анықталды.

Сұрақтар.

  1. Қандай өзгерістер салдарынан бұлшықеттердің салмағы азайды?

  2. Қандай өзгерістер салдарынан гипергликемия дамиды?

  3. Ісінулер дамуының механизмі қандай?

Жауаптар.

  1. Кортизол бұлшық еттерде белоктардың ыдырауын шақырады және оның синтезін тежейді ( бұлшық еттерде).

  2. Сонымен қатар кортизол майлардың ыдырауын ынталандырып, глюконеогенез процесінде глюкозаның амин қышқылдары мен липолиз өнімдерінен синтезін ынталандырады.

  3. Ісінулер кортизолдың альдостерон тәрізді әсерімен байланысты- натрийдің бүйрек түтікшелерінде реабсорбциясын күшейтіп, осыдан жасушааралық сұйықтық көбейеді.