Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сценарий сокращенный вариант.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

88*(140-Жылдық жасы)*салмағы кг*коэф

72*Сарысу креатинині мкмоль/л

Коэффициент: еркектер=1, әйелдер=0,85

Құралдық зерттеу мәліметтері:

УДЗ – оң бүйрек 10,8*4,4 см, паренхиманың қалыңдығы 1,4 см, біртекті, Тостағанша түбекшелік жүйе 1,6 см. Сол бүйрек 10,5*4,5 см, паренхима қалыңдығы 1,4, қалыңдаған. Қорытындысы: ТТЖ қалыңдаған.

Электрокардиограмма:

«Жедел стрептококктан кейінгі гломерунефрит»

клиникалық жағдай бойынша жауаптар эталоны

№

Критерилері

1.

Шағымдарын және анамнезін жинау

Жүйелі және кезеңді орындалды

2.

Салыстырмалы диагностика үшін қосымша сұрақтардың көмегімен ауру симптомдарын нақтылау

Салыстырмалы диагностика үшін қосымша барлық сұрақтар қойылды, соның ішінде жанұялық, аллергологиялық

3.

Физикальді қарауды жүргізу – жалпы қарау

Кезеңді және дұрыс орындалды. Бетінің, тобық-балтырларының ісінуі (ісіктері жұмсақ консистенциялы), ережелерді сақтап АҚҚ өлшеді

4.

Зәр шығару жүйесін зерттеу

Бүйрек пальпациясы (ауыру сезімді), ұрғылау симптомы (екі жақтан оң) жүргізілді

5

ЖЗА интерпретациялау

Макрогематурия

Протеинурия –3,5 г/л дейін

Ісінулер және АГ – нефритикалық синдром

6

Алдын ала қойылған диагнозды құру және негіздеу

Ісінулерге шағымдарын, макрогематурияны, протеинурияны, үш апта бұрын мүмкін стрептококкты инфекцияны, зәрлік және ісіну синдромы пайда болғанға дейін 10-14 күн ашық аралықты, стрептококктыинфекцияға қатысты антибактериальді терапияның нәтижесізділігін; екіншілік нефритке алып келетін аурулар және бейімдеуші факторлардың болмауын ескеріп мына диагноз қойылды:

Нефритикалық синдром. Мүмкін жедел стрептококктан кейінгі гломерулонефрит.

7.

Лабораторлы зерттеулер жоспарын тағайындау

ЖҚА, ЖЗА; Зәрде белоктың тәуіліктік экскрециясы. Коагулограмма; БХҚА: мочевина, креатинин, жалпы белок, альбуминдер, глобулиндер, глюкоза, жалпы холестерин, натрий, АЛТ, АСТ; Зимницкий сынамасы, ШФЖ есептеу және бүйрек қызметін анықтау.

С-реактивті белок, Зәр себіндісі

Жедел стрептококктан кейінгі ГН верификациясы үшін АСЛ-О – екі рет 2 апта аралықта анықтау, бета-гемолитикалық стрептококк А типін анықтау үшін ауыз-қуысынан жағынды алу

8.

Құралдық зерттеу жоспарын тағайындау

Бүйректің УДЗ; ЭКГ; Көз түбін тексеру;

Нефролог кеңесі – көрсеткіштер бойынша биопсия

9.

Қан анализін интерпретациялау

  1. Шамалы лейкоцитоз, таяқшаядерлі ығысу, ЭТЖ жылдамдауы; Фибриноген деңгейінің жоғарлауы;

  2. б\х – қалыпты

10.

Зәр анализін интерпретациялау (Зимницкий сынамасы)

Тәуілікті диурез 900 мл. Бүйректің концентрациялық қызметі сақталған

11.

Иммунологиялық анализдерді интерпретациялау

АСЛ-О титрінің айқын жоғарлауы

  1. Жедел фазалық өзгерістер

  2. бета-гемолитикалық стрептококктың А типі анықталды

12.

Кокрофт-Голтформуласы бойынша шұмақтар фильтрациясының жылдамдығын есептеу және интерпретациялау

ШФЖ 80,5 мл/мин, бүйректің фильтрациялық қызметі төмендеген

13.

Бүйректің УДЗ және ЭКГ интерпретациялау

Бүйрек өлшемдері ұлғайған (паренхиманың ісінуі)

Синусты ырғақ, Гис шоғырының оң аяқшасының бөгемесі

14.

Қорытынды диагнозды тұжырымдау және оны негіздеу

Бактериологиялық және серологиялық дәлілденген стрептококкты инфекциямен байланысын, нефритикалық синдромының болуын, жүйелі дерттің болмауын ескеріп: жеделстрептококктан кейінгі гломерулонефрит. Бүйрек қызметі сақталған.

15.

Емдеу тәсілін анықтау

Тұзды тәулігіне 2 г дейін шектейтін емдәм. Сұйықтық ішу режимі: диурез көлемі + 500мл

Стрептококкты эрадикациялау

Синдромнан кейінгі терапия (диуретиктер)

ГКС көрсетілмеген себебі протеинурия жоғары емес

фракционирленген гепарин – себебі гематурия

16

Этиотропты терапия

Амоксициллин немесе Цефалоспориндер (мысалы - цефотоксим)- 10 күн

Көтере алмаушылық болғанда – макролидтер (мысалы, джозамицин, ровамицин - 10 күн)

17.

Диуретиктер және гепарин

Тиазидті диуретиктер – Гипотиазид азанда, қан сарысуының электролиттерін қадағалаумен

Факсипарин 12 сағат аралықпен т/а

18.

Асқынулар

Жедел бүйректік жетіспеушілік, эклампсия және жүрек жетіспеушілігі

19

Науқастың келешек емдеу тәсілін анықтау

Жалпы алғанда болжамы қолайлы

ЖҚА, ЖЗА, сарысу креатинині – 1 рет 1 жыл бойы 2-3 айда

Персистирлеуші ізді протеинурия бірнеше ай сақталуы мүмкін. АҚҚ қадағалау

Тұмауға қарсы егпелерді жыл сайын жасауды ұсыну

20.

Науқаспен коммуникация нәтижелігі

Коммуникация нәтижелі . Науқас сеніммен дәрігерге қарайды. Дәрігердің барлық сұрағына жауап алынды.

Медициналық симуляцияның сценарийі

Клиникалық жағдай: «Гастроэзофагеальді рефлюксті ауру».

Ситуациялық есеп: Сіз – ОАА қабылдау бөлімінің кезекші дәрігерісіз. Сізге 45 жастағы ер адам қаралды.

  • Анамнез жинап науқасты қарап тексеріңіз;

  • Зерттеу жоспарын тағайындаңыз;

  • Лабораторлы – құралдық зерттеулердің мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз;

  • Диагнозды құрыңыз;

  • Науқасты жүргізу ұстанымдарды анықтаңыз;

Қорытынды нәтиже:

  1. Сұрауды жүргізу (толықтылық, шағымдар, ауру және өмір анамнездерін нақтылап, анықтау)

  2. Асқазан-ішек жолдарының аурулары бар науқасты қарап тексеру

  3. Гастроэзофагеальді рефлюксті аурудың диагностикасы (клиникалық мәліметтері)

  4. Қанның жалпы анализін, қанның биохимиялық анализін (АЛТ, АСТ, билирубин, глюкоза), зәрдің жалпы анализін, ЭФГДС нәтижесін талдау

  5. Гастроэзофагеальді рефлюксті ауруы бар науқасты жүргізу тәсілі

Стандартталған әртіс (науқас) үшін сценарий тексті және оның рөлі:

Ащы және майлы тағамдарды, сонымен қатар газдалған сусындарды, қара нанды, томаттарды қолданғанда пайда болатын қыжылға, кекіруге шағымданады. Қыжылдау жатқан қалыпта, кеудесін алдыға қарай еңкею кезінде күшееді. Сонымен қатар тағам қолданғанда кеуде артындағы күю және тұйылу сезімі мазалайды.

Сұрақ мәнісі

Әртіске арналған сұрақты тұжырымдау

Жауабы

Ауру сезімінің сипатын, оның орналасуын анықтау

Іштегі ауру сезімінің сипаты қандай: жедел, сыздаған, күю, ұстама тәрізді? Ауру сезімі іштің қай бөлігінде?

Төстің үштен бір бөлігінде, эпигастрий аймағындағы – күю сезімі

Ауру сезімінің ұзақтығы

Эпигастрийдегі ауру сезімі қанша уақытқа созылады

Күю сезімі тағам қолданғананан кейін 20-30 минут мазалайды

Іштегі ауру сезімінің иррадиациясы

Ауру сезімі тарала ма?

Жоқ

Ауру сезімінің жұтумен байланысы

Тағамды қолдану кезінде ауру сезімі пайда бола ма?

Кейде тағамды жұтқан кезде

«Түнгі» және «аштық» ауру сезімі

Түнде немесе аш қарынға ауру сезімі мазалайды ма?

Жоқ

Ауру сезімінің физикалық жүктемемен байланысы

Физикалық жүктемеде ауру және күю сезімі пайда болады ма?

Жоқ

Диспепсиялық белгілер

Кекіру, қыжылдау, құсу мазалайды ма?

Ия, қыжылдау, кекіру қатты мазалайды. Құсу болмайды.

Нақты тамақтану тағамдарымен диспепсиялық белгілердің байланысы

Кекіру және қыжылдау қай кезде пайда болады? Кекіру және қыжылдау қандай тағамдарды қолданғанда күшееді?

Тағам қолданғаннан кейін кекіру және қыжылдау күшееді. Әсіресе, ащы, қышқыл, тұзды тағамдар, шоколад, қара нан, газдалған сусындарынан кейін. Сонымен қатар жатқан күйде, кеудені алдыға қарай еңкейту кезінде.

Ауру сезімін және диспепсиялық белгілерді басу

Өз жағдайыңызды қандай дәрілермен жеңілдетесіз?

Алмагель және Ренни қабылдағаннан кейін қыжылдау басылады.

Үлкен дәретінің сипаты

Іш қату, іш өтуге бейімділік бар ма?

Жоқ, үлкен дәретпен бәрі жақсы

Ем дәм ерекшеліктері

Сіздің ас үлесіңізде қандай тағамдар жиі болады?

Мен майлы ет, палау, манты, гамбургерлер, қуырылған қартопты, шұжықтарды жақсы көремін. Күнделікті кока-кола, қою кофе ішем.

Ішімдік

Сіз ішімдік қолданасыз ба? Қаншалықты жиі және қанша мөлшерде қолданасыз?

Қолданамын. Аптасына 3 рет 1 литр сыра қолданамын, аптасына 1-2 рет вино, кейде 2-3 бокал ішем.

Темекі тарту

Сіз темекі тартасыз ба? Қанша жыл? Күніне қанша темекі тартасыз?

15 жыл тартамын. Күніне 1 қорап темекі тартамын.

Науқаста және туыстарында басқа да созылмалы аурулар

Сізде, туыстарыңызда АІЖ, бауырдың, жүректің созылмалы аурулары бар ма?

Жоқ

Анамнезінде: Ащы және майлы тағамдарды, сонымен қатар газдалған сусындар, алкогольді, қара нанды, томаттарды қолданғанда пайда болатын қыжылдау, кекіру 1,5 жыл мазалайды. Қыжылдау жатқан қалыпта, кеудесін алдыға қарай еңкею кезінде күшееді. Тағамды қолданғанда кеуде артындағы тұйылу сезімі және желінген тағаммен кекіру жиі байқалады. Дәрігерге қаралмаған, ем дәмді сақтағаннан кейін айтылған симптомдар жойылатын. Туылған күнін тойлағаннан кейін бірнеше күндей жағдайының нашарлауын анықтайды. Алмагель және Ренни қабылдағаннан кейін қыжылдау, тұйылу сезімі аздап басылды, кейін қайта пайда болды.

Пәтерде тұрады, жұмысы көбінісе қозғалмайтын, физикалық жаттығуға кұмар емес.

Объективті: Жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Бойы 176 см, салмағы 112 кг., ДМИ-37, 2-ші дәрәжәлі семіздік Тері жабындылары таза, қалыпты түсте. Жүрек үндері тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 74 рет мин. АҚ 120/80 мм сб.б. Тілі қызарған, ылғалды. 5 кариозды тісі бар. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры, көк бауыры ұлғаймаған. Үлкен дәреті таңертең болған, өзгеріссіз. Зәр шығаруы еркін, ауру сезімінсіз. Ісіктері жоқ.

ЖҚА:

эритроциттер 4,5х1012,

гемоглобин 141 г/л,

ТК 1,0

лейкоциттер 6,2х109/л,

с/я 62%,

т/я – 2%,

эозинофилдер 3%,

лимфоциттер 28%,

моноциттер 5%,

ЭТЖ 3 мм/с.

ЖЗА:

мөлшері 100,0 мл,

салыстырмалы салмағы – 1023,

түсі – сары

лейкоциттер – 0-1 к/а.

Биохимия:

жалпы билирубин 12,7 ммоль/л,

глюкоза – 4,5 ммоль/л

АЛТ – 18 Ед/Л.

АСТ – 14 Ед/л

ЭФГДС: Өңештің өтімділігі еркін, шырышты қабатының төменгі үштен бөлігі қызарған, ісінген, борпылдақ. Өңештің дистальді бөлігінде бірен-сараң майда нүктелі фибринмен қапталған эрозиялар анықталады. Кардиальді жом қызарған, ісінген, босаңсыған. Инсуффляция кезінде асқазан қатпарлары еркін ашылады. Асқазан кілегейі ал-қызыл. Асқазанда шамалы мөлшерде шырыш анықталады. Қақпа қалты еркін өтімді, ерекшеліксіз. Он екі елі ішек пиязшығының кілегейі ал-қызыл түсті. Хеликобактер пилори-Нр бактерияны анықтау үшін биопсия алынды.

«Гастроэзофагеальді рефлюксті ауру» клиникалық жағдай бойынша