Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС экз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
244 Кб
Скачать
☆
  1. Зымырандар үшін орбитаның параметрлері

Ара қашықтық әдістер тіркейтін құралдардың зерттелетін нысандардан едәуір қашықтығымен (қашықтығы жүздеген және мыңдаған километрмен өлшенеді) ерекшеленеді. Бұл арқылы жер бетін максималды шолып, беттің максималды үйлестірілген бейнесін алуға мүмкіндік туады. Арақашықтықтан зерделеу деректерінің сапалық сипаттамаларына пішіні, еңістігі, биіктігі, айналу кезеңі, серіктегі құралдардың Күнге қарай орналасуы әсер етеді.

Орбита пішіні. Түсіру құралы орнатылған ғарыштық тасымалдаушы шеңберлі және эллипстік орбитамен жүреді. Ғарыштан зерттеу үшін шеңберлі орбитаны пайдаланған дұрыс, себебі, онда ЖЖС жерден бірдей арақашықтықта қозғалады, ал арақашықтықтың кейбір ауытқулары жер беті пішінінің қисық геометриялық пішінге иелігіне байланысты. Эллипстік орбиталар үшін жер бетінен арақашықтық перигейге ең төменнен апогейге ең жоғарыға жетеді.

Орбита еңістігі. Орбита жазығы мен экватор жазығының арасындағы бұрышымен анықталады. Экваторлық орбитада ауытқу болмайды, полярлық (еңістігі 90градус) және еңістігі орбиталар орбиталық жағдайға ие. Еңісті орбиталар тура (жоғары көтерілушілер айналым солтүстік – шығыс бағытта) және кері (жоғары көтерілуші айналым солт – батыс бағытта) болып екіге бөлінеді. ЖЖС орбитамен қозғалғанда жер бетіне орбитаның проекциясы болып саналатын трассамен жүреді. Еңістелу түсірім қамтитын ендік белдеуді анықтайды.

Биіктік. Биіктігі бойынша біршама көп қолданылатын орбиталардың үш тобын бөлуге болады.

100 – 500 км. Орбиталы станциялардың ұшқышсыз кемелеріне арналған орбиталар (көбіне 200 – 400км).

500 – 2000км. Ресурсты және метеорологиялық ЖЖС үшін арналған орбиталар (ресурстылар 600 – 900 км, метеорологиялық 900 – 1400км).

36000 – 40 000км. Геостационарлы ЖЖС арналған орбиталар. Мұндай ЖЖС қозғалу жылдамдығы Жердің айналу жылдамдығына тең, сондықтан олар үнемі бір нүктеде тұрады.

Айналу кезеңі. ЖЖС жерді айналуы, бұған бір тәуліктегі айналым саны тәуелді. Әдетте ЖЖС жер маңындағы орбиталарда 11 км секунд жылдамдықпен қозғалады. Жерді бір айналып шыққанда 1,5 сағат, яғни бір тәулікте шамамен айналым жасайды. Айналу кезеңіне айналмалы арақашықтық тәуелді.

11. Дешифрлеу түрлері, қасиеттері, көрсеткіштері

Суреттерде ландшафттардың барлық элементтері әр түрлі түсте, көлемде, нүкте, сызық және дақ түрінде бейнеленеді. ӘФС-ң түсті градациясы және ұсақ бөліктері неғұрлым көп болған сайын олардың көріну қасиеттері де жоғары болады.Әуеғарыштық суреттерде әр түрлі нысандар көрінеді: мысалы, бір суретте жеке тұрған құрылыс жақсы түсірілсе, екінші суретте елді мекендер әрең көрінеді. Әуесуреттерде нысандар мың және миллион есе кішірейтіледі, сондықтан олардың негізгі көрсеткіші болып түсіру мүмкіншілігі саналады.

Бажайлау дегеніміз – әуе және ғарыштық суреттерден қолданбалы мақсатта пайдалану үшін жергілікті жер және түрлі нысандар мен элементтердің сапалық және сандық сипаттамалары туралы қажетті мәліметтер алу процесі. Бұл процестің логикалық құрылысы үш деңгейден тұрады: табу, тану, жүйелеу.

Негізгі тура белгілер арқылы нысанның жергілікті жерде бар екенін және оның ерекшеліктерін анықтайтын әуесуреттің түрі саналады. Көздің көру жүйесі біріншіден, заттың бейнесін және түрін көреді.

Түрі. Түр екіге бөлінеді: геометриялық анықталғаны және анықталмағаны. Біріншісі - түрлі құрлыстарға тән болады (құрылыстар, көпірлер т.б.) және сенімді бажайлау белгілері деп саналады. Екіншісі - көптеген табиғи нысандарға тән (тоғай, дала т.б.) және нақты сенімді бажайлау белгі деп саналмайды. Сондай–ақ, бажайлау белгілерінің жинақты, созылмалы (сызықты), жазықты және көлемді түрлері ажыратылады. Созылмалы түрдің негізгі бажайлау белгісі болып ерекшелігі табылады (мысалы, сызықтың иректелу түрі арқылы жолды, өзеннен ажыратуға болады). Стереоскоп арқылы жазықты түрді дөңесті және ойысты жерлерден ажыратуға болады (үй, үйін, шұңқырлар, жыра т.б.).

Нысанның көлемі – түріне қарағанда онша нақты бажайлау белгі емес деп саналады. Тек, кейбір жағдайда нысанды көлемі арқылы танып сипаттауға болады (мысалы, құрылыс маңызын, көпірдің салмақ көтеруін, тоғай массивін, ағаштардың тобын ажыратуға т.б.).

Түсі. Суреттің түсі (нысанның жарықтығы әсер ететін) фотоэмульсияның қараю деңгейімен байланысты. Түстің өзгеруіне қосымша суретке түсіру жағдай мен материалдардың зертханалық өңделуі әсер етеді. Адамның көзі сұр түстің деңгейіне дейін ажыратады (тәжірибеде дәлелденген). Жәй көзбен бажайлау үшін, түстің 7 баллды шкаласы пайдаланады: ақ, аппақ, ақшыл-сұр, сұр, қара-сұр, қаралау, қара. Жердегі нысандар, суретте бір түспен өте сирек шығады. Тек қана жылтырақ немесе біркелкі беттер бір түсті болып келеді (судың, қардың, топырақтың беттері т.б.). Жалпы бір түсті болып көп жағдайда қаралау немесе ақшыл түстер немесе басқада біркелкі түспен боялған нысандар кездеседі.

Сұр түске қарағанда әуе- және ғарыштық суреттерде әр түрлі бояулар көбірек болады. Түрлі түсті суреттерді бажайлау кезінде түстердің табиғи түрінің біршама өзгеріп кететінін естен шығармау керек.

Көлеңке. Ара қашықтықтан түсірген суретте нысанның көлеңкесі керісінше бажайлау белгі болып келеді. Кейбір жағдайда нысанды тек қана көлеңке арқылы тануға немесе оған сипаттама беруге болады, ал басқа кезде, көлеңке нысанды жауып кетеді де, бажайлауға кедергі жасайды.

Көлеңке екі түрге бөлінеді: түсіп тұрған және жеке өзінің көлеңкесі. Жеке өзінің көлеңкесі деп нысанның бір бөлігін жауып, күн түспей тұрған көлеңкесін айтады. Жеке көлеңке нысанның көлемін көрсетеді. Нысандардан түсіп тұрған көлеңкелер, оның жақын түрін көрсетеді және жалғыз ғана бажайлау белгі болып табылады. Трубалардан, ағаштардан түсіп тұрған көлеңкелер арқылы жақсы бажайлау жүргізуге болады.

Ең жақсы ірі масштабты әуесуреті бойынша бажайлау процесі дәлірек болады. Масштабы ірі болған сайын, нысандар мен олардың элементтерін көбірек анықтауға болады. Әсіресе, камералдық жағдайда ірі көлемді нысандар жақсы бажайланады. Көлемдері өте ұсақ нысандар (онды және жүзді доля мм) жанама белгілер немесе оптикалық құралдар арқылы анықталады.

Кей кезде тура белгілер арқылы нысандар бажайланбайды, себебі:

1) нысандар және олардың ерекшеліктері суретке түспей қалады (мысалы, жер астындағы құрылыс – туннель суретте көрінбейді);

2) нысандардың тұрақты немесе нақты бажайлаушы белгілері жоқ – бір белгі әр түрлі нысандарға тән болады (мысалы, әр түрлі тік бұрышты болып: тұрған үй, өнеркәсіп нысан, қора т.б. табылады).

Бір нысанның бірнеше бажайлаушы белгілері болады (мысалы, судың беті, оның лай болуына және оған жарық түсуіне байланысты су әр түсті болады). Бұндай жағдайларда жанама бажайлау белгілерді пайдаланады. Олар нысанның суретке түспей қалған немесе анықталмай қалған сипаттамасын (мысалы, суреттегі туннель, тауды қиып өтетін темір жолдың үзіліп кетуі арқылы танылады) көрсетеді.

Нысандардың негізгі жанама белгілеріне: нысандардың бір-бірімен байланыстары, бір жағдайда болуы және қоршаған ортаға әсер етуші факторлар ретінде болуы жатады.

Бір нысанның сипаттамасы арқылы екінші нысанды тауып, ерекшеліктерін анықтауға болады, оларды индикаторлар дейді, ал жанама белгілер арқылы бажайлау әдісін – индикациялық әдіс деп атайды. Мысалы, әуесуреттегі өсімдік жамылғысы топырақтың түрін бажайлау индикаторы болуы мүмкін.

Бажайлауда кеңінен пайдаланатын жанама белгілер, фотосуреттер арқылы зерттелетін аймақтың геологиялық құрылысымен байланысты әр түрлі табиғи кешен элементтерін көрсетеді.

Мұндай табиғи байланыс жер бедерінің фото суретінде геологиялық құрлыс пен жер бедер пішіні, өсімдік жамылғысының дамуы мен таралу ерекшелігі, сондай-ақ, адамның әр түрлі әрекетінің аралықтарында жиі болады.

Жанама белгілер геоморфологиялық, геоботаникалық, антропогендік және зоогендік түрлерге жіктеледі. Геоморфологиялық белгілер зертелетін аймақтың геологиялық құрылысының, жер бедер пішінінің және жемірілу құрылысының ерекшеліктерінің арасындағы тығыз табиғи байланысқа негізделген. Жер бедер пішінінің (әсіресе оның мезо және микропішіндерінің) және ұсақ жемірілу құрылысы арқылы түрлі тау жынысының немесе олардың кешенді түрлерінің, жарылым және қатпарлы тектониканың әр түрлі элементтері мен астасу жағдайы бажайланады, сондай-ақ, нақты түрде физгеографиялық-геологиялық процестер де анықталып, сипатталады. Геоморфологиялық белгілерді құрамы әр түрлі, жыныстарды бажайлауда қолданады: тау жынысының қаттылығы, су өткізбейтіні, еруі, қабаттасуы, жаралымымен т.б. сипаттамаларымен байланысты. Тау жыныстарының жер бедерінде қалыптасуы да осы ерекшеліктермен байланысты. Әдетте, тау жынысының қатты түрде болғандығынан, оларда үгілу процесі аз жүреді де, сондықтан олар жер бедерінде дөңесті пішінмен ерекшеленеді. Карбонатты, тұзды, гипсті жыныстардың ең маңызды қасиеті – ерігіштігі. Бұл жағдайда шаймаапан және әр түрлі суффозиялық опырылымды процестер пайда болады. Мұндай жыныстарда, аталған процестер арқылы жер бедерінің пішіндері, әуесуреттерде жақсы бажайланады.

Геоботаникалық белгілер аналық топырақ түзуші жыныстар мен топырақ және өсімдік жамылғысы арасындағы табиғи байланысқа негізделген. Аналық топырақ түзуші жыныстар болып борпылдақ және қатты тау жыныстары саналады. Тау жыныстарына өздері түзейтін топырақ жамылғысына, өсімдіктің дамуына әсер ететін физикалық, геологиялық қасиеттер, гидрогеологиялық ерекшеліктер, топырақ жамылғысының петрографиялық құрамы және т.б. мәліметтер тән. Осы байланыс арқылы кейбір өсімдіктердің немесе өсімдік қауымдастығының құрамы тау жыныстарына, гидрогеологиялық және мұздану жағдайына, әр түрлі деңгейдегі тұздану мен ызаға, пайдалы қазбалардың таралу аймақтарына қатынасы дәлелденген.

Қазіргі кезде ботаниктер көптеген индикаторлар ретіндегі - өсімдіктерді анықтады. Осы индикаторлар арқылы тек грунт пен оның құрамын ғана емес, сондай-ақ, пайдалы қазбалардың таралу өңірлерін де анықтауға болады.

Антропогендік және зоогендік белгілер. Геологиялық бажайлауда, жанама белгілер ретінде кейде аңдар немесе жәндіктер әрекетінен пайда болатын белгілерді пайдаланады. Бұл белгілер адам және кейбір аңдардың физгеографиялық жағдайларға, кейде өздері тұратын аймақта геологиялық ерекшеліктеріне бейімделуіне негізделген. Барлық аталған белгілер жергілікті ландшафтта бір-бірімен әр түрлі қарым-қатынаста бажайланып әуесуретте ерекше фото болып шығады.