- •Географиялық координаттар.Оларды топографиялық карта бетінен анықтау тәсілдері
- •Жердің пішіні мен көлемі. Жердің деңгей беті. Ф.Н. Красовскийдің референц- эллипсойды.
- •Геодезиялық өндірістегі процестер. Геодезиялық түсірістердің мәселелері, түрлері және қолданылуы
- •Тікбұрышты координаттар. Оларды топографиялық карта бетінен анықтау тәсілдері
- •Жер бедері және оны бейнелеу. Жер бедерін пландар мен карталарда бейнелеу әдістері
- •Сызықтарды бағдарлау. Азимуттар (нақты, магниттік), дирекциондық бұрыштар, румбтар. Оларды топографиялық карта бетінен анықтау тәсілдері
- •Теодолиттік түсіріс. Теодолиттік түсірістегі далалық жұмыстар
- •Геодезиялық тура және кері есеп
- •Топографиялық карталар номенклатурасы
- •Теодолиттің түрлері. Теодолиттің көмегімен горизонталь бұрыштарды өлшеу әдістері
- •Әуеғарыштық зерттеу әдісінің ерекшеліктері
- •Әфс және кфс әдістерімен түрлері
- •3. Аэрофотосуреттердің геометриялық қасиеттері
- •4. Суреттерді тарнсформациялау
- •Стереоскопиялық қоссурет
- •Шағылысу сәуле, оның алынуы және пайланылуы
- •Ғарыштық суреттер түрлері
- •8.Ғарыштық зымырандар пайдаланатын орбиталар
- •Ақз пайдаланатын «мөлдір терезе» диапазоны
- •Зымырандар үшін орбитаның параметрлері
- •11. Дешифрлеу түрлері, қасиеттері, көрсеткіштері
- •12. Жер бетіндегі нысандардың оптикалық қасиеттері
- •13. Күн сәулесін тіркеу әдістері
- •14. Электромагниттік толқындар спектрі
- •Көрінетін диапазондардағы суреттер
- •Радиолокациялық түсіріс және суреттер
- •17.Фотографиялық суреттер, олардың қасиеттері
- •18.Ақз пайдаланатын гаж бағдарламалар
- •19. Cуреттердің фотограмметриялық өнделуі
- •20. Әртүрлі табиғи зоналардағы нысандарды дешифрлеу
- •Картография Сұрақтары:
- •15.Нүктелердегі (пункт) жағдайларды генерализациялау. Сандық көрсеткіштерді.
- •3. Гаж бағдарламаларының қамтамасыз етілуі – қолданбалы бағдарламалардың стандартты пакеттерінің негізінде жүзеге асырылды.
- •Геоинформатика айналасында оқытылатын ғылыми пәндер мен технологиялар.
- •Геоматиканың геоинформатикадан айырмашылығы.
- •Геоинформатиканың қалыптасуы мен тарихи дәуірлерге бөлінуі.
- •15. Arcgis-та геокодтау
- •16. 17. Буферлі аймақтағы ArcGis жүйесіндегі параметр негізінде буферлі аймақтарды құру
- •20. Жер бедерінің сандық цифрлық үлгісін шешуде қолданылатын міндеттер.
Теодолиттің түрлері. Теодолиттің көмегімен горизонталь бұрыштарды өлшеу әдістері
Геодезиялық жұмыстар барысында горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу үшін әртүрлә аспаптар кең қолданылады. осындай аспаптардың бұрыштарды өлшеу негізіне төмендегідей түсініктер алынады. Бір аспаппен горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу үшін, оның екі жазықтығы болуы тиіс. Өлшеу кезінде бір жазықтық горизонталь, ал екінгшісі вертикаль болуы керек. Горизонталь дәне вертикаль бұрыштарды өлшеуге қолданылатын аспап теодолит д.а. қолданылып жүрген теодолиттер дәлдігі есептеу құрылғыларының түрі. Горизонталь дөңгелегінің вертикаль осътері жүйесінің конструкциясын және атқаратын міндеті жағынан әр түрлі текке бөлінеді. Теодолиттерді горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне байланысты үш түрге бөлуге болады:
Бір және екінші класты триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған жоғары дәлдікті Т1теодолиті.
Дәл теодолит T2-3және4класты триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған; T5-1және 2разрядтық триангуляциялық жүйелер мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеу және жер бетіндегі маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу үшін қолданылады.
Техникалық T5,T30, T60 теодолиттік және тахеометриялық жүрістерде және түсіру жүйелерінде, сондай ак жер бетіндегі және жер асты қазбаларындағы маркшейдерлік жұмыстарды атқару кезінде бұрыштарды өлшеуге арналған.
Теодолиттердің шартты белгілеріндегі цифр горизонталь бұрышты бір тәсілмен өлшеудің секундық орташа квадраттық қателігін білдіреді.T5теодолиті үшін m=5”, T30үшін m=30”және т.с.с.дөңгелегінің жасалу жіне есептеу құрылғысының құрылысы жағынан теодолиттер екі топқа бөлінеді: металл және шыны лимбалылар. Вертикаль дөңгелегі, ара қашықтық өлшеуге арналған құрылғысы және буссолі бар теодолит тахеометр д.а. қазіргі уақытта шығарылатын техникалық теодолитер тахеометрлер д.а.
11.
Трассаның бойлық қимасын салу, жоба
нүктелерін анықтау, жоба сызығын қимаға
салу. Нивелирленген
трассаның нүутелерінің есептеліп
шығарылған биіктік белгілері бойынша
оның профилі салынады. Профильді жол
жол сызықты қағазға нивелирлеу журналы
мен пикеттік кітапшаның мәліметтері
бойынша сызады. Бойлық профильге көбірек
көрнекілік беру мақсатымен, әдетте
вертикаль масштабты горизанталь
масштабпен салыстырғанда он есе үлкейтіп
қабылдайды. Бойлық профильді салу мына
тәртіп бойынша жасалады:1)шартты
горизонтты (ШГ)таңдайды, оның сызығынан
профильдің ең аласа нүктесі 4-5см артық
қашықтықта болмауы керек,шартты
горизонттың биіктік белгісі он метрге
еселі болуы тиіс. 2)шартты горизонттң
сызығынан төмен профиль торын
орналастырады, ол қажетті мәліметтерді
енгізуге арналған жол жол сызық болып
саналады. 3)ара қашықтық графасына
қабылданған масштабқа сәйкес пикеттер
мен аралық нүктелер арасындағы горизонталь
ара қашықтықтарды салады. Содан кейін
осы ара қашықтықтарды көшіру арқылы
профиль нүктелерінің орнын шартты
горизонттың сызығында белгілейді. Осы
нүктелердің перпендикулярларында
вертикаль масштабта профиль биіктік
белгілерін тұрғызады, олар нүктелердің
абсолют биіктік белгісі мен шартты
горизонттың айырымы болып саналады,яғни
H
Перпендикулярлардың
шеттерін сызықтармен қосып трассаның
шын профилін алады. 4)профильге инженерлік
жұмыстар нәтижесінде табиғи профильдің
орнын басатын қолдан жасалатын жобалау
сызығын грунтты қазу және толтыру
жөніндегі жер бетіндегі жұмыстардың
минимумын ескере отырып таңдайды. Оның
өзі де жобада таңдап алынған көлбеулік
құрылыстардың осынау түріне қойылатын
техникалық талаптарға сәйкес берілген
шамадан артық болмауы тиіс. Трассаның
жобалық көлбеулігін мына формуламен
есептейді:
мұндағы h-жобалау сызығы шеттерінің
салыстырмалы биіктігі; d-осы сызықтың
горизонталь ұзындығы; H,H-жобалаау
сызығының басы мен соңының профильден
графикалық түрде алынатын жобалық
биіктік белгілері. 5)трасса нүктелрінің
жобалық биіктік белгілерін мына
формуламен есептейді:
,
мұндағы d-трассаның бастапқы нүктесінен
n нүктесіне дейінгі горизонталь ара
қашықтығы; i-трассаның жобалық көлбеулігі.
Жобалық биіктік белгілерін әдетте қызыл
тушьпен жазады,сондықтан оларды қызыл
биіктік белгілері деп атайды. 6)жұмыс
жасау биіктік белгілерін тиісті нүктенің
жобалық және табылған биіктік белгілерінің
айырымы ретінде анықтайды, яғни
. Жұмыс жасау биіктік белгілері осы
нүктедегі қазудың тереңдігін немесе
толтырудың биіктігін анықтайды. Жер
қазу жұмыстарын жүргізгенде осы цифрлар
өте маңызды цифрлар болып табылады.
7)жобалау сызығының табиғи профиль
сызығымен қиылысқан жері нөлдік жұмыс
жасау нүктелері деп аталады. Осы
нүктелердің жұмыс жасау биіктік белгілері
нөлге тең болатындықтан жер қазу
жұмыстары бұл нүктелерде жүргізілмейді.
Трассадағы олардың орнын метрдің ондық
бөлігіне дейінгі дәлдікпен білу керек,
өйткені жер қазу жұмыстарын әдетте осы
нүктелерден бастайды. Нөлдік жұмыс
жасау нүктелерінің биіктік белгілері
қатарына көк тушьпен жазады. Трассаны
планға нивелирлік жүрістің бұрылу
бұрыштарының координаталарымен немесе
пикет қабырғаларының ұзындығы мен
азимуттары арқылы салады. Планда трассаны
нивелирлеу кезіндегі жергілікті жердің
түсірілген бет бедері кескінделеді.
12. Мемлекеттік геодезиялық торлары. Пландық геодезиялық торларды ұйымдастыру әдістері. Геодезиялық жүйелер мемлекеттік геодезиялық жиілендіру жүйесіне және геодезиялық түсіру жүйелеріне бөлінеді. Мемлекеттік геодезиялық жүйе келесі жиілендіру жүйелерін, топографиялық түсірулерді одан әрі дамытудың, сондай ақ іздестірулермен, құрылыспен, жер қойнауын пайдаланумен, жерге орналастырумен, басқа да толып жатқан халық шаруашылық және ғылыми міндеттермен байланысты инженерлік геодезиялық есептерді шешудің негізі болып табылады. Геодезиялық жүйенің жиілігі және пункттің пландағы орнын анықтаудың қажетті дәлдігі осы негізде шешілетін ғылыми және инженерлік техникалық міндеттердің сипатымен анықталады. Сондықтан геодезиялық жүйелерді құрудың қажетті дәлдігін қамтамасыз ету үшін оның бұрыштық және ұзындық өлшемдер элементтері тиісті аспаптар мен тәсілдер қолдану арқылы жүргізілуі тиіс. Мем.геодезиялық жүйе мыналарды қамтиды:а)І,ІІ,ІІІ және төрт класты пландық жүйелер, олар өзара бұрыштық және ұзындық өлшеудер дәлдігімен, жүйелер қабырғасының ұзындығымен және олардың дәйекті даму тәртібімен ерекшеленеді. Пландық жүйелер триангуляция, трилатериция, полигономтрия әдістерімен және оларды ұштастыру арқылы құрылады. б) І,ІІ,ІІІ және төрт класты биіктік нивелир жүйелері олар геометриялық нивелирлеу әдісімен құрылады.
Триангуляция әдісі-триангуляция әдісі жергілікті жерде үшбұрыштар жүйесін құрудан тұрады, оларда барлық бұрыштар және кейбір базис қабырғаларының ұзындығы өлшенеді. Үшбұрыштың басқа қабырғаларының ұзындықтары тригонометрияның белгілі формулалары бойынша есептеледі. Трилатерация әдісітері, ІІІ және төрт класты мемлекеттік геодезиялық жүйелер, сондай ақ трилатерация әдісімен де құрылуы мүмкін. Трилатериция триангуляция тәрізді, барлық қабырғалар ұзындықтары өлшенген үшбұрыштар жүйесі болып табылады. Үшбұрыштрды шешу арқылы горизонталь бұрыштарын, ал одан қабырғаларының дирекциондық бұрыштарын анықтайды. Содан кейін пункттердің координаталарын есептеуді триангуляциядағыдай жүргізеді. Полигонометрия әдісі. Орманды жазық жерде триангуляция жүйесінің дамуы қиындау немесе жергілікті жағдайдың күрделілігінен экономикалық жағынан орынсыз кезде полигонометрия әдісі қолданылады. Осы әдіс жергілікті жерде жүрістер және полигондар жүйесін салудан тұрады, олардың барлық бұрыштары мен қабырғалары өлшенеді. Егер бір пункттің координаталары және бір қабырғасының дирекциондық бұрышы белгілі болса, онда полигонометриялық жүрістің барлық пункттерінің координаталарының есептеп шығаруға болады.
13. Жер бетіндегі ұзындықтарды өлшеу әдістері. Жер бетіндегі уақытша немесе тұрақты белгілермен бекітілген нүктелердің ара қашықтықтарын тікелей өлшеу әдісімен өлшегенде өлшеуіш аспаптың өлшенілетін ұзындық бойымен қанша рет төселетіні есептеледі. Сызықтың ұзындығын өлшеу үшін ұзындығы 20 немесе 24м,ені 10мм 25мм дейін 0,2-0,44мм болат өлшеуіш лента қолданылады. Лентаның барлық ұзындығында әр 10см сайын кішкентай тесіктер тесілген. Әрбір бесінші тесік диаметрі 5мм пластинкамен тойтарып шегеленген, ал әрбір метрден кейін лентаның екі жағында пластинкалар тойтарылып шегеленіп, оларға лентаның екі шетінен есептелетін метрдің реттік нөмірлері таңбаланған. Ара қашықтықты өлшегенде лентаны жерге жатқызып, олардың шеттерін диаметрі 3-4мм, ұзындығы 40см болат сымнан жасалған темір қазықшалар қадап белгілейді. Лентаның жиынтығына он темір қазықша енеді. Сызықтың ұзынтыдығын салмақтап өлшеу үшін 24немесе 48 м сымдар қолданылады, олар диаметрі 1,65мм болат немесе инвардан жасалады. Сымның екі шетінен әрбір 1мм сайын бөлінген ұзындығы 8см шкала орналасады. Өлшеуіш сымдар 1класс базисын және 1,2,3,4класс полинонометриясының қабырғаларын өлшеуге арналған базистік аспаптардың жиынығына кіреді. Базис аспабына 24м кіші аралықтарды өлшеуге арналған 12,1 немесе 6,1м инварлық лента немесе 10м рулетка кіреді. Маркшейдерлік топографиялық, геодезиялық, геологиялық барлау және құрылыс жұмыстарында ұзындығы 5,10,20,30 және 50м металл немесе тоқыма баулы рулеткалар қолданылады.
Сызықтың
ұзындығы мына формуламен анықталады:
;
мұндағы n-лентаның толық орын ауыстыру
саны, ол екінші өлшеушідегі темір
қазықшалардың және де жалпы берілгендерді
қоса есептеген кездегі санына тең,
r-қалдық. Жердегі нүктелер жақсы көрініп
тұру үшін олардың арасына, яғни тікелей
жанына ұзындығы 2-3м дөңгелек ағаш қадалар
қойылады, олардың ұшы ұшталған темірмен
құрсауланған. Қадалардың ен бойын әрбір
25см сайын ақ және қызыл түспен бояйды.
Ғылым
мен техниканың қарқынды дамуы өлшенілетін
ара қашықтықты электромагниттік
толқындардың өту уақытымен сипатталатын
электрондық өлшеу принципіне негізделген
жаңа геодезиялық аспаптарды жасауға
мүмкіндік ашты. Осындай аспаптар
электромагниттік толқындардың түріне
байланысты жарық және радио қашықтық
өлшеуішке бөлінеді. Жарық және радио
қашықтық өлшеуіштер оптикалық қашықтық
өлшеуіштермен салыстырғанда едәуір
қашықтықты неғұрлым жоғары дәлдікпен
өлшеу артықшылығына ие болады. Жарық
қашықтық өлшеуішті қолданып ара
қашықтықты электромагниттік толқындардың
өту уақыты арқылы анықтайды. Жарық
қашықтық өлшеуіштің принципті схемасы
ізделініп отырған ара қашықтықты есептеп
шығаруға мүмкіндік береді:
;
мұндағы v-электромагниттік толқындардың
ауадағы таралу жылдамдығы,км/с;
t-электромагниттік толқын импульсінің
өту уақыты,с.
Геодезиялық радио қашықтық өлшеуіштер едәуір ара қашықтықтарды радиосигнал хабарының көмегімен өлшеу үшін қолданылады. Олардың массасы мен көлемі біршама үлкен. Ара қашықтықты өлшеуге радио қашықтық өлшеуіш станциясының екеуі қолданылады: жетекші және жетектелуші, олар жиілігі жуық тербеліске өзгертілген жоғары жиіліктегі толқындарды таратады және басқа станциядан түскен толқындарды қабылдайды.
14. Өлшеулер және олардың жіктелуі. Өлшеу қателіктері. Қандай болса да бір шаманың өлшеуі деп, оны салыстыру бірлігі ретінде қабылданған басқа шамамен салыстыру процесін айтады. Осының нәтижесінде өлшеудің нәтижесі деп аталатын атаулы сан шығады. Кез келген геодезиялық өлшеулер мынадай факторлар, яғни өлшеу объектісі, орындаушы аспап, өлшеу әдісі және сыртқы орта болғанда және өзара әрекеттескен кезде жүзеге асырылады. Сыртқы орта деп өлшеудің барлық жағдайларының жиынтығын: жергілікті жердің бедері мен грунты, өсімдік жамылғысы,температура,ауаның ылғалдылығы және тозандылығы, жарықтылық,жел,бұлттылық және т.б айтады. Осы факторлардың өлшеу кезіндегі нақтылы мөлшері өлшеу жағдайлары деп аталатынды айқындайды. Өлшеулер тікелей және жанама болып бөлінеді. Анықталатын шаманы тікелей өлшеу нәтижесінде алатын болсақ, онда мұндай өлшеулер тікелей өлшеулер деп аталады. Өлшеулердің нәтижесі анықталатын шамамен математикалық тәуелділіктегі бір немесе бірнеше шамаларды тікелей өлшеу нәтижесінен есептеу арқылы алынған өлшеулерді жанама өлшеулер деп атайды. Өлшеулер тағы да қажетті және қосымша өлшеулерге бөлінеді. Берілген шаманы тікелей немесе жанама өлшегенде бір ғана нәтиже алуға мүмкіндік беретін өлшеулерді қажетті өлшеулер деп атайды. Берілген шаманы өлшеу кезінде екі немесе одан да көбірек нәтиже алуға мүмкіндік беретін өлшеулерді қосымша өлшеулер деп атайды.
Кез келген өлшеулер жеке адамдардың, аспаптардың және сыртқы ортаның әсерінен туатын қателіктер салдарынан болатын қайсыбір формадағы қателіктермен қатар жүреді. Қателіктер әсер ету сипаты мен қасиеттері жағынан өрескел, жүйелі және кедейсоқ болып бөлінеді. Өрескел қателіктерге өлшеулердің нақты бір жағдайларында, яғни бақылаушының, аспаптың өлшеу методикасының кемшіліктерінен және сыртқы ортаның әсерінен жіберілетін қателіктерден артық шамадан жіберілген, әрі мұндай шамада жіберуге мүлдем болмайтын қателіктер жатады. Сонымен қатар олар, қолданылатын аспаптардың кемшіліктері, сыртқы ортаның әсері және бақылаушының жеке қасиеттері нәтижесінде пайда болады. Жүйелі қателіктердің өлшеудің нәтижелеріне тиетін әсері жұмыстардың жарамды методикасын қолдану, аспаптарды мұқият тексеру, тағы да өлшенген шамаларға түзету енгізу арқылы минимумге жеткізіледі. Кездейсоқ қателіктерге қолданылатын аспаптардың және сезім мүшелерінің жетілмегендігі, сондай ақ сыртқы жағдайлардың өзгеруі салдарынан болмай қоймайтын қателіктер жатады.
Қателіктер теориясы бірқатар практикалық міндеттерді шешеді:1)өлшеулердің мейліеше дәл нәтижелерін алудың ережелерін қалыптастырады;2)өлшеулер нәтижелерінің және олардың функциясының дәлдігін бағалау ережелерін белгілейді;3)бақылауларды алдын ала берілген дәлдікпен ұйымдастыруды және оның бағдарламасын қамтамасыз етеді.
15. Жер бетіндегі нүктелердің орнын анықтау үшін координаталар жүйесін пайдалану. Жер бетіндегі нүктелердің орнын оның координаталары, яғни алынған координаттар жүйесінің бастапқы жазықтары мен сызықтарына қатысты ізделініп отырған нүктелерді сипаттайтын шамалар арқылы анықтайды. Геодезиядаөолданылған барлық координаттар жүйелері кеңістіктік және жазықтық жүйелері болып екіге бөлінеді. Координаталардың кеңістіктік жүйелерінің ішінде көпшілікке танымалысы географиялық координаталар жүйесі. Бұл жүйеде нүктенің жер бетіндегі орны жалпы дүниежүзілік масштабта анықталады. Оларды геогр.ендік және геогр.бойлық дейді. Геодезиялық ендік экватор жазықтығы мен берілген Р нүктесі арқылы өтетін тіктеуіш сызық арасындағы бұрыш. Ендік экватордан бастап, берілген нүктеге дейінгі географиялық меридианның доғасымен өлшенеді де, экватордан екі жаққа солт.қарай 0-90градусқа дейін өзгеріп отырады. Геодезиялық бойлық бастапқы меридиан жазықтығы мен берілген нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтығы арасындағы бұрыш. Бойлық бастапқы меридиан батысқа және шығысқа қарай 0-180градусқа дейін салынады. Географиялық координаталар жүйесі бүкіл жер шарына ортақ және олар астрономия, сфералық геометрия, картография, ғарыш мәселелрін шешуде жиі қолданылады.
Біршама қысқа арақашықтықтарға байланысты есептерді шешкенде тікбұрышты жазық координаталар пайдаланылады. Бұл жүйеде нүктелердің координаталары, ара қашықтықтары және бағыттары арасындағы байланыс аналитикалық геометрияның қарапайым формулаларымен өрнектеледі, мұның өзі есептеулерді айтарлықтай жеңілдетеді. Егер жер беті учаскесінің өлшемі жердің сфералылығын ескермеуге мүмкіндік беретін болса, онда геодезиялық жұмыстар жүргізген кезде тікбұрышты координаталардың шартты жүйесі жиі қолданылады, оның координаталар басы еркін таңдап алынады. Осы координаталар жүйесінің элементтері мынадай: абцисса осі, оның бағыты бастапқы меридианға , магниттік және осьтік меридианға параллель немесе еркін қабылданады. Горизонталь жазықтық координаталар осімен төрт ширекке бөлінеді. Математикада қолданфлатын тікбұрышты жазық коорд.жүйесінен айырмашылығы геодезияда оң тікбұрышты коорд.жүйесі қолданылады; онда ширектердің нөмерленуі солт.шығ.ширектен басталып, сағат тілінің бағыты бойымен жүргізіледі; мұның өзі геодезиялық есептеулер кезінде тригонометриялық формулаларды ешбір өзгеріссіз пайдалануға мүмкіндік береді. Тікбұрышты жазық координаталардыңжалпы мем.жүйесінде жер бетіндегі нүктелердің орындары жазықтықта х,у тікбұрышты координаталарымен анықталады. Олар жазықтықта Гаусс Крюгердің тең бұрышты көлденең цилиндрлі проекциялау заңыбойынша проекцияланады. Сонда жер эллипсоиды бойлықта әрбір 6градус сайын меридиандарымен 60зонаға бөлінеді, олар полюстен полбске дейін созылады. Зоналардың саны батыстан шығысқа қарай Гринвич меридианынан жүргізіледі, ал Гринвич меридианы бірінші зонаның батыс шекрасы болып саналады. Әрбір зонаның ортадағы меридианы осьтік меридиан д.а.
16. Тахеометриялық түсіріс. Тахеометриялық түсірісті жүргізуге арналған аспаптар. Тахеометриялық кестелер. Тахеометриялық түсірісте түсірілетін нүктеде тұрған рейканы аспаптың дүрбісімен бір рет нысаналау арқылы осы нүктенің координаталарын, яғни бағытын, ара қашықтығын және салыстырмалы биіктігін анықтайды. Демек, тахеометриялық түсірістің мәні аспаптың нысаналау осінің бір жағдайында вертикаль бұрышты, горизонталь бұрышты және рейкадан қашықтық өлшеуіш жіптерінің аралығындағы бөліктер санын есептеуден тұрады; осы мәліметтер арқылы нүктенің кеңістіктегі координаталарын есептеп шығарады. Тахеометриялық түсірісте жергілікті жердің топографиялық планы түсірілетін нүктелердің барлық үш коордмнаталарын есептеп шығаруға мүмкіндік беретін мәліметтерді жинайтын далалық жұмыстар мен планды сызу және есептеп шығарудан тұратын ғылыми өңдеу жұмыстары нәтижесінде жасалынады. Тахеометриялық түсірісті тахеометрлермен немесе теодолиттермен атқарады.
Электрондық тахеометр – ара қашықтықтарды, горизонталь және вертикаль бқрыштарды өлшеуге арналған, әрі өлшеу нәтижелерін автоматты түрде тіркейтін электрооптикалық аспап.
ТД тахеометр – 2разрядты полигонометриялық жүрісті салуға және жоғары дәлдікті тахеометриялық түсірісті жүргізуге арналған. Ол Т5к теодолиті негізінде жасалынған және екі кескінді авторедукциялық қашықтық өлшеуішпен жабдықталған.
ТН тахеометр – номограммды аспап болып табылады; оның көмегімен вертикаль және горизанталь бұрыштарды, ара қашықтықтың горизонталь ұзындығын және салыстырмалы биіктікті өлшеуге болады.
ТВ тахеометр – ішкі базалық оптикалық аспап болып табылады, ол аспаптың өзі де екі кескінді айнымалы базасы бар қашықтық өлшеуішпен жабдықталған.
Тахеометрлер болмаған кезде тахеометриялық түсірісті теодолит пен рейканың көмегімен жүргізуге болады. Мұндай жағдайда әрбір пикеттік нүктеге дейінгі көлбеу ара қашықтықты жіпті қашықтық өлшеуішпен горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшейді. Салыстырмалы биіктікті тригонометриялық нивелирлеумен анықтайды.
Теодолиттің
вертикаль дөңгелегінің көмегімен
дүрбінің нысаналау осін рейканың қандай
да бір нүктесіне бағыттағандағы көлбеулік
бұрышын анықтайды. Осы нүктеден рейканың
тақасына дейінгі қашықтық (υ) нысаналау
биіктігі деп аталады: h=h
,
бірақ
ендеше
.
Егер рейкаға аспаптың биіктігін (і)
белгілеп, осы нүктені дүрбімен нысаналаса,
яғни i=υ тең деп алынса, онда салыстырмалы
биіктікті бұлай анықтауға болады:
.
Салыстырмалы биіктікті 0,01 м дейінгі
дәлдікпен дөңгелектейді. Егер AB=D ара
қашықтығын лентамен немесе горизонталь
рейка арқылы қашықтық өлшеуішпен
өлшейтін болсақ, онда
тең
болады да, мына формуланы аламыз
.
Егер нүктелердің ара қашықтығын вертикаль
рейкадан қашықтық өлшеуішпен өлшейтін
болсақ, онда d орнына мәнін қойып,
салыстырмалы биіктікті мына формуламен
анықтауға болады:
немесе
тең
деп алатын болсақ, онда
,
мұндағы k-қашықтық өлшеуіш коэф.;
L-қашақтық өлшеуіш жіптерінің сантиметрлік
аралық бөліктерінің саны;D-қашықтық
өлшеуішпен өлшенген ара қашықтық. Осы
формулаларды пайдаланып салыстырмалы
биіктікті анықтағанда тахеометрлік
кестелерді пайдалануға болады. Егер А
нүктесінің биіктік белгісі мәлім болса,
онда В нүктесінің биіктік белгісін мына
формуламен анықтауға болады
.
Сызықтың вертикаль ұзындығы 400 м артық
ара қашықтыққа биіктік белгілерді
жеткізгенде салыстырмалы биіктіктің
өлшенген мәніне, жердің қисықтығына
және нысаналау сәулесінің атмосфераның
жерге жақын қабаты арқылы өткендегі
вертикаль рефракциясына түзетулер
енгізіледі.
17. Топографиялық карта және оның ғылыми-зерттеу және өндірістік практикада қолданылуы. (Топографическая карта) — шартты белгілермен, барлық сызықтарын белгілі бір мөлшерде бірнеше есе кішірейту арқылы жергілікті жерді қағаз бетінде дәлме-дәл әрі жан-жакты бейнелеу. Топографиялық картада арнаулы шартты белгілермен жердің барлық бөлшектерінің (бедері мен заттардың) орналасуы мен өзара байланысы көрсетіледі. Топографиялық картаны командирлер мен барлық дөрежедегі штабтар ұрысты дайындау, ұйымдастыру, әр түрлі міндеттерді орындау барысында, сондай-ақ қарсыластар мен өз әскерлері туралық, кабылданған шешімдер мен жауынгерлік бүйрықтар туралы мөліметтер бейнеленген құжат ретінде кеңінен қолданады. Карта бойынша жергілікті жерді бағалауға, қозғалыс бағытын зерттеуге, қашықтықты, бұрышты, алаңдарды, биіктікті, кеңістікті анықтауға байланысты міндеттер орындалады, ұрыстағы нысаналар мен ракеталардың, артиллерияның, т.б. ұрыс тәртібі анықталады. Топографиялық карталар жалпы мемлекеттің, елдің қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін де, халық шаруашылығы үшін де қажет.Топографиялық карта көмегімен орындалатын міндеттердің сан алуандығы өр түрлі масштабтағы карталардың болуын керек етеді.[1]Топографиялық карталар шағын территорияларға жасалады, олар көптеген беттен тұрады. Картаның бетке бөлінуін жол сызық, ал беттің белгісін номенклатура деп атайды. Топографиялық карталардың әрбір беті трапеция болып табылады оған номенклатура беріледі. Карта бетінің номенклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының үстінде орналасқан.Картаның номенклатурасы негізінен 1:1000 000 масштабтағы карта құрады, оның рамкасының өлшемі бойлықта 6°, ал ендікте 4°. Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді білдіретін латын алфавитінің бас әрпінен және реттік нөмірін көрсететін цифралардан тұрады. Мысал ретінде N-36-54-Г-а карта бетінің номенклатурасының 1:1000 000 масштабтан бастап рет-ретімен құрастыруды қарастырамыз.N-36 бет 1:100 000 масштабтағы 144 бетке бөлінеді, олар 1,2,3 …, 144 цифрларымен белгіленеді. Осы масштабтың 54 нөмірлі бетінің номенклатурасы N-36-54 болады.1:100000 масштабтағы N-36-54 картасының беті 1:50 000 масштабтағы картаның бетіне 4 бетіне сәйкес келеді: олар А,Б,В және Г әріптерімен белгіленді. Осы масштабтың екінші номенклатурасы N-36-54-Г болады.Осы бетті 4-ке бөлуден 1:25000 масштабтағы картаның 4 бетін алады. Бұл беттер а,б,в,г әріптерімен белгіленеді. Осы масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы N-36-54-Г-а болады. 1:5000 масштабтағы картаның номенклатурасының негізі болып, 1:10000 масштабтағы картаның беті саналады, ал ол болса 1:5000 масштабтағы картаның 256 бетіне бөлінеді. 1:5000 масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы N -41-60-(256) болады.1:2000 масштабтағы картаның номенклатурасын алу үшін 1:5000 масштабтағы картаның беті 9 бөлікке бөлінеді. Оларды орыс алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді. Сонымен 1:2000 масштабтағы картанаң ақырғы бетінің номенклатурасы N -41-60-(256-и) болады.Топографиялық карталардың масштабына байланысты жеке беттерінің өлшемі туралы мәліметтер және номенклатура үлгілері 1-кестеде берілген.
18. Көлбеу бұрыштарды өлшеу қағидалары. Көлбеу бұрыштарды өлшеуге арналған аспаптар. Теодолиттердің классификациясы. Геодезиялық жұмыстар барысында горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу үшін әртүрлә аспаптар кең қолданылады. осындай аспаптардың бұрыштарды өлшеу негізіне төмендегідей түсініктер алынады. Бір аспаппен горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу үшін, оның екі жазықтығы болуы тиіс. Өлшеу кезінде бір жазықтық горизонталь, ал екінгшісі вертикаль болуы керек. Горизонталь дәне вертикаль бұрыштарды өлшеуге қолданылатын аспап теодолит д.а. қолданылып жүрген теодолиттер дәлдігі есептеу құрылғыларының түрі. Горизонталь дөңгелегінің вертикаль осътері жүйесінің конструкциясын және атқаратын міндеті жағынан әр түрлі текке бөлінеді. Теодолиттерді горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне байланысты үш түрге бөлуге болады:
-Бір және екінші класты триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған жоғары дәлдікті Т1теодолиті.
-Дәл теодолит T2-3және4класты триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған; T5-1және 2разрядтық триангуляциялық жүйелер мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеу және жер бетіндегі маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу үшін қолданылады.
-Техникалық T5,T30, T60 теодолиттік және тахеометриялық жүрістерде және түсіру жүйелерінде, сондай ак жер бетіндегі және жер асты қазбаларындағы маркшейдерлік жұмыстарды атқару кезінде бұрыштарды өлшеуге арналған.
Теодолиттердің шартты белгілеріндегі цифр горизонталь бұрышты бір тәсілмен өлшеудің секундық орташа квадраттық қателігін білдіреді.T5теодолиті үшін m=5”, T30үшін m=30”және т.с.с.дөңгелегінің жасалу жіне есептеу құрылғысының құрылысы жағынан теодолиттер екі топқа бөлінеді: металл және шыны лимбалылар. Вертикаль дөңгелегі, ара қашықтық өлшеуге арналған құрылғысы және буссолі бар теодолит тахеометр д.а. қазіргі уақытта шығарылатын техникалық теодолитер тахеометрлер д.а.
19.
Масштабтар, олардың дәлдігі. Жер
бетін планда немесе картада кескіндегенде
жер контурының горизонталь проекцияларын
табиғи шамасымен бірме бір көрсету
мүмкін емес. Демек, план немесе карта
жер контурының горизонталь проекцияларының
кішірейген кескінің береді. Пландағы,
яғни картадағы кесінді ұзындығының
жердегі тиісті кесіндінің горизонталь
проекциясына қатынасы планның немесе
картаның масштабы деп аталады. Масштаб:
және т.с.с алынады. Осындай масштаб
сандық масштаб деп аталады, оның бөлімі
жердегі сызықтардың план мен картаға
кескіндеу кезінде қаншалықты
кішірейгендігін көрсетеді. Масштаб
әрбір план мен карта бетінің рамкасының
қңтүстік қабырғасының астында сандық
және графикалық (сызықтық масштаб)түрде
көрсетіледі. Сандық масштабты біле
отырып, картада жердегі өлшенген
кесіндінің ұзындығын,керісінше картадағы
ара қашықтықты өлшеп оның жердегі
шамасын табуға болады. Планды не картаны
жасағанда жердің әрбір сызығының
ұзындықтарын әрдайым бір санға кішірейту
қажет; оған сызықты масштабты пайдаланған
кезде қол жеткізуге болады. Сызықтық
масштаб масштабтың негізі деп
аталады,мысалы,әрбір 1-2 см сайын тең
кесінділерге бөлінген тік сызық болып
табылады. Мұндағы шеткі сол жақтағы
кесіндіге әдетте 10 тең бөлікке бөледі.
Сызықтық масштабтағы әрбір кесіндіге
жердегі белгілі бір кесінді сәйкес
келеді. Сызықтық масштабтың көмегімен
0,5 мм дәлдікпен ара қашықтықты өлшеуге
және салуға болады. Ара қашықтықты өте
дәлдікпен анықтау үшін көлденең масштабты
қолданады. Көлденең масштаб кесінділерді
пропорционал бөлуге негізделген график
болып табылады. Көлденең масштабты салу
үшін түзуге бірнеше рет екі см кесінді
салынады, ол масштабтың негізі деп
аталады. Бөлінген нүктелерден
перпендикулярлар тұрғызылады. Масштабтың
негізіне параллель тең аралықта
перпендикуляр арқылы түзулер жүргізіледі.
Масштаб негізінің шеткі сол жақтарын
жоғарыдан және төменнен он бөлікке
бөледі. Көлденең масштабты қолданып
өлшеу жүргізу алдында оның негізгі
бөліктері жердегі қандай ара қашықтықтарға
сәйкес келетінің анықтау, яғни 2см, 2мм,
0,2мм план масштабының бөліміне
көбейтілгенде неге тең болатының білу
қажет. Мысалы, 1:5000масштабтағы план үшін
– 100м,5м, 0,5м. Өлшеу кезінде циркуль
ашасының инесін диаметрі 0,1мм шеңбер
ретінде қабылдауға болады. Осы шамадан
кем кесінділерді сызбаға түсіру іс
жүзінде мүмкін емес. Планның 0,1мм нақты
масштабына сәйкес келетін жердегі ара
қашықтық масштабтың дәлдігі деп аталады.
20. Геометриялық нивелирлеу. Геометриялық нивелирлеуде қолданылатын аспаптар. Нүктелердің биіктік белгілерінің мәні мен олардың салыстырмалы биіктіктерін есептеп шығаратын геодезиялық өлшеулер нивелирлеу деп аталады. Нүктелердің алынған биіктік белгілерінің мәні барлық масштабтағы топографиялық түсірістрдің биіктік негізі болып саналады және олар халық шаруашылығына қажетті инженерлік есептерді, сондай ақ бірқатар ғылыми есептерді шешу үшін қолданылады. Н.ктелердің біктігін техникалық нивелирлеуді қолданып геометриялық нивелирлеумен анықтайды. Геометриялық нивелирлеу ортадан және алға қарай нивелирлеу әдістері болып бөлінеді.
Геометриялық нивелирлеу— жер бетіндегі нүктелердің биіктік айырмашылығын (өзара биіктікті) горизонтальдық көздеу арқылы анықтайтын тәсіл. ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ НИВЕЛИРЛЕУ нивелир және рейканың (қаданың) көмегімен орындалады. Нивелирді орналастыруға байланысты ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ НИВЕЛИРЛЕУ екі әдіспен жасалынады: “ортаға қою” және “алға нивелирлеу”. Маршруттық нивелирлеуде “ортаға қою” әдісін қолдану тиімді. Бұл әдісте нивелир екі нүктенің ортасына қойылады, ал нүктелерде вертикаль қалыпта рейкалар орналастырылады. Рейкалардан артқы (а) және алдыңғы (b) санақтар алынады. Осы санақтардың айырымы арқылы екі нүктенің өзара биікт. (їаb) есептелінеді. ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ НИВЕЛИРЛЕУде нүктелердің арасы бір-бірінен алшақтау болса, нивелирді нүктелердің ортасына ретімен орналастырып (нивелир орналастырған жерді “станса” деп атайды) нивелир жүрісі жүргізіледі. Екі көршілес стансаға ортақ нүктелер нивелир жүрісінің байланыс нүктелері болып табылады. Олардың биіктік мәндері Ні+1Ні+їі формуласымен анықталады, мұндағы і — нүктелердің реттік нөмірі. Бастапқы және соңғы нүктелердің биіктік айырымы артқы және алдыңғы санақтар қосындыларының айырымына тең болуы керек, яғни Нсоңғ.Нбаст.аb. Жер бетінде ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ НИВЕЛИРЛЕУ арқылы мемл. және жергілікті нивелирлік торлар құрылады, олар арқылы республика территориясында біртұтас биіктік жүйесі жасалынып, топогр. түсірім мен инж. жұмыстар орындалады. Алға нивелирлеу әдісі бөлу жұмыстарында, жерге жоба белгілер мен еңістіктерді шығарғанда, жерді вертикальдік пландауда ірі масштабты топогр. план алу үшін қолданылады.
Нивелир және оның құрылысы. Нивелир – жер беті нүктелерінің биіктік айырмасын, өсімшесін өлшеуге қолданылатын аспап. Нивелир өлшеу дәлдігіне қарай үш түрге бөлінеді.
Н-0,5-дәлдігі өте жоғары нивелир 1 км-лік қос жүрістегі өсімшемен анықтаудың орташа дәлдігі 0,5 мм-ге тең.
Н-3-дәл нивелир. Орташа квадраттың дәлдігі 3 мм.
Н-10-техникалық нивелир. Өсімше анығтау дәлдігі 10 мм аспайтын нивелир түрі.
Енді геодезиялық жұмыстарда кеңінен қолданылып жүрген нивелирлер Н-3 пен Н-10-ның құрылыстарына тоқталамыз.
Н-3-нивелирі 3,4 кластық және техникалық нивелирлеу үшін
қолданылады. Оның негізгі бөлшектеріне: цилиндрлік деңгей қондырылған дүрбі, көтергіш винттер бар қондырғы, штатив бекіту үшін жасалған винт оймасы бар пластинка жатады.
Цилиндрлік деңгеймен бір коробкада орналасқан призмалы құрылған деңгей үлбіреуігінің бейнесін көз алдына келтіреді. Нивелирге қойылатын басты талап нысалану сәулесінің горизонталь болып орналасуы. Оны горизонталь жағдайда дәл келтіру элевациондық бұранда арқылы жүргізіледі, яғни деңгей үлбіреугінің ең шетін ұштастыру арқылы.
Цилиндрлік деңгейдің сыртқы жабық төрт түзетпе бұрандалары бар. Нивелирдің вертикаль осін алдын ала тік бағытқа келтіру үшін, дөңгелек деңгей орнатылған және оның үш түзетпе винттері бар.
Ең алдымен дүрбінің көздегіші мен бекітпе арқылы бағыттап, одан кейін жетекші винт көмегімен дәл көзделеді. Дүрбідегі жіптер торының анық көруін камтамасыз ететін кремальера бар.
Элевациондық винтпен деңгей үлбіреуігінің екі шеті ұштастырылғаннан кейін, жіптер торының ортаңғысы арқылы рейкадан есеп алынады. Есеп әрқашанда төрт таңбалы сан болып келеді, яғни көрсетілген мысалда есеп 1145 мм-ге тең.
Нивелирлік рейкалар. Нивелирлеуде мантиметрлік бөліктері бар екі жақты рейкалар қолданылады. Олар ұзындығы 3-4 метр, ені 8-10 см және қалыңдығы 2-3 см тұтас ағаш тақтайдан жасалынады. Алып жүруге қолайлы бүктемелі рейкалар да жасалынады. Тақтайлар ақ майлы бояумен боялып, оларға сантиметрлік торкөз бөліктер түсіріледі. Онда әрбір дециметр жазылады, ал сантиметрлік торкөз бөліктер есеп алуды жеңілдету мақсатымен 5 см сайын топтарға біріктірілген. Мәселен, Е әрпіне сәйкес топ 50 см-ді көрсетеді және оны санамай-ақ қойса да болады. Рейканың ең кішкене бөлігінің сандық шамасы рейка бағасы деп аталады. Тұтас рейканың ең үлкен ұзындығы 3 м-ге тең. Рейканың төменгі жағында оны тез тозудан қорғайтын болат пластикадан жасалған табан қағылған.
Рейкалар бір жақты немесе екі жақты да болуы мүмкін. Екі жақты рейкалардағы бір сантиметрлік бөліктер бір жағында қара, ал екінші жағында қызыл түспен белгіленеді. Рейканың қара жағында есептеу нөлден басталады да, ол негізгі жағы болып есептелінеді. Рейканың қызыл жағын тексеру үшін қажет, оның табаны нөлден емес басқа саннан, мысалы, 4687 не 4787 мм-ден басталады. Егерде нивелирлеу кезінде рейканың екі жағынан есептер алынса, онда қызыл жағынан алынған есептер қара жағынан алынған есепті шегергенде, әрқашан 4687 4787 саны қалып отыруы қажет. Бұл сан есеп алудың дәлдігін де, дұрыстығын да көрсетеді.
Жұмыс жүргізер алдында нивелирлік рейкалар тексерілуге тиіс.
ӘУЕҒАРЫШТЫҚ ТҮСІРІС ӘДІСТЕРІ
Сұрақтар:
Әуеғарыштық әдістердің ерекшеліктері
ӘФС және КФС әдістерімен түрлері
Жеке суреттердің геометриялық қасиеттері
Суреттерді тарнсформациялау
Стереоскопиялық қоссурет
Шағылысу сәуле, оның алынуы және пайланылуы
Ғарыштық суреттер түрлері
Ғарыштық зымырандар пайдаланатын орбиталар
АҚЗ пайдаланатын «мөлдір терезе» диапазоны
Зымырандар үшін орбитаның параметрлері
Дешифрлеу түрлері, қасиеттерікөрсеткіштері
Жер бетіндегі нысандардың оптикалық қасиеттері
Күн сәулесін тіркеу әдістер
Электромагниттік толқындар спектрі
Көрінетін диапазондардағы суреттер
Радиолокациялық түсіріс және суреттер
Фотографиялық суреттер, олардың қасиеттері
АҚЗ пайдаланатын ГАЖ бағдарламалар
Cуреттердің фотограмметриялық өнделуі
Әртүрлі табиғи зоналардағы нысандарды дешифрлеу
