Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС экз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
244 Кб
Скачать
☆

3. Гаж бағдарламаларының қамтамасыз етілуі – қолданбалы бағдарламалардың стандартты пакеттерінің негізінде жүзеге асырылды.

Геоақпараттық картографиялауда қарқынды дамып келе жатқан – оперативті картографиялау болып табылады. Ол шынай немесе шынайы масштабқа жақын құрылып, қолданушыларға көптеген мәліметтер беруге міндеттелген Оперативті карталар динамикаларды зерттеуге ғана емес, сонымен қатар үлкен спектрлі құрылымдағы жұмыстарды атқаруға, обьектілердің инвентаризациялануын, қауіпті және жағымсыз жағдайларды жөнінде ақпарат беру, олардың өсу қарқынын бақылап, жоспарлар мен болжамдар жасап, бақылау әдістерін саралап, экологиялық жағдайдан саяси ахуалға дейін көрсетіп отырады.ГАЖ технология саласында мамандандырылған мекемелер Жұмыс барысында Интернет желісін қарқынды пайдаланып келеді. Геобейнелердің көптігі ГАЖ технологиясының Электронды желідегі құрылуын және модернизациялануын қамтамассыз етеді. «Веб-ГАЖ», «Интернат-ГАЖ», «Интернетті-Картографиялау» сияқты жаңа терминдер пайда болды. Интернет желісінде көптеген сайттарда:

оригиналдан сканерленген карта және жалпы атластар;

  • ГАЖда қолдануға болатын сандық форматтағы аэро-ғарыштық суреттер;

  • Арнайы интернет желісі үшін тағайындалған 3Dмодельдер мен геобейнелер;

  • Қолданушылардың сұранысы бойынша жаңартылып жіне құрастырып отыратын интерактивті геобейнелер.Интернет желісінде қарапайымнан күрделіге дейін баратын анимациялар бар

4. Web ГАЖ – технологиясын қолданыс қызметінің негізгі бағытын анықтау.

Геоақпараттың функцияларының көмегімен web-технологияларға түрлі технологиялық стратегиялар бағытталады. Мысалы, “серверлік” стратегиялар клиенттерге геомәліметтерді олардың талдауларын Web –серверлерге жіберуге мүмкіндік береді. Сервер сауалдарды өңдеп, алыстағы клиентке алынған нәтижелерді қайта жібереді.клиентке үлкен міндет жүктелмейді. “Клиенттік серверлер” тұтынушыларға геомәліметтермен жұмыс жасап, сол жерде, яғни өз компьютерінде талдау жасауға мүмкіндік береді. “Cерверлік” стратегиялар геомәліметтерді және ақпараттық құралдарды қолдануда жалпыланған сервер режимін талдау нәтижелерін бағыттауға арналған. Бұл стратегия белгілі деңгейде локальды желідегі ГАЖ жұмысын қамтамасыз етуде қолданылатын “terminal-to-mainframe” дәстүрлі моделінің жұмысын қамтамасыз етеді.Бұл жағдайда клиенттің компьютерінің сапасы жоғары болуы керек.Ондай стратегияға келесі процедуралар қатары тән: тұтынушы web-браузер терезесінің көмегімен сауал құрастырады; сауал Интернет желісі арқылы сервелерге жіберіледі; сервер сауалдарды өңдейді; жауап өолданушыға Интернет желісі арқылы орындалады клиент тез әрекет ететін серверді қолдана отырып,Интернет желісі арқылы берілуі қиын үлкен көлемді геомәліметтерді алуға мүмкіндік алады; тез әрекет етуші серверді қолдана отырып,клиент геомәліметтерді өңдеудің күрделі аналитикалық процедураларын атқара алады геомәліметтерге қол жеткізу режимін қадағаланады.

  1. Геоинформатика айналасында оқытылатын ғылыми пәндер мен технологиялар.

Ақпараттық технология кез келген ғылымның ажырамас бөлігі болып келеді. Оны түрлендіре отырып, шексіз жетілдіруге ұмтылуда. Жер жөніндегі ғылымда ақпаратты технологияның арқасында геоақпараттану және географиялық ақпараттық жүйелер – ГАЖ деген сияқты ұғымдар пайда болды. ГАЖ – бұл кеңістік – үйлестіруші деректерді жинауды сақтауда, өңдеуді, кіруді, бейнелеуді және таратуда қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.ГАЖ-дың мәні – қалай болғанда да деректерді жинауға, деректер қорын құруға, оларды компьютерлік жүйелерге енгізуге, сақтауға, өңдеуге, түрлендіруге болады. ГАЖ ғылыми пәндер және басқа ақпараттық технологиялармен тығыз байланыста. Әсіресе картография, математика, информатика, топография,физика т.б ғылым салаларын атап кетуге болады.Оның негізгі өзгешелігі – кеңістіктегі деректермен айла – әрекет және сараптама жасау мүмкіншілігінде. Ақпараттық жүйенің көпшілік мақұлдағандай анықтамасы жоқ болғанымен, соның ішінде геоақпараттық жүйелерді үстелдік картография жүйесі, CAD (АБЖ) жүйесі, деректер қорын басқару және ғаламдық позициялау жүйесінде біраз өзгешілігі бар екенін анықтады..Автоматты бағдарлама жүйесі (АБЖ). Бұл жүйе бағдардың сызуын, ғимараттардың жобасын және құрылымдарды жасауға арналған. Ондағы утилиттер картографиялық деректерді сүйемелдегенімен, үлкен кеңістікте деректер қорын басқару және сараптауды жасай алмайды.Арақашықтықта зерттеу. Кейінгі кезде жер бетінде орналасқан нысандар туралы деректер жинау және олардан деректер қорын құру үшін арақашықтықта зерттеу әдісін қолдануда. Жерді арақашықтықтан зерттеу үшін ғарыштық аппаратқа немесе жер серіктеріне өлшеу аппаратураларын орнатып, және бұларды әр түрлі деңгейге орналастырып спектр диапазонында жерді арақашықтан зерттейді. Әртүрлі деңгейде және диапазонда өлшенген жер бетінде орналасқан нысандар түрліше өзіне тән мәліметтер береді. Бұл кең түрде таралған үлкен аймақты алып жатқан аудандардан деректер жинауға өз септігін тигізеді. Бірақ құрамында деректер қорын басқару және оны сараптау құралы жоқ болғандықтан оны ГАЖ технологиясына жатқызуға болмайды. Ол таным әдісі ретінде жүйелік тұрғы негізінде электронды есептеу техникаларының ең жаңа жетістіктерін қолданып құрылған жүйе. Сондықтан қазіргі уақытта ГАЖ табиғи және әлеуметтік-экономикалық үрдістер мен құбылыстарды үлгілейтін, олардың байланыстарын, қарым-қатынастарын, болашақта дамуын болжайтын және шешім қабылдап, басқаруға арналған негізгі ғылым болып отыр.