Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗАК Т1Л1 НАЗЕРКЕ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172 Кб
Скачать
☆

2. Ассимиляция, оның түрлері.

Ассимиляция (Ықпал) (лат. assimilatio - ықпал) - екі дыбыстың айтылуы мен акустикасына қарай бір біріне ықпал ете үндесуі. Дауыстылармен дауыстылар, дауыссыздар мен дауыссыздар үндеседі.

Сөйлеу процесінде бір сөз екінші сөзбен, бір буын екінші буынмен өзінің екпіні, буыны, т. б. жақтарынан жиі қиюласатыны сияқты, бір дыбыс екінші дыбыспен де үйлесіп, үндесіп тұрады. Сингармонизм дауыстылардың үндесуі болып есептелсе, ассимиляция, негізінде, дауыссыздардың үндесуі болып есептеледі.

  • Ассимиляция толық түрде ұшырайды; басқаша айтқанда, бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп, толық еліктіреді; мысалы: жаз / са, сүз / се (айтылуда:жасса, сүссе); қосымшаның с дыбысы түбір сөздің соңғы з дыбысын дәл өзіндей етіп толық еліктіріп отыр: жасалу орны жағынан да, жасалу жолы жағынан да, дауыс қатысы жағынан да — бұл екеуі бірдей. Сол сияқты, з + ш немесе с + ш түрінде екі дауыссыз қатар түрса ш + ш түріне айналады; мысалы: сөз + шең, жұмыс + шы(айтылуы: сөшшец, жұмышшы); ш + с болса да ш + ш түріне айналады: қаш + са, шаш + са (айтылуы: қашша, шашша); з + ж түрі ж + ж-ға айналады: боз 6жігіт(айтылуы: божжігіт);

  • Ассимиляция жарым-жартылай түрде ұшырайды; басқаша айтқанда, бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп еліктірмей, бір жақты еліктіреді, мысалы: қаз + ға, тас + қа; осындағы түбірдің соңғы ұяң з дыбысының ауанымен қосымшаның басқы дыбысы да ұяңдап түр; түбірдің соңғы қатаң с дыбысының ауанымен қосымшаның басқы дыбысы да қатаң айтылып тұр. Сол сияқты, ақ ешкі дегеннің айтылуы ағешкі болып, өзінен кейінгі дауыстының ықпалымен қ дыбысы ғ дыбысына айналып түр; ал ақ бала дегеннің айтылуы ақпала болып, өзінен бұрынғы қатаң дыбыстың ықпалымен б дыбысы п дыбысына айналып түр; бала + лар (ұй\лер), қыз + дар (кәз + дер), ат + тар (шәп + тер) жоғарыдағы ізбен үндесіп түр. Осы келтірілген мысалдардан мынаны көруге болады: бір дыбыс екінші дыбысты толық, дәл өзіндей етіп өзгертпей, бір ғана артикуляциялық белгі жағынан өзгертіп тұр; екінші сөзбен айтқанда, көршілес дыбыстар дауыс қатысы жағынан үндесіп түр: дыбыстар тіркесі үяң + қатаң (қатаң + үяң), үнді + қатаң (қатаң + үнді) немесе дауысты + қатаң, (қатаң + дауысты) түрде келмей, қатаң қатаңды тілеп, дауысты және үнді мен ұяң үяңды (немесе үндіні) тілеп тұр. Жартылай түрдегі ассимиляция тілімізде өте жиі қолданылады. Ал, толық түрдегі ассимиляция қазақ тілінде де, өзге тілдерде де тым сирек кездеседі. Сөйтіп, бір сөз көлемінде (түбір мен қосымша аралығында) немесе бірнеше сөз көлемінде (сөздер аралығында) тетелес келген дыбыстардың үндесуін ассимиляция дейміз. Түрлері:

  • Толымсыз ассимиляция - екі дыбыстың жартылай ықпал етуі (қаз. Агіт + бай - Айт + пай ұяң дыбыстың қатаңға айналуы).

  • Толымды ассимиляция - екі дыбыстың қосылып, бірдей айтылуы нэтижесінде пайда болатын ассимиляция (қаз. Дос + жан - Дошшан).

3. Әдеби норма.

Әдеби норма дегеніміз - тілдің таңдамалы,қолайлы,ой пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйелері.

Стиль

Стиль – латынша stylos (қазақша – жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған. Стилистика – ең алдымен стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады.

Дәстүрлі практикалық стилистикада «стиль» термині тілдің нормативті-стилистикалық ережелеріне сәйкес келу дәрежесін білдіреді (мысалы, «жақсы стиль», «жаман стиль»). Стиль терминінің кең мағынасы – сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы – жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді. Соңғы мағынасында «стиль» термині әдебиеттік стилистикада да қолданылады.

Барлық жағдайда да «стиль» термині тілдік қолданымға байланысты айтылады. Стильді тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарының жиынтығы ретінде түсіну тілдік құрылымның стилистикалық белгілеріне арнайы назар аударудан туған түсінік.

Ғылымда «тіл стилі», «сөйлеу стилі» ұғымдары да бар. Тіл стильдері мен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Тіл – қатынас құралы, сөйлеу – сол құралдың іске асуы, яғни белгілі бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу стильдері дегенді тіл стильдерінің іске асуының нәтижесі, іс жүзіндегі көрінісі деп қарауға болады. Сөйлеу стильдері әр уақытта жанрлармен байланысты болып келеді.

Тіл стильдері, сөйлеу стильдері, сөйлеу жанрлары арасындағы тәуелділікті мынадан байқауға болады. Тіл стильдері сөйлеу стильдерімен сәйкесті болса, соңғыларының нақты көрінісі сөйлеудің әртүрлі композициялық формаларында немесе жанрларында жүзеге асады.

Публицистикалық стиль

Публицистикалық стильге радио-телехабарлар тілі, газет-журналдар тілі жатады. Публицистикалық стильде қоғамдық саяси мәселе қарастырылады. Қоғамдағы әлеуметтік мәні бар өзекті мәселелерді шешуге көмектесетін, сол мәселелерді халыққа жеткізетін, үгіт-насихаттық қызмет атқаратын бұл стильдің де өзіндік белгілері бар:

 тілдің эмоциональды элементтері мен сөзді образды қолдану жағынан әдеби стильге жақын;

 фактіні толық және логикалық жүйелі баяндау тәсілі жағынан ғылыми стильге жақын.

Публицистиканың жанрлары: бас мақала, ақпараттық хабар, очерк, памфлет, халықаралық шолу, теледидар мен радиодан берілетін әр түрлі хабарлар. Осы жанрлардың өзіндік ерекшеліктеріне қарай олардың сөз қолдану ерекшелігі, тіл ерекшелігі айқындалады.

Публицистикалық стильдің ауызша түрі - шешендік сөз.

«Шешендік сөз (ораторство) - Ежелгі Греция мен Рим заманынан бері қарай көптеген халықтардың мәдени-рухани өмір-тіршілігіндегі өнердің бір түрі. Шешендік өнер мен шешендік сөз бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, екеуі екі басқа түсінік атаулары: шешендік өнер актінің, яғни іс-әрекеттің атауы, ол әлеуметтік қызмет атқарады. Шешендік өнер (риторика) - өзінің нысанасы, теориясы, категориялары, тарихы бар жеке сала болып табылады. Ал шешендік сөз сол шешендік өнер иелерінің шаршы топ алдында сөйлейтін сөзі. Мұнан көпшілік алдында сөйлейтін сөздің кез келгені шешендік сөз деген ой тумаса керек. Шешендік сөз мынадай талаптарға жауап беру керек:

- белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыпты қозғайтын және шаршы топ алдында айтылатын сөз болуы керек;

- әңгіме өзегінің дәлелі (аргументі) болуы тиіс, соның арқасында тыңдаушыларға бір нәрсені әуелі түсіндіріп, содан соң ойлантып, ақырында бір харекетке ұмтылдыруды көздеуі қажет;

- тыңдаушыларға жақсы әсер етіп, сүйсіндіретін эстетикалық қасиеті болуы тиіс.»

Ресми құжаттар және іс қағаздары стилі

Ресми құжаттардың тілі мен іс қағаздарының тілі ресми іс қағаздары стилі болып табылады. Өздерінің аталуынан көрініп тұрғандай олардың қолданылу аясы мен практикалық қажеттілігі әр түрлі. Мысалы, іс қағаздары – басқару орындарындағы кеңселік құжаттар, ал ресми құжаттар басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар.

Кеңселік іс қағаздарына өтініш, өмірбаян, хабарландыру, хаттама, мәлімдеме, анықтама, жеке еңбек шарты, бұйрық, міндеттеме, жеке іс парағы жатады. Мұнан басқа азаматтық қатынастарды реттейтін сенім хат, қол хат, кепіл хат, келісім шарт, тапсырыс жатады. Кеңселік іс қағаздарының қалыптасып қалған белгілі бір сөздері, сөйлем үлгілері болады да, тұрақталып қалған үлгіге негізделіп жазылады. Дайын үлгіге негізделіп жазылатындықтан, мұндай қағаздарды жазу қиындық туғызбайды. Іс қағаздарында сұранамын, өтінемін, мәлімдеймін, куәландырамын, хабарлаймын деген сөздер тұрақты қолданыста болады. Іс қағаздарының түрлері көбінесе белгілі бір жағдайға байланысты нақты бір тұлғаның атынан жазылатындықтан, ол сөздер сөйлемнің баяндауышы болып, жіктік форманың бірінші жақ, жекеше түрінің жалғауын қабылдайды.

Іс қағаздарының жазылу тәртібі және оған қойылатын талаптар:

- іс қағазының кімге кімнен жазылғаны, аты-жөні, лауазымы туралы толық мәліметпен қағаздың оң және жоғары жағында көрсетіледі;

- іс қағазының атауы (өтініш, мәлімдеме) жолдың ортасына жазылады;

- іс қағазының мазмұны анық, нақты, түсінікті, қысқа жазылуы тиіс;

- іс қағазында мерзім міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

Іс қағаздарының мазмұнында грамматикалық формалардың жазылу ерекшеліктері болады. Мысалы, хаттаманың қаулысы ырықсыз етіс жұрнағы мен бұйрық райдың үшінші жақ формасы арқылы беріледі: жаса-л-сын, құр-ыл-сын, бекіт-іл-сін. Ал өтініш көбіне сұранамын, өтінемін деген формалармен аяқталады.

Ғылыми стиль.

Функциональдық стильдің бір түрі - ғылыми стиль. Ғылыми стильге ғылымның әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектер кіреді. Белгілі бір ғылыми еңбектің зерттеу нысаны болған зат немесе құбылыс ғылыми негізделіп, сипаттауды, дәлелдеуді қажет етеді. Ал негіздеу ғылыми сипаттау, ойлау арқылы жүзеге асады. Дұрыс ойлап, пікірдің дұрыстығын дәлелдеу, әрине, логикаға (қисын) тікелей байланысты. Логикалық жүйелі ой қорытындысы - ғылыми стиль мәтіндерінің басты ерекшелігі. Ғылыми еңбек сол ғылым саласының белгілі бір заңдарына, қағидаларына бағынады, ал оған негізделген ой қорытындысы нақты, жүйелі әрі қисынды болады.

Жазба стильдің басқа түрлері сияқты ғылыми стиль де жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Бірақ тілдік тәсілдерді пайдалануда, әрине, өзіндік ерекшеліктері бар.

Ғылыми стильдің белгілері

Ғылыми стильге ғылымының әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектер кіреді. Логикалық жүйелі ой қорытындысы – ғылыми стиль мәтіндерінің басты ерекшелігі. Ғылыми стиль түрлері: таза ғылыми стиль, ғылыми-оқулық стилі, ғылыми көпшілік стиль. Ғылыми стильдің мазмұндық белгілері: нақтылық, объективтілік, қисындылық. Терминдер – ғылым мен техниканың, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Терминдер салалық, салааралық және жалпы ғылыми болып қарастырылады. Ғылыми стильдің басты лексикалық ерекшелігі – терминдер. Ғылыми стиль — жазба стилінің бір түрі. Бұған казақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын — зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына, сүйену қажет. Сондықтан, ғылыми стильде логиканың маңызы ерекше. Ғылыми шығармалар жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Бірақ тілдік тәсілдерді пайдалануда, оның өзінің ерекшелігі болады.