Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗАК Т1Л1 НАЗЕРКЕ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172 Кб
Скачать
☆

14. Лингвальды аттракция. Оған бағынбайтын қосымшалар.

1. Лингвальдық (латын тілінің lioguo – «тіл» деген сөзі бойынша жасалған) – сингармонизм. Тілдің қатысы жағынан сөз ішінде дауыстылар не бір өңкей жуан дауыстылар, не бір өңкей жіңішке дауыстылар болып үндеседі. Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыстың әуеніне қарай ыңғайланып айтылады. Дауыстылардың бұлайша үндесуі лингвальдық сингармонизм деп аталады. Сингармонизм заңы бойынша түбір сөздегі дауыстылар қосымшалардағы дауыстыларды билеп, өзінің әуеніне қарай  икемдеп бағындырады. Түбір сөздегі дауысты дыбыс жуан болса, қосымшалардағы дауыстылар соған бағынып, жуан түрде жалғанады. М: ауыл – дар – дан. Түбір сөздегі дауысты жіңішке болса, қосымшалардағы дауыстылар түбірдегі дауыстыға икемделіп, жіңішке түрде жалғанады. М; ел – дер – ден. Түбірдегі дауыстылармен үндесе алмайтын бірен – саран аффикстерді (қосымшаларды) еске алмағанда, түркі тілдерінде қосымшалардың түбір сөзге бағынып жалғануы – оларға тән және қалыптасқан заңдылық. Түрік тілдерінде қосымшасыз түбір сөздің құрамы екі – үш буыннан құралғанда, ол буындардағы дауыстылар да не бір өңкей жуан (тамыр, тоқсан), не бір өңкей жіңішке (көңіл, көлеңке) түрде келеді. Бұл айтылғандарды түркі тілдерінен байырғы лексикасына қатысты деп түсіну қажет. Анығырақ айтқанда, біркелкі жуан буындардан немесе біркелкі жіңішке буындардан құралған сөздер көбінесе байырғы сөздер болып табылады. Жуанды – жіңішкелі аралас буындардан құралған сөздер басқа тілдерден енген сөздердің тобына енеді. Аралас буынды сөздерге қосымшалар соңғы буынның ыңғайына икемделіп жалғанады. (кітап - қа, мұғалім – ге, антоним - дер) Лингвальдық сингармонизм өзбек тілінен басқа түркі тілдерінің бәрінде бар. Түркі тілдерінің бәрінде бар. Түркі тілдерінің бәрінде де аффикстердің басым көпшілігі түбір сөздегі дауыстының ыңғайына (жуан немесе жіңішке болуына) қарай алғанады да, бірен – саран аффикстер ғана үндесуден сыртт қалып, бір вариантта ғана ұшырасады. Олар мыналар: Қазақ тіліндегі – нікі, (-дікі, - тікі) аффиксі, (баланікі, әкенікі, досымдікі, қарындастікі), -паз, - қор, - кеш, - гөй, хана аффикстері (өнерпаз, білімпаз, дүниеқор, пәлеқор, ақылгөй, асхана, шеберхана).

15. Омонимдер, өзіндік белгілері, пайда болу жолдары, көпмағыналы сөздерден ерекшелігі.

Омонимдер(гр. homos — біркелкі, onyma — есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер. Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.

  1. Ат — жұмыс көлігі;

  2. Ат — есім, атау;

  3. Ат — етістік (бұйрық рай).

Бұлар — жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара мағыналық ешбір байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз алдына көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы көлік; екіншіден, жылқының үйірге түспейтін еркегі; т. б. мағыналары бар. Мұнда тек дыбыстық үндестік қана емес, мағыналық байланыс бар. Ал, алғашқы келтірілген ат деген үш сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ.

Қас деген төрт сөз бар:

  1. қас — адамның қабағындағы қас;

  2. қас — дұшпан, жау;

  3. қас — бірдеменің жаны, маңы (үйдің қасы);

  4. қас — ердің қасы

Бұлар да — бір-бірімен байланыссыз жеке-жеке cөздер.

Кейде сөздердің ауызша айтылуында бірнеше сөздердің айтылу, естілу ұқсастығы болады. Мысалы: осы жер деген сөздерді айтқанымызда, ош шер болып айтылады, сол сияқты, тұзшы мен тұщы және асшы мен ащы сияқты сөздер де кездейсоқ деп саналады.

Омонимдердің семантикалық айырмашылықтары контексттен көрінеді.