- •Антонимдер, өзіндік сипаты. Антонимия және болымсыздық категориясы.
- •Антонимдердің болымдылық-болымсыздық категориясымен байланысы
- •2. Ассимиляция, оның түрлері.
- •3. Әдеби норма.
- •4. Әдеби тіл, ғалымдар пікірі. Әдеби тілге тән белгілер .
- •5. Екпін, оның түрлері мен ерекшеліктері.
- •Еліктеуіш сөздердің мағыналық ерекшелігі
- •8. Етістіктің рай категориясы. Бұйрық райлы етістік, оның жіктелу парадигмасы.
- •9. Зат есімнің септік және тәуелдік категориялары.
- •10. Консонантизмдер, ерекшелігі, классификациясы.
- •11. Күрделі етістіктер, олардың түрлері, ғалымдар көзқарасы.
- •Суреттеме етістік[өңдеу]
- •12. Күрделі сөздер. Олардың түрлері, жасалу жолдары.
- •14. Лингвальды аттракция. Оған бағынбайтын қосымшалар.
- •15. Омонимдер, өзіндік белгілері, пайда болу жолдары, көпмағыналы сөздерден ерекшелігі.
- •Жасалу жолдары
- •16. Орфоэпия және орфография, принциптері.
- •18. Синонимдер, ерекшеліктері, пайда болу жолдары.
- •19. Сөз тіркесі, оған тән белгілер, түрлері.
- •20. Сөздің лексикалық мағынасы, оның түрлері, жіктелуі.
- •21. Сөзжасамдық тәсілдер. (синтетикалық, аналитикалық, лексика-семантикалық, конверсиялық)
- •22. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі – анықтауыш.
- •Анықтауыш болатын сөз таптары
- •23. Сын есімнің шырайлары, шырайларды жіктеудегі көзқарастар.
- •Сын есімнің шырайларын түрлері
- •24. Табу, эвфемизм, варваризм, жаргон. Табу
- •Жаргон сөздер. Жаргон сөздер - белгілі бір әлеуметтік немесе қызығушылығы ортақ топтардың басқаларға түсініксіз, құпия мағынада сөйлесуі. Сипаттамасы
- •Компьютерлік сленгтер
- •Жаргон сөздеріне мысалдар
- •25. Түркі тілдерін классификациялау.
10. Консонантизмдер, ерекшелігі, классификациясы.
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды - консонантизмдер деп атаймыз.
1.Консонантизмдер акустика және артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай :
Дауыстың (салғырдың) қатысына қарай (акустикалық бөліну):
-
Қатаң:
К, қ, т, с, ч, п, ш, щ.
Ұяң:
Б, в, г, ғ, д, ж, з, һ.
Үнді: (сонор)
Н, м, й, р, л, ң, у.
Сонорлар жасалу тәсіліне қарай өз ішінен екіге бөлінеді:
-
Ауыз жолды:
Н, м, ң.
Мұрын жолды:
Й, р, л, у.
Жасалу тәсіліне қарай (артикуляциялық бөліну):
-
Эксплозив (жабысыңқы) ,(шұғыл) өкпеден шыққан ауаның кілт үзілуінен жасалған дыбыстар:
Фрикатив (жуысыңқы), (ызың) өкпеден шыққан ауаның үзілмей, сүзіліп шығуынан жасалған дыбыстар:
К, қ, т, п, д, б, в.
Ш, щ, с, ж, з, ф, х, һ, ғ, в.
Ескерту: Ч, ц африкат дыбыстар.
Ц = т + c, Ч =т +шь
Айтылу немесе жасалу орнына қарай:
-
Ерін(билабиаль)еріннің жымдасуына байланысты:
Б, п, м, у.
Тіс пен ерін(лабиаль және денталь):
В, ф.
Тіс (денталь) тіл тіске тиеді:
Т, с, з, д, ц.
Тілдің ұшы (альвеоляр):
Ч, н, л.
Тілдің алды(палаталь):
Ж, ш, р, й.
Тіл ортасы (препалаталь):
К, г.
Тіл арты (веляр):
Қ, ғ, ң, х.
Көмей (фарингаль):
Һ.
11. Күрделі етістіктер, олардың түрлері, ғалымдар көзқарасы.
Күрделі етістіктер
Күрделі етістіктердің түрлері:
Құранды етістік
Құрама етістік
Сараламалы етістік
Суреттеме етістік
Тұрақты етістік
Құранды етістік
Етістіктің бірінші компоненті (есім) негіз болса, екінші компоненті (көмекші етістік) сол есім сөзді етістікке айналдыратын дәнекер есебінде қызмет етеді.
Мысалы: жәрдем ет, ән сал, үлгі қыл, қабыл ал т. б.
Құрама етістік[өңдеу]
Бұл етістіктердің әрбір компонентінде өзді-өзіне дербес лексикалық мағына бар және әрқайсысының осы мағыналары бір-бірінен кем емес, бір-бірімен парапар я тең түседі.
Мысалы: алып ал, ала кел, барып кел, бара кел, алып бар, ала бар, алып кет, ала кет, келіп кет т. б.
Сараламалы етістік[өңдеу]
Бұл етістіктер екі я одан аса етістіктің тіркесінен құралады. Лексикалық мағынасына алғашқы етістік негіз (жетекші) болады да, оған қосылатын көсемшенің жұрнағы (-а, -е, -й, -ып, -іп) мен соңғы көмекші етістік селбесіп жетекші етістіктің мағынасын саралайтындай қосымша грмматикалық мән үстейді. Сарамалы етістік құрамындағы көмекші етістіктердің түрлі-түрлі болуларына қарай және компоненттердің сандары да, өздері де басқа-басқа болуларына қарай, олардың грамматикалық қызметтері де, грамматикалық семантикалары да сала-сала болып, амалдың жүзеге асу я өту сипаттарының әр қилы кезеңі, сатысы сияқты абстракты құбылыстарды білдіреді.
Мысалы: айтып жібер, айтып жібере қой; айтып жібере жаздап қалды; айтып көр, айта көр, айта сал, айта қой, айтып қой, айта жүр, айта біл, айта түс т. б.
