8. Ойын ережесі
Алаң таңдау және ойынның созылу уақыты
Екі команданың жеңімпазды аныктау ойыны үш бөлімнен тұрады. Екі бөлімде ұтқан команда жеңімпаз атанады.
Кездесу басталар алдында алаң таңдау мен ойынды қай команданың бастайтындығы жайлы төреші жеребе тастайды. Жеребені тапқан команда ойынды бастайды да екінші команда алаң таңдайды.
Бірінші бөлімі аяқталысымен екі команда алаңды айырбастайды. Бұл жолы ойынды алғашқы бөлімді алаң таңдаған команда бастайтын болады.
Жарыс басталар алдында тізімге іліккен 12 ойыншының кез келгенін ойын үстінде алмастыруға болады.
9. Ойынның басталуы және допты ойынға қосу
Төреші ойын есебін хабарлағаннан кейін допты ойынға қосуға болады. Егер төреші ойын есебін хабарлағанда допты ойынға қосып қойса, бұл тәсілді қайыра қайталайды. Демек, жаңағы спортшы допты қайтадан ойынға қосады.
Егер допты ойынға қосу кезінде ойыншы допты ұра алмай қалса, ол допты ойынға қосу тәсілін қайыра қайталайды.
1.2 Дене тәрбиесі сабағындағы жас волейболшылардың күш-қуатын арттыруда волейболдың рөлі
Елбасының 2003 - 2005 жылдарын ауыл жылдары деп жариялауы біздер сияқты ауылдық жерде туып өсіп, білім, тәрбие алған, қазір ауылда өмір сүріп жатқан халыққа бөлінген ықылас деп білдік. Ауылды дамытудың түрлі жолдары жөнінде аз айтылып жүрген жоқ. Соның ішінде ауыл спортын қалай көтеруге болады деген ой толғандырды.
Ауыл спортын көтеру үшін біріншіден, спорт негізін, екіншіден, арнайы жоғары білікті мамандар қажет. Ауылдық жерде спортпен айналысуды алдымен волейболдан бастаған дұрыс. Өйткені, таза ауада өткізуге қолайлы және көп күрделі құрал-саймандарды қажет етпейді.
Балалар мен жасөспірімдердің қозғалыс қабілеттері олардың морфофункцияналдық негіздерімен тығыз байланысты. Оқушы жасөспірімдердің дамулары үздіксіз, бірақ бәрінде бірдей емес. Әрине, мектеп оқушыларының өсуіне негізгі жүгіру, секіру сияқты дене жаттығулары белсенді әсер етеді.
Мектеп оқушыларының дамуын үш кезеңге бөлуге болады.
I. Төменгі мектеп жасында /6-10 жас/
II. Орта мектеп жасында /11 -14 жас/
III. Үлкен мектеп жасы /15-17 жас/
І. Бұл кезеңде балалардың өсуі жіті бір қалыпты болады. Бұл кезде сонымен қатар өзгерістер болуы мүмкін. Бір жылда бойы- 1 см, салмағы 1-3 кг өседі. Осы кезеңде ұлдар мен қыздардың өсулері бірдей болады және қанқаларының түгел еттеніп болуға көп уақыт бар екенін көрсетеді. Мысалы, 7-8 жаста жамбастың жаңа жетілуі басталады. Бұл кезде жамбасқа күш түсетін жаттығуларды жасатпауды естен шығармаған жөн. Дене бұлшық еттерінің дамуы өте нашар болады.
2.Орта мектеп жасы кезеңінде жасөспірімдерде морфофункционалдық, жыныстық өзгерістер пайда болады. Бұл кезеңнің соңына қарай бойдың, салмақтың тез өсуі байқалады. Ұлдарға қарағанда қыздардың жыныстық өзгеруі және бойларының өсуі тез болады. Осы кезеңде қыз балаларда секіру, асылу жаттығуларын орындағанда көптеген қиыншылықтар кездеседі. Бұл кезеңде бір бағыттағы дене жаттығуларын істету, дене қасиеттерінің бір бағытта дамуына және омыртқа жотасының дұрыс қалыптаспауына келіп соқтыруы мүмкін. Оқушылардың өз денелерін дұрыс күтуге, яғни жаттығу кезінде денелерін дұрыс игере білуге үйрету керек. Орта мектеп жасында өне бойы бірқалыптан тез жалығады, сондықтан жаттығулардың көп түрлілігіне көңіл бөлу қажет және жасөспірімдердің тағы бір ерекшелігі бұлар түрлі дене жүктемелерінен кейін тез қалыпқа келеді.
3. Үлкен мектеп жасы кезеңі бірдей дамуы кезеңі болып табылады. Бірақ, қыздарға қарағанда ұлдарда тез өсу, даму болады. Осы кезеңде жыныстық жағынан толықтай жетіледі. 17-18 жастағы ұлдарда бұлшық ет ағзаның 45 пайызын құрайды, бұл ұлдардың жетілгендігін байқатады. Ал қыздарда бұл кезеңде жамбас, бөксе бұлшық еттері сомданып кейбір жаттығуларды жасағанда қиыншылықтар туғызады. Бұл жаста қыздардың жаттығу жасаудан қашқақтайтыны байқалады. Жоғары мектеп жасында өмірді тану, өмірдегі қатынастарды сезінуі спортпен шұғылданғанда да айқын байқалып тұрады.
в) Мектеп оқушыларына волейболдың әсері. Оқушылардың дене қасиеттерінің үйлесімді, жан-жақты дамуына волейболдың әсері мол. Жүгіру, секіру, лақтыру, жүру әрбір сабақтың қатардағы жаттығуы болып есептеледі. Сыныптан тыс спорттық үйірмелерде, жазғы демалыс орындарында көп қолданылатын спорттың түрі волейбол болып саналады. Волейбол негізгі қозғалыс қасиеттерін тәрбиелейді және дененің атқарымдық қасиеттерін дамытады. Сонымен қатар саналық ерік- жігерге, қиындықты жеңуге ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Волейболмен шұғылданған адамдардың денесінде тек даму, өсу пайда болады.
Жаттығу техникасын орындау кезінде қателер көрініс берсе, оқушы мұғалімнің көмегімен өз қатесінің мәнін міндетті түрде түсінуі қажет. Осыдан кейін мұғалім ойын техникасының берілген бөліктерінің дұрыс құрылымын оқушыға түсіндіріп көрсетеді және осы жаттығуды көп қайтара саналы түрде қайталауды ұсынады. Және де дұрыс жасалмаған қимылдың тежелуіне, оның орнына дұрыс қимыл жасауға қол жеткізу керек. Қандай да болмасын ойын техникасын үйрену үшін біріншіден, алдын ала жаттығуларын жасап алу керек. Волейболды ойнау кезінде сыртқы қозғалыс пен ішкі ағзалар арасында тығыз байланыс болады. Сондықтан волейбол ойындары оқушылар ағзасына тек дамытушылық әсерін тигізіп отырады.
Мектептің спорт залы, спорт алаңы волейбол талаптарына сай жабдықталған болуы керек. Спорт ғимараттарын салу кезінде осындай жайттарды естен шығармаған жөн. Ауылдық жерлерде көбіне осы тиістілік орындалмай салынған ғимараттарда балалардың айналысу деңгейі төмен болады. Спорт ғимараттарының кеңдігі оқушылардың қатар тұрып бірге жаттығу жасауы, бұл сабақ тығыздығын арттырады. Дене тәрбиесі сабағындағы жаттығулардың денеге әсерлі болуы үшін, басқада оқу жүйелеріндегідей жоспарлы болуы қажет.
Өткізілетін жер біріншіден, тегіс, таза болу керек, екіншіден, алаңда бөгде, артық заттар болмауы керек. Волейбол негізінен таза ауада, теректі жерлердің алаңдарда өткізілсе өте жақсы болады.
Қаңдай жағдайда болмасын жаттығу орындағанда қауіпсіздік ережесін және сақтандыру техникасын қатаң сақтаған жөн. Келеңсіз жағдайлар болмау үшін жылдың немесе тоқсан басында мұғалім оқушыларды қауіпсіздік ережесімен толық таныстырады.
ж) Волейболдан мектептегі сыныптан тыс жұмыстар
Волейболдан жақсы жетістіктерге жету үшін дене тәрбиесі мен сыныптан тыс жұмыстарды ұштастыра білу қажет. Жасөспірімдердегі жақсы дағдылар мен іскерліктерді үйренуге үйірмелердің тигізетін әсері мол. Волейболдан үйірме ашу үшін, ең алдымен, мұғалім оқушылардың қызығушылығын ояту керек. Бұл үшін үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Жыл басында мектепте волейболдан жарыс өткізіп, оған атақты спортшыларды шақыру қызықтырудың басты амалы болып саналады. Мұғалім спортқа деген болашақтың күңделікті дене тәрбиесі сабағынан, үйірмелерден басталатына оқушылардың көз жеткізу керек. Үйірме жұмысы 2-3 сағат болуы тиіс. Жаттығу кезінде оқушылар жасына, жынысына, спорттық әзірлігіне байланысты 3 топқа бөлінеді.
Дайындық тобы - 10-11 жас.
Бастапқы топ - 12-15 жас
Оқу-жаттығу тобы 16-17 жас.
Бірінші топ жұмасына үш рет, екінші, үшінші топтар жұмасына төрт рет жаттығу өткізуге болады. Сыныптан тыс үйірме өткізгенде мұғалім тәжірибелік материалдарды және жаңа жаттығуларды үйрету керек. Өз еркімен жаттығу жасатқанда, үйге тапсырмалар бергенде оқушылардың жасына, жынысына, дене дайыңдық мүмкіндігін естен шығармаған жөн. Спортшылардың жетілуі жарыс кезінде байқалады. Сондықтан, да әр сынып мектеп аралық 2-3 жарысқа қатысуы тиіс.
