Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ВОЛЕЙБОЛ ДА новый.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243 Кб
Скачать
☆

3.1 Қорғаушының міндеті

Қарсыластар өзара қысқа аралықта доп алмасып жылжымалы соққы жасағанда қорғаушы әуелі осы допты қайтаруға әрекет етуі керек. Ал доп ұзын аралыкқа соғылган кезде қорғаушы түзу соққыны қайтаруы тиіс. Мысалы № 5 ойыншы қарсыластың № 3 ойыншысынан ашық түзу соққы күткен кезде № 1 ойыншы тосқауылдан өткен допты қайтаруға қамданып, орталық алаңға қарай жылжиды.

Осы айтылғандар көптеген және жекелеген ойыншылардың игілігіне жараған соң, әуелі үйрену ойындарында, содан кейін бақылау-жаттығу ойындарында жүзеге асырылады. Тосқауыл қоюдың қарапайым әдістеріне «Ойын техникасы» деген бөлімде тоқталдық.

Қауіпсіздік техникасы қорғаныстың ең күрделі түріне жатады және оны екінші оқу жылында қолға алады. Ал, бұл кезеңде оны оқыту қауіпсіздендіруші ойыншылардың орын тәртібін белгілеу мен олардын негізгі міндеттерін үйретумен шектеледі.

Ойынның айла-тәсілі

Волейбол ойынын үйрену сырт көзге тым оңай сияқты Ал, іс жүзінде ойынның айла-тәсіліне терең үңілген сайын оның ғажайып құпияларына сусындай түсесің.

Тордың екі қапталындағы алаң иелері доп тордан өткен сәтте үш-ақ рет қол тигізуге ерікті. Осы үш рет кол тигізудің астарында үлкен айла-тәсіл, терең мәнді амал жатыр. Ал, ойынның бір сәтке де толастамайтын кызықты қимылы қаншама десеңізші.

Әрбір спорттық ойын шеберлікке негізделген айла-тәсілден тұрады. Шын шеберлік әр ойыншының бойынан орын таппай, ойлы әдіс пен алымды айла-тәсіл көңілдегідей болмайды. Үйірме жетекшісі осыны әбден түсініп, әр ойыншының жан дүниесіне қалтқысыз жеткізе білуге тиіс. Онсыз салауатты шәкірт, салиқалы ұстаз атану қиын.

Алаңда ойын тәсілін жаттанды сызбада шұғыл бұрып отыру керек. Әр ойыншы әрбір техникалық шеберлікті ұстаған сайын жаңа айла-тәсілдің жібін сабақтамақ. Ойын үстіндегі ұжымдық бір тұтас қимыл мен бірін-бірі іштей түсіне білетін өте нәзік сезімталдық керек. Бұл әрбір жауапты кездесуде команданы ең қиын жағдайдың өзінде жеңілістен сақтап қалады.

Ойыншылар алғашқы жаттығулар үстінде допты қабылдау және әріптесіне беру, сол сияқты шабуылдау кезінде қатты соққылармен қарсы алаңның осал жеріне түсіре білу сияқты шешуші әрекеттердің әліппесін үйрене бастайды.

Үйірме жетекшісі спортшылардың көңіл-күйін, мінез-құлқын терең білуі керек. Онсыз ойын тәсілін, шеберлік шыңын олардың терең, игеруіне ықпал ете алмайды.

Қазіргі волейболда ойынның тәсілі мен техникасын үйренуде мынандай жүйе көп қолданылып жүр; айталық, алғашқы кезде шабуыл шебінде бір ойыншы, сонан кейін екі не үш ойыншы қатты соққыларды үйренеді. Сөйтіп, шабуыл шебіндегі бар ойыншылар қарсыласына қауіп төндіре білетіндей жағдайга жетеді.

3.2 Қорғаныс тәсілі

Команда мүшелерінің бірін-бірі түсініп, қорғаныс пен шабуыл шебінің бір тұтас ансамблін құра білуі басты міндет. Қазір тәжірибеде көп қолданылып жүрген қорғаныс тәсілінің озық үлгісімен команда мүшелерін жаттығудың бірінші күнінен-ақ үйреткен жөн. Бұл алғашқы кезде қиындау соғуы мүмкін. Ал, екінші, үшінші жылы ойын тәсілін үйренуге кең жол ашады да ойыншылар қиын комбинациялардың өзін тез игеріп кету дәрежесіне жетеді.

Қорғаныс шебі мына ойыншылардан тұрады. Алдыңғы шептегі (№ 2, № 3, № 4) үш ойыншы тосқауыл қоюшылар, ал соңғы шептегілер олардың бос қалған орнын кадағалайды, ойыншылар алаңға былайша орналасады: № 6 ойыншы тосқауыддан кеткен допты алу қамында тұрады. Ал, № 1 және № 5 ойыншы аланның артқы бөлегін қорғайды.

Жарыс кезінде (алаңға шығар алдында) волейболшылар өздеріне жүктелетін міндетті мұқият бөлісіп алуы керек. Сонда ғана ойын сәтті жүреді: комбинациялар жасауға, қорғаныста да, шабуылда да табысқа жетуге болады. Мысалы, қарсы алаңдағы ойыншы шабуыл шебінде тұрған № 4-ке доп береді. Ол енді еріксіз торға таяу ойнауға мәжбүр болады. № 4-тің добын № 6 ойыншы алуы керек. Ал, оның алаңдағы орнын № 1 мен № 2 қамтуы тиіс. Осы сәт № 3 ойыншы тор түбіне тақайды, ал № 5 ойьшшы алаңның сол жақ артқы бөлігі мен № 4 ойыншыдан кеткен допты алуға міндетті.

Қарсы жақ доп берер кезде қорғаныстағы команданың ойыншылары алаңның артқы бөлегіне орналасады. Екі шеттегі № 4 және № 2 ойыншы алаңның қаптал сызығынан жарты не бір метрдей ішке кіре орналасады. № 3 ойыншы меи № 2 ойыншынын, арасы екі метрден болуы керек. № 3 ойыншы № 2-ге тақау тұруға тиіс. Ал солақай болса, екі метрдей аралык, қашықтықты сақтап, № 4-ке таяу тұрады.

Сөйтіп, алаңның алдыңғы бөлегіне жақын тұрған ойыншылар қарсы жақтың берген добын алуға кіріседі. Әр ойыншы оң жағынан не сол жағынан бір метр қашықтықта кетіп бара жатқан допты алуға ұмтылуы керек. Ал, доптың ұшу биіктігінің деңгейі алдыңғы қатардағы ойыншылар үшін басынан сәл қалқыңқы болуы шарт. Доптың ұшу бағыты мен биіктігін бұлай шектеудің өзіндік сыры бар. Бұл алаңның артқы бөлегін қорғайтын ойыншылардың ең катты әрі биік келе жатқан допты қолайлы қимылмен алуына үлкен себін тигізеді N 1 және № 5 ойыншы алаңның артқы бөлегінде болады дедік. Ең қатты әрі биік келген допты алатындар да осылар. Бұл екі ойыншының қимылын жалғастыратын N 6 ойыншы болып саналады. Оның алаңда атқаратын ролі өте үлкен. Осы ойыншыға тағы бір жүктелетін міндет аласа келе жатқан допты № 1 мен № 5-ке өткізбеуі керек. Мұндай допты алу бүл екі ойыншы үшін қиын соғады. Көбіне қолайсыз жағдайға қалдырады. Шабуыл болатын кезде қарсы команданың ойыншыларын шартты түрде қорғаныс тәсіліне орай үш қатарға бөлуге болады. Бірінші қатардың ойыншылары: Бұл топқа № 2, № 3, № 4 кіреді. Егер қарсы жақтың ойыншылары қолайлы келген допты сол бетте қатты ұратын болса, онда қорғаныстағылар жекелеген тосқауыл қояды. Мысалы № 4-тің соққысына № 2, № 3-тің соққысына № 4 тосқауыл қояды.

Ал шабуыл тізгіні қолындағы команда № 4-ке алыстан допты көтеріп беретін болса, қарсы команданың № 3, № 2 ал № 2-ге көтеріп беретін болса, қарсы жақтың № 4, № 3 ойыншылары тосқауыл қояды. Мұны топтасып тосқауыл қою дейді. Ал кейде № 3 ойыншы ұруы мүмкін. Ондайда қарсы жақтың № 3 ойыншысы тосқауыл қояды.

Екінші қатардың ойыншылары: Тосқауыл қоймайтын № 6 ойыншы тосқауылдан өткен допты мүлт жібермей қабылдауға дайын тұрады. Ол ойын барысын дұрыс бағалай білетін, шеберлігі ұшталған спортшы болуы керек.

Үшінші қатардың ойыншылары. Бұл қатардың оныншысы тосқауылдан асыра ұрылған не тосқауыл қоюшылардың арасынан өтіп кететін допты алуы тиіс. Бұларды алаңның артқы бөлегін қорғаушылар деп те атайды. № 5 және № 1 ойыншыларға негізінен жүктелетін міндет осындай.

Ойын барысында олардың орны ауысқан сайын атқаратын міндеті де өзгеріп отырады. Алайда бұл қалыпты сақтап ойнайтын командалар да бар. Әрине, әр ойыншының алаңның кез келген нүктесінде өзіне жүктелген міндетті ақаусыз атқара білгені дұрыс.

Топтасып тосқауыл қоюдың үлкен мәні бар. Кейде мұндай тосқауыл алаңның белгілі бір бөлегін қорғау үшін де қойылады. Мұндайда алаңның қай бөлегіне қалай орналасу керек? Міне, осыған баса назар аудару керек.

Қарсы жақтың № 4 ойыншысы шабуылдайтын болса № 2, № 3 ойыншы тосқауыл қояды. Олардың орның № 6 ойыншы қадағалауға тиіс. Ал, алаңның қалған бөлегін № 1, № 5, № 4 ойыншылар қорғайды.

Кейде қарсы жақтың шабуылшысы допты қатты соқпастан ашық жерге жай тастай салуы мүмкін.

Айталық, доп тосқауыл қоюшы № 2-нің не № 4-тің| орнына тасталды дейік. Ондай жағдайда № 6 ойыншы барынша жылдам қимылдауы керек. Егер ол үлгермесе, № 5 ойыншы № 4-тің орнына тасталған допқа ұмтылуға тиіс.

№ 5 ойыншы алдымен өз алаңын жақсы қорғай білуге әрі кез келген уақытта № 6 ойыншыға көмектесіп отыруға міндетті.