- •1.Шойын өндірісіне арналған жабдық. Шойынды құю
- •2 .Домна пешінің құрылғысы мен принципі.
- •3.Мартенов пешінің құрылғысы мен принципі.
- •4.Индукциялы балқытқыш пештерде болатты өндіру.
- •5.Болатты өндірудің конвертрлі әдісі
- •6. Болатты электр қождық қайта балқыту
- •7.Алюминий өндірісіне арналған жабдық. Рудалары. Глиноземді алу. Глиноземнің электролизі.
- •8.Магний өндірісіне арналған жабдық. Рдалары. Магнийден электролитті алу
- •10. Төртхлорлы титанды магниймен қайта қалпына келтіру.
- •9. Алюминий және магнийді тазалау әдістері
- •11. Доға пештерде титан ысқыштарын балқыту
- •12. Мыс штейндерін конверттеу
- •13.Мыс өндірісіне арналған жабдық. Мыс рудалары. Флотация.
- •14. Шағылыстыру пештерінде мысты балқыту
- •15.Қиын балқитын балқымаларды балқытуға арналған жоғары жиілікті пештер
- •16. Құйма өндірісіне арналған жабдық. Өзекті машиналармен автоматтар
- •17. Талшықтау процесі жүргізілетін қондырғы. Волок типтері. Барабанды талшықтаушы стан
- •18. Прокаттау өндірісіне арналған жабдықтар
- •19. Құю өзекшелерін дайындайтын машина. Өзекті машинаның жұмыс процесі
- •20. Материалдарды қысыммен өңдеу. Престеу әдістері.
- •21. Металдарды кысыммен өндеуге арналған жабдықтар. Соғу.
- •23. Бейорганикалық металл емес материалдарды және олардың компоненттерін өндірудегі жабдықтар мен қондырғылар
- •24. Металдарды қысыммен өңдеу үшін типтік құралдар және қондырғылар.
- •25. Металдарды қысыммен өңдеу үшін типтік құралдар және қондырғылар. Прокатка
- •27. Трубо тәріздес бұйымдарды орау әдісі.
- •28. Полимер материалдарды формалау, біріктіру және өңдеу қондырғылары
- •29. Полимер материалдарды термоформалау үшін қондырғылар. Термопластоавтомат
- •30.Материалдар бетін өңдеу және тазалау; механикалық, физикалық және химиялық өңдеу үшін қондырғылар
24. Металдарды қысыммен өңдеу үшін типтік құралдар және қондырғылар.
Ш
тамповка
Металдарды қысыммен өңдеу қатты күйінде сыртқы жаңқасын алмай қысатын инструмент көмегімен белгілі формада және өлшемде затты алу.
М
ҚӨ
негізгі түрлері прокаттау, престеу,ковка,
штамповка, қаңылтырлық штамповка.
Прокатка (рис.1а) металдарды(2) екі айналмалы валкалар(1) арасында қысуға негізделген процесс.Үйкеліс күші Ртр есесінен металл екі валка арасынан жыжытылып отыра валл бетіне нормаль Р күші арқылы дайындаманың көлденең өлшемі кішірейді,яғни металл жалпақ күйге өтеді.
П
рестеу
(Рис1. б) матрица қуысы арқылы формадағы(3)
дайындаманы(2) қысуға негізделген.
Ковка (г,в) дайындаманың(2) формасы мен мөлшерін арнайы(1) инструмент көмегімен кезекпен өзгертуден тұратын процесс.
Ш
тамповка(д)дайындаманың
формасы мен мөлшерін өзгерту арнайы
инструмент штамп(1) арқылы жүзеге асатын
процесс. Бұл процессте өңделетін металл
штамппен қысылып, штамп қуысының
формасына ие болады.
Қаңылтыр штамповка(е)- жалпақ, көлемдік детальдарды дайындамадан алуға болатын процесс. Бұл процесспен өте жұқа детальдар алуға болады. Әдетте дайындама Пуансон(1) және матрица(2) көмегімен деформацияланады.
Металды қысыммен өңдеу- металдың пластикалық қасиетіне байланысты дайындаманың формасы бұзылусыз өзгеретін технолгиялық процесс болып табылады. Берілген өңдеу тәсілі дайындама мен бөлшектер жасаған кездегі металдың физикалық және механикалық қасиетін сақтай отырып, жоғары сапада болуын қамтамасыз етеді. Металды қысыммен өңдеу жоғары өнімділігімен және металды үнемдеп кетіруімен ерекшеленді және механикалық қасиетін жоғарылатады. Металдың пластикалық қасиетін арттыру үшін арнайы температураға дейін қыздырады. Өңдеудің ковка, көлемді штамповка (ыстық, суық), бетті(листовая) штамповка, прокатка, престеу, сүйрету деген түрлері бар. Штамповка- металл мен басқа материалдарды қысыммен өңдеу тәсілі болып табылады. Бұл кезде өнімнің формасы мен өлшемі штамптыңформасы мен өлшеміне байланысты болады. Штамповка кезінде металды өңдеу арнайы аспап- Штампта жүреді. Дайындаманың түріне байланысты көлемді штамповка мен бетті штамповка, температураға байланысты ыстық және суық штамповка деп бөледі. Ковкамен салыстырғанда штамповка жоғары өнімділігімен ерекшеленеді. Көлемді ыстық штамповканың мәні сыртқы күштің әсерінен штамптағы дайындаманың формасының өзгеруі. Штамп- бұл арнайы қуысы бар, жылға деп аталатын аспап болып табылады. Штамптың төменгі бөлігінің қуысына қыздырылған дайындаманы орналастырады. Ол штамптың жоғарғы бөлігі төмен қозғалғанда өз формасын өзгертеді. Штамп жылғасына металдың ағуы жылғаның қабырғаларында кедергі келтіреді және уйкеліс күшін тудырады да металл жылғаның барлық көлемін толтырады. Штампталған дайындаманы поковка деп атайды. Поковка өз кезегінде штамп жылғасының көшірмесін береді.
Металдың қысыммен өңдеу түрінің бірі қорды сақтайтын суық көлемді штамповка болып табылады. Бұл технологиялық процесс ыстық штамповкамен ұқсас, бірақ айырмашылығы дайындама формасын өзгертпей тұрып оның бөлме температурасында болуында. Негізі бұл технологиялық процеске көп көңіл бөлінеді. Себебі, бұл процестер құюмен салыстырғанда өнімділігі жоғары және бөлшектерді дайындаған кезде қосымша өңдеу талап етілмейді, онымен қоса металды 30-70% дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл кезде айтарлықтай көп еңбек ету керек. Автоматизация процесінің бірдей деңгейінде суық көлемді штамповка кезіндегі өнімділік кесумен өңдеудегі азсериялы және сериялы өнімділігіне қарағанда 2-5 есе, көп сериялы және массалық өнімділікке қарағанда 5-10 есе, ал басқа кезде 50-80 есеге дейін артық болады. Өңделетін бөлшектер дәл болады және олардың беттік тазалығы жоғары болады. Парақты (листовая) штамповка немесе парақты материалдың штамповкасы металды қысыммен өңдеудегі кең тараған және прогрессивті технологиялық процесс болып табылады. Дайындама ретінде бетті материалды қолданып, жазық және кеңістіктік жоғары номенклатуралы бөлшектерді алуға болады. Парақты штамповканың артықшылығы ретінде өзара ауысуын қамтамасыз ететін штампталатын бөлшектердің жоғары дәлділігін, штампталған бөлшектердің бетінің сапасы жоғары болуын, штамповкамен алынатын бөлшектердің оптималды және әр түрлі қасиеттерін алу мүмкіндігін береді. Суық көлемді штамповка ашық және жабық штамптарда металдың қыздыруынсыз жүреді. Бұл үнемді жоғары өнімділікті процесс. Бірақ ол үлкен емес бөлшектер үшін қолданылады. Олар болаттар және түсті метеалдар болып табылады. Суық көлемді штамповкамен беті жоғары тазалыққа ие бөлшектерді алады. Бұл кезде металл беріктенеді, ал оның физикалық қасиеттері айтарылықтай өзгереді. Штамповканың басты операциясына көлемді формовка, престеу, калибировка, түсіру, және чеканка жатады. Парақты штамповка кезінде парақты материалдардан жазық және көлемді бұйымдар алады. Суық парақты штамповка 0,1 мм қалыңдықтағы ленталарды алуға мүмкіндік береді. Ыстық парақты штамповка арқылы 5мм лента алады. Парақты штамповканың артықшылығы күрделі формадағы берік және қатты бөлшектерді алу, металл шығынының үнемділігі, жоғары өнімділігі және процестің автоматизациясы мен механизациясы болып табылады. Парақты штамповканың барлық операцияларын бөлгіш және формасын өзгертетін деп классификациялауға болады. Басты бөлгіш операцияларға: кесу- металл бөлшегін тура немесе қисық сызық арқылы бөлу; шабу- бір уақытта материалды дайындамадан бөліп алу жатады. Формасын өзгертетін операцияларға түзету, майыстыру, созу және формовка жатады. Металды ковкамен немесе штамповкамен өңдеу кезінде әр түрлі ұсталық-престік қондырғылар және престер мен үгіткіштер қолданылады. Механикалық үгіткіштерде қозғалғыш бөлшектері приводпен механикалық жалғанған.Гидравликалық престер жоғары қысымды сұйықтықтармен қозғалысқа келеді. Ол плунжерде іске асады. Бұл престердің қуаты өте жоғары. Мысалы ең үлкен пресс, СССРде дайындалған, 76000 мың т престеу күшіне ие.
