Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TOPM_shpor.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

25. Металдарды қысыммен өңдеу үшін типтік құралдар және қондырғылар. Прокатка

Металдарды қысыммен өңдеу –қатты күйінде, сыртқы жоңқасын (стружка) алмай қысатын инструмент көмегімен белгілі формада жəне өлшемде затты алу.

МҚӨ-ң негізгі түрлері: прокаттау, созу, пресстеу, ковкалау, штамповка жəне гибка (икемдеу).

Прокатка.

Металдарды прокаткалау процесі екі немесе бірнеше айналушы (жетек) приводты валкалар арасында болады.

Привод – станоктардың атқарушы звеноларын қозғалысқа келтіретін құрылғы. Бұнда дайындалатын өнімнің көлденең қимасы азаяды, ұзындығы мен ені артады, формасы өзгеруі мүмкін. Валкалардың айналу бағытына жəне дайындалатын өнімнің валкалардың осіне салыстырғандағы қозғалыс бағыты бойынша үшке бөлінеді: бойлық, көлденең, көлденең –винтті.

Бойлық прокатка (сурет - 1.1.). Негізгі белгілері:

1) Прокатка бір-біріне қарсы айналатын екі приводты валкалардың арасында болады. Кейде екі горизонтқа остері бір вертикаль жазықтықта орналасқан екі вертикальды қосады.

2) Дайындалатын өнімнің қозғалысы үдемелі, ал осі валкалардың остеріне перпендикуляр.

3) Жайманың ұзындығы (раскат) (метр, километр) көлденең қиманың өлшемінен бірнеше есе үлкен болады (миллиметр).

Прокаттаудың бұл əдісі арқылы жапырақшалар, алаптар, шовсыз трубалар жəне тұрақты жəне айнымалы қиманың катанкаларын (пима) алады. Осы əдіс арқылы негізгі қара жəне түсті металдардың прокатты өнімдерін өндіреді. Прокаткалау процесі ыстық жəне суық күйде жасалады, негізінен металлурнияда, кейде машина өндірісінде жəне металл өңдеуде қолданады.

Көлденең прокатка (Сурет - 1.2.). Негізгі белгілері:

1) Прокатка бірдей бағытта айналатын екі приводтты валкалар арасында болады.

2) Дайындалатын өнімнің осі валкалар осіне параллель, қозғалысы айналмалы-үдемелі.

3) Өнімнің көлденең қимасының өлшемі шамалас немесе ұзындығынан кіші.

Бұл əдіс арқылы айналушы денелерді алады, негізінен шарлар, шестерн, остер, валдар, т.б. Сондықтанда бұндай стандар бөлшектіпрокаттар д.а.

Прокаттауды ыстық күйде жасайды жəне бұл əдіс машина өндірісінде, металл өңдеуде жəне металургияда қолданады.

Көлденең-винтті (қиғаш) прокатка. Көлденең-винтті прокатка параллель, бүйірінен қарағанда – 4…15 стандарында бочкатектес валдар қолданады (1.3-сурет). Валдардың остері –

параллель, бүйірінен қарағанда – 4…15 о бұрышқа горизантқа иілген. Негізгі белгілері: 1) Пр иводты валдары бір бағытта айналады.

2) Дайындалатын өнімнің осі валкалар осіне параллель, қозғалысы айнымалы-үдемелі. 3) Жайманың ұзындығыкөлденең қиманың өлшемінен үлкен.

Валкалардың иілуінен жəне қисайтқыштардың болуынан дайындалатын өнім контактік үйкеліс күштерінің əсерінен валкалардың осі арқылы қозғалады. Өнім жоғарғы жəне төменгі жағынан прокаткалау осінде дискті провотпен немесе сызғыштармен ұстап тұрады.

Беттік деформация салдарынан дайындалатын өнімнің ішкі қабаты жазық пайда етіп жұмсарады. Оған дұрыс геометриялық форма беру үшін жазық ішіне (деформацияланған жерге) сырт жағынан штангке қатты орныққан оправка ендіреді. Оправка дайындалатын өнімнің қопсыған орталық облысын тігеді, нəтижеде одан куыс денелі гильза алынады. Процесс негізінен металлургияда қара жəне түсті металдардан жартылай шеңбер формадағы өнімдерді алуда қолданылады

26. Көміртекті материалдардан жасалған заттарды дайындайтын қондырғылар.

Көміртекті талшықта материалдарды және көміртекті пластиктерді алу технологиясының дамуы ракеталы, авиациялық және басқа да арнайы техникада бірегей қасиеттері бар жаңа материалдарға сұраныстардың болуына байланысты. Көміртекті талшықты материалдардың құндылығына беріктігі, химиялық, термиялық беріктігі, үлкен сорбциялық мүмкіндігінде, электр өткізгіштігі және тығыздығы төмен.

Көміртекті талшықты инертті ортада органикалық талшықтауға жоғары температура әсерінен алынады. Олар термотөзімді. Мұндай материалдар инертті ортада 3000С –ге дейін қыздырғанда беріктігін және массасын өзгертпейді. Ал тотықтырғыш ортада 400С-ке дейін қолданылады. Бұл талшықтар электр тогын өткізеді. Көміртекті талшықтардың серпімділік модулі 500 ГПа-ға дейін жетеді. Көміртекті материалдар агрессивті химиялық реагенттер әсеріне төзімді. Мұндай талшықтар беріктігі бойынша үздік.

Препрек – қатпарлы толтырғыштар , термореактивті байланыстырушылармен толған, жартылай қатайған. Препректерді орташа және үлкен габаридті затты өндіруде және гидравликалық престерде қайта өңдеуде қолданады.

Препректен көп қабатты заттар алу әдісі

Бұл әдіс шыны талшықтарды жартылай өнімдерден шыны пластмассаларды алуда қолданылады. Қабықты пластика көмегімен талшықтар арқылы алады. Қатаю, ыстық престеуде, автоклавты формалауда т.б болады.

Автоклавты формалау көміртекті талшықтар негізіндегі препректерді формаға қояды да, оны вакуум машинасына ендіріп, қысымды төмендетеді. Қатаю қысымын атмосфера қысымымен салыстырғанда градиент пайда ету әдісі вакуумдық мешок көмегімен формалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс алдымен самолет бөлшектерін дәнекерлеуде қолданылған. Автоклавты формалау мынадай процестерден құралады:

  1. Формаға қажетті сандағы препрек қабатын салады

  2. Жоғары қысым мен температура астында автоклавты қатаю болады.

  3. Қатайған затты тазалайды

Формалаудың бұл түрі периодты түрде болады. Вакуумдық мешоктың түрі және қасиеті препректі формаға қою технологиясы алынатын өнімнің қасиеттеріне әсерін тигізеді.

Ерекшелігі: 1) заттардың қалыңдығы бірдей, 2) ірі өлшемдегі заттарды формалауға мүмкіндік береді, 3) зат бетінің сапасы жоғары, 4) кеуектері аз, жоғары сапалы заттар алынады.

Кемшілігі: қымбат, қол еңбегін талап етеді, заттарды массалық өндіруде жарамсыз, алайда көміртекті пластмассалар секілді жеңіл және жоғары сапалы материалдар формалауда өте эффективті.

Бұл қондырғыда кей операцияларды механизациялау және автоматтандыру процестерінің құнын төмендетеді, адам еңбек күшін азайтады, және қазіргі кезде вакуумды мешоктарға жақсы материалдарды таңдау қарастырылып жатыр. Мұндай мешоктарға термотөзімді, бұзылмайтын силиконды каучуктердіқолдану бойынша зерттеу жүргізілуде.

Автоклавты формалауда вакуумдық мешоктарды қолдану өртке қауіпті. Сондықтан инертті газды ортаны қолдану және және т.б қауіпсіздік шараларын қарастыру керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]