- •31.Герменевтика және мәтінді түсіндіру мәселелеріне сипаттама беріңіз ( в. Дильтей г. Гадамер).
- •32.Философия мен ғылымдағы материя, кеңістік пен уақыт ұғымдарының маңыздылығы қандай деп ойлайсыз?
- •33.Ғылыми танымның логикасы мен методологиясының негіздерін ашып беріңіз.
- •35.Кеңістік пен уақыт материя болмысының формаларын ашыңыз. Кеңістік және дүниенің ғылыми бейнесіне сипаттама беріңіз.
- •38.Сананың функцияларын атаңыз. Сана және ойлауға анықтама беріңіз. Сана және тіл мағыналарын сипаттаңыз.
- •39.Марксизм философиясындағы "тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру"және "қоғамдық- экономикалық формация"ұғымдарына түсінік беріңіз.
- •41.Адамның жеке дамуындағы табиғилық пен қоғамдықтың өзара қатынасын көрсетіп берініз.Қазіргі замандағы маңызы қандай деп ойласыз?
- •42.Танымның көптүрлігі. Ғылыми, ғылымға дейінгі және ғылымнан тыс білімдер формалар жайлы қысқаша анықтама беріңіз.
- •49.Сезімдік және рационалдық таным формаларының өзара байланысын көрсетіңіз.
- •50.Метод және методология ұғымы. Ғылыми методтар типологиясың.Сипаттаңыз.
- •48. Ақиқат өлшемдері. Ақиқаттың нақтылығы. Ақиқат, адасу және жалған. Анықтама беріңіз.
- •51.Эмпирикалық таным методтары: бақылау, өлшеу,салыстыру, эксперимент мағынасын ашыңыз.
- •52. Теориялық танымның методтары: анализ және синтез, индукция және дедукция, иделизация және моделдеу. Жүйелі қатынас. Қысқаша анықтама беріңіз.
- •53.Абстрактіліктен нақтылыққа өту жолы диалектикалық логиканың методы ретінде сипаттама беріңіз.
- •54.Ғылыми танымның мәні және құрылымы; проблема, гипотеза, теория. К. Поппердің ғылыми танымның дамуы концепциясының мағынасын ашыңыз.
- •56.Қазіргі қоғамдағы тұлғаның қалыптасуы,оның рухани- адамгершілік даму ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
- •57.Ғылым - танымның арнаулы формасын айқындап көрсетіңіз.
38.Сананың функцияларын атаңыз. Сана және ойлауға анықтама беріңіз. Сана және тіл мағыналарын сипаттаңыз.
Фрейд теориясы мен практикасында санасыз күй мәселелері ерекше орын алды. Ол саналы түрде қабылданбайтын сезім күйлері мен уәжедері адам өмірін елеулі түрде қиындатып тіпті жүйке-психика ауруларының себебі болуы да мүмкін екендігіне бірнеше рет көз жеткізді. Бұл жағдай оның өзі емдеп жүрген ауру адамдардың саналы әрекеті мен санасыздық сезім күйі арасындағы қарама-қайшылықтан арылту жолдарын іздестіруге бағыттады. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды.Адам денесі мен рухы ақиқаттың екі аспектісі (аристотелизм) немесе екі ерекше түпкізаты (платонизм). Үнді филос-сындағы жанның көшуі туралы ілім тіршілік иелері арасындағы шекараны белгілейді, бірақ тек адам ғана эмпириялық өмір сүру тұсауынан кармасансара заңы арқылы құтылуға ұмтылады. Антикалық философия үшін (Аристотель) адамды қоғамдық өмірге икемді тіршілік, рух, парасат иесі ретінде тану анықтаушы фактор болды. Қайта өркендеу дәуірінде адам құдайдан дарыған еріктілік күші арқасында өз өмірі мен тағдырының негізін қалаушы және табиғаттың шектеусіз билеушісі ретінде танылды, сондықтан шебер жаратушының бейнесі Ренессанс символына айналды. 17 ғ. (ғылыми-революция ғ-ында) мен 18 ғ. (ағартушылық дәуірінде) рационалистерінің ұғынуында нақ сол парасат, ақыл-ой адамның түпкізаты, өзіне тән ерекшелігі ретінде қарастырылады. Неміс классик. филос-сы үшін адам мәдениеттің жаратушысы, рухани іс-әрекет субъектісі және жалпы идеалдық бастау, яғни рух, парасат иесі. 19-20 ғ. постклассик. философия (Ницше, Шопенгауэр, Кьеркегор және т.б.) сезім, мықтылық және тағы сол сияқты адамның ақылдан шет қабілеттерге бет бұрады.
39.Марксизм философиясындағы "тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру"және "қоғамдық- экономикалық формация"ұғымдарына түсінік беріңіз.
Марксизм философиясының пайда болуының тікелей әлеуметтік алғышарты - өнеркәсіптік жұмысшы табының дамуы және оның революциялық қызметінің өсуі болып табылады. Марксизм философиясының дүниеге келуінің ғылыми себептері де болды. Марксизм философияның пайда болуына үлкен үш жаңалық әсер етті: 1) Клеткалардың ашылу заңы; 2) Энергияның сақталу заңы; 3) Дарвинның эволюциясы;Бұл кездегі ұлы ғылыми жаңалықтар табиғатта да, қоғамда да барлық құбылыстар бір - бірімен тығыз байланыста және ұдайы даму үстінде болатынын дәлелдеді. Марксизм философиясының негізін қалаушылар: К.Маркс, Ф.Энгельс болып табылады.XVII-XVIII ғасырлардағы буржуазиялық революциялар бірқатар еуропалық елдерде ғасырлар бойы мызғымас берік сияқты болып келген феодалдық қоғамдық қүрылысты қиратқаны белгілі. Буржуазияның саяси өкіметті жеңіп алуы капитализмнің дамуына, әсіресе XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басыңдағы өнеркөсіптік революцияның нөтижесіңде жылдамдата дамуына жол ашты. Мүның қажетті нәтижесі, бір жағынан, ірі машиналы индустрия, екінші жағынан, ең революцияшыл тап пролетариаттың дамуы болды.К.Маркс пен Ф.Энгельстің өткеннен қалған философиялық мұраны сын көзбен қайта өңдеуі және өздері жүзеге асырған философиядағы революциялық төңкерісі өзара байланысты біртұтас процесс. Оның негізгі мазмұны - дүниеге ғылыми - философиялық көзқарасты қалыптастыру, одан әрі дамыту болды.
40.Философиядағы болмыс ұғымының маңыздылығын көрсетіңіз. Бірінші философияға болмыс терминін антикалық философ Парменид енгізді. Парменидтің пікірінше, нағыз болмыс бұл - әрқашанда бар нәрсе. Ал болмыс әрқашан да тұтас және бөлінбейтін болғандықтан, ол туралы ой да бүтін және бөлінбейді, оның үстіне оның өзінің болмысы бар. Нағыз болмыс - бұл ақыл - оймен игерілетін болмыс. Болмыс пен ой тепе - тең. Адамды субъективтілік шеңберінен тысқа шығарып, объективтілік деңгейіне жеткізе алатын және оның дәйектілігі мен күмәнсіздігін негіздейтін ой адамға сенімділік береді. Парменидтің «болмыс» категориясы адамдардың күнделікті, практикалық өмірінде жүзеге асырылып отыратын нақты іс - әрекеттері мен ойларының философиялық тұрғыда түсіндірілуі ғана емес, сонымен қатар ол батыстық адамға тән дүниетанымдық және аксиологиялық принциптерден де бұрын оның нақты өмірлік қажеттіліктерін бейнелейтін нақты да айқын экзистенциалдық негіздер болып табылады. Осылайша Парменид болмыс мәселесін философияның ең басты мәселесі ретінде негіздеп қана қоймай, оның болмыс туралы ілімі метафизика үшін мүмкіндіктер ашты, яғни адамға да, адамзатқа да бағынбайтын материалдық та, материалдық емес те болмыс туралы, табиғи мәнділіктердің соңғы идеалдық себептері туралы және ақыры аяғында барлық өмірде бар нәрселер туралы айтуға мүмкіндік беретін ілімге жол ашты. Болмыстың шын негізін ол, уақыт бірлігінде шексіз деп атады. Болмыс қатынасының келесі формалары бар: табиғатына бөлінетін заттар, денелер процестер болмысы, әлемдегі адамдар болмысына бөлінетін адам болмысы, адамның индивид ретінде тіршілік етуі.
