Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстық жұмыс.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151 Кб
Скачать
☆

I. Бабыр және Ұлы Моғол империясы

    1. Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр тұлғасы

Ұлы Моғол империясына тоқталмас бұрын, Моғолстан тарихына, этникалық құрамына тоқталып кететін болсақ:

Моғолстанның этникалық құрамы туралы көптеген деректер кездеседі. Моғолды немесе мугулды (мағұл, жете, чете, чат) төмендегі деректерге бөліп қарастыруға болады:

Жетісу мен Шығыс Түркістан жеріндегі көне түрік тайпаларының одағы. Моғол тарихта Орта ғасырдан белгілі. Шағатай ұлысы ыдырағанан кейін, Жетісу мен Шығыс Түркістанда осы одақтың атымен Моғолстан, Үндістанда Бабыр құрған Ұлы Моғол мемлекеті пайда болды. Көптеген тарихи деректерге моғол монғол тектес деп жазылған. Бірақ Қыдырғали Қосынұлы Жалаири, Мұхаммед Хайдар Дулати жазбаларына сүйеніп, Ш. Уәлиханов – «моғол-четені монғолдармен шатастыруға болмайды. Моғол – жете, чете, жалайыр тайпасының тармағы, олар мұсылман дініндегі түрік тілдес тайпалар», проф. В.В.Григорьев «моғол-четені нағыз монғолдар деуге болмайды» деп жазады. Осыған қарағанда моғол Орта ғасырда Чете деп аталған. Шараф ад-дин Әли Йезди Моғолстанды қауым-и жете атайды. Г.Левшиннің зерттеуінде 16 ғасырда Қыпшақ пен Чете даласын Дадан хан билеген моғол ұлысы және қазақтар мекендеді, сол кезде тайпалардан бөлінген халықтар қазақтарға еріксіз немесе өз еркімен келіп қосылды дейді. Ал Ращид ад-диннің жазбасындағы Жалайыр тайпасының бір атасы Жайт-Чат Четеге ұқсас. Бұлар көне заманда Сыр мен Шу, Талас бойын мекендеген Сырманақтан, Шуманақтан тараған. Жамал Қарши моғолды Жете деп жазады. Тегінде бұл тайпаның ертедегі атауы осындай болуы ықтимал, өйткені Жайт-Чат өзгеріске түсіп, Жете-Чете аталып кеткен.

Моғолстанның Шағатай әулетінен шыққан хандардың ұрпағы Саид хан Закир ад-Дин Бабырға арқа сүйеп, қазақтармен және өзбектермен бірде одақтаса, бірде жауласа отырып, 1514 жылы Әбу Бәкір мырза Дулатидан Қашғарияны тартып алды да, жаңадан Ұлы Моғол мемлекетін құрды.

Ұлы Моғол - Үндістандағы билеушілер әулеті (1526-1858 жж. ). Бұл әулетті 17 ғасырда Европа саяхатшылары Ұлы Моғолдар деп атады. Ұлы Моғолдар мемлекеті Шаһ-Жахан билеген тұста дамудың шарықтау шегіне жетті. Ұлы Моғолдар мемлекеті орталықтандырылған феодалдық монархия болды. Ол 17 ғасырда бүкіл Үндістанды (Қиыр оңтүстіктен басқа) және Кабулды біріктірді. Алайда сол кездің өзінде-ақ байқала бастаған ішкі дағдарыс Аурангзеб өлгеннен кейін (1701), мемлекеттің ыдырауына әкеліп соқтырды. Ұлы Моғол мемлекетінің негізін салған Темір ұрпағының бірі – Захир ад-дин Бабыр болды.

Захир ад-дин Мұхамед Бабырдың ғұмырына тоқталсақ, ол 1483 жылы ақпанның 14-і күні Ферғананың билеушісі, Әмір Темірдің шөбересі – Омар Шейхтің шаңырағында дүниеге келді. 1494 жылы әкесі кенеттен қаза тауып, 12 жастағы Бабыр Ферғананың әмірі атанды. Буыны қатпаған жас бала әкесінің уәзірлерінің жәрдемімен, бабасы Темірден қалған иеліктерді бөлісе алмай, билік үшін кескілескен ұрыс жүргізді. Бір жағынан Жетісудағы Моғолстан хандары, бір жағынан Қазақстанның Солтүстік, Орталық аймақтарында билік жүргізіп отырған көшпелі өзбектердің ханы Мұхаммед Шайбанидың жорығына төтеп бере алмай, 1504 жылы Әндіжаннан айырылып, Ферғанадан қуылып, Кабул мен Бадахшанға ауысады. Үндістанға әлденеше рет шабуыл жасап, ақыры Делидің терістегінде Панипат түбіндегі айқаста Ибраһим Лоди сұлтанды жеңіп, Үндістанда Ұлы Моғол мемелкетінің негізін қалады. Агра қаласын салдырып, төңірегіне талантты жазушыларды, ғалымдарды өнер адамдарын топтастырды.

Саналыққа ие болған хандар әділеттік атаулы, шындық атаулының заттық бейнесін жарқыратып көз алдына елестетіп, оның мәні неде екенін, адамзат жаратылысынан жемқорлыққа, дүниеқоңыздыққа бейім екенін, ол бұл жолдан жаратқан иемнің қолдауымен, тәңірдің жәрдемімен ғана бас тартып, тәубесіне келіп, барға қанағат ететінін ұғып, дүние танымына көз ашылды. Адамның жаны зұлымдыққа бейім. Шындығында, зұлымдықтың рухы жанды бұдан арылу үшін жаратқан иеге мінәжат етіп жалбарыну керек. «Бұл – Алла тағаланың шапағаты, оны көңілі түскен пендесіне тарту етеді. Берейін десе алланың қайырымдылығы мол».

Бұл сөздің мәнісі, айтылу себебі – патша сарайындағы ақсүйектер мен әскери басшылардың жастары, патша мен билеуші қауым тегінің әдет-ғұрпын бұзып, жастықтың желігін қызықтап, шариғаттың ақ жолынан ауытқып, әлде қандай құмарымпаздыққа түсуде. Енді бұл сөзге құлағдар болған жандар бірнеше күннен кейін тәубесіне келіп, жаратқан иесіне жалбарынды. Тыйым салынған істерді үзілді-кесілді тоқтатып, шын пиғылымен ағынан жарылғандарға есік айқара ашылады.

«Жаратқан иеме мінәжат, жалбарынумыздың негізгі мақсаты жатқылық – шарап құмарлықтан арылу емес пе еді» - дейді Бабыр. Бірақ сыныққа сылтау іздегендей: «Оның емшісі уақыт» деп жақауратқан едік. Енді сол уақыт жетті; алланың ақ туын ұстап дінсіздермен соғыстың; исламның ер жүрек ұлдарын бастап кәпірлермен айқастық. «Алланың атын шақырып, асау жүрегін жуасытатын уақыт тумады ма, мұсылмандарға» деген көк тәңірінің үнін естіп, бізді жаратқан иеме, «күнәмізді кешіре гөр» деп жалбарындық.

«Үмітсіз шайтан, жоқ» дегендей, жаратқан иенің берейін десе қайырымдылығы мол, өз жақыныңмен жағаласқанша діни жолға бас исен сенен шапағатын аямайды.

Оның қызметшілері дін жолындағы қайырымды істі құптап, тәубеге келіп, адам кейпінен кетіріп, масқаралап, қорлаған шараптан ат-тонын ала қашып безіп, дастарханды безендіріп, аспандағы шоқ жұлдыздарындай көздің жауын алып арбаған алтын-күміс құмыралар мен тостақандарды аластады. Қарамағындағы адамдар ағынан жарылып, дертті салып тастағандай, иығындағы қырсығынан айырылғандай жеңілдеді әрі «ұлығың соқыр болса көзіңді қысып жүр» дегендей, сол жиында ұлығымыздың жолын қуамыз десіп, шарап құмарлықтан құран ұстап бас тартты. Мырзасының тәубесіне келіп, шараптан бас тартқанына тәнті болған жұртшылық бұдан кейін де ағылып келіп құлшылық етіп, ант беріп жатты; осы жиында қауым болып шарап құмарлық дертінен біржолата қоштасты. Алланың жазуымен тәубесіне келіп, дертті ішімдіктен бойын аулақтанқанына қарапайым қауым дән риза. «Қайырымдылыққа жол сілтеген адам жасампазбен бірдей бағаланды, алланың атымен билік жүргізуші патшаны бақытты өмірге жеткізеді, бұл қайырымдылық оны жеңіске жеткізіп, данққа бөлейді».

Мемлекеттің туы астында қауіп-қатерден арылып қана іздеген пана жандар: түрік, тәжік, араб, үнді, парсы бола ма, диқан ба, жауынгер ме, әйтеуір адамзаттың баласы біздің үкіметімізге үміт артса, құлшылық етіп тілеулестік білдіріп, ынтымақтастық тілесе, ол біздің қамқорлығымызда болады, жұрт бұл қайырымды заңнан бас тартпай, оның жүктеген міндетін бұлжытпай орындасын. Сонда ғана қамқорлыққа алынады. Бұл заңның жолынан таймай, мінәжат етіп, қайырымды, мәртебелі ғұзырлы ағзамның мөріне сеніммен қарағаны жөн. Сонда ғана жарандардың тілегі, үміті ақталады.

Осы келтірілген ұлылық тұлғасынан Бабырды діни, саяси, қоғамдық қайраткер, өз заманының дара тұлғасы, ғұламасы деп айту жөн.

Жарғақ құлағы жастыққа тимей жортқан, ал жорықтан тыныстай қалса, қылыш ұстаған асқан талант иесі 1530 жылы желтоқсанның 26-сы күні Агра қаласында дүниеден өтті.