Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстық жұмыс.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Сонымен, «Бабырнамада» түркі халқына тән, біздің тарихымыздан хабар берер дерек көп.

«Бабырнама» Орталық Азия, Ауғанстан, Үндістан елдерінің XV-XVI ғасыр аралығындағы саяси тарихына арналғанменен, ол халықтардың саяси-экономикалық өмірінен баға жетпес мол деректер берумен қатар, ақындардың, жыршылардың бейнесі суреттеліп, шығармаларына да баға беріледі. Осы деректерге сүйене отырып, заманында Орталық Азияда, Ауғанстанда, Үндістанда өмір сүрген, бірақ бұған дейін белгісіз болып келген ақындардың, мемлекет қайраткерлерінің, әскери қолбасшылардың, әнші-жыршылардың беймәлім болмысын ашады.

Сол заманда өмір сүріп, тіршілік еткен дәуірін жазып қалдырған шығыстың бірсыпыра тарихшыларының деректерімен салыстырғанда, Бабыр біреуден естігенін, яғни болжағанын емес, өзі көзімен көріп, анық-қанығына жеткен жайттарды ғана баяндайды. Жазу мәнері де, тілі де ерекше. Тілі қарапайым сөйлемі нақты, қысқа құрады, әрі ұғымды, халықтың сөйлеу тіліне бейімделген, замандастары сияқты дірмарлық қызыл сөз, жөнсіз шешендікке салыну деген мүлдем ұшыраспады.

«Бабырнаманың» бірнеше беті Ауғанстанның ірі қалалары Кабул мен Ғазниді сипаттауға арналған. Бабырдың Ауғанстан жайындағы деректерін шығыстың өзге де жазбаларымен салыстырғанда, «Бабырнамадағы» Кабул, Ғазни, Қандағар, Бадахшан, Балқы, Герат тағы басқа да қалалар туралы географиялық деректер негізінен сол қалпында пайдаланылғаны байқалады.

Үндістан жұртшылығы «Бабырнамаға» зор ілтипатпен қарады, бұл кітапты Бабырдың үрім-бұтағы қолдан түсірмей оқыды, әрі түрлі-түсті бояулы суреттермен әшекейлеп көшіріп отырды. Бабырдың немересі Ақбар шаһтың тұсында «Бабырнама» көне түркі тілінен парсы тіліне аударылып, «Вакита-и Бабури» аталды. «Бабырнаманы» алғаш рет XVI ғасырда Әбдірахман хан парсы тіліне аударған. Бұл заманында ең сапалы аудармасы санатында жұртқа таралып, күні бүгінге дейін құнын жойған жоқ. Тарихшы қауым «Бабырнаманың» ең тәуір көшірмесі Хайдарабад қолжазбасы деп атайды. Аурангазеб (1617-1707) тұсында көшірілген. Бұған қарағанда «Бабырнама» Үндістанда тарихи еңбектің жинағы ретінде танылса керек.«Бабырнамада» Келтірілген деректер Үндістанның көптеген тарихшыларының негізгі деректемесі.

Бабырдың шоқтықты мұрасы – «Бабырнама» тағылымды тарихымызды ертеңгі болашаққа да ұластырылатын дүние. Оның шығыс зерттеушілерінің назарынан тыс қалмауының шын сыры да сонда. Мұның жарқын айғағы ретінде – ЮНЕСКО-ның тарапынан 1980 жылы француз тіліндегі жаңа аудармасына және оның басылымына халықаралық конкурс жарияланғанын тілге тиек етсек болады. ЮНЕСКО бұған ынталы елдердің ғалымдарының қатысуымен арнаулы комиссия құрды. «Бабырнаманы» француз тіліне аударған, француз-түркі ғылымын зерттеуші ғалым Луи Бакке Громонның еңбегі жоғары бағаланып, халықаралық ЮНЕСКО ұйымының бірінші сыйлығы берілді. Соның нәтижесінде «Бабырнаманың» француз тіліндегі толымды аудармасы Прижде 1985 жылы екінші рет басылды.

Қорытындылай келе, «Бабырнамадан» көптеген құнды материалдар табуға болады. Жалпы Орта Азияны, Ауғанстанның және Үндістанның XV-XVI ғасырлардағы тарихы жөнінде мәлімет алғысы келгендердің қай-қайсысы болса жа «Бабырнамаға» соқпай кете алмайды.