Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстық жұмыс.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151 Кб
Скачать
☆

II. «Бабырнама» тарихы-әдеби естелік шығарма.

2.1 «Бабырнама» шығармасындағы Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия тарихы

Бабырдың есімін көркем сөз зергері ретінде ғана емес, сонымен бірге, дарынды тарихшы, географ және этнограф ретінде әлемге мәшһур еткен шығармасы «Бабырнама» болып табылады.

Кезіндегі түркі халықтарының бәріне бірдей ортақ болып келген әдеби тілде – шағатай тілінде жазылған бұл прозалық шығарма үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде – XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың бас кезіндегі Орта Азиядағы негізгі саяси оқиғалар егжей-тегжейлі баяндалады. Ол кезде «Кабул уәлаяты» деп аталатын, қазіргі Ауғанстан территориясында орын алған маңызды тарихи оқиғаларды «Бабырнаманың» екінші бөлімінен оқып білуге болады. Ал, Бабыр патшаның өз қолымен жазылған мемуарлық кітаптың үшінші бөлімі – солтүстік Үндістандағы саяси оқиғаларды, осы ғажайып елдің географиясын, табиғатын, халқын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, т.б. көркем бейнелеп көрсетуге арналған.

Әрине феодалдық аристократияның өкілі ретінде Бабыр үстем таптың мүддесін қорғауға мәжбүр болғанын ұмытпау керек. Алайда соның өзінде Бабыр билеуші топ өкілдерінің тақ пен тәжіге таласып үздіксіз жүргізген соғыстарын, мағынасыз қан төгілген шайқастардың салдарынан қаңырып қалған қалалар мен бау-бақшасы сусыз қурап кеткен өлкелерді, алым-салықтың шамадан тыс көбейіп кеткенін, жұт жайлаған ауылдарды, т.б. бүкпесіз, ашықтан-ашық әңгімелейді.

Бұл жөнінде Бабырдың өзі былай деп жазады: «Мұнда жазылғанның бәрі ақиқат. Мен өзіме-өзім мынадай шарт қойдым: әрбір оқиға қалай болған – дәл солай етіп жазамын, мен жазған әрбір сөз шындық болсын. Сондықтан өзімнің туған-туысқандарымның жақсы жақтарын да, жаман жақтарын да жасырмай айттым. Өзіме жақын жандардың да, жат кісілердің де кемшіліктері мен игі қасиеттерін баян еттім»

«Бабырнаманың» бірнеше беті Ауғанстанның ірі қалалары Кабул мен Ғазниді сипаттауға арналған. Бабырдың Ауғанстан жайындағы деректерін Шығыстың өзге де жазбаларымен, яғни XVI-XVII ғасырлардағы географиялық еңбектермен салыстырғанда, «Бабырнамадағы» Кабул, Ғазни, Кандағар, Бадахшан, Балқы, Герат тағы басқа да қалалар туралы географиялық деректер негізінен сол қалпында пайдаланылғаны байқалады.

Мұнда автор елдің ішкі жағдайына, Кабулдың әрбір әкімшілік Туманының экономикалық мүмкіндігіне тоқталып жатпағанмен заманында Кабул иелігі он төрт әкімшілік округке бөлінгенін жазған, әрі бұларға сипаттама беріп отырады. Бұл деректер Ауғанстан халқының XVI-ғасырдағы әлеуметтік өмірінің кейбір мәселелерін анықтайтын маңызды тарихи материал болып табылады.

XVI – ғасырда Кабул ірі сауда орталығы болды. Кабул мен Қандағар Үндістанға баратын сауда жолының торабында екенін айта келіп, Бабыр былай дейді: «Ферғана, Түркістан, Самарқан, Бұхара, Балхы, Хисар, Бадахшаннан шыққан керуен Кабулға, ал Хорасаннан шыққаны Кандагарға келетін болды. Кабул аймағы Үндістан мен Хорасанның аралығында жатыр, бұл біркеремет сауда базары. Егер саудагер Қытай мен Римге барса да мұнан артық пайдаға кенелмейді. Кабулға жыл сайын жеті-сегіз, немесе он, он бес, немесе жиырма мың сауда – Үндістаннан құл, мата, қант, шекер, дәрілік шөп алып келеді. Көптеген саудагерлер оннан отыз, оннан қырық есе пайда келтіргеніне ризашылық білдірмейді. Кабулдан Хорасан, Ирак Рим, Чин тауарларын табуға болады.»

Бабырдың Кабулдан Үндістанға баратын керуен жолы мен Орталық Азияға тартылған жолға берілген сипаттамасы, асулар мен таудан өтетін жалғыз аяқ жолдар жөніндегі дерегі XIX ғасырдағы топографиялық анықтамалармен айна-қатесіз ұқсас. 1882 жылы Кабулға барған А.Бернас Бабырдың мазарына бас иіп, оның қызықты жазбасын оқығаннан кейін бұрынғыдан да артық құрмет тұтатынын жазған.

«Бабырнамада» Орталық Азия мен Үндістанның өсімдіктері мен хайуанаттары соншалық білімдарлық, зеректілікпен сипатталған. Соған қарағанда табиғаттық құбылысын ерекше зейінмен қадағалаған адам болса керек.

Кітаптың үшінші бөлімінде, негізінен Үндістандағы саяси жағдайын Бабырдың алғашқы жорығынан дүниеден қайтқанына (1525-1530) дейінгі оқиғалар, оған дейінгі саяси-экономикалық жағдай, Үндістан халқының мәдени өмірі жайында мол мағлұмат беріледі. Автор онда былай деп жазған: «Бұл бір ғажайып өлке; біздің жермен салыстырғанда мүлдем басқа дүние. Оның тауы, өзені, орманы, даласы, қаласы, аймағы, жан-жануары, хайуанаты, өсімдігі, адамы мен тілі, жаңбыры мен желі, бәрі-бәрі жатқан ыстық аймақтардың кейбір табиғат көрінісі Үндістанмен ұқсас болғанмен, басқа жағдайы жер мен көктей, Синд өзеніне өтсең болды жері мен суы да ағашы мен тасы да, адамы да, әдет-ғұрпы да айна – қатесіз Үндістандағыдай»

Үндістан жұртшылығы «Бабырнамаға» зор ілтипатпен қарады, бұл кітапты Бабырдың үрім-бұтағы қолдан түсірмей оқып, әрі түрлі-түсті иллюстрациялармен әшекейлеп көшіріп отырды, Бабырдың немересі Ақбар шаһтың (1556-1609) тұсында «Бабырнама» көне түркі тілінен парсы тіліне аударылып, «Вакита – и Бабури» аталды. Бабырнаманы алғаш рет XVI ғасырда Әбдірахман хан парсы тіліне аударды. Бұл заманында ең сапалы аударма санатында жұртқа таралып, күні бүгінге дейін құнын жойған жоқ. Тарихшы қауым «Бабырнаманың» ең тәуір көшірмесі Хайдарабад қолжазбасы деп атайды. Аурангазеб (1618-1717) тұсында көшірілген. Бұған қарағанда «Бабырнама» Үндістанда тарихи еңбектің жинағы ретінде танылса керек.

Үндістан мен Орталық Азияда «Бабырнама» құнды тарихи еңбек болып саналады. Шығыс жылнамашылардың Бабырдың деректерін ауызға алмағаны некен-саяқ.

«Бабырнамада» келтірілген деректер Үндістанның көптеген тарихшыларының негізгі деректемесі болып табылады.

Кабул уәлаяты төртінші ықылымға жатады, ол отырықшы ел мекендеген жердің арасында. Оның шығыс жағында Ламғанат, Пушаур, Хаштанғар және Үндістанның бірнеше аймағы орналасқан. Ал батысын тау халқы мекендейді. Каржуд пен гур да соның ішінде, енді бұл тауларда хазар, никудер тайпалары тіршілік етеді.

Кабулдың солтүстігінде Құндыз, Андар – Аб уәлаяттары бар, оны Хиндукуш тауы бөліп тұрады, ал оңтүстігінде – Фармул, Нагз, Банну және Ауғанстан жатыр.

Камалдың оңтүстігінде, Шаһ-и Кабулдың шығыс жағында үлкен көл бар, оның аумағы бар шериге жуық.

«Бабырнама» - энциклопедиялық шығарма. Мұнда тарихи оқиғалармен бірге, табиғаттану, география, топография, әдебиеттану, тіл білімі, этнография, тағы басқа ғылым салаларына қатысты өте бағалы мәліметтер жинақталған.